Индустрияландыру бағдарламасының орындалуы туралы

АҚПАРАТ

(2019ж 9 айы бойынша)

 

      2010-2014 жылдары құны 82,0 млрд.теңгенің 17 жобасы іске қосылып,

1 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 

ИИДМБ-2 аясында құны 567,7 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 6,0 мың адамды жұмыспен қамтитын 28 жоба жүзеге асырылуда.

оның ішінде:

   1) «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасында - құны 197,2 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 3,5 мың адамды жұмыспен қамтитын - 25 жоба;

   2) Республикалық картасында - құны 370,5 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 2,4 мың адамды жұмыспен қамтитын - 3 жоба.

   2015-2018 жылдарда құны 67,6 млрд.теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 677 адамды жұмыспен қамтитын 7 жоба іске қосылды.

   Бағдарламасы аясында 2019 жылы жалпы құны 587,8 млн.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 205 адамды жұмыспен қамтитын 3 жобаның іске қосылуы жоспарланған. Олар: балық өңдеу цехы, кірпіш және құрама жем зауыттары.

  Жалпы, I және II бесжылдығы аясында құны 149,5 млрд.теңгені құрайтын, 24 жоба жүзеге асырылып, 1400-ге жуық жұмыс орны ашылды.

   2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында іске қосылған жобалармен

23,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26,9%-ға өсті (2018ж.9 айы - 18,2 млрд.теңге).

  Оның ішінде, құны 7,7 млрд. теңгені құрайтын 297,2 мың тонна (тұз, балық, пропан-бутан, аммоний метаванадаты, мия тамырының сығындысы, цемент) өнім экспортталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қаржылай мәнде 30%-ға ұлғайған (2018 ж қаңтар-қыркүйек - 5,9 млрд.тг), заттай мәнде 44%-ға өскен (2018 ж қаңтар-қыркүйек - 206,1 мың.тонна).

 

Жер қойнауын пайдалану саласы бойынша

 2019 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы

Анықтама

 

         Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны – 118 құрайды,оның ішінде 95 келісімшарт негізінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлаумен және өндірумен 66 жер қойнауын пайдаланушы айналысады.

         2019 жылдың 9 айында кең таралған пайдалы қазбаларына барлау және өндіру жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру мәселелері бойынша сараптамалық комиссияның 4 отырысы өткізіліп,

19 өтініш қаралды (16 өтініші қанағаттандырылып, 3-і қайта қарауға қалдырылды)  және оның қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды, атап айтқанда:    

         - келісімшарттардың жұмыс бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша  өндіру көлеміне өзгеріс енгізу бөлігінде «Қызылорда құрылыс құрылымдары» ЖШС – 2 өтінім, «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС, «КДСМ Қыран» ЖШС, «KazChinNur» ЖШС  және келісімшарт аумағын ұлғайту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ЖК «Шалқыбаевқа» рұқсат берілді»;

         - барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалануды жүргізу үшін жобалық құжаттарды әзірлеу мерзімін ұзарту бойынша – «Байқоңыр «ӘКК» АҚ -              4 өтінімі бойынша рұқсат берілді;

         - өндіруді уақытша тоқтату туралы  2 өтінім («Абзал және Компания» ТС мен «КДСМ Қыран» ЖШС) бойынша  рұқсат берілді және 1 өтінім («Қазалы құм» ЖШС) келесі отырыстың қарауына қалдырылды;

         - жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға беру бойынша «Пірмағамбет» ЖШС-не («АКЗ LTD» ЖШС-не беруде), «Фирма Дана» ЖШС-не («Dana Quartz» ЖШС-не беруде), «КДСМ Кыран» ЖШС-не («Қыран» ЖШС-не беруде), «Байқоңыр (Байконур) ӘКК» АҚ-на («Қуат Керамзит»ЖШС-не беруде) рұқсат берілді.

         - барлауға жер қойнауын пайдалану құқығының мерзімін ұзарту бойынша 1 өтінім («Арыс тұз» ЖШС) қайта қарауға қалдырылды;

         - Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жыл сайын аудыралатын қаржы көлемінің мөлшерін келісу бойынша 1 өтінім («Mining consult co» ЖШС) келесі отырыстың қайта қарауына қалдырылды.

         2019 жылдың  9 айының  қорытындысына сәйкес жерқойнауын пайдалану саласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ филиалы арқылы 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді, атап айтқанда:

- «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» қызметі бойынша «Божбан ата карьері»ЖШС-мен өндіруге 1 жаңа келісімшарт жасалды және 8 өтінім бойынша дәлелді бас тартылды.  

         Атап өту қажет, бұл қызмет ү.ж. 21 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметтер тізілімінен алынып тасталды.

Ағымдағы жылдың басынан бері кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге 14 жаңа келісімшарт жасалды, оның ішінде барлауға – 8 өтінім («Байқоңыр «ӘКК «ҰК» АҚ - 4, «BSK Каратау» ЖШС – 3, «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС, -1) және өндіруге – 6 өтінім («Божбан ата Карьері» ЖШС, ЖК «Байдәулетов», «Байқоңыр «ӘКК «ҰК» АҚ, «Кристалл Менеджмент» АҚ – 3).

Сонымен қатар, қолданыстағы келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 10 қосымша келісімге («Стандарт Соль» ЖШС, «ҚазкұмОрдазы» ЖШС, «Қызылорда Құрылыс құрылымдары» ЖШС, «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС – 2, «Торғай Петролеум» АҚ, «Бегімбаев Б» ЖК, «АКЗ LTD» ЖШС, «Өтеміс» ЖШС, «Dana quartz» ЖШС) қол қойылды.

Жыл басынан бері кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған

2 Лицензия(«Ферросплав Инжиниринг» ЖШС мен «ҚОР» мұнай компаниясы» АҚ) берілді.

         Сонымен қатар, басқармамен тұрақты негізде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізіліп тұрады. 2018 жылдың қорытынды есебі бойынша келісімшарттың 2018 жылға қаржылық міндеттемелерін орындамаған 40-тан аса жер қойнауын пайдаланушыға көрсетілген мерзімде кемшіліктерді жою қажеттігі туралы хабарлама жолданды.

Келісімшарттық міндеттемелерді орындамаған жер қойнауын пайдаланушылар бойынша объектілерге бару арқылы тиісті шаралар қабылданатын болады.

Басқармамен мұнай және газды өндіру, инвестицияларды ұлғайту,   жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу бойынша тұрақты түрде талдау жасалып, мониторинг жүргізіліп отырады.

Мұнай компанияларының ұсынған мәліметі бойынша 2019 жылдың                   9 айында мұнай өндіру көлемі 4,2 млн. тоннаны құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 88,0% құраған немесе 584,9 мың тоннаға төмендеген. Басты себеп-мұнай кен орындарының табиғи сарқылуы.

Осы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, шешімін табу мақсатында тұрақты түрде жер қойнауын пайдаланушылармен мәжілістер өткізіліп отырады, атап айтқанда:

2019 жылғы 15 қаңтарда облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимнің төрағалығымен мұнай компаниялары басшыларының қатысуымен газға «әділ баға» орнатуды белгілеу мәселесі бойынша мәжіліс өткізілді.

Мәжіліс барысында сондай-ақ өңірдің мұнай-газ саласының өзекті мәселелері талқыланды.

2019 жылғы 30 қаңтарда облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимнің төрағалығымен ҚР Энергетика министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің салалық департаменттері өкілдерінің және тиісті мемлекеттік органдар мен мұнай компаниялары басшыларының қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Қауіпсіздік кеңесінде қарау үшін қажетті материалдарды дайындау және ұсыныстар әзірлеу мақсатында аймақтың төмендегі мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізілді:

- Өндірілген мұнайдың кемінде 50% экспортқа өткізу;

- Болашақта өндірілетін газдың кемінде 50% - ын өз бетінше өткізу;

- Жаңа кен орындарын игеру;

- Келісімшарт талаптарын орындау.

Осы мәселелер бойынша мәжіліс барысында министрліктер өкілдерінің, мемлекеттік органдар мен мұнай компаниялары басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға алдағы жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар дайындау тапсырылды.

Сонымен қатар, осы мәселелер ағымдағы жылдың ақпан айында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қауіпсіздік  Кеңесінде көтерілді. Нәтижесінде ЖСҚ-ға сәйкес әзірленген Шу-Сарысу, Оңтүстік Торғай және Сырдария шөгінді бассейндерінде 11 млрд. теңге сомаға (2020 жылы – 2 610 млн.теңге, 2021 жылы – 5 220 млн. теңге, 2022 жылы – 3 190 млн. теңге) кешенді геологиялық зерттеу жүргізу жұмыстары қарастырылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен  Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді.

2018 жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасының  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексі күшіне енді.  Бұл кодекс көптеген жаңалықтарды қарастырады және рұқсат беру процедураларының тәртібін түбегейлі өзгертеді.

Осыған сәйкес, ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Р.Қ.Сұлтангереевтің төрағалығымен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексті түсіндіру бойынша мұнай компаниялары басшыларымен, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру  және барлау операцияларын жүргізетін  жер қойнауын пайдаланушылармен кеңейтілген мәжіліс өткізілді. Мәжіліске «Оңтүстікқазжерқойнауы» өңіраралық департаментінің директоры А. Б. Ижанов арнайы шақырылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 13 наурызында облыс әкімі

Қ.Е. Көшербаевтың төрағалығымен «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы А.С.Айдарбаевтың сапары аясында мұнай компанияларының басшыларымен мұнай-газ саласын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізілді.

Мәжіліс барысында мұнай компанияларының басшылары мен бас геологтарының мұнай-газ саласын дамытудағы одан арғы іс-қимылдары туралы баяндамалары тыңдалды. Мәжіліс барысы және мәжілісте берілген тиісті тапсырмалар облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев пен «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы А.С.Айдарбаевтың қол қойған хаттамасымен ресімделді.

Осы мәжілісте берілген тапсырмалардың орындалу барысын пысықтау мақсатында ү. ж. 4 сәуір күні облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың төрағалығымен және мұнай компанияларының басшыларының қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізіліп, қорытындысына сәйкес болашағы бар газ шоғырларын анықтау, 5 мың метрден астам тереңдіктегіұңғымаларды бұрғылау, жұмыс орындарының қысқартылуына жол бермеу және ұжымдарда әлеуметтік шиеленіске жол бермеу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Ү. ж. 5 сәуірінде«Геологтар күні» кәсібимерекесіне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Шара аясында академик

Қ.И. Сәтпаевтың 120-жылдығына арналған конференция өткізіліп, аймағымыздың үздік нәтижеге қол жеткізген геологтарын облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттау рәсімімен жалғасты.

Ү. ж. 5 маусымында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №2366-1 тапсырмасына сәйкес өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын іске асыру мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар, БАҚ өкілдері және өңірлік қоғамдастықтың арнайы өкілі Б. Егізбаеваның қатысуымен ашық түрде кеңейтілген мәжіліс өткізілді.

Мәжіліс бағдарламасына сәйкес Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Н. Қордабайдың жер қойнауын пайдаланушыларынан 2018 жылғаөңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға аударылған түсімдерінің көлемі және оның жұмсалуы бойынша есебі тыңдалып,қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға тиісті жауап берілді.

Бұдан бөлек, ү. ж. 14 маусымында ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Б. Махановтың қатысуымен жалақылары төмен деңгейдегі мұнай компаниялары қызметкерлерінің жалақыларын көтеру аясында «Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» тақырыбында семинар өткізілді.

Бұл мәжілістер өз кезегінде туындаған өзекті мәселелерді кешенді түрде қарастыруға және оларды тиімді шешу жолдарын анықтауға мүмкіндік берді.

         Бұдан бөлек, ү.ж. мамыр айында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысында орналасқан өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру мақсатындаоблыстың 7 ауданы бойынша гидрогеологиялық ұңғымаларды түгендеу және өздігінен төгілетіндерін анықтау жұмыстары жүргізілді.

         Ү.ж. 9 маусымында өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы күні облыстың мұнай және уран өндіруші компаниялар мен оларға қызмет көрсетуші мердігер мекемелерде вахталық негізде жұмыс жасайтын қызметкерлері кен орын басында бекітілген 5 сайлау учаскесіне топтастырылып, олардың толыққанды дауыс беруін қамтамасыз ету аясында жан-жақты жұмыстар атқарылды.

         Ү. ж. 17 маусымында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма басшысы Ғ. Пірматовтың облысымызға жұмыс сапарымен келуіне орай облыс әкімінің төрағалығымен және тиісті мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен уран өнеркәсібін дамытудың бірқатар мәселелері бойынша мәжіліс өткізіліп, нәтижесіне сәйкес тиісті шаралар атқарылды.

         Ү.ж. 28 тамызында Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрында Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты шара өткізілді. Салтанатты шараға жергілікті атқарушы органдардың, Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ өкілдері, мұнайшылар мен мұнай-газ саласының ардагерлері қатысты.

         Іс-шара аясында ҚР Энергетика министрлігінің «Қазақстан мұнайына  120 жыл» ведомстволық және мерейтойлық медальдарымен мұнай-газ саласының ардагерлері мен еңбек озаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі болды.

         Бұл күндері облыстың мұнай компанияларының кен орындарында да Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өтті, оның аясында ҚР Энергетика министрлігінің ведомстволық және мерейтойлық медальдарымен, Қызылорда облысы әкімінің, «KAZENERGY» қауымдастығының наградаларымен ардагерлер, өндіріс озаттары марапатталды.

 

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары бойынша сыртқы байланыстар бөлімінің атқарған жұмыс нәтижелері

 

        Өңірге инвестиция тарту мақсатында жыл басынан бері 23 роуд-шоу ұйымдастырылды. Оның ішінде, 9 іссапар шет мемлекеттерге (РФ – 3 рет Мәскеу қ., Белгород қ., 2 рет  Түркия – Анкара және Кония қалалары, Өзбекстан-Ташкент қ., БАӘ –Дубай қ., Нұр-Сұлтан қ., ҚХР – 3 рет Бейжің, Шанхай,Циндао), ал Қызылорда облысына          14 жұмыс сапары болды (3 ресейлік, 3 қытайлық және 3 корейлік, 2 өзбек, 1 тәжік, 1 швейцариялық, 1 қазақстандық).

     Оның ішінде, 2019 жылғы 15 наурызда Ташкент қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж. Қасымбектің қатысуымен «Орталық Азия: өзара тиімді дамудың келешегі» тақырыбында өткен Орталық-Азиялық экономикалық форумына облыстық делегация қатысқандығын және Форум аясындағы көрмеде аймақтың 17 тауарөндірушілерінің тауарлары таныстырылғандығын атап өткен жөн.

Нәтижесінде, өзбекстандық «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ ауыл шаруашылық техникасын шығаратын кәсіпорын құру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілуде. 

Сонымен қатар, 2019 жылғы 16-17 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген XII Астана халықаралық форумына облыс әкімі Қ. Көшербаев бастаған облыстық делегацияның іссапары ұйымдастырылды.

Форум аясында облыстық делегацияның корейлік инвестор Пак Пан Сукпен, Эстония Республикасы Таллин қаласының мэрі М. Кылвартпен, Астана Халықаралық қаржы қорының басқарушысы Қ. Келімбетовпен, «Петро Казахстан Инк» компаниясының Президенті Хуань Сяньсюнмен кездесулері болды.

Сонымен қатар, кездесулер аясында Қызылорда облысы әкімдігі мен корейлік «К2АТ» компаниясын арасында «Қызылорда облысында емдік қасиеті бар қызанақ егу» бойынша құны 100 миллион АҚШ долларын құрайтын меморандумға қол қойды.

2019 жылы 22-29 мамыр аралығында облыс әкімінің орынбасары М. Имандосов бастаған делегация Қытай Халық Республикасының Бейжің, Шанхай, Циндао, Чжэнчжоу, Нанкин қалаларында іссапармен болды. Іссапардың мақсаты – «China Glass 2019» («Чайна Глас 2019») халықаралық көрмесіне, Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің жергілікті сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша Форумына, сондай-ақ, Қытайдың бірқатар дамыған ірі қалаларына (Циндао, Чжэнчжоу, Нанкин) ұйымдастырылған бизнес-турға қатысу.

Іссапар аясында обылс әкімінің орынбасары М. Имандосов «China Triumph Group» компаниясының Басқарма төрағасы Пенг Шоумен Қызылорда қаласында құрылысы жүріп жатқан шыны зауыты бойынша бірқатар мәселелер талқылау мақсатында кездесу өткізді.

Сондай-ақ, өткізілген форум барысында Циндао қаласы мэрінің орынбасары Ян Сицзюнмен және «Қытай-ШЫҰ» аймақтық сауда-экономикалық ынтымақтастығы Пилоттық зонасы» басшылығымен, Чжэнчжоу қаласының (Хэнань провинциясы) вице-мэрі Ван Чжэнфэнмен, Қытай халықаралық сауда министрлігінің Хэнаньдық комитетінің басшылығымен, Цзянсу провинциясы (Нанкин қаласы) губернаторының орынбасары  Го Юань Цяньмен және аймақтың бизнес-өкілдерімен кездесулер өткізіліп, Қызылорда облысының инвестиция қажет ететін жобалары таныстырылды. Оған қоса, өткізілген кездесулер нәтижесінде Қытайлық тарап аймағымызда шығарылатын әктас өніміне, ауылшаруашылық өнімдеріне, сондай-ақ, облыста соя өсіруге қызығушылық танытты. Кездесулер қорытындысымен Қызылорда облысында мақсары майын өндіретін «AB Invest group» компаниясы «Пилоттық зонамен» өз өнімін Қытай нарығына экспорттау мақсатында ынтымақтастық жөнінде меморандумға  қол қойды.

2019 жылғы 26 маусымда индустриялық-инновациялық даму басқармасы «Адами капиталды дамыту: өңір үшін жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында ІV Халықаралық интернет-форумын өткізді.  Форумның негізгі мақсаты – адами капиталды дамыту саласындағы халықаралық және отандық сарапшыларды бірыңғай алаңда жинай отырып, Төртінші өндірістік революция әсерінен халықаралық еңбек нарығында орын алған қарқынды өзгерістер жағдайында өңірдегі білім және жұмыспен қамту келешегін, жаңа талаптар мен мүмкіндіктерді талқылау болып табылады. Форумға РФ, Татарстан, Сингапур және отандық сарапшылар қатысты.

Форум барысында білім саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

2019 жылғы 13-14 тамызда Қызылорда облысы әкімі Қ. Ысқақовтың Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас Консулы Е. Бобровпен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында өзара әлеуетті ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, сапар аясында Бас Консул облыстық Достық Үйінде «Славяндар» қоғамдық-мәдени орталығы өкілдерімен және отандастармен кездесіп, жастар Ресурстық орталығында      IT-park, коворкинг орталығы және кітпахана жұмыстарымен танысты.

2019 жылғы 15 тамызда Австралиялық «Rubicon» компаниясы өкілдерінің Қызылорда облысына жұмыс сапары болды. Іс-сапар барысында аймақтық басқарма басшыларының ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК облыстық филиалы және «Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» РММ өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында «Rubicon» компаниясының «Flume Gate» және «SlipMeter» өнімдері ұсынылды. Бұл өнімдердің мақсаты – мемлекеттік қызметтер, су басқармалары мен шаруа қожалықтары үшін су тапшылығы мәселесін шешу. Кездесу қорытындылары бойынша облыстың бірқатар суару каналдарына далалық сапарлар жасалды, оның барысында делегаттар аймақтың суару жүйелерімен танысты.

2019 жылы 4 қыркүйекте Қызылорда облысына швейцариялық Sika компаниясы өкілдерінің іссапары болды. Іссапардың мақсаты – компания өкілдерімен құрылыс, химия материалдарын өндіру бойынша инвестициялық мүмкіндікті талқылау.

Іссапар аясында облыс әкімінің орынбасары М. Имандосов төрағалығымен, облыстың сәулет-құрылыс, кәсіпкерлік және туризм саласындағы мемлекеттік қызметкерлермен және облыстың 19 жетекші кәсіпорын басшыларының қатысуымен кездесу өтті.

2019 жылы 11 қыркүйекте Қызылорда облысына «Best Group-NS» компаниясының бас директоры Адилов Алтынбектің іссапары ұйымдастырылды. Іссапардың мақсаты – Қызылорда облысында гибридтік электр станциясының салу мүмкіндігін қарастыру.

Іссапар аясында индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ж. Еламанның төрағалығымен, облыстың энергетика саласындағы мемлекеттік қызметкерлермен және Қызылорда электр желісі компаниясы Төрағасының орынбасары Ізтілеуов Нұрбай қатысумен кездесу өтті. 

 

Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру және өңірге инвестиция тарту мақсатында жыл басынан бері 17 шетелдік инвесторларға визалық қолдау көрсетілді.

 

 

Инвестиция тарту бойынша анықтама

 

       2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция 233,4 млрд.теңге құрап (НКИ – 168%), осылайша өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге өсті.  Атап өту қажет, өсу динамикасы бойынша Қызылорда облысы аймақтар қатарында алғашқы үштікке кіреді (Қарағанды – 188,3%, Шығыс Қазақстан – 145,9%).

Өңірге инвестиция тартуды жүйелеу мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысына инвестиция тарту тетігін жетілдіру жөніндегі» және «Қызылорда облысына инвестиция тартудың 

      2019 жылға арналған»
іс-шаралар жоспарлары жүзеге асырылуда.

Іс-шараны орындау мақсатында «Инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі» өңірлік кеңестің үш отырысы өткізіліп (ү.ж. 26 наурызда, 26 маусымда, 30 қыркүйекте), нәтижесінде 3 инвестициялық жобалар бойынша шешімдер қабылданып, шыны зауытының құрылысы және инвестиция тартуға және инвесторларды сүйемелдеуге жауапты ұйым «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының» (фронт-офис) кейбір мәселелері талқыланып, тиісті тапсырмалар хаттамалық шешіммен берілді.

Облысқа келген инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында барлық қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік беретін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы базасында 2018 жылы фронт-офис құрылды.

Орталықтың ерекшелігі – келушілер бір жерге шоғырланған

12 мекеменің қызметін толықтай пайдалануға мүмкіндік алған. Орталық «Бір терезе» қағидасы бойынша жер, сәулет және құрылыс мәселелері, мемлекеттік кірістер, инженерлік коммуникацияларға қосылу бойынша барлығы 68 қызмет түрлерін көрсетеді. Орталықтың жұмысын автоматтандыру арқылы бүгінгі күні техникалық шарт беру уақытын 1 айдан 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

2019 жылдың 9 айында барлығы 6508 қызмет көрсетілген. Атап айтқанда, техникалық шарт – 1223, сәулет және қала құрылыс мәселелері бойынша – 689, жер мәселесі бойынша – 989, кәсіпкерлікті қолдау бойынша – 1237, мемлекеттік кірістерге байланысты мәселелер бойынша – 1224, Қызылорда облысы полиция Департаментінің көші-қон қызметі (визалық қолдау) – 1146 қызмет көрсетілген.

Әлеуетті инвесторларға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында 3 тілде жұмыс жасайтын (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) baikonyrinvest.kz инвестициялық порталы жұмыс жасауда. Инвестициялық портал мемлекеттік қолдау шараларының түрлерін, инвестициялық жеңілдіктерді, рұқсаттама құжаттарын алу алгоритмін және басқа да инвесторларға  қажетті ақпараттармен қамтылған.

Қазіргі таңда, өңірде жалпы көлемі 909,9 га құрайтын 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда. Қазіргі таңда бөлінген жер телімінен 213,8 га жер игеріліп, жалпы құны 193 млрд.тенгені құрайтын 47 жоба орналастырылды. Инфрақұрылымның құрылысына бюджеттен 6,7 млрд.тенге бөлінді. Әрбір индустриялық аймақтың инфрақұрылымы бар (энергия және сумен жабдықталған, табиғи газбен қамтамасыз етілген және т.б.).

47 жобаның ішінде құны 65,3 млрд.теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылып, 346 жұмыс орыны ашылды.

2019 жылдың 9 айынды іске қосылған жобалардың шығарған өнім көлемі 2,7 млрд.теңгені құрады.

2019 жылы жалпы құны 166 млн.теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылып, 26 жұмыс  орны ашылды. Жыл соңына дейін құны 50 млн.теңге құрайтын «Көкөніс өнімдерін өңдеу және қойма салу» жобасы іске  қосу жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2019 жылы алдын ала есепке сәйкес облысқа

357 млрд.теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 105,5%-дан артуы жоспарланған.


                

Жер қойнауын пайдалану саласы бойынша

 2019 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы

Анықтама

 

    Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны –              118 құрайды, оның ішінде 95 келісімшарт негізінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлаумен және өндірумен 66 жер қойнауын пайдаланушы айналысады.

Мұнай  компанияларынан жинақталған мәлімет бойынша

2019 жылдың І жартыжылдығында мұнай өндіру көлемі 2,8 млн. тоннаны құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 90,5% құраған немесе 300 мың тоннаға төмендеген. Басты себеп - мұнай кен орындарының табиғи сарқылуы.

Осы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, шешімін табу мақсатында тұрақты түрде жер қойнауын пайдаланушылармен мәжілістер өткізіліп отырады, атап айтқанда:

2019 жылғы 15 қаңтарда облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимнің төрағалығымен мұнай компаниялары басшыларының қатысуымен газға «әділ баға» орнатуды белгілеу мәселесі бойынша мәжіліс өткізілді.

Мәжіліс барысында сондай-ақ өңірдің мұнай-газ саласының өзекті мәселелері талқыланды.

2019 жылғы 30 қаңтарда облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимнің төрағалығымен ҚР Энергетика министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің салалық департаменттері өкілдерінің және тиісті мемлекеттік органдар мен мұнай компаниялары басшыларының қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Қауіпсіздік кеңесінде қарау үшін қажетті материалдарды дайындау және ұсыныстар әзірлеу мақсатында аймақтың төмендегі мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізілді:

- Өндірілген мұнайдың кемінде 50% экспортқа өткізу;

- Болашақта өндірілетін газдың кемінде 50% - ын өз бетінше өткізу;

- Жаңа кен орындарын игеру;

- Келісімшарт талаптарын орындау.

Осы мәселелер бойынша мәжіліс барысында министрліктер өкілдерінің, мемлекеттік органдар мен мұнай компаниялары басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға алдағы жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар дайындау тапсырылды.

Барлығына белгілі 2018 жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексі күшіне енді.  Бұл кодекс көптеген жаңалықтарды қарастырады және рұқсат беру процедураларының тәртібін түбегейлі өзгертеді.

Осыған сәйкес, ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Р. Қ. Сұлтангереевтің төрағалығымен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексті түсіндіру бойынша мұнай компаниялары басшыларымен, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру  және барлау операцияларын жүргізетін  жер қойнауын пайдаланушылармен кеңейтілген мәжіліс өткізілді. Мәжіліске «Оңтүстікқазжерқойнауы» өңіраралық департаментінің директоры А. Б. Ижанов арнайы шақырылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 13 наурызында облыс әкімі

Қ.Е. Көшербаевтың төрағалығымен «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы А.С.Айдарбаевтың сапары аясында мұнай компанияларының басшыларымен мұнай-газ саласын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізілді.

Мәжіліс барысында мұнай компанияларының басшылары мен бас геологтарының мұнай-газ саласын дамытудағы одан арғы іс-қимылдары туралы баяндамалары тыңдалды. Мәжіліс барысы және мәжілісте берілген тиісті тапсырмалар облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев пен «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы А.С.Айдарбаевтың қол қойған хаттамасымен ресімделді.

Осы мәжілісте берілген тапсырмалардың орындалу барысын пысықтау мақсатында ү. ж. 4 сәуір күні облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың төрағалығымен және мұнай компанияларының басшыларының қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізіліп, қорытындысына сәйкес болашағы бар газ шоғырларын анықтау, 5 мың метрден астам тереңдіктегі ұңғымаларды бұрғылау, жұмыс орындарының қысқартылуына жол бермеу және ұжымдарда әлеуметтік шиеленіске жол бермеу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Ү. ж. 5 сәуірінде «Геологтар күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Шара аясында академик

Қ.И. Сәтпаевтың 120-жылдығына арналған конференция өткізіліп, аймағымыздың үздік нәтижеге қол жеткізген геологтарын облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттау рәсімімен жалғасты.

Ү. ж. 5 маусымында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №2366-1 тапсырмасына сәйкес өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын іске асыру мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар, БАҚ өкілдері және өңірлік қоғамдастықтың арнайы өкілі Б. Егізбаеваның қатысуымен ашық түрде кеңейтілген мәжіліс өткізілді.

Мәжіліс бағдарламасына сәйкес Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Н. Қордабайдың жер қойнауын пайдаланушыларынан 2018 жылға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға аударылған түсімдерінің көлемі және оның жұмсалуы бойынша есебі тыңдалып, қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға тиісті жауап берілді.

Бұдан бөлек, ү. ж. 14 маусымында ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Б. Махановтың қатысуымен жалақылары төмен деңгейдегі мұнай компаниялары қызметкерлерінің жалақыларын көтеру аясында «Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» тақырыбында семинар өткізілді.

Бұл мәжілістер өз кезегінде туындаған өзекті мәселелерді кешенді түрде қарастыруға және оларды тиімді шешу жолдарын анықтауға мүмкіндік берді.

2019 жылдың І жартыжылдығында кең таралған пайдалы қазбаларына барлау және өндіру жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру мәселелері бойынша  2 сараптамалық комиссия отырысы өткізіліп,

11 өтініш қаралды, оның  10 өтініші қанағаттандырылып, 1-і  қайта қарауға қалдырылды.

2019 жылдың  І жартыжылдығының қорытындысына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласы бойынша 9 мемлекеттік  қызмет көрсетілді.

Ағымдағы жылдың басынан бері кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге 13 жаңа келісімшарт жасалды, оның ішінде өндіруге – «Божбан ата Карьері» ЖШС, ЖК «Байдәулетов», «Байқоңыр «ӘКК «ҰК» АҚ – 4, «Кристалл Менеджмент» АҚ – 3, барлауға - «Байқоңыр «ӘКК «ҰК» АҚ - 4, «BSK Каратау» ЖШС – 3.

Сонымен қатар,  қолданыстағы келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 8 қосымша келісімге («Стандарт Соль» ЖШС, «ҚазкұмОрдазы» ЖШС, «Қызылорда Құрылыс құрылымдары» ЖШС, «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС – 2, «Торғай Петролеум» АҚ, «Бегімбаев Б» ЖК, «АКЗ LTD» ЖШС) қол қойылды.

Жыл басынан бері кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған

1 Лицензия («Ферросплав Инжиниринг» ЖШС) берілді.

         Сондай-ақ, жер қойнауын пайдалаушылардың 2017 жылғы есебінің қорытындысы бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг жасалып, келісімшарттық міндеттемелерді орындамаған жер қойнауын пайдаланушыларының объектілеріне бару жолымен бақылау жұмыстары жүргізілді.  

         Нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан келісімшарттық талаптардың бұрын жіберілген барлық кемшіліктер түзетілді.

         Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында                          2018 жылдың қорытынды есебі бойынша келісімшарт талаптарын орындамаған 40-қа жуық  жер қойнауын пайдаланушыға хабарлама жолданып, көрсетілген мерзімде кемшіліктерді жою қажеттігі ескертілді.    

         Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысында орналасқан өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру мақсатында облыстың 7 ауданы бойынша гидрогеологиялық ұңғымаларды түгендеу және өздігінен төгілетіндерін анықтау жұмыстары жүргізілді.

         А.ж. 9 маусымында өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы күні облыстың мұнай және уран өндіруші компаниялар мен оларға қызмет көрсетуші мердігер мекемелерде вахталық негізде жұмыс жасайтын қызметкерлері кен орын басында бекітілген 5 сайлау учаскесіне топтастырылып, олардың сайлауда дауыс беруін қамтамасыз ету аясында жан-жақты жұмыстар атқарылды.

         Ү. ж. 17 маусымында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма басшысы Ғ. Пірматовтың облысымызға жұмыс сапарымен келуіне орай облыс әкімінің төрағалығымен және тиісті мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен уран өнеркәсібін дамытудың бірқатар мәселелері бойынша мәжіліс өткізіліп, нәтижесіне сәйкес тиісті шаралар атқарылды.

         Ағымдағы жылы Қазақстанның мұнай өнеркәсібіне 120-жыл толуына орай облысымыздың осы салаға ерекше үлес қосқан 621 ардагерлер мен қызметкерлердің тізімі жасақталып, мерейтойлық естелік медальмен, Қазэнерджи қауымдастығының және ведомствалық наградалармен марапаттау үшін салалық министрлікке ұсынылды. Аталған мерейтойдың аймағымызда атап өтілуі бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

                         

  ӨНЕРКӘСІП

 

    2019 жылдың қаңтар-маусым айында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 443,6 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 91,0% құрады.

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуінің себебі жеке мұнай ұңғымаларының сарқылуы болып табылады. Есепті  кезеңде                      2,8 млн. тонна шикі мұнай өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 90,5% құрап, 300 мың тоннаға кем өндірілді                 (2018 ж. 6 айы – 3,1 млн. тонна).

    Өнеркәсіптің 80%-ын (негізінен мұнай саласы) құрап отырған кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 360,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 90,7% құрады.

    Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж. 6 айында

59,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 91,8% құрады (2018 ж. 6 айы – 57,04 млрд.теңге ).

    Көрсеткіштің төмендеуіне химия саласындағы өнім көлемінің                  7,0%- ға, металлургия өнеркәсібі көлемінің 27,6%-ға төмендеуі әсер етті.

    Металлургия өнеркәсібі саласының төмендеуіне «Байкен-U» ЖШС-нің қайта өңдеу өнімдерінің көлемдерін 3 компания («Байкен-U» ЖШС, «Степногор тау-кен химиялық комбинаты» ЖШС, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ) арасында қайта бөлу болып табылады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда кәсіпорынның уран тотығы-шала тотығын өңдеу көлемі 354,7 тоннаға төмендеген (2018 ж. 6 айы – 1254,1 тн., 2019 ж. 6 айы – 899,4 тн.).

   Химия өнеркәсібінде «СКЗ-U» серіктестігінің күкірт қышқылы зауыты уран өндіруші кәсіпорындардан сұраныстың төмен болуына байланысты былтырғы жылмен салыстырғанда  өнімді 14,6 мың тоннаға кем өндірген (2018 ж. 6 ай – 271,9 мың тонна, 2019 ж. 6 ай – 257,3 мың тонна).

  Алайда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: тамақ өнімдерін өндіру 11,2%-ға, жеңіл өнеркәсіп 13,9%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 4,9%- ға артқан.

  2019 жылдың қорытындысымен өнеркәсіптік өндіріс көлемін 92%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемін 100,1% деңгейінде қамтамасыз етуді жаңадан іске қосылған индустриялық жобалар есебінен қол жеткізу жоспарлануда.

 

Индустрияландыру бағдарламасының орындалуы туралы

АҚПАРАТ

(2019ж I жартыжылдық)

 

    2010-2014 жылдары құны 82,0 млрд.теңгенің 17 жобасы іске қосылып,

1 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 

    ИИДМБ-2 аясында құны 567,7 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 6,0 мың адамды жұмыспен қамтитын 28 жоба жүзеге асырылуда.

оның ішінде:

1) «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасында - құны 197,2 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 3,5 мың адамды жұмыспен қамтитын - 25 жоба;

2) Республикалық картасында - құны 370,5 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 2,4 мың адамды жұмыспен қамтитын - 3 жоба.

2015-2018 жылдарда құны 67,6 млрд.теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 677 жаңа жұмыс орнымен қамтитын 7 жоба іске қосылды.

Жалпы, I және II бесжылдығы аясында құны 149,5 млрд.теңгені құрайтын, 24 жоба жүзеге асырылып, толық қуаттылықта жұмыс жасағанда 1,6 мың жұмыс орны ашылатын болады. Ү.ж. қаңтар-маусым айларында өнім шығаруды 18 жоба қамтамасыз етті. 

Кәсіпорындардың «жоспарлы қуаттылықты» игеруі:

- 18 кәсіпорын -  90-100%; 

- 1 кәсіпорын - маусымдық сипатқа ие (томат өндіру цехы);

- 3 кәсіпорын - өнім шығаруды жоспарламаған (а/ш техника өндірісі,мия тамырын өндіру және үй-құрылыс комбинаты );

- 2 кәсіпорын  -  жоба бастамашылары арасында проблемасы болғандықтан, индустрияландыру картасынан шығарылған (сүт және қамыс тақтайлар өндірісі).

2019 жылдың қаңтар-маусым айларында іске қосылған жобалармен

13,2 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18%-ға өсті (2018ж.қаңтар-маусым - 11,2 млрд.теңге).

Оның ішінде, құны 5,0 млрд. теңгені құрайтын 182,1мың тонна (тұз, балық, пропан-бутан, аммоний метаванадаты, мия тамырының сығындысы) өнім экспортталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қаржылай мәнде 34%-ға ұлғайған (2018 ж қаңтар-маусым - 3,8 млрд.тг), заттай мәнде 37%-ға өскен (2018 ж қаңтар-маусым - 132,9 мың.тонна).

f

 

2019 жылдың I жарты жылдығы қортындысы бойынша сыртқы байланыстар бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар

 

        2019 жылы сыртқы байланыстар бағыты бойынша 17 роуд-шоу ұйымдастырылды. Оның ішінде, 9 іссапар шет мемлекеттерге (РФ – 3 рет Мәскеу және Белгород қалалары, Түркия – 2 рет,   Анкара және Кония қалалары, Өзбкестан-Ташкент қ., БАӘ –Дубай қ., Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., ҚХР – 3 рет Бейжің, Шанхай,Циндао) және Қызылорда облысына шетелдіктердің 8 жұмыс сапары болды (2 ресейлік, 3 қытайлық және 2 корей, 1 тәжік).

Атап айтқанда, 2019 жылғы 15 наурызда Ташкент қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж. Қасымбектің қатысуымен «Орталық Азия: өзара тиімді дамудың келешегі» тақырыбында өткен Орталық-Азиялық экономикалық форумына облыстық делегация қатысты және Форум аясындағы көрмеде аймақтың 17 тауарөндірушілерінің тауарлары таныстырылды.

      Нәтижесінде, өзбекстандық «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ ауыл шаруашылық техникасын шығаратын кәсіпорын құру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілуде. 

      Сонымен қатар, 2019 жылғы 16-17 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген XII Астана халықаралық форумына облыс әкімі Қ. Көшербаев бастаған облыстық делегацияның іссапары ұйымдастырылды.

Форум аясында облыстық делегацияның корейлік инвестор Пак Пан Сукпен, Эстония Республикасы Таллин қаласының мэрі М. Кылвартпен, Астана Халықаралық қаржы қорының басқарушысы Қ. Келімбетовпен, «Петро Казахстан Инк» компаниясының Президенті Хуань Сяньсюнмен кездесулері болды.

     Өткізілген кездесулер аясында Қызылорда облысы әкімдігі мен корейлік «К2АТ» компаниясын арасында «Қызылорда облысында емдік қасиеті бар қызанақ егу» бойынша құны 100 миллион АҚШ долларын құрайтын меморандумға қол қойды. Нәтижесінде, 2019 жылғы 23 мамырда Қызылорда облысының әкімдігі мен «Kazakh Invest» АҚ ұйымдастыруымен өңірімізге корейлік инвесторлардың іссапары болды.  

2019 жылы 22-29 мамыр аралығында облыс әкімінің орынбасары М. Имандосов бастаған делегация Қытай Халық Республикасының Бейжің, Шанхай, Циндао, Чжэнчжоу, Нанкин қалаларында іссапармен болды.

Іссапар аясында обыл әкімінің орынбасары М. Имандосов «China Triumph Group» компаниясының Басқарма төрағасы Пенг Шоумен Қызылорда қаласында құрылысы жүріп жатқан шыны зауыты бойынша бірқатар мәселелер талқылау мақсатында кездесу өткізді.

    Сондай-ақ, өткізілген форум барысында Циндао қаласы мэрінің орынбасары Ян Сицзюнмен және «Қытай-ШЫҰ» аймақтық сауда-экономикалық ынтымақтастығы Пилоттық зонасы» басшылығымен, Чжэнчжоу қаласының (Хэнань провинциясы) вице-мэрі Ван Чжэнфэнмен, Қытай халықаралық сауда министрлігінің Хэнаньдық комитетінің басшылығымен, Цзянсу провинциясы (Нанкин қаласы) губернаторының орынбасары  Го Юань Цяньмен және аймақтың бизнес-өкілдерімен кездесулер өткізіліп, Қызылорда облысының инвестиция қажет ететін жобалары таныстырылды. Оған қоса, өткізілген кездесулер нәтижесінде Қытайлық тарап аймағымызда шығарылатын әктас өніміне, ауылшаруашылық өнімдеріне, сондай-ақ, облыста соя өсіруге қызығушылық танытты. Кездесулер қорытындысымен Қызылорда облысында мақсары майын өндіретін «AB Invest group» компаниясы «Пилоттық зонамен» өз өнімін Қытай нарығына экспорттау мақсатында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

     Сонымен қатар, сыртқы байланыстар бөлімі тарапынан 2019 жылғы 26 маусымда «Адами капиталды дамыту: өңір үшін жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында ІV Халықаралық интернет-форумын өткізді.  Форумның негізгі мақсаты – адами капиталды дамыту саласындағы халықаралық және отандық сарапшыларды бірыңғай алаңда жинай отырып, Төртінші өндірістік революция әсерінен халықаралық еңбек нарығында орын алған қарқынды өзгерістер жағдайында өңірдегі білім және жұмыспен қамту келешегін, жаңа талаптар мен мүмкіндіктерді талқылау болып табылды.

     Форумға РФ, Татарстан, Сингапур сияқты әлемнің 3 елінің өкілдері қатысты және білім саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

Сондай-ақ, инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру және өңірге инвестиция тарту мақсатында жыл басынан бері 17 шетелдік инвесторларға визалық қолдау көрсетілді.


Жер қойнауын пайдалану саласы бойынша  2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

Анықтама

 

     Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны – 117 құрайды,оның ішінде 93 келісімшарт негізінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлаумен және өндірумен 65 жер қойнауын пайдаланушы айналысады.

     Басқармамен мұнай және газды өндіру, инвестицияларды ұлғайту,   жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу бойынша тұрақты түрде талдау жасалып, мониторинг жүргізіліп отырады.

   Статистика департаментінің алдын-ала мәліметі бойынша 2019 жылдың І тоқсанында мұнай өндіру көлемі 1,5 млн. тоннаны құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 92,8% құраған немесе 115,2 мың тоннаға төмендеген. Басты себеп - мұнай кен орындарының сарқылуы.

Осы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, шешімін табу мақсатында тұрақты түрде жер қойнауын пайдаланушылармен мәжілістер өткізіліп отырады, атап айтқанда:

2019 жылғы 15 қаңтарда облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимнің төрағалығымен мұнай компаниялары басшыларының қатысуымен газға «әділ баға» орнатуды белгілеу мәселесі бойынша мәжіліс өткізілді.

Мәжіліс барысында сондай-ақ өңірдің мұнай-газ саласының өзекті мәселелері талқыланды.

2019 жылғы 30 қаңтарда облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимнің төрағалығымен ҚР Энергетика министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің салалық департаменттері өкілдерінің және тиісті мемлекеттік органдар мен мұнай компаниялары басшыларының қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Қауіпсіздік кеңесінде қарау үшін қажетті материалдарды дайындау және ұсыныстар әзірлеу мақсатында аймақтың төмендегі мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізілді:

- Өндірілген мұнайдың кемінде 50% экспортқа өткізу;

- Болашақта өндірілетін газдың кемінде 50% - ын өз бетінше өткізу;

- Жаңа кен орындарын игеру;

- Келісімшарт талаптарын орындау.

Осы мәселелер бойынша мәжіліс барысында министрліктер өкілдерінің, мемлекеттік органдар мен мұнай компаниялары басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға алдағы жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар дайындау тапсырылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Р. Қ. Сұлтангереевтің төрағалығымен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексті түсіндіру бойынша мұнай компаниялары басшыларымен, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру  және барлау операцияларын жүргізетін  жер қойнауын пайдаланушылармен кеңейтілген мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске «Оңтүстікқазжерқойнауы» өңіраралық департаментінің директоры А. Б. Ижанов арнайы шақырылды.

Барлығына белгілі 2018 жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексі күшіне енді.  Бұл кодекс көптеген жаңалықтарды қарастырады және рұқсат беру процедураларының тәртібін түбегейлі өзгертеді.

Бұл мәжіліс өз кезегінде туындаған мәселелерді кешенді түрде қарауға және оларды тиімді шешу жолдарын анықтауға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылдың 13 наурызында облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың төрағалығымен «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы А.С.Айдарбаевтың сапары аясында мұнай компанияларының басшыларымен мұнай-газ саласын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізілді.

Мәжіліс барысында мұнай компанияларының басшылары мен бас геологтарының мұнай-газ саласын дамытудағы одан арғы іс-қимылдары туралы баяндамалары тыңдалды.

Мәжіліс барысы және мәжілісте берілген тиісті тапсырмалар облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев пен «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы А.С.Айдарбаевтың қол қойған хаттамасымен ресімделді.

2019 жылдың І тоқсанында Қызылорда облысының кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі Сарапшылық комиссияның           1 отырысы өткізілді, онда жер қойнауын пайдаланушылардың 7 өтінімі қаралды, оның қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды, атап айтқанда:

- келісімшарттың жұмыс бағдарламаларына келісімшарт аумағын ұлғайту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ЖК «Шалқыбаевқа» рұқсат берілді»;

- барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалануды жүргізу үшін жобалық құжаттарды әзірлеу мерзімін ұзарту бойынша – «Байқоңыр «ӘКК «ҰК» АҚ -              4 өтінімі бойынша рұқсат берілді

- өндіруді уақытша тоқтату туралы «Абзал және Компания» ТС-не рұқсат берілді;

- жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға беру бойынша «Пірмағамбет» ЖШС-не рұқсат берілді.

2019 жылдың І тоқсанында «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ филиалы арқылы                 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

- «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» қызметі бойынша «Божбан ата карьері»ЖШС-мен өндіруге 1 жаңа келісімшарт жасалды және 8 өтінім бойынша дәлелді бас тартылды.

Бұл қызмет ү.ж. 21 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметтер тізілімінен алынып тасталғанын атап өту қажет.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бастап 6 қосымша келісімге («Байдәулетов» ЖК, «Стандарт Соль» ЖШС, «ҚазкұмОрдазы» ЖШС, «Қызылорда Құрылыс құрылымдары» ЖШС, «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС – 2) өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қол қойылды, сондай-ақ  ЖК «Байдәулетовпен» - өндіруге, «Байқоңыр «ӘКК «ҰК» АҚ-мен Ақ құм кен орнын өндіруге, Құтау-3 кен орнын барлауға келісімшарт жасалды.

Келісімшарттық міндеттемелерді орындамаған жер қойнауын пайдаланушылар бойынша жер қойнауын пайдаланушының объектілеріне бару жолымен бақылау бойынша жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда «Абзал и Компания» ЖК, «Саутс Ойл» ЖШС, «Ақтал» ЖК, «Жаңа Арал» ЖШС, «Умекс БС» ЖШС, «Мұхтар НК» ЖШС-2009» ЖШС, «Шиелі Тас-Оңтүстік» БК ЖШС, «Береке – Оңтүстік» ЖШС, «Қасиет-Ал Оңтүстік» ЖШС, «Қазалы құм» ЖШС, «Қармақшы Құрылыс» ЖШС объектілері.

Нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан «Умекс БС» ЖШС-нен басқа (сараптау комиссиясының отырысына шығарылды) келісімшарттық талаптардың бұрын жіберілген барлық заң бұзушылықтары түзетілді.

Инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстар

 

    2019 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция 84,0 млрд.теңге құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге өсті. 

    Негізгі капиталға бюджеттен тыс 62,5 млрд.тенге инвестиция тартылды, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда НКИ 5,1 есеге өсті.

   Атап өту қажет, жалпы  негізгі капиталға тартылған инвестиция қарқыны бойынша аймақ республикада бірінші орында.

Инвестиция тарту жұмыстарын жүйелеу мақсатында 2018 жылы 26 желтоқсанда облыс әкімдігінің №1292 қаулысымен инвестицияларды тарту бойынша 2019 жылға арналған Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары бекітілді.

Іс-шара жоспары аясында 2019 жылдың 26 наурызда облыс әкімінің төрағалығымен Өңірлік инвестициялық кеңестің бірінші  отырысы өткізілді. Кеңесте 2 мәселе қаралды:

1. «Байқоңыр» қаласында еркін экономикалық аймақ құру туралы;

2. Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы («Тотал Эрен» ЖШС; «HydroEnergy» АҚ- күн электр станциялары,  «Қармақшы құс» ЖШС – құс фабрикасы).

Кеңесте ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы, облыстық энергетика басқармасы және Жаңақорған, Жалағаш, Қармақшы аудан әкімдіктеріне бірқатар тапсырмалар берілді.

Нәтижесінде, «Қармақшы құс» ЖШС-не инженерлік инфрақұрылымды жеткізу мақсатында республикалық бюджеттен қаражат сұрау үшін ҚР ҰЭМ бюджеттік өтінім жолданды.

Сондай-ақ, «Күн электр станцияларын салу» жобаларының бастамашылары («Тотал Эрен» ЖШС – Жалағаш ауданы және «HydroEnergy»АҚ – Жаңақорған ауданы) инвестициялық келісімшартқа қол қою және инвестициялық преференциялар алу үшін ҚР СІМ Инвестиция комитетіне қажетті құжаттарды ұсыну бойынша жұмыстар жүргізуде.

Сондай-ақ, есепті кезеңде «Жобаларды индустрияландыру және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің» 3 рет отырысы өткізілді. Нәтижесінде, 2 жобаны Өңірлік  кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізуге, 3 жобаға жер телімін табыстау туралы шешім қабылданды.

Өңірде жалпы көлемі 915,7 га құрайтын 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда. Қазіргі таңда бөлінген жер телімінен 209,83 га жер игеріліп, жалпы құны 192,2 млрд.тенгені құрайтын 48 жоба орналастырылды. Инфрақұрылымның құрылысына бюджеттен 6,7 млрд.тенге бөлінді. Әрбір индустриялық аймақ қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді (энергия және сумен жабдықталған, табиғи газбен қамтамасыз етілген және т.б.).

48 жобаның ішінде құны 65,2 млрд.тенгені құрайтын 16 жоба іске асырылып,                 519 жұмыс орыны ашылды.

2019 жылдың І тоқсанында іске қосылған жобалардың шығарған өнім көлемі                   35,4 млн. теңгені құрады.

2019 жылы құны 37 млрд.теңгені құрайтын 5  жобаны іске асыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2019 жылы алдын ала есепке сәйкес облысқа

351 млрд.теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 105,5%-дан артуы жоспарланған.

 

 

Аумақтың инвестициялық потенциалы

(қаңтар-наурыз)

 

     Өңірдің ұзақ мерзімді (алдағы 10 жылда) әлеуметтік-экономикалық дамуы 5 басым бағыттағы салалар бойынша қалыптасатын болады:

    Бірінші, тау-кен өнеркәсібінің әрі қарай дамуы. Өңірдің табиғи ерекшеліктерін ескере келе, облысымыз пайдалы қазбаларға бай өлке болып табылады. Негізінен облыс аймағында уран, ванадий, қорғасын, мырыш және т.б табиғи қазбалардың қоры қалыптасқан.Табиғи қазбаларды игеру мақсатында келесі жобалар іске асырылатын болады:

-«Шалқия Цинк» ЖШС-нің «Жылдық қуаттылығы 4 млн. тоннаға дейін Шалқия қорғасын-мырыш кенішін кеңейту және кен байыту фабрикасының құрылысы» жобасы. Жобаның құны – 235 млрд. теңге, жаңа жұмыс орындары – 1 540. 

-«Балауса процессинг компания» ЖШС-нің «Бала сауысқандық» кенішінде қара тақта тасты автоклавты өңдеу» жобасы. Жобаның құны – 35,0 млрд.теңге, жаңа жұмыс орындары – 649. Іске асырылу мерзімі – 2012-2020 жылдар.

  Екінші, жергілікті пайдалы қазбаларды өңдеу арқылы құрылыс материалдары өндірісі саласын дамыту. Бұл бағытта келесі жобаларды іске асыру жоспарлануда:

-«Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-нің «Цемент зауытының құрылысы жобасы». Жоба құны 64 млрд.теңге. Жаңа жұмыс орындар саны – 260. Жоба 2018 жылдың желтоқсан айында іске қосылды.

-«Премиум Класс-Строй» ЖШС-нің «Әк шығару зауыты» жобасы. Жобаның құны - 140 млн.теңге, іске қосылғандағы жұмыс орны – 26. Жоба 2018 жылдың қазан айында іске қосылды.

-«Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы. Жобаның құны – 36,7 млрд. теңге,жаңа жұмыс орындары – 226.

-«Yildizlar SSS Holding» түрік компаниясы «Керамикалық өнімдерді шығаратын зауыттың құрылысы» жобасы. Жобаның құны – 43,5 млрд.теңге.

Сонымен қатар, облысымыздың барлық аудандарында құрылыс индустрия саласы даму қарқыны кең етек жаюда. Құрылысқа қажетті керамикалық кірпіш, қаптама кірпіш, газоблок, құмблок (пескаблок) сияқты түрлі жобалар индустриаландыру карталарына ұсынылуда.  

    Үшіншіден, азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірімізге тән агроөнеркәсіп кешенін әрі қарай дамыту.Бұл бағытта келесідей жобалар іске асырылатын болады:

-«Сыр Агро» ЖШС-нің «1200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын салу» жобасы. Жобаның құны – 2,5 млрд.теңге, іске қосылғандағы жұмыс орны – 50.

-«КазАгроМир»ЖШС-нің «Қызылорда қаласында көлемі 2,2 га автоматтандырылған өндірістік жылыжай құрылысы» жобасы. Жобаның құны – 1,1 млрд.теңге, іске қосылғандағы  жұмыс орны – 30.

-«Сенім табиғат» ЖШС-нің көп салалы ауылшаруашылық өнімдерін сақтау қоймасы. Жобаны құны – 500,0 млн.теңге. жаңа жұмыс орындары саны – 33.

-«BSK Каратау» ЖШС-нің Тұз өндіру, өңдеу және байыту бойынша өндірістік кешенін салу. Жоба құны – 2,9 млрд.теңге. Жаңа жұмыс орындар саны – 500.  

-«Сыр Маржаны» ЖШС-нің «Ет комбинатын салу» жобасы. Жоба құны 832,5 млн.тенге, жаңа жұмыс орындар саны – 30.

    Төртіншіден, Қазіргі таңда, өңірде жалпы көлемі 915,7 га құрайтын 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда. Қазіргі таңда бөлінген жер телімінен 209,83 га жер игеріліп, жалпы құны                         192,2 млрд.тенгені құрайтын 48 жоба орналастырылды. Инфрақұрылымның құрылысына бюджеттен 6,7 млрд.тенге бөлінді. Әрбір индустриялық аймақтың инфрақұрылымы бар (энергия және сумен жабдықталған, табиғи газбен қамтамасыз етілген және т.б.).

48 жобаның ішінде құны 65,2 млрд.тенгені құрайтын 16 жоба іске асырылып,                 519 жұмыс орыны ашылды.

2019 жылдың І тоқсанында іске қосылған жобалардың шығарған өнім көлемі                   35,4 млн. теңгені құрады.

2019 жылы құны 37 млрд.теңгені құрайтын 5  жобаны іске асыру жоспарлануда.

   Бесіншіден, Есептік мерзімде 6 роуд-шоу ұйымдастырылды. Оның ішінде, 3 іссапар шет мемлекеттерге (РФ – Мәскеу қ., 1 Түркия – Анкара және Кония қалалары, Өзбкестан-Ташкент қ.), ал Қызылорда облысына  3 жұмыс сапары болды (1 ресейлік, 1 қытайлық және 1 корейлік).

   2019 жылдың 15-17 қаңтарында сыртқы байланыстар бөлімімен облыс әкімінің кеңесшісі Д. Бисембина бастаған Қызылорда облысы делегациясының Мәскеу қаласына жұмыс сапары ұйымдастырылды.  Іссапардың мақсаты - жыл сайын өтетін «Гайдар форумына» қатысу. Форум алаңы тәжірибе мен ақпарат алмасудың, іскерлік байланыстарды орнатудың, өңірді дамыту бойынша озық тәжірибелерді зерделеудің, сондай-ақ облыстың инвестициялық әлеуетін таныстырудың жақсы мүмкіндігі болып табылады.

Сондай-ақ, 20-23 қаңтар аралығында аймақтың 11 тауарөндірушілері Анкара және Кония (Түркия) қалаларының өнеркәсіптік аймақтарына іскерлік сапармен баруын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен Түркия кәсіпкерлері арасында табысты сауда және іскерлік қатынастар орнату. Шара аясында тәжірибелермен, технологиялармен, инновациялық әзірлемелермен және тиімді шешімдермен алмасу үшін «В2В» форматында екіжақты іскерлік кездесулер ұйымдастырылды.

Іссапар нәтижесінде облыс әкімінің орынбасары және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы делегациямен кездесу өткізіп, тиімді жұмыс жасау үшін кәсіпкерлердің алдағы жоспарларын талқыланып, облыс кәсіпкерлеріне берілетін субсидиялар және тарифтермен таныстырды.

Сонымен қатар, 2019 жылғы 21 қаңтарда  қытайлық «Pizu Group Holdings Limited» компаниясы қызметкерлерінің Қызылорда облысына іссапары болды. Іссапардың мақсаты – азаматтық мақсатта қолданылатын жарылғыш заттарды өндіру жобасын презентациялау. 

   30-31 қаңтарда Қызылорда облысына Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы өкілетті уәкілі Д. Валеев бастаған делегацияның іссапары ұйымдастырылды. Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары төрағалығымен, сондай-ақ бірқатар облыстық басқармалар басшыларының, жоғары оқу орындары мен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты – Қызылорда облысы мен Татарстан Республикасы арасында білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, ТКШ және жол қызметтері бағыттарындағы инновацияларды енгізу тәжірибесімен алмасу бойынша жаңа ұсыныстар, сондай-ақ, жоғары әлеуметтік маңызы бар әлеуетті жобалар таныстырылды.

   2019 жылғы 13-15 ақпан аралығында Қызылорда облысына Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынг Су бастаған делегация жұмыс сапарымен келді. Іссапар мақсаты – облыс әкімімен кездесу,  Қызылорда облысы мен Корея арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-білім ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылау. Сапар барысында делегация мәдени іс-шараларға қатысып, Бас консул Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттеріне дәріс оқыды. Сонымен бірге, корей диаспорасының өкілдерімен кездесу өткізіп, бірнеше кәсіпорындар жұмыстарымен танысты.

   2019 жылғы 15 наурызда Ташкент қаласында өткен «Орталық Азиялық кооперация: өзара тиімді дамудың  келешегі» тақырыбында Орталық-Азиялық экономикалық форумына (ОАЭФ) облыс әкімінің орынбасары Е. Ким бастаған делегацияның іссапары ұйымдастырылды.

Облыстық делегация ОАЭФ аясында «Қазақстанда жасалған» өңірлік бәсекеге қабілетті тауарөндірушілердің сауда-өнеркәсіптік көрмесінде Қызылорда облысында өндірілетін 17 тауарөндіруші кәсіпорындардың тауарларын таныстырып, өнімдерін экспорттау бойынша келіссөздер жүргізді және кәсіпкерлер форумның пленарлық отырысы және секциялық жұмыстарына қатысты.

 

 

Индустрияландыру бағдарламасының орындалуы туралы

АҚПАРАТ

(2019ж I тоқсан)

     2010-2014 жылдары құны 82,0 млрд.теңгенің 17 жобасы іске қосылып, 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 

ИИДМБ-2 аясында құны 512,2 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 5,4 мың адамды жұмыспен қамтитын 25 жоба жүзеге асырылуда.

оның ішінде:

1) «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасында - құны 147 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 3 мың адамды жұмыспен қамтитын - 22 жоба;

2) Республикалық картасында - құны 365,2 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 2,4 мың адамды жұмыспен қамтитын - 3 жоба.

2015-2018 жылдарда құны 67,6 млрд.теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 677 жаңа жұмыс орнымен қамтитын 7 жоба іске қосылды.

Жалпы, I және II бесжылдығы аясында құны 149,5 млрд.теңгені құрайтын, 24 жоба жүзеге асырылды. Толық қуаттылықта жұмыс жасағанда 2,0 мың жұмыс орны ашылатын болады. Ү.ж. қаңтар-наурыз айларында өнім шығаруды 14 жоба қамтамасыз етті. 

Кәсіпорындардың «жоспарлы қуаттылықты» игеруі:

- 14 кәсіпорын -  90-100%; 

- 7 кәсіпорын - маусымдық сипатқа ие (асфальт, кірпіш зауыттары, үй-құрылыс комбинаты, томат өндіру, цемент зауыттары);

- 1 кәсіпорын - өнім шығаруды жоспарламаған (а/ш техника өндірісі);

- 2 кәсіпорын  -  жоба бастамашылары арасында проблемасы болғандықтан, индустрияландыру картасынан шығарылған (сүт және қамыс тақтайлар өндірісі).

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында іске қосылған жобалармен

6,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22%-ға өсті (2018ж.қаңтар-наурыз - 5 млрд.теңге).

Оның ішінде, құны 2,7 млрд. теңгені құрайтын 96,2 мың тонна (тұз, балық, пропан-бутан, аммоний метаванадаты, мия тамырының сығындысы) өнім экспортталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қаржылай мәнде 39,3%-ға ұлғайған (2018 ж қаңтар-наурыз - 1,9 млрд.тг), заттай мәнде 40,7%-ға өскен (2018 ж қаңтар-наурыз - 68,4 мың.тонна).

 

2019 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша сыртқы байланыстар бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар

 

   Есептік мерзімде сыртқы байланыстар бөлімі тарапынан 6 роуд-шоу ұйымдастырылды. Оның ішінде, 3 іссапар шет мемлекеттерге (РФ – Мәскеу қ., 1 Түркия – Анкара және Кония қалалары, Өзбкестан-Ташкент қ. ), ал Қызылорда облысына  3 жұмыс сапары болды

(1 ресейлік, 1 қытайлық және 1 корейлік).

   2019 жылдың 15-17 қаңтарында сыртқы байланыстар бөлімімен облыс әкімінің кеңесшісі Д. Бисембина бастаған Қызылорда облысы делегациясының Мәскеу қаласына жұмыс сапары ұйымдастырылды.  Іссапардың мақсаты - жыл сайын өтетін «Гайдар

форумына» қатысу.  Форум алаңы тәжірибе мен ақпарат алмасудың, іскерлік байланыстарды орнатудың, өңірді дамыту бойынша озық тәжірибелерді зерделеудің, сондай-ақ облыстың инвестициялық әлеуетін таныстырудың жақсы мүмкіндігі болып табылады.

   Сондай-ақ, 20-23 қаңтар аралығында аймақтың 11 тауарөндірушілері Анкара және Кония (Түркия) қалаларының өнеркәсіптік аймақтарына іскерлік сапармен баруын ұйымдастырды.

   Іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен Түркия кәсіпкерлері арасында табысты сауда және іскерлік қатынастар орнату. Шара аясында тәжірибелермен, технологиялармен, инновациялық әзірлемелермен және тиімді

шешімдермен алмасу үшін «В2В» форматында екіжақты іскерлік кездесулер ұйымдастырылды.

   Іссапар нәтижесінде облыс әкімінің орынбасары Е. Ким және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Р. Сұлтангереев делегациямен кездесу өткізіп, тиімді жұмыс жасау үшін кәсіпкерлердің алдағы жоспарларын талқыланып, облыс кәсіпкерлеріне берілетін субсидиялар және тарифтермен таныстырды.

   Сонымен қатар, 2019 жылғы 21 қаңтарда  қытайлық «Pizu Group Holdings Limited» компаниясы қызметкерлерінің Қызылорда облысына іссапары болды. Іссапардың мақсаты – азаматтық мақсатта қолданылатын

жарылғыш заттарды өндіру жобасын презентациялау. 

30-31 қаңтарда Қызылорда облысына Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы өкілетті уәкілі Д. Валеев бастаған делегацияның іссапары ұйымдастырылды. Сапар барысында облыс әкімінің

орынбасары Е. Кимнің төрағалығымен, сондай-ақ бірқатар облыстық басқармалар басшыларының, жоғары оқу орындары мен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыстың

мақсаты – Қызылорда облысы мен Татарстан Республикасы арасында білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, ТКШ және жол қызметтері бағыттарындағы инновацияларды енгізу тәжірибесімен алмасу бойынша жаңа ұсыныстар, сондай-ақ, жоғары әлеуметтік маңызы бар әлеуетті жобалар таныстырылды.

  2019 жылғы 13-15 ақпан аралығында Қызылорда облысына Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынг Су бастаған делегация жұмыс сапарымен келді. Іссапар мақсаты – облыс әкімімен кездесу,  Қызылорда облысы мен Корея арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-білім ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылау. Сапар барысында делегация мәдени іс-шараларға қатысып, Бас консул Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттеріне дәріс оқыды. Сонымен бірге, корей диаспорасының өкілдерімен кездесу өткізіп, бірнеше кәсіпорындар жұмыстарымен танысты.

   2019 жылғы 15 наурызда Ташкент қаласында өткен «Орталық Азиялық кооперация: өзара тиімді дамудың  келешегі» тақырыбында Орталық-Азиялық экономикалық форумына (ОАЭФ) облыс әкімінің орынбасары Е. Ким бастаған делегацияның іссапары ұйымдастырылды.

   Облыстық делегация ОАЭФ аясында «Қазақстанда жасалған» өңірлік бәсекеге қабілетті тауарөндірушілердің сауда-өнеркәсіптік көрмесінде Қызылорда облысында өндірілетін 17 тауарөндіруші кәсіпорындардың тауарларын таныстырып, өнімдерін экспорттау бойынша келіссөздер жүргізді және кәсіпкерлер форумның пленарлық отырысы және секциялық жұмыстарына қатысты.


Жер қойнауын пайдалану саласы бойынша  2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы

Анықтама

 

     Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны – 115 құрайды, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жұмыстарымен - 63 жер қойнауын пайдаланушы   89 келісімшарттың негізінде жұмыс жүргізуде.

     Басқармамен мұнай және газды өндіру, инвестицияларды ұлғайту,   жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу болдырмау бойынша тұрақты түрде талдау жасалып, мониторинг жүргізіліп отырады.

    Облыстық статистика департаментінің алдын-ала мәліметі бойынша 2018  жылдың қорытындысымен  мұнай өндіру көлемі 6,3 млн. тоннаны құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 94,0% құраған немесе 420,3 мың тоннаға төмендеген. Болжамды деректер бойынша облыста 2019 жылы көмірсутекті шикізат өндірісі 17% немесе   1 млн. тоннаға төмендеуі жоспарлануда Бұған басты себеп мұнай кеніштерінің таусылуы әсер етіп отыр.

   2018 жылы өндірілген газ көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,03 млрд. м3 немесе 87% құрады. 2019 жылы  болжам бойынша газ өндіру көлемі 903,2 млн.м3 құрайды.

   Осы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, шешімін табу мақсатында тұрақты түрде жер қойнауын пайдаланушылармен мәжілістер өткізіліп отырады, атап айтқанда:

  2018 жылдың 23 қаңтарында облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимнің төрағалығымен кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын жер қойнауын пайдаланушылардың және  мемлекеттік орган, атап айтқанда Қызылорда облысының көлік бақылау инспекциясы, Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасы, Қызылорда облысының мемлекеттік кірістер департаменті, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудан әкімдіктері мен Қызылорда облысының ІІД жерлігікті полиция қызметі басшылары мен өкілдерінің қатысуымен Қызылорда облысының автомобиль жолдары торабын сақтау мәселесі бойынша мәжіліс өткізілді.

  Мәжіліс барысында жер қойнауын пайдаланушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, БАҚ арқылы насихатталды.

 Бүгінгі күнге дейін осы тапсырма бойынша, атап айтқанда «Инертті жүктерді тасымалдау» мәселесі бойынша  тиісті мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдерінің және кен таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын жер қойнауын  пайдаланушылардың қатысумен ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Шиелі ауданында және 17 сәуірінде Қызылорда қаласында мәжіліс өткізілді.        

 Мәжіліс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Қазіргі таңда мемлекеттік органдармен хаттамалық тапсырманың орындалуы бойынша қажетті жұмыстар жалғастырылуда.

2018 жылдың 19 ақпанында облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимнің төрағалығымен мұнай компаниялары басшыларының қатысуымен өзара ынтымақтастық мәселесі бойынша Ақмола облысы санаторийлары өкілдерінің Қызылорда облысына жұмыс сапары туралы мәжіліс өткізілді.

Мәжіліс барысында мұнай компанияларының басшыларына  Щучинск-Бурабай курорт аймағының шипажайлық-курорттық мекемелеріне баруға байланысты кәсіподақтар үшін инфотур өткізу мақсатында делегацияларды қабылдап, ұйымдастыруды ұсынды.

Нәтижесінде облыстың 5 мұнай компанияларының кәсіподақтарымен кездесу ұйымдастырылды.

2018 жылдың 26 маусымында  облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимнің төрағалығымен жыл сайын «Әлеуметтік бағдарламалар бойынша барлық көздерден нақты игерілген қаржы туралы» тақырыбында өндіруші компаниялар, аудан (қала) әкімдігі, басқа да қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, БАҚ өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген аймақтық мәжіліс өткізілді. 

Мәжіліс барысында мемлекеттік органдар және мұнай компаниялары басшыларының, атап айтқанда индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Р.Қ.Сұлтангереевтің «Облыстағы жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар талаптарын орындауы туралы», экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы  басшысының  орынбасары Н.Р.Қордабайдың «Әлеуметтік-экономикалық дамытуға түскен қаржы көлемі мен  қаржының жұмсалу бағыты туралы», «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің Басқарма Кенесшісі А.Қ.Көшербаевтың «Компанияның аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысуы жөнінде» баяндамалары тыңдалды.

Сонымен қатар, кең  таралған пайдалы қазбаларға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері туралы   мәселелері қаралды.

Бұл мәселені түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары М.О.Қалдарбеков баяндама жасады.

Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.

             2018 жылдың 31 шілдесінде облыс әкімінің орынбасары Е.Г. Кимнің төрағалығымен мұнай компаниялары басшыларының қатысуымен инвестицияларды игеру және 2018 жылға мұнай өндіру мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізілді.

             2018 жылғы 24 тамызда облыс әкімінің орынбасары Е.Г. Кимнің төрағалығымен мұнай компаниялары басшыларының қатысуымен облыстың мұнай-газ саласын дамыту бойынша Жол картасын әзірлеу және «Мұнайшылар күні» кәсіби мерекесін тойлау мәселелері бойынша мәжіліс өткізілді.

             Мәжіліс барысында мұнай компаниялары басшыларына облыстың мұнай-газ саласын дамыту бойынша Жол картасына ұсыныстар жолдау тапсырылда, атап айтқанда:

             - экспортқа шығару квотасын 50% дейін көбейткен жағдайда мұнай өнімін арттыру, жаңа кенорындарын барлау және бұрғылау бойынша жоспарланған іс-шаралар;

             - өндірілген газдың 50%  еркін сатуға ҚР Үкіметімен келісім берген жағдайда консервіленген газ кенорындарын игеру және жаңа газ кен орындарын игеру;

             Мәжілістің хаттамалық тапсырмасының қорытындысы бойынша  2018 жылдың қазан айында облыстың мұнай компанияларымен бірлесіп, 2018-2019 жылдарға арналған Қызылорда облысының мұнай-газ саласын дамыту бойынша Жол картасы бекітілді.

             2018 жылғы 14 қыркүйекте  облыс әкімдігімен мұнай және газ өнеркәсібінің қызметкерлері күніне және «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің 25 жылдығына арналған кәсіби мерекелерін тойлау құрметіне орай  ауқымды іс-шара өткізілді.

             Аталған іс-шара аясында облыстың мұнай саласының дамуына ерекше үлес қосқан мұнай компанияларының қызметкерлері марапатталды.

             2018 жылы 20 желтоқсанда облыс әкімінің орынбасары Е.Г. Кимнің төрағалығымен мұнайжәне уран компаниялары басшыларының қатысуымен инвестицияларды игеру, құрылыс жұмыстарының және мұнай өндіру көлемдері және 2019 жылғы жоспар бойынша мәжіліс өткізіліп, сонымен қатар мәжіліс аясында пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу объектілерінің терроризмге қарсы қорғалу талаптарына сәйкестендіру қажеттігі туралы талқыланып, тиісті  түсіндірме берілді.

Мұнай-газ және уран салаларының өзекті мәселелері бойынша облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен облыстың жер қойнауын пайдаланушыларымен мәжіліс өткізілді ( 2018 жылдың 23 шілде және                  3 қыркүйек).

Мәжіліс қорытындысы бойынша хаттамалық шешіммен төмендегі мәселелерді Үкімет деңгейіне қайта қарау туралы ұсыныс енгізу тапсырылды:

  • облыстың мұнай компаниялары үшін мұнайды экспортқа шығаруда 50%-дан төмен емес  қатынасын қолдану бойынша;
  • облыстың газ өндіруші компанияларына өндірілген тауарлық газдың 50% ішкі нарыққа, 50% сыртқы нарыққа шығаруға рұқсат бойынша;
  • уран өндіру көлемін ұлғайту бойынша;
  • 3 аудандық орталықты газдандыру бойынша;
  • республикалық бюджет есебінен «Арал маңы», «Сырдария» және «Шу-Сарысу» ойпаттарын іздеу-бағалау жұмыстарын қолдана отырып,     5 мың метр тереңдікте геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша.

          Мұнай-газ және уран саласын дамыту мақсатында  Үкімет деңгейінде 2018 жылдың ішінде облыс әкімдігі бірнеше рет аймақтың өзекті мәселелерін көтерді, яғни – мұнайды экспортқа шығару көлемін ұлғайту, газға әділ баға орнату және жаңа кен орындарын игеру.

             Алайда, аймақтың көтерген барлық өзекті мәселелері үкімет деңгейінде шешілмеді. Сондықтан аталған мәселелер Мемлекет басшысының қарауына ұсынылды.

 

 

             Сонымен қатар, 2018 жылы «Өнеркәсіпті цифрландыру 2020» бағдарламасы аясында 3 жоба бекітіліп, ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне жолданды («Интеллектуалды кен орны» - «КазГерМунай «БК» ЖШС,  «Дайын өнімді ыдысқа салу учаскесін автоматтандыру", «Харасан-2 кенішін диспетчерлендіру жүйесін және АБЖ техникалық қайта жарақтандыру» - «Байкен-U» ЖШС).

         Сондай-ақ, облыстың  мұнай компанияларымен («Қазгермұнай» БК» ЖШС, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз», «Көлжан» ЖШС, «ПКВИ» филиалы, «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ, «ҚОР» мұнай компаниясы» АҚ) бірлесіп Қызылорда облысының мұнай-газ саласын  цифрландырудың Жол картасы әзірленіп, бекітілді және ҚР Энергетика министрлігіне келісу үшін жолданды.

             2018 жылы кең таралған пайдалы қазбаларына барлау және өндіру жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру мәселелері бойынша сарапшылық комиссияның 11 отырысы өткізіліп, онда 39 өтініш қаралды және олардың қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды, атап айтқанда:

- келісімшарттың жұмыс бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оның ішінде  өндіру көлемін өзгерту бойынша «Аралтұз» - 2 өтінім, АҚ-на, «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-не - 7 өтінім, «Умэкс БС» ЖШС-не,  «Жаңа Арал»  ЖШС-не, «KazChinNur» ЖШС-не, «Бегімбаев» ЖК-не, «Торғай Петролеум» АҚ-на, «Актал» ЖК-не, «Өтеміс» ЖШС-не, «Арал Нұры» ЖШС-не, «Табиғи Тас Қызылорда» ЖШС-не, «Фирма Дана» ЖШС-не, «Қуатамлонмұнай» ЖШС-не, «Қазқұм Ордазы» ЖШС-не, «Қызылорда Құрылыс  Құмдары» рұқсат берілді;

- жер қойнауын пайдалануды иеліктен шығару жолымен  «Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы мен:

* «Арал нұрлы жер» ЖШС-не,

* «Бөребай саз» ЖШС-не,

* «Гео жер қойнауы» ЖШС-не жер қойнауын пайдалану құқығы берілді;

         - жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бөлігін), жер қойнауы құқығын иемденетін заңды тұлғалардың қатысу үлесін (акция пакеттерін) кепілге беру бойынша «Арал Тұз» АҚ – 2 өтінім, «Позитив-А»;

         - Қызылорда облысын және оның инфрақұрылымын дамытуға жыл сайынға әлеуметтік-экономикалық  төлемдердің көлемін келісу туралы 2 өтінім - «Қазгеология» ұлттық геологиялық  барлау компаниясы» АҚ, «Өтеміс» ЖШС;  

         - келісімшарттық аумақты кеңейту бойынша – 1 (ЖК «Шалкыбаев К», «Бескемпір Оңтүстік» ЖШС);

         - жер қойнауын барлауға құқық беру мерзімін ұзарту бойынша – 1 өтінім («Феррослав Инжиниринг» ЖШС). Нәтижелері бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі Жұмыс тобының 7 отырысы өткізіліп, әлеуетті жер қойнауын пайдаланушылардың 36 өтінім қаралды.

Отырыс нәтижесінде келісімшарт жасасуға құқық беру туралы 27 жер қойнауы учаскелері бойынша, оның ішінде: барлау бойынша – 15 («Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы – 10 өтінім, «Арал Сода» ЖШС, «BSK Қаратау» ЖШС, «ПремиумКласс Строй» ЖШС), өндіру бойынша – 12 («Карьер Божбан Ата» ЖШС, ЖК «Ақтал», («Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы – 6 өтінім, «РМЗ-Шапағат», «Арал Сода» ЖШС» - 2 өтінім, ЖК «Байдаулетов Қазбек»),

- 1 өтінім («Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы Бәйтерек жер қойнауы) бойынша бас тарту туралы,

- жер қойнауын пайдалануға құқық беру бойынша бұрын берілген рұқсаттардың қолданылу мерзімін ұзарту туралы – 1 («Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы)

- жер қойнауын пайдалануға құқық беру бойынша бұрын берілген рұқсаттарды жою жөнінде – 3 («Көлжан» ЖШС-гі мен «SSM-Oil» ЖШС және  «Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы – 2 өтінім)

- Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және инфроструктурасын дамытуға төлемдердің көлемін келісу туралы 1 («Фирма Балауса» ЖШС) шешім қабылданды.

 Басқармамен жер қойнауын пайдалану саласында 6 регламент бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2018 жылы  вебпортал және«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы арқылы 41 мемлекеттік қызмет көрсетілді (соның ішінде вебпортал арқылы -16, мемлекеттік корпорация арқылы -24, мемлекеттік орган - 1), атап айтқанда:

- «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» қызметі бойынша 10 жаңа келісімшарт жасалынды (барлау бойынша - 7 өтінім («ҚОР» МК» АҚ, «Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы – 5 өтінім, «Көлжан» ЖШС-гі мен «SSM-Oil» ЖШС, «Пермиум Класс - Строй» ЖШС), өндіру бойынша – 3 өтінім («Шиелі Тас» ЖШС, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Ақтал» ЖК және 14 дәлелді бас тарту);  

- «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу» қызметі бойынша – 1 («Арыс тұз» ЖШС-не) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу туралы хабарлама-хат берілді.  

         - «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» қызметі бойынша 16  қорытынды тұжырым берілді.

         Атап айтқанда: «Гео Изыскания» ЖШС-гі Қызылорда облысы бойынша оқу полигонын орналастыру үшін көлемі 3459,0 гектар болатын №1  және № 2 жер учаскенің құрылыс нысанын салуға - 2 өтінім, «КАТЭК» ЖШС-гі  «Қызылорда-Астана» учаскесінде (І кезең) орналасқан «САРЫ-АРҚА» магистралды газқұбыры құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамасын (ПСД) әзірлеу бойынша жүргізілетін құрылыс учаскесі орналастыру - 5 өтінім,  "Baikonyr Solar" ("БайқоңырСолар") ЖШС-гі  «Қуаттылығы 50 МВт «Байқоңыр» Күн Электростанциясын салу» құрылыс нысаны үшін, «Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қызылорда облысы Қызылорда қаласының аумағынан өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру жөніндегі объектілерді салу үшін, «Электрохимзащита» ЖШС-гі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газқұбыры құрылысы аясында қарастырылған Қазалы ауданында Ақсуат  және Сексеуіл компрессорлық станциясы құрылысын салу үшін  – 2 өтінім,  Жалағаш аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің Мәдениет және Аламесек ауыл округтерінің типтік мал зиратының құрылысын (биотермиялық шұңқыр) салуға және Жалағаш ауданынды қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салуға- 3 өтінім,  Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің Ақтан батыр және Ғ.Мұратбаев ауыл округтерінің типтік мал зиратының құрылысын (биотермиялық шұңқыр) салуға- 2 өтінім  бойынша оң қорытынды берілді

         - «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» қызметі бойынша «Аралтұз» АҚ-ның  жер қойнауын пайдаланудың 2 кепіл шарты тіркелді:

         1) Жаксықылыш көлінің Оңтүстік бассейніндегі кенорнында ас тұзын өндіруге арналған;

         2)  Жаксықылыш көлінің Солтүстік бассейніндегі кенорнында ас тұзын өндіруге арналған.

         Сонымен қатар, басқармамен келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына талдау және мониторинг  жүргізіліп, нәтижесінде келісімшарттық  міндеттемелерді орындамағаны үшін - 3 келісімшарт («Али-Барс» ЖШС, «Арал нұрлы жер» ЖШС, «Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ) бұзылды.

Сондай-ақ, келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 8 қосымша келісімге қол қойылды («Арал нұрлы жер» ЖШС, «АНК-Даулет» ЖШС, «KazChiNur» ЖШС, «Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ – 2 өтінім, «Қазқұм-Ордағазы»).  Атап айтқанда, «Арал тұз» АҚ ас тұзын өндіру көлемін 25%, ал 2019 жылдан бастап 2 есеге, «КаzChinnur» ЖШС қиыршық тасты өндіру көлемін 3 есеге ұлғайтады.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» Кодексі күшіне енген күннен бастап кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге 1 лицензия (шыны зауытын топырақпен қамтамасыз ету үшін) «Гео жер қойнауы» ЖШС-не  берілді

         Одан бөлек, басқармамен жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерінің орындалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырады. Нәтижесі бойынша 2017 жылы қаржылық міндеттемелерін орындамаған 28 жер қойнауын пайдаланушыларға ескертпелер жолданды (30.03.2018 ж. № 04-13/565, 09.08.2018 ж. №04-13/1392).

         Келісімшарттық міндеттемелерді орындамаған жер қойнауын пайдаланушылар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарына бару арқылы бақылауды жүргізу жұмыстары басталды.

         Сонымен бірге, басқарма тарапынан жер қойнауын пайдаланушыларына тоқтатылған келісімшарттар бойынша ТЭН және жою жұмыстарының басталғаны туралы ақпарат табыстау қажет екендігі жөнінде хабарлама жолданды.

         2018  жылы қыркүйек айында сотқа «Ас-Тұз-М» ЖШС-нің Арал ауданында орналасқан Жөкел кен орнының кепіл мүлкін сату  («Казкоммерцбанк» АҚ-ның кепіл мүлікті заңсыз ашық саудаға шығару) бойынша қабылдаған сот шешімінің күшін жою бойынша өтінім берілді.

         Сонымен бірге, «Али-Барс» ЖШС-нің  арызы бойынша 2018 жылдың ақпан айында келісімшарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін бір жақты тәртіппен тоқтатылған келісімшарт күшін қайта қалпына келтіру мәселесіне қатысты іс қаралды. Сот шешімі бойынша іс басқарма пайдасына шешілді.                

      

 

 ӨНЕРКӘСІП

 

     2018 жылдың 12 айында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 930,4 млрд. теңгені құрады, НКИ - 93,1%.

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуінің себебі жеке мұнай ұңғымаларының сарқылуы болып табылады. Қызылорда облысында  мұнай өндіру жыл сайын орта есеппен 12%-ға төмендеуде. Тек соңғы 6 жылда мұнай өндіру 5 млн.тоннаға жуық қысқарды (2013 ж.–11 млн.тонна, 2018 ж.– 6,3 млн.тонна).

Есепті  кезеңде 6,3 млн. тонна шикі мұнай өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 93,0% құрады (2017 ж. 12 айы - 6,8 млн. тонна).

Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында есепті кезеңде

117,6 млрд. теңгенің өнімі өндірді, НКИ - 93,0%.

         Оған басты себеп - «Байкен-U» ЖШС-нің  өнім өңдеу көлемі 3 компания арасында («Байкен-U» ЖШС, «Степногор тау-кен химиялық комбинаты» ЖШС, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ) қайта бөліуі әсерінен 2018 жылы уран тотығын-шала тотығын өңдеу көлемі 18,5%-ға азаюы.

Дегенмен де, облыс өңдеу өнеркәсібінің кейбір салаларында өсім байқалған. Атап айтқанда, тамақ өнімдерін өндіру 4,0%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 4,5%-ға, машина жасау 2,8%-ға артқан.

              Болашақта өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуін индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын жобалар есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда.

     Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2018 жылы жалпы құны

64,1 млрд.теңгені құрайтын, 286 адамды жұмыспен қамтитын 2 жоба іске қосылды. Атап айтқанда:

1. «Тампонаждық цемент зауыты құрылысы» жобасы

Жоба құны – 64,0 млрд. теңге;

Қуаттылығы – жылына 1 млн. тонна;

Жүзеге асырылу орны – Шиелі ауданы;

Жұмыс орны 260 адам.

Зауыт 2018 жылғы 11 желтоқсанда Жалпыұлттық Телекөпір аясында іске қосылды. 2018 жылдың желтоқсан айында цемент өндірісіне қажетті 11,7 мың тонна клинкер өндірілді.

 2. «Премиум Класс-Строй» ЖШС-нің «Әк шығару зауыты» жобасы

Жоба құны - 140 млн.теңге;

Қуаттылығы - жылына 75 мың тонна;

Жүзеге асырылу орны - Жаңақорған ауданы;

 Жұмыс орындары - 26 адам.

Зауыт өнімдері ҚР көршілес аймақтарына сатылады. Зауыт 2018 жылдың қазан-желтоқсан айларында құны 1,3 млн.теңгені құрайтын 75 тонна өнім өндірілді. 

 

 

Инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстар

 

   2018 жылдың 11 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция 243,1 млрд.теңге құрап, осылайша 19,8 % -ға өсті. 

  Өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция 31,2 млрд.тенге құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,9 есеге өсті.

  2018 жылы жан басына шаққандағы инвестиция көрсеткіші «Негізгі капиталға салынған инвестициялардың номиналды өсуі» (мемлекеттік бюджет қаражаты есебін қоспағанда) өзгергенін атап  өтеміз. 

  Негізгі капиталға бюджеттен тыс  199,7 млрд.тенге инвестиция тартылды, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда НКИ 19,8 % өсті.

 2018 жылдың 12 айында  Өңірлік инвестициялық кеңестің  4  отырысы өткізіліп, ағымдағы 4 инвестициялық жобаның және 7 жаңа инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысы қарастырылды (барлығы 10 жоба). Нәтижесінде, жобаны жүзеге асыру барысында туындаған мәселелер бойынша хаттамалық тапсырмалар қабылданды.

  І2018 жылы 27 наурызда Кеңестің бірінші отырысы өткізілді, отырыста   2 инвестициялық жобалардың «Қызылорда қаласында Smart City» және «Керамикалық зауыттың құрылысы» жүзеге асырылуы  қаралды.

Нәтижесінде, МЖӘ аясында 2 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

1).«Жол жүру ережесінің автоматтандырылған қаражатын белгілеу және жаңғырту, орнату» жобасы. (22 интеллектуалдық жол қиылысын және 9 сызықты жылдамдықты өлшеу құралын орнату  апатты 70%  төмендетіледі, жол ережесін бұзу 70% төмендетуге мүмкіндік береді. Бюджетке 80-90 млн.теңге түсуі жоспарлануда.)

2). «Қызылорда қаласына бейнебақылау камерасын орнату» жобасы. (Жоба іске асырылған жағдайда көшелерде әкімшілік құқық бұзушылық  және қоғамдық жерлерде, сондай-ақ кезекшілік уақытында қылмыстарды анықтау және қылмысты 11% азайтуға ықпал жасайды. Бюджетке 400-500 млн.теңге түсуі жоспарлануда.)

Аталған жобаларды 2020 жылы аяқтау жоспарлануда.

Кеңес отырысында «Керамикалық зауыттың құрылысы» жобасын қарау нәтижесінде Шиелі ауданынан 100 га жер телімі таңдалды.

  ІІ.  2018 жылы 21 маусымда «Казах Инвест» АҚ-ның басқарма төрағасы                             С.К. Тұяқбаевтың қатысуымен  кеңестің екінші отырысы өткізілді, отырыста .«Инвесторларды антикорупциялық сүйемелдеу» жобасы және 3 инвестициялық жобалардың (шыны, цемент және керамикалық бұйымдарды шығару бойынша зауыттарды) жүзеге асырылуы қаралды.

Нәтижесінде, кәсіпкерлерге қолдау орталығында  фронт-офис ашылып, шыны өндіру жобасын жүзеге асыру үшін «Чайна триумф Интернейшнал» ЖШС-нің 49 мердігер компаниясының қызметкерлеріне виза алуға қолдау көрсетті.

Атап өту қажет, 2018 жылдың 11 желтоқсанда тампонажды цемент өндіру зауыты жалпыұлттық Телемост аясында іске қосылды.

Сондай-ақ, 2 инвестициялық жоба бойынша үздіксіз құрылыс барысын қамтамасыз ету, керамикалық зауыт жобасы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс жүргізу.

  ІІІ. 2018 жылы 27 қыркүйекте  кеңестің үшінші отырысы өткізілді, отырыста «Фирма Балауса» ЖШС инвестициялық жобасын және РФ және Болгария инвесторларының қатысуымен газ және күн электрстанциясын өңдеу бойынша 2 жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асырылуы қаралды.

«ФирмаБалауса» ЖШС-нің жобасы бойынша бүгінгі күні қолданыстағы заң шеңберінде 2018 жылғы 11 қазандағы келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзартуға жәрдемдесу бойынша ҚР ИДМ хат жолданды.

2 инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдау шарасы ретінде аукционсыз жер телімін табыстау қарастырылуда.

 IV. 2018 жылғы 4 желтоқсанда инвестициялық өңірлік кеңестің төртінші отырысы өткізілді, онда «Керамика зауытын салу» жобасы бойынша «RINO ASIA» ЖШС кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу және «Күн электр станцияларын салу» 3 инвестициялық жобасын іске асыру барысы туралы мәселе қаралды.

Нәтижесінде «RINO ASIA» ЖШС тиісті құжаттарды облыс әкімдігіне жіберді және бүгінгі күні берілген құжаттарды қарау сатысында, сондай-ақ күн электр станциялары саласындағы 3 жобаға жер учаскесін бөлу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

  2018 жылдың 9 айында Индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу үшін жобаларды қарау жөніндегі 4 сараптамалық комиссия отырысы өткізіліп, 4 жоба қаралды, нәтижесінде жобаларды Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына  ұсынылды.

Сондай-ақ, есепті кезеңде «Жобаларды индустрияландыру және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің» 8 рет отырысы өткізілді. Нәтижесінде, 5 жобаны Өңірлік  кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізуге, 4 жобаға тікелей келіссөздер арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беру, 5 жобаға жер телімін табыстау туралы шешім қабылданды.

  Қазіргі таңда, облыста құны 192,2 млрд.теңге құрайтын 48 жоба орналасқан 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда.

  Бүгінгі күні құны 64,6 млрд.теңге құрайтын 16 жоба іске асырылып, 519 жұмыс орыны ашылған.

2018 жылдың 12 айында іске қосылған жобалардың шығарған өнім көлемі 659,4 млн.тенгені құрады.


ҮИИДМБ-1 қорытындысы

 

2010-2014 жылдары құны 82,0 млрд.теңгенің 17 жобасы іске қосылып, 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 

2018 жылдың қаңтар-қараша айларында бірінші бесжылдықта іске қосылған  17 жобаның 12 жобасы өнім өндіруді қамтамасыз етті.

- 10 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 90-100% аралығында меңгерді.

1.  «Казгермұнай» БК ЖШС – ілеспе газ өңдеу – 90 %.

2. «Рза» АҚ - сүт өнімдері – 100 %.

3. «УАД» ЖШС - асфальт-бетон зауыты -  113,8%

4. «KazFrac» ЖШС - газ өндірісі - 114,7%.

5. «Кристалл менеджмент» ЖШС - электрэнергиясы – 103,2%.

6. «СПК Кызылорда балык» ЖШС  - балық өнімдері – 152,4%.

7. «СКЗ-U» ЖШС -  күкірт қышқылы - 106,8%

8. «Дорстрой» ЖШС – қызмет көрсету – 108,1%.

9.«Хуа ю интернационал в г. Кызылорда» ЖШС- химиялық реагенттер – 90,4%.

10. ДК «Палжанов» - кірпіш өндіру - 92%

- 2 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 50-90% аралығында меңгерді.

1. ПетроКазахстанКумкольРесорсиз» ЖШС – электрэнергиясы – 67,9 % - жөндеу жұмыстарының жалғасуымен байланысты. 2018 жылдың наурыз айында №4 ГТҚ-ның жөндеу жұмыстары басталды. Барлық бөлшектерді қалпына келтіру үшін бөлшектеу және тексеру жүргізілді. Турбинаның негізгі бөлшектері зауыт жағдайында жөндеу жүргізу үшін Дубайға жіберілді.

2. «Аралтұз» АҚ - ас және техникалық тұз – 72,8 % - жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты. Өнімнің ассортиментін кеңейту мақсатында және өнімге үлкен сұранысқа ие ас тұзын салмағы 1 тн жұмсақ контейнерлерге тиеу желісі енгізілді, сондай-ақ өндірісте "Maximal" (ҚХР) жүк көтергішінің 2 бірлігі іске қосылды.

- 3 жоба есепті кезеңге өнім шығаруды жоспарламаған.

1. «Тату Агро» ШҚ – томат өнімдері - Биылғы жылы 80 га жерге жүгері, 5 га жерег мақта, 5 га жерге қауын мен қарбыз егілді. 70 тонна қарбыз бен қауын , 472,5 тонна жүгері жинақталды.

2. «АзовАралАгроМаш» БК» ЖШС – а/ш техникасы - девальвацияға және Сербия мен Украина елдерінен келетін қосалқы бөлшектердің өзіндік құнының қымбаттауына байланысты кәсіпорын 2015 жылдан бастап тоқтап тұр. Кәсіпорынның өнімі бәсекеге қабілетсіз. Басшылық кәсіпорынды жабуды жоспарлауда.

3. «Бис групп» ЖШС - мия тамырын өндіру - Бүгінгі таңда зауыт толығымен өнім шығаруға дайын. Зауытта 30 адам жұмыс істейді. 2019 жылға 600 тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр, оның ішінде 2019 жылдың қаңтар айында 25 тонна өнімді экспортқа шығару жоспарланып отыр.

  - 2 жоба - жоба бастамашылары арасында проблемасы болғандықтан 2014 жылғы желтоқсанда АҮК шешімімен индустрияландыру картасынан шығарылған.       

      («Шөгірлі» шаруа қожалығы мал басын сатып жіберуіне орай жабылды. Алайда, бүгінгі күні жоба жетекшісі шаруа қожалығының бұрыңғы сүт зауыты базасында мал бордақылау алаңын ашуды жоспарлауда. Бүгінгі күні мал бордақылау цехінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Цехқа қажетті қондырғыларды алу жүргізілуде.

«Алтын бала-08» ЖШС құрылтайшылар арасындағы сот процесі аяқталды, кәсіпорынды жеке кәсіпкер сатып алды. Зауыт жұмысын жаңғырту үшін айналым қаражаты қажет).

 

ИИДМБ-2 орындалуы туралы ақпарат

 

ИИДМБ-2 аясында құны 512,2 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 5,4 мың адамды жұмыспен қамтитын 25 жоба жүзеге асырылатын болады.

оның ішінде:

1) «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасында - құны 147 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 3,0 мың адамды жұмыспен қамтитын - 22 жоба;

2) Республикалық картасында - құны 365,2 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 2,4 мың адамды жұмыспен қамтитын - 3 жоба.

Ү.ж. қаңтар-қараша айларында іске қосылған 5 жоба «жоспарлы қуаттылықты» төмендегідей игерді:

- 5 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 90-100% аралығында меңгерді.

1.  «Жан Арай Жем» ЖШС – құрама жем зауыты – 99,5%.

2. «РМЗ Шапагат» ЖШС - үй құрылысы комбинаты - 90%. (Комбинаттың қаржылық жағдайын қалпына келтіру мақсатында комбинатты оңалту және сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Сонымен қатар, «Ақмешіт Құрылыс Қызылорда» ЖШС-нің жаңа инвесторы тартылды. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап комбинатты сатып алу жұмыстары басталды. Комбинат а.ж. сәуір-қараша айларында 259,0 млн. теңгеге 3,4 мың м3 темір-бетон бұйымдарын шығарды. Комбинатта 142 адам жұмыс істейді. Кәсіпорындар «Бақ-Береке», «Аман құрылыс» ЖШС, «Авангард» ЖШС, «Интегрострой» ЖШС-мен  жасалған 4 келісім-шарт негізінде өз өнімдерін  өткізеді. 

3.   «Аралтұз» АҚ 2 испан цехы - 90%.

4.  «Жаңа Арал» ЖШС - қаптама кірпіш өндірісі - 126,1%.

5. «Арал құрылысы» ЖШС - асфальтбетонн өндірісі - 100% (Ү.ж. тамыз-қараша айларында 538,4 млн.теңгеге 23,3 мың тонна асфальт өнімін өндірді).  

Жалпы, I және II бесжылдығы аясында құны 149,5 млрд.теңгені құрайтын, 24 жоба жүзеге асырылып, 2,0 мың жұмыс орны ашылды.

Ү.ж 11 айында өнім шығаруды 17 жоба қамтамасыз етті. 

Кәсіпорындардың «жоспарлы қуаттылықты» игеруі:

- 15 кәсіпорын -  90-100%; 

- 2 кәсіпорын - 50-90%

- 3 кәсіпорын - өнім шығаруды жоспарламаған;

- 2 кәсіпорын - бастамашылардың арасындағы мәселелерге байланысты 2014 жылдың желтоқсанында өңірлік индустрияландыру картасынан алынып тасталды.

2018 жылдың 11 айында іске қосылған жобалар

23,6 млрд.теңгенің өнімін өндірді. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40,4%-ға өсті.  (2017 ж. 11 айында – 16,8 млрд.теңге)

Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 17,1 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24,8 %-ға өскен

(2017 ж.11 айында – 13,7 млрд.теңге)

2018 жылдың 11 айында құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын 245,9 мың тонна (тұз, балық, пропан-бутан, аммоний метаванадаты) өнім экспортталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қаржылай мәнде 31,4%-ға ұлғайған (2017 ж 11 ай -

5,8 млрд.тг),
заттай мәнде 24,3%-ға өскен (2017 ж 11 ай – 197,8 мың.тонна).

2018 жылғы 11 айында карта жобалары арқылы өндірілген өнім көлемі жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 23,1%-ды құрады (2017 жылдың 11 айында – 17 %).

 

2018 жылдың қортындысы бойынша сыртқы байланыстар бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар

 

          2018 жылы сыртқы байланыстар бөлімі тарапынан 25 роуд-шоу ұйымдастырылды. Оның ішінде, 12 іссапар шет мемлекеттерге және Қызылорда облысына шетелдіктердің 13 жұмыс сапары болды.

Роуд-шоулар қорытындысымен 29 меморандумға және 2 инвестициялық келісімге қол қойылып, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту жөнінде Жол картасы бекітілді.

Сондай-ақ, 2018 жылғы 22 маусымда Қызылорда қаласында «Цифрландыру: Аймақтардың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында онлайн және оффлайн режимде ІІІ Халықаралық Интернет-форумы өтті. Форумның мақсаты – цифрландыру саласындағы халықаралық және отандық сарапшыларды бірыңғай алаңда жинай отырып, өңірлерге, оның ішінде Қызылорда облысына цифрлық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін енгізу болып табылады.

Форум барысында «Ақылды қала» жобасын іске асырудағы benchmark-жобалар, сондай-ақ, Қызылорда облысында жүзеге асырылуы мүмкін IT-жобалар таныстырылды.

Форумның қорытындысымен, жобаларды жүзеге асыру жөнінде

4 меморандумға қол қойылды.

        Сондай-ақ, 2018 жылғы 3-4 желтоқсанда Қызылорда қаласында «Жасыл экономика» - өңір дамуының жаңа бағыты» тақырыбында Х «Baikonyr Invest» Халықаралық Инвестициялық Форумы өткізілді.

Шара барысында инвестицияларды қажет ететін жобалар көрмесі, В2В, G2B, G2G форматындағы кездесулер ұйымдастырылып, түркиялық «Rino Asia» компаниясымен облыста керамикалық плита өндіру зауыты жобасын жүзеге асыру жөніндегі 1 инвестициялық келісімге, сондай-ақ, шетелдік және отандық компаниялармен 14 меморандумдарға (8 меморандум жаңартылатын энергия көздері саласында және 6 меморандум басқа салалар бойынша) қол қойылды.

Жыл басынан бері  Қызылорда облысында инвестициялық жобаларды бірлесе іске асыру және өңірге жаңа инвестиция тарту мақсатында 100-ге тарта шетелдік инвесторларға  визалық жәрдем көрсетілді.


   ҮИИДМБ-1 қорытындысы

 

2010-2014 жылдары құны 82,0 млрд.теңгенің 17 жобасы іске қосылып, 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бірінші бесжылдықта іске қосылған  17 жобаның 12 жобасы өнім өндіруді қамтамасыз етті.

 

- 10 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 90-100% аралығында меңгерді.

1.  «Казгермұнай» БК ЖШС – ілеспе газ өңдеу - 92,1%.

2. «Рза» АҚ - сүт өнімдері – 100,4%.

3. «УАД» ЖШС - асфальт-бетон зауыты -  108,2%

4. «KazFrac» ЖШС - газ өндірісі – 115,1%.

5. «Кристалл менеджмент» ЖШС - электрэнергиясы – 103,5%.

6. «СПК Кызылорда балык» ЖШС  - балық өнімдері – 145,9%.

7. «СКЗ-U» ЖШС -  күкірт қышқылы - 107,1%

8. «Дорстрой» ЖШС – қызмет көрсету – 105,5%.

9.«Хуа ю интернационал в г. Кызылорда» ЖШС- химиялық реагенттер - 95%.

10. ДК «Палжанов» - кірпіш өндіру - 92%

 

- 2 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 50-90% аралығында меңгерді.

1. ПетроКазахстанКумкольРесорсиз» ЖШС – электрэнергиясы – 69,6% -

№5 ГТҚ жөндеу жұмыстарының жалғасуымен байланысты. (ПККР ЖШС-нің №5 ГТҚ-дың дайындаушы зауыттан қосалқы бөлшектерінің кешігіп келуіне байланысты энергияны аз мөлшерде өндіруде, осыған орай, жөндеу жұмыстары 2018 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда. №5 ГТҚ жөндеу жұмыстары аяқталысымен, №4 ГТҚ-ның жөндеу жұмыстары басталады. №4 ГТҚ-ның жөндеу жұмыстары қазан айының соңында аяқтау жоспарлануда).

2. «Аралтұз» АҚ - ас және техникалық тұз - 76,6% - жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты

- 1 жоба маусымдық сипатқа ие

1. «Тату Агро» ШҚ – томат өнімдері - Биылғы жылы кәсіпорын 80 га жерге жүгері, 5 га - мақта, 5 га - қауын-қарбыз өнімдері егілді. Бүгінгі күні 70 тонна қарбыз бен қауын жиналды. Ал мақта мен жүгеріні қазан айының соңында жинау жоспарлануда.

- 2 жоба есепті кезеңге өнім шығаруды жоспарламаған.

1. «АзовАралАгроМаш» БК» ЖШС – а/ш техникасы - девальвацияға және Сербия мен Украина елдерінен келетін қосалқы бөлшектердің өзіндік құнының қымбаттауына байланысты кәсіпорын 2014 жылдан бастап тоқтап тұр. Кәсіпорынның өнімі бәсекеге қабілетсіз. Басшылық кәсіпорынды жабуды жоспарлауда.

2. «Бис групп» ЖШС - мия тамырын өндіру - Бүгінгі күні халықаралық нарықта шығаратын өнім құнының түсуіне байланысты кәсіпорын өнім өндіруді уақытша тоқтатып тұр.

  - 2 жоба - жоба бастамашылары арасында проблемасы болғандықтан 2014 жылғы желтоқсанда АҮК шешімімен индустрияландыру картасынан шығарылған.       

      («Шөгірлі» шаруа қожалығы мал басын сатып жіберуіне орай жабылды. Алайда, бүгінгі күні жоба жетекшісі шаруа қожалығының бұрыңғы сүт зауыты базасында мал бордақылау алаңын ашуды жоспарлауда. Бүгінгі күні мал бордақылау цехінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Цехқа қажетті қондырғыларды алу жүргізілуде.

«Алтын бала-08» ЖШС құрылтайшылар арасындағы сот процесі аяқталды, кәсіпорынды жеке кәсіпкер сатып алды. Зауыт жұмысын жаңғырту үшін айналым қаражаты қажет).

 

ИИДМБ-2 орындалуы туралы ақпарат

 

ИИДМБ-2 аясында құны 445,2 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 5,4 мың адамды жұмыспен қамтитын 25 жоба жүзеге асырылатын болады.

оның ішінде:

1) «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасында - құны 147 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 3,0 мың адамды жұмыспен қамтитын - 22 жоба;

2) Республикалық картасында - құны 298,2 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 2,4 мың адамды жұмыспен қамтитын - 3 жоба.

Ү.ж. қаңтар-қыркүйек айында іске қосылған 5 жоба «жоспарлы қуаттылықты» төмендегідей игерді:

- 5 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 90-100% аралығында меңгерді.

1.  «Жан Арай Жем» ЖШС – құрама жем зауыты – 90%.

2. «РМЗ Шапагат» ЖШС - үй құрылысы комбинаты - 92,8%. (Комбинаттың қаржылай жағдайын оңалту мақсатында 2017 жылы арнайы іс-шара жоспары әзірленіп, қаланың сол жағалауынан салынатын жеке тұрғын үй құрылысы және

5 қабатты панельді үйлер үшін жоба-сметалық құжаттама әзірленді.Сонымен қатар, жобаға жаңа инвестор тартылды. Комбинатты сатып алу бойынша жұмыстар наурыз айында басталды.Қазіргі таңда, жаңа инвестор салық және жалақы қарыздары бойынша 150 млн.теңгені өтеді. 16 сәуірден бастап Комбинат ресми турде Қ
ызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауынан 5 қабатты 4 панельдік үйлер құрылысына өнімдер шығара бастады. Комбинат ү.ж. сәуір-қыркүйек айларында 125,6 млн.тенгенің 1857м3 тұрғын - үй өнімін өндірді. Комбнатта 110 адам жұмыс жасауда. Кәсіпорын өнім өткізу бойынша «Бақ-Береке», «Аман құрылыс» және «Авангард, «Интегрострои» Серіктестіктерімен келісім-шарт жасалған)

3.   «Аралтұз» АҚ 2 испан цехы - 90%.

4.  «Жаңа Арал» ЖШС - қаптама кірпіш өндірісі - 134,6%.

5. «Арал құрылысы» ЖШС - асфальтбетонн өндірісі - 100% (Ү.ж. тамыз-қыркүйек айларында 122,1 млн.теңгеге 5,4 мың тонна асфальт өнімін өндірді).  

 

Жалпы, I және II бесжылдығы аясында құны 85,4 млрд.теңгені құрайтын, 22 жоба жүзеге асырылып, 1,7 мың жұмыс орны ашылды.

Ү.ж 9 айында өнім шығаруды 17 жоба қамтамасыз етті. 

Жобалардың «жоспарлы қуаттылықты» игеруі:

- 15 жоба  -  90-100%; 

- 2 жоба - 50-90%;

- 1 жоба - маусымдық сипатқа ие;

- 2 жоба - өнім шығаруды жоспарламаған;

- 2 жоба - жоба бастамашылары арасында проблемасы болғандықтан 2014 жылғы желтоқсанда АҮК шешімімен индустрияландыру картасынан шығарылған.         

2018 жылдың 9 айында іске қосылған жобалар

18,2 млрд.теңгенің өнімін өндірді. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,1%-ға өсті.  (2017 ж. 9 айында – 15,8 млрд.теңге)

Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 13,0 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15%-ға өскен

(2017 ж.9 айында - 11,3 млрд.теңге)

2018 жылдың 9 айында құны 6,2 млрд. теңгені құрайтын                  207 мың тонна (тұз, балық, пропан-бутан, аммоний метаванадаты) өнім экспортталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қаржылай мәнде 38,1%-ға ұлғайған (2017 ж 9 айында -

4,5 млрд.тг),
заттай мәнде 28,4%-ға өскен (2017 ж 9 айында – 161,2мың.тонна).

2018 жылғы 9 айында карта жобалары арқылы өндірілген өнім көлемі жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 22,7%-ды құрады (2017 жылдың

9 айында – 20,2 %).

 

 

Жер қойнауын пайдалану саласы бойынша  2018 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы

Анықтама

 

      Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны – 116 құрайды, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жұмыстарымен - 64 жер қойнауын пайдаланушы 89 келісімшарттың негізінде жұмыс жүргізуде.

Облыстың мұнай және мұнай-сервистік компанияларына мұнай өнімі, инвестицияларды ұлғайту және жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу бойынша үздіксіз негізде талдау және мониторинг жүргізіліп отырады.

    2018 жылдың 23 қаңтарында Қызылорда қаласында облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимнің төрағалығымен кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын жер қойнауын пайдаланушылардың және  мемлекеттік орган, атап айтқанда Қызылорда облысының көлік бақылау инспекциясы, Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасы, Қызылорда облысының мемлекеттік кірістер департаменті, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудан әкімдіктері мен Қызылорда облысының ІІД жерлігікті полиция қызметі басшылары мен өкілдерінің қатысуымен Қызылорда облысының автомобиль жолдары торабын сақтау мәселесі бойынша мәжіліс өткізілді.

Мәжіліс барысында жер қойнауын пайдаланушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, БАҚ арқылы насихатталды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Бүгінгі күнге дейін осы тапсырма бойынша, атап айтқанда «Инертті жүктерді тасымалдау» мәселесі бойынша  тиісті мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдерінің және кен таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын жер қойнауын  пайдаланушылардың қатысумен ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Шиелі ауданында және 17 сәуірінде Қызылорда қаласында мәжіліс өткізілді.                                                                                                                                                         

Қазіргі таңда мемлекеттік органдармен хаттамалық тапсырманың орындалуы бойынша қажетті жұмыстар жалғастырылуда.

2018 жылдың 19 ақпанында Қызылорда қаласында облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимнің төрағалығымен мұнай компаниялары басшыларының қатысуымен өзара ынтымақтастық мәселесі бойынша Ақмола облысы санаторийлары өкілдерінің Қызылорда облысына жұмыс сапары туралы мәжіліс өткізілді.

Мәжіліс барысында мұнай компанияларының басшыларына  Щучинск-Бурабай курорт аймағының шипажайлық-курорттық мекемелеріне баруға байланысты кәсіподақтар үшін инфотур өткізу мақсатында делегацияларды қабылдап, ұйымдастыруды ұсынды.

Нәтижесінде облыстың 5 мұнай компанияларының кәсіподақтарымен кездесу ұйымдастырылды.

2018 жылдың 26 маусымында Қызылорда қаласында облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимнің төрағалығымен жыл сайын «Әлеуметтік бағдарламалар бойынша барлық көздерден нақты игерілген қаржы туралы» тақырыбында өндіруші компаниялар, аудан (қала) әкімдігі, басқа да қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, БАҚ өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген аймақтық мәжіліс өткізілді. 

Мәжіліс барысында мемлекеттік органдар және мұнай компаниялары басшыларының, атап айтқанда индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Р.Қ.Сұлтангереевтің «Облыстағы жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар талаптарын орындауы туралы», экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы  басшысының  орынбасары Н.Р.Қордабайдың «Әлеуметтік-экономикалық дамытуға түскен қаржы көлемі мен  қаржының жұмсалу бағыты туралы», «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің Басқарма Кенесшісі А.Қ.Көшербаевтың «Компанияның аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысуы жөнінде» баяндамалары тыңдалды.

Сонымен қатар, кең  таралған пайдалы қазбаларға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері туралы   мәселелері қаралды.

Бұл мәселені түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары М.О.Қалдарбеков баяндама жасады.

Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.

Мұнай және мұнай-сервистік компанилармен мұнай өнімін арттыру, инвестицияларды ұлғайту және жұмыс орындарын қысқартуды болдырмау аясында тұрақты түрде анализ және мониторинг жүргізіліп отырады.

2018 жылдың 9 айында  мұнай өндіру көлемі 4,8 млн. тоннаны құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 93,5 пайызды құраған немесе 333,7 мың тоннаға төмендеген. Бұған басты себеп мұнай кеніштерінің сулануы әсер етіп отыр.

Аймағымызда өнеркәсіптік өнімнің 80%-дан астамын мұнай мен уран құрайды. Бүгінгі күні облысымздың мұнай компанияларымен өндірілетін мұнайдың орта есеппен 80%-ын ішкі нарыққа, ал 20% экспортқа шығарылады.

Аталған және басқа да өзекті мәселелер бойынша облыс әкімінің төрағалығымен облыстың жер қойнауын пайдаланушыларымен 2 мәжіліс өткізілді (а.ж. 23 шілде және 3 қыркүйек).

Мәжіліс қорытындысына сәйкес хаттамалық шешіммен төмендегі мәселелерді қайта қарастыруға ұсыныс енгізу тапсырылды:

  • облыстың мұнай компаниялары үшін мұнайды экспортқа шығаруда 50%-дан төмен емес  қатынасын қолдану бойынша;
  • облыстың газ өндіруші компанияларына өндірілген тауарлық газдың 50% ішкі нарыққа, 50% сыртқы нарыққа шығаруға рұқсат бойынша;
  • уран өндіру көлемін ұлғайту бойынша;
  • 3 аудандық орталықты газдандыру бойынша;
  • республикалық бюджет есебінен «Арал маңы», «Сырдария» және «Шу-Сарысу» ойпаттарын іздеу-бағалау жұмыстарын қолдана отырып, 5000 метр тереңдікте геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша.

             Нәтижесінде, аталған мәселелер ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А.У. Маминнің және «Қазатомпром» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ғ.О. Пірматовтың төрағалығымен өткізілген мәжілістерде 3 рет қарастырылды. Қорыта келе тиісті ведомствалық органдарға Қызылорда облыс әкімдігінің ұсыныстарын бекітілген тәртіпте пысықтау тапсырылды.

Қазіргі уақытта ұсыныстар әзірленуде.

             Сонымен қатар, 2018 жылғы 31 шілдеде облыс әкімінің орынбасары Е.Г. Кимнің төрағалығымен мұнай компаниялары басшыларының қатысуымен инвестицияларды игеру және 2018 жылға мұнай өндіру мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізілді.

             2018 жылғы 24 тамызда Қызылорда қаласында облыс әкімінің орынбасары Е.Г. Кимнің төрағалығымен мұнай компаниялары басшыларының қатысуымен облыстың мұнай-газ саласын дамыту бойынша Жол картасын әзірлеу және «Мұнайшылар күні» кәсіби мерекесін тойлау мәселелері бойынша мәжіліс өткізілді.

             Мәжіліс барысында мұнай компаниялары басшыларына облыстың мұнай-газ саласын дамыту бойынша Жол картасына ұсыныстар жолдау тапсырылда, атап айтқанда:

             Экспортқа шығару квотасын 50% дейін көбейткен жағдайда мұнай өнімін арттыру, жаңа кенорындарын барлау және бұрғылау бойынша жоспарланған іс-шаралар.

             2018 жылғы 14 қыркүйекте  облыс әкімдігімен кәсіби мерекені тойлау құрметіне орай  мұнай және газ өнеркәсібінің қызметкерлері күніне және «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің 25 жылдығына арналған ауқымды іс-шара өткізілді.

             Аталған іс-шара аясында облыстың мұнай саласының дамуына ерекше үлес қосқан мұнай компанияларының қызметкерлері марапатталды.

             2018 жылдың 9 айында кең таралған пайдалы қазбаларына барлау және өндіру жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру мәселелері бойынша сараптамалық комиссияның 9 отырысы өткізіліп, онда 29 өтініш қаралды және олардың қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды, атап айтқанда:

- келісімшарттың жұмыс бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оның ішінде  өндіру көлемін өзгерту бойынша «Аралтұз», АҚ-на, «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-не - 3 өтінім, «Умэкс БС» ЖШС-не,  «Жаңа Арал»  ЖШС-не, «KazChinNur» ЖШС-не, «Бегімбаев» ЖК-не, «Торғай Петролеум» АҚ-на, «Актал» ЖК-не, «Өтеміс» ЖШС-не, «Арал Нұры» ЖШС-не, «Табиғи Тас Қызылорда» ЖШС-не, «Фирма Дана» ЖШС-не, «Қуатамлонмұнай» ЖШС-не рұқсат берілді;

- жер қойнауын пайдалануды иеліктен шығару жолымен  «Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы мен:

* «Арал нұрлы жер» ЖШС-не,

* «Бөребай саз» ЖШС-не,

* «Гео жер қойнауы» ЖШС-не жер қойнауын пайдалану құқығы берілді;

         -   қойнауын пайдалану құқығын (оның бөлігін), жер қойнауы құқығын иемденетін заңды тұлғалардың қатысу үлесін (акция пакеттерін) кепілге беру бойынша «Арал Тұз» АҚ – 2 өтінім, «Позитив-А»;

         - қызылорда облысын және оның инфрақұрылымын дамытуға жыл сайынға әлеуметтік-экономикалық  төлемдердің көлемін келісу туралы 1 - «Қазгеология» ұлттық геологиялық  барлау компаниясы» АҚ, нәтижесіне сәйкес тиісті шешімдер қабылданды:

         - келісімшарттық аумақты кеңейту бойынша – 1 (ЖК «Шалкыбаев К.).

Сонымен қатар, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі Жұмыс тобының 5 отырысы өткізіліп, әлеуетті жер қойнауын пайдаланушылардың 34 өтініші қаралды.

Отырыс нәтижесінде келісімшарт жасасуға құқық беру туралы 27 жер қойнауы учаскелері бойынша, оның ішінде: барлау бойынша – 15 («Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы – 10 өтінім, «Арал Сода» ЖШС, «BSK Қаратау» ЖШС, «ПремиумКласс Строй» ЖШС), өндіру бойынша – 12 («Карьер Божбан Ата» ЖШС, ЖК «Ақтал», («Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы – 6 өтінім, «РМЗ-Шапағат», «Арал Сода» ЖШС» - 2 өтінім, ЖК «Байдаулетов Қазбек»),

- 1 өтінім («Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы Бәйтерек жер қойнауы) бойынша бас тарту туралы,

- жер қойнауын пайдалануға құқық беру бойынша бұрын берілген рұқсаттардың қолданылу мерзімін ұзарту туралы – 1 («Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы)

- жер қойнауын пайдалануға құқық беру бойынша бұрын берілген рұқсаттарды жою жөнінде – 3 («Көлжан» ЖШС-гі мен «SSM-Oil» ЖШС және  «Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы – 2 өтінім)

- Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және инфроструктурасын дамытуға төлемдердің көлемін келісу туралы 1 («Фирма Балауса» ЖШС) шешім қабылданды.

 Басқармамен жер қойнауын пайдалану саласында 6 регламент бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2018 жылдың 9 айында  вебпортал және«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы арқылы 26 мемлекеттік қызмет көрсетілді (соның ішінде вебпортал арқылы -11, мемлекеттік корпорация арқылы -14), атап айтқанда:

- «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» қызметі бойынша 8 жаңа келісімшарт жасалынды (барлау бойынша: «ҚОР» МК» АҚ, «Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы – 4 өтінім, «Көлжан» ЖШС-гі мен «SSM-Oil» ЖШС өндіру бойынша: «Шиелі Тас» ЖШС, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ және 6 дәлелді бас тарту);  

- «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу» қызметі бойынша – 1 («Арыс тұз» ЖШС-не) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу туралы хабарлама-хат берілді.  

         - «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» қызметі бойынша 11  қорытынды тұжырым берілді.

         Атап айтқанда: «Гео Изыскания» ЖШС-гі Қызылорда облысы бойынша оқу полигонын орналастыру үшін көлемі 3459,0 гектар болатын №1  және № 2 жер учаскенің құрылыс нысанын салуға - 2 өтінім, «КАТЭК» ЖШС-гі  «Қызылорда-Астана» учаскесінде (І кезең) орналасқан «САРЫ-АРҚА» магистралды газқұбыры құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамасын (ПСД) әзірлеу бойынша жүргізілетін құрылыс учаскесі орналастыру - 5 өтінім,  "Baikonyr Solar" ("БайқоңырСолар") ЖШС-гі  «Қуаттылығы 50 МВт «Байқоңыр» Күн Электростанциясын салу» құрылыс нысаны үшін, «Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қызылорда облысы Қызылорда қаласының аумағынан өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру жөніндегі объектілерді салу үшін, «Электрохимзащита» ЖШС-гі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газқұбыры құрылысы аясында қарастырылған Қазалы ауданында Ақсуат  және Сексеуіл компрессорлық станциясы құрылысын салу үшін  – 2 өтінім  бойынша оң қорытынды берілді.

         - «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» қызметі бойынша «Аралтұз» АҚ-ның  жер қойнауын пайдаланудың 2 кепіл шарты тіркелді:

         1) Жаксықылыш көлінің Оңтүстік бассейніндегі кенорнында ас тұзын өндіруге арналған;

         2)  Жаксықылыш көлінің Солтүстік бассейніндегі кенорнында ас тұзын өндіруге арналған.

         Сонымен қатар, басқармамен келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына талдау және мониторинг  жүргізіліп, нәтижесінде келісімшарттық  міндеттемелерді орындамағаны үшін - 3 келісімшарт («Али-Барс» ЖШС, «Арал нұрлы жер» ЖШС, «Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ) бұзылды.

Сондай-ақ, келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 5 қосымша келісімге қол қойылды («Арал нұрлы жер» ЖШС, «АНК-Даулет» ЖШС, «KazChiNur» ЖШС, «Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ – 2 өтінім).

         Одан бөлек, басқармамен жер қойнауын пайдаланушыларға келісімшарттық міндеттемелердің орындалуы бойынша, оның ішінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға 2017-2018 жылдар аралығында  аударылған қаржылар туралы хат жолданды (№ 04-13/565 от 30.03.2018 г.). Қазіргі таңда, жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік салаға төленген төлемдері бойынша тиісті растайтын құжаттарды жинақтау жұмыстары жүргізілуде.

        

 

 

Қызылорда облысының өнеркәсіп саласының 2018 жылдың 9 айдың қорытындысы

 

          Ү.ж. 9 ай қорытындысы бойынша облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі – 93,5% құрады (6,5% төмен).

        Өнеркәсіптің өндіріс көлемінің төмендеуі жеке мұнай ұңғымаларының сарқылуына байланысты. Қызылорда облысында жыл сайын мұнай өндіру төмендеуде. Нәтижесінде, соңғы 5 жыл көлемінде мұнай өндіру 3,7 млн.тоннаға қысқарды (2013 ж.–10,5 млн.тонна, 2017 ж.– 6,8 млн.тонна).

        Мұнай өндіруші компаниялардың болжам ақпараттарына сәйкес 2018 жылы көмірсутегі шикізаты (КСШ) өндіру көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 600 мың тоннаға қысқарады және 6,2 млн тоннаны құрайды, яғни 7,5% төмендейді.

Сондай-ақ, «Казатомпром ҰӘК» АҚ 2018-2020 жж. уран өндіру көлемінің келісім-шарт көлемдерінен 20%-ға қысқаратыны жайында шешім қабылдады. Облыс аумағында 2018 жылы уран өндіру көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 310,5 тоннаға төмендейді немесе 6,4%-ға қысқарады.

      Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінің көлемі төмендеуде. Ү.ж. 9 ай қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі – 90,8% құрады (9,2% төмен).

      Ү.ж. 9 ай қорытындысы бойынша металлургия өнеркәсібінің нақты көлем индексі 72,8% құрады немесе 27,2%-ға төмендеді. Осыған орай, уран азот-тотығын қайта өңдеу үлесі облыстың өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінде 29%-дан 24%-ға төмендеді.

Облыс аумағында уран азот-тотығын қайта өңдеу жұмыстарымен бір ғана кәсіпорын «Байкен-U» ЖШС айналысады. 2017 жылы уран азот-тотығын қайта өңдеу көлемі 2700 тоннаны құраса, ал 2018 жылы 2200 тоннаны құраған, яғни өткен жылмен салыстырғанда 18,5%-ға төмендейді.

     Қайта өңдеу көлемінің төмендеуінің себебі қайта өңдеу өнімдерінің көлемдерін «Байкен-U» ЖШС, «Степногорский горнохимический комбинат» ЖШС (Ақмола облысы), және «Ульбинский металлургический завод» АҚ (Шығыс Қазақстан облысы) арасында қайта бөлу болып табылады.

    Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру нақты көлем индексі92,4% құрады (түсім – 7,6%). Аймақтың атом өнеркәсібі үшін күкірт қышқылының негізгі жеткізушісі болып табылатын «СКЗ-U» ЖШС шілде-тамыз айларындағы (20 күн) жөндеу жұмыстарына байланысты, өндіріс көлемін азайтты.

    Өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру нақты көлем индексі - 74% құрады. «Құрылыс» АҚ, «Нур Строй ЛТД» ЖШС, «Мелиоратор» ЖШС, «LCI-MK» ЖШС, «Арал Курылысы» ЖШС, «Молдир и К» ТС кәсіпорындарындағы темірбетон бұйымдарын өндіру көлемінің азаюына байланысты 26% төмендеп отыр.

      Дегенмен де, облыс өңдеу өнеркәсібінің кейбір салаларында өсім байқалады. Атап айтқанда, тамақ өнімдерін өндіру 2,6%-ға, машина жасау 16,8%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 35,0%-ға артқан.

Алдағы уақытта өңдеу өнеркәсібінің өсуін индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан келесі жобалар арқылы қамтамасыз ету жоспарлануда:

- «Ақмешіт Құрылыс Қызылорда (РМЗ-Шапагат ДСК)» ЖШС – 1800 м3 темірбетон бұйымдарын өндіру (қазан-желтоқсан);

- «Компания Гежуба-Шиелі цемент» тампонаждық цемент зауыты – 10 мың тонна клинкер өндіру (желтоқсан);

- «СКЗ-U» ЖШС – 100 % күкірт қышқылын өндіру.

 

 

 

Инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстар

 

2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция 134,1 млрд.теңге құрап, осылайша 11,6% -ға өсті.  Бұл кезеңде инвестиция көлемінің өсуіне ірі жобалардың және инфрақұрылымдық объектілер құрылысы әсер етті.

Есепті кезеңде сыртқы инвестицияның көлемі 43,2 млрд.теңге құрап, жалпы инвестиция көлеміндегі үлесі 32,2% құрады. Сыртқы инвестиция көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,1 есеге өсіп тұр. 

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 8 айының қорытындысы бойынша

өңдеуші өнеркәсіпке тартылған инвестиция көлемінің айтарлықтай өсу байқалуда.

Өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция 14,9 млрд.тенге құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,8 есеге өсуде. Жылдың қорытындысымен өткен жылдың деңгейінен төмен емес көрсеткішке қол  жеткізу жоспарлануда. (НКИ – 140%).

2018 жылы жан басына шаққандағы инвестиция көрсеткіші «Негізгі капиталға салынған инвестициялардың номиналды өсуі» (мемлекеттік бюджет қаражаты есебін қоспағанда) өзгергенін атап  өтеміз. 

Негізгі капиталға бюджеттен тыс  107,5 млрд.тенге инвестиция тартылды, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда НКИ 13% өсті.

2018 жылдың 9 айында  Өңірлік инвестициялық кеңестің  3  отырысы өткізіліп, ағымдағы 4 инвестициялық жобаның және 4 жаңа инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысы қарастырылды (барлығы 8 жоба). Нәтижесінде, жобаны жүзеге асыру барысында туындаған мәселелер бойынша хаттамалық тапсырмалар қабылданды.

І2018 жылы 27 наурызда Кеңестің бірінші отырысы өткізілді, отырыста 2 инвестициялық жобалардың «Қызылорда қаласында Smart City» және «Керамикалық зауыттың құрылысы» жүзеге асырылуы  қаралды.

Нәтижесінде, МЖӘ аясында 2 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

1).«Жол жүру ережесінің автоматтандырылған қаражатын белгілеу және жаңғырту, орнату» жобасы. (22 интеллектуалдық жол қиылысын және 9 сызықты жылдамдықты өлшеу құралын орнату  апатты 70%  төмендетіледі, жол ережесін бұзу 70% төмендетуге мүмкіндік береді. Бюджетке 80-90 млн.теңге түсуі жоспарлануда.)

2). «Қызылорда қаласына бейнебақылау камерасын орнату» жобасы. (Жоба іске асырылған жағдайда көшелерде әкімшілік құқық бұзушылық  және қоғамдық жерлерде, сондай-ақ кезекшілік уақытында қылмыстарды анықтау және қылмысты 11% азайтуға ықпал жасайды. Бюджетке 400-500 млн.теңге түсуі жоспарлануда.)

Аталған жобаларды 2020 жылы аяқтау жоспарлануда.

Кеңес отырысында «Керамикалық зауыттың құрылысы» жобасын қарау нәтижесінде Шиелі ауданынан 100 га жер телімі таңдалды.

ІІ.  2018 жылы 21 маусымда «Казах Инвест» АҚ-ның басқарма төрағасы С.К. Тұяқбаевтың қатысуымен  кеңестің екінші отырысы өткізілді, отырыста .«Инвесторларды антикорупциялық сүйемелдеу» жобасы және 3 инвестициялық жобалардың (шыны, цемент және керамикалық бұйымдарды шығару бойынша зауыттарды) жүзеге асырылуы қаралды.

Нәтижесінде, кәсіпкерлерге қолдау орталығында  фронт-офис ашылып, шыны өндіру жобасын жүзеге асыру үшін «Чайна триумф Интернейшнал» ЖШС-нің 49 мердігер компаниясының қызметкерлеріне виза алуға қолдау көрсетті.

Сондай-ақ, 2 инвестициялық жоба бойынша үздіксіз құрылыс барысын қамтамасыз ету, керамикалық зауыт жобасы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс жүргізу.

ІІІ. 2018 жылы 27 қыркүйекте  кеңестің үшінші отырысы өткізілді, отырыста «Фирма Балауса» ЖШС инвестициялық жобасын және РФ және Болгария инвесторларының қатысуымен газ және күн электрстанциясын өңдеу бойынша 2 жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асырылуы қаралды.

«ФирмаБалауса» ЖШС-нің жобасы бойынша 2 мемлекеттік органға (Экология департаменті, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік  комитеті) «Бала-Сауысқандық» кеніштің жұмыс жоспарының келісім шартын келісуді жеделдету және ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне жер қойнауын пайдалану келісім шартының мерзімін ұзарту жөнінде хат жолдау тапсырмасы берілді.

2 инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдау шарасы ретінде аукционсыз жер телімін табыстау қарастырылуда.

2018 жылдың 9 айында Индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу үшін жобаларды қарау жөніндегі 3 сараптамалық комиссия отырысы өткізіліп, 3 жоба қаралды, нәтижесінде жобаларды Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына  ұсынылды.

Сондай-ақ, есепті кезеңде «Жобаларды индустрияландыру және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің» 6 рет отырысы өткізілді. Нәтижесінде, 4 жобаны Өңірлік  кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізуге, 6 жобаға тікелей келіссөздер арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беру, 3 жобаға жер телімін табыстау туралы шешім қабылданды.

Қазіргі таңда, облыста құны 192,4 млрд.теңге құрайтын 42 жоба орналасқан 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда.

Бүгінгі күні құны 1,2 млрд.теңге құрайтын 14 жоба іске асырылып, 271 жұмыс орыны ашылған.

2018 жылдың 9 айында іске қосылған жобалардың шығарған өнім көлемі 305,4 млн.тенгені құрап, 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге (186,9 млн.тенге) өсті.

2018 жылы құны 64,1 млрд.теңге 5 жобаны іске қосу жоспарлануда. Өндірістік қуаттылыққа толық шыққанда 296 жаңа жұмыс орыны құрылатын болады.

- «А.Аби» ЖК («Жылыжай салу» жобасы);

- «АгроОптСервис» ЖШС-нің («Көкөніс өнімдерін сақтайтын қойма салу» жобасы);

-  «Г. Исаханов» ЖК-дің («Күріш ақтау цехы» жобасы);

- «Баба» ШҚ –ның («Асыл тұқымды ешкілерді көбейту, етін өндіру және сүтін өңдеу цехы» жобасы);

- «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің («Қуаттылығы жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығару зауыты» жобасы).


2018 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы қортындысы бойынша сыртқы байланыстар бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар

 

          Есептік мерзімде сыртқы байланыстар бөлімі тарапынан 21 роуд-шоу ұйымдастырылды. Оның ішінде, 9 іссапар шет мемлекеттерге (РФ Мәскеу қ., Татарстан Республикасы Қазан қ., Түркия Республикасы Анкара қ., ҚХР Пекин, Хэвей және Шэньджень қ.қ., Өзбекстан Науаи қ., РФ Астрахань, Туркия Анкара), ал Қызылорда облысына  12 жұмыс сапары болды (6 қытайлық, 1 түркиялық, 1 неміс, 2 ресейлік, 1 үндіс және 1 француздық).

Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаев бастаған делегация 2018 жылы

17 қаңтарда
Ресей Федерациясы Мәскеу қаласына, 2018 жылғы 18 қаңтарда Татарстан Республикасына, 2018 жылы 29 қаңтарда Қытай Халық Республикасына іссапармен барды.

Сондай-ақ, 2018 жылғы 7 маусым Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев Қызылорда облысына іссапармен келген  Германия Федеративтiк Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас Консулы Йорн Розенбергпен және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.С. Бородавкинмен кездесті. Кездесу барысында облыстың инвестициялық әлеуеті, өңірге инвестиция тарту мәселелері талқыланды.

Оған қоса, Қытай Халық Республикасының, Түркия Республикасының, Германия Федеративтік Республикасының, Ресей Федерациясының бизнес бірқатар саласы өкілдерінен құралған делегация мүшелерінің Қызылорда облысына іссапары болды.

Жоғарыда аталған роуд-шоулар аясында, 6 меморандумға қол қойылып, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту туралы Жол картасы (Қызылорда облысы мен ҚХР компаниялары арасындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша Жол картасы») жөнінде келісімге келді.

Анықтама:

- Қызылорда облысының әкімдігі және «Иннополис» ЕЭА әкімшілігі, сондай-ақ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы және «Қазан» агроөнеркәсіп паркі арасында  «Бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы»

2 меморандумға қол қойылды.

- «Poly Chemical Holding Corporation» және Қызылорда облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум».

- «New Era» компаниясы және Қызылорда облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум.

- «Өзара ынтымақтастық және мақсатқа жету, сондай-ақ ақпараттық және коммуникациялық технологияны дамыту, «Цифрлы Қызылорда» бағдарламасын, «smart city» жобасын іске асыру туралы» меморандумға қол қойды.

- «Қызылорда облысының ауыл шаруашылық басқармасы және Науаи облысының Үшкұдық ауданының хокимдігі арасында түйе тасымалдау әріптестігі туралы меморандумға» қол қойылды.

Сонымен қатар, басқарманың ұйымдастыруымен 2018 жылғы 22 маусымда Қызылорда қаласында «Цифрландыру: Аймақтардың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында онлайн және оффлайн режимде ІІІ Халықаралық Интернет-форумы өтті. Форумның мақсаты – цифрландыру саласындағы халықаралық және отандық сарапшыларды бірыңғай алаңда жинай отырып, өңірлерге, оның ішінде Қызылорда облысына цифрлық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін енгізу болып табылды. Форумға Ресей, Қытай, Белоруссия, Татарстан, Украина және отандық  сарапшылары қатысты.

            Форум барысында «Ақылды қала» жобасын іске асырудағы benchmark-жобалар, сондай-ақ, Қызылорда облысында жүзеге асырылуы мүмкін IT-жобалар таныстырылды. 

            Форумның қорытындысымен, жобаларды жүзеге асыру жөнінде

4 меморандумға қол қойылды.

            Анықтама:

- «Қызылорда облысының әкімдігі мен «Транстелеком» АҚ» арасында;    

- «Қызылорда облысының әкімдігі және «Какаду девелопмент» ЖШҚ (Татарстан Республикасы) арасында;

- «Қызылорда облысы әкімі аппараты және «Astana Hub» IT-стартап халықаралық технопарк» бірлескен қоры» арасында;

- «Қызылорда облысының білім басқармасы» және «Барс Групп» АҚ (Татарстан Республикасы) арасында цифрландыру жобаларын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум»;

            2018 жылдың 2 шілдесінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ким Е.Г. Болгариялық «Hydroenergy Company» АҚ өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында жергілікті билік органдарымен осы өңірде күн электр стансаларын салу жобасын әзірлеу мәселелері талқыланды.

            Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Е. Ким бастаған делегацияның 2018 жылы 12 қыркүйекте Түркия Республикасы Анкара қаласына іссапары болды. Іссапар аясында 2 меморандумға қол қойылды: «Керамикалық плиткалар өндірісі зауытының құрылысы» инвестициялық ынтымақтастық туралы келісім және Қызылорда облысы әкімдігі мен HEC компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумы.

Сонымен қатар индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Р. Сұлтангереев бастаған делегация 2018 жылғы 25 қыркүйекте Ресей Федерациясының Астрахань қаласына «Қазақстанда жасалды» атты сауда-өнеркәсіптік көрмеге іссапармен барды. Іссапар барысында, Қызылорда облысының  өнім шығарушы 12 мекемесі өнімдерін көрмеге апарды.

Сонымен қатар, Франция, Үндістан, Ресей Федерациясының іскер топтарының делегациясы Қызылорда облысында іссапармен болып қайтты.

            Сондай-ақ, Қызылорда қаласында 2018 жылғы 29 қыркүйекте

Қ.Е. Көшербаевтың Төрағалығымен «Smartcity: өңірді дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында Ресей Федерациясы және еліміздің IT өкілдерімен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында IT-құрылымдармен цифрландыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында инвестициялық жобаларды бірлесе іске асыру және өңірге инвестиция тарту мақсатында жыл басынан бері 70-ке тарта шетелдік инвесторларға  визалық жәрдем көрсетілді.

 

 

 


2018 жылдың II тоқсан қорытындысы бойынша инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстар

 

2018 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция 65,9 млрд.теңге құрап, осылайша 15,4% -ға өсті.  Бұл кезеңде инвестиция көлемінің өсуіне ірі жобалардың және инфрақұрылымдық объектілер құрылысы әсер етті.
Үстіміздегі жылдың қаңтар-мамыр қорытындысы бойынша жалпы сыртқы инвестицияның көлемі 19,3 млрд.теңге құрап, ал үлесі 29,3% қол жеткізді.
Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 5 айының қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіпке тартылған инвестиция көлемінің айтарлықтай өсу байқалуда.
2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция 6,4 млрд.тенге құрап, өткен жылдың  ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,6 есеге өсуде. Үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша  өткен жылдың деңгейінен төмен емес көрсеткішке қол  жеткізу жоспарлануда. (НКИ – 140%).
2018 жылы жан басына шаққандағы инвестиция көрсеткіші «Негізгі капиталға салынған инвестициялардың  номиналды өсуі» (мемлекеттік бюджет қаражаты есебін қоспағанда) өзгергенін атап  өтеміз. 
2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға бюджеттен тыс 53,9 млрд.тенге инвестиция тартылды, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда  НКИ 21,1 %  өсті.
2018 жылдың І жартыжылдығы бойынша жалпы 2 рет «Қызылорда облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі» өңірлік Кеңес отырысы өткізілді.
2018 жылы 27 наурызда облыс әкімінің төрағалығымен кезекті Өңірлік Кеңес отырысы өткізілді. Кеңес отырысына Қытай, Түрік инвесторлары қатысты.
Кеңесте 2 мәселе қаралды:
1.  Қызылорда қаласында Smart City инвестициялық жобасын жүзеге асыру;
2. «Керамикалық бұйымды шығару бойынша зауыттың құрылыс» жобасы.
Отырыс қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді және орындалуы тұрақты түрде бақылануда.
2018 жылы 21 маусымда  облыс әкімінің төрағалығымен және «Казах Инвест» АҚ-ның басқарма төрағасы С.К. Тұяқбаевтың қатысуымен кезекті Кеңес отырысы өткізілді.
Кеңесте  4 мәселе қаралды: 
1.«Инвесторларды антикорупциялық сүйемелдеу» жобасы;
2.«Қуаттылығы жылына 197,1 мың тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы;
3.«Қуаттылығы жылына 1 млн.тонна цемент зауытының құрылысы;
4.«Керамикалық бұйымды шығару бойынша зауыттың құрылысы».
Өткізілген Кеңес отырысының нәтижесінде облыс әкімідігі мен «Казах Инвест» ҰК» АҚ арасында өзара ынтымақтастық  туралы меморандумға  қол қойылды.
Сондай-ақ, ү.ж. І жартыжылдығында  «Жобаларды индустрияландыру және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің» 5 рет отырысы өткізілді. Нәтижесінде, 2 жобаны Өңірлік  кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізуге, 3 жобаға тікелей келіссөздер арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беру және жоба бастамашысының өтінішіне сәйкес 1 жобаның параметрлерін  өзгерту туралы шешім қабылданды.
2018 жылдың І жартыжылдығы бойынша басқарма басшысының төрағалығымен  Индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу үшін жобаларды қарау жөніндегі салалық комиссияның 3 рет отырысы өткізілді. Аталған салалық комиссия отырысында 3 жоба қаралып, нәтижесінде жобаларды Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына  ұсынылды.
Қазіргі таңда, облыста құны 192,2 млрд.теңге құрайтын 36 жоба орналасқан 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда.
Бүгінгі күні құны 1,2 млрд.теңге құрайтын 14 жоба іске асырылып, 271 жұмыс орыны ашылған.
2018 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша іске қосылған жобалардың өндірген өнім көлемінің құны 132,4 млн.тенге болатын 7 кәсіпорынды қамтамасыз етті, бұл 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге (61 млн.тенге) өсті.
2018 жылы құны 101 млрд.теңгені құрайтын 5 жоба іске қосу жоспарлануда. Жоба пайдалануға берілгеннен кейін 560 жаңа жұмыс орыны ашылу көзделуде.
- 2018 жылдың шілде айында «Тримо» ЖШС-нің (Қуаттылығы жылына 500 тонна екіокись молибден ұнтағына үш молибден ұнтағына айналдыру өндірісін ұйымдастыру)жобасы;
- 2018 жылдың тамыз айында  «А.Аби» ЖК (Жылыжай салу) жобасы;
- 2018 жылдың тамыз айында «АгроОптСервис» ЖШС-нің (Көкөніс өнімдерін сақтайтын қойма салу) жобасы;
- 2018 жылдың қыркүйек айында «ORDA Glass» ЖШС-нің (Қуаттылығы жылына 197,1 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрлысы) жобасы;
- 2018 жылдың желтоқсан айында «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-нің (Қуаттылығы жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығару зауыты) жобасы.
 

2018 жылдың II тоқсан қорытындысы бойынша сыртқы байланыстар бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар

 
Есептік мерзімде сыртқы байланыстар бөлімі тарапынан 8 роуд-шоу ұйымдастырылды. Оның ішінде, 2 іссапар шет мемлекеттерге (ҚХР Пекин, Өзбекстан Науаи қ.), 1 іссапар ел ішінде (Шымкент қ.), ал Қызылорда облысына  5 жұмыс сапары болды (3 қытайлық, 1 неміс, 1 ресейлік делегация).
Сонымен қатар, басқарманың ұйымдастыруымен 2018 жылғы 22 маусымда Қызылорда қаласында «Цифрландыру: Аймақтардың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында онлайн және оффлайн режимде ІІІ Халықаралық Интернет-форумы өтті. Форумның мақсаты – цифрландыру саласындағы халықаралық және отандық сарапшыларды бірыңғай алаңда жинай отырып, өңірлерге, оның ішінде Қызылорда облысына цифрлық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін енгізу болып табылды. Форумға облыс әкімі және Ресей ( «Сколково» Мәскеу басқару мектебі, «Техносерв» компаниясы, «Петр великий атындағы СППУ» университеті), Қытай («Huawei» компаниясы), Белоруссия («Какаду Девелопмент», «Divionics» роботизированные системы», «DELL EMC» компаниялары), Татарстан (Ақпарат және байланыс министрлігі, «Барс Груп» АҚ), Украина («Техносерв» компаниясы) және отандық  сарапшылары қатысты.
Форум барысында «Ақылды қала» жобасын іске асырудағы benchmark-жобалар, сондай-ақ, Қызылорда облысында жүзеге асырылуы мүмкін IT-жобалар таныстырылды. 
Форумның қорытындысымен, жобаларды жүзеге асыру жөнінде
4 меморандумға қол қойылды.
Анықтама:
- «Қызылорда облысының әкімдігі мен «Транстелеком» АҚ» арасында;  
- «Қызылорда облысының әкімдігі және «Какаду девелопмент» ЖШҚ (Татарстан Республикасы) арасында;
- «Қызылорда облысы әкімі аппараты және «Astana Hub» IT-стартап халықаралық технопарк» бірлескен қоры» арасында;
- «Қызылорда облысының білім басқармасы» және «Барс Групп» АҚ (Беларусь Республикасы) арасында цифрландыру жобаларын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум»;
Сондай-ақ, Қызылорда облысында инвестициялық жобаларды бірлесе іске асыру және өңірге инвестиция тарту мақсатында жыл басынан бері 40-тан аса шетелдік инвесторларға  визалық жәрдем көрсетілді.

Жер қойнауын пайдалану саласы бойынша  2018 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы
Анықтама
 
Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны – 115 құрайды, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жұмыстарымен - 63 жер қойнауын пайдаланушы 89 келісімшарттың негізінде жұмыс жүргізуде.
Облыстың мұнай және мұнай-сервистік компанияларына мұнай өнімі, инвестицияларды ұлғайту және жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу бойынша үздіксіз негізде талдау және мониторинг жүргізіліп отырады.
2018 жылдың І жартыжылдығында статистикалық басқармасының алдын-ала мәліметі бойынша мұнай өндіру көлемі 3,2 млн. тоннаны құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 93,1 пайызды құраған немесе 230 мың тоннаға төмендеген. Бұған басты себеп мұнай кеніштерінің сулануы әсер етіп отыр.
2018 жылдың 23 қаңтарында Қызылорда қаласында облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимнің төрағалығымен кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын жер қойнауын пайдаланушылардың және  мемлекеттік орган, атап айтқанда Қызылорда облысының көлік бақылау инспекциясы, Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасы, Қызылорда облысының мемлекеттік кірістер департаменті, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудан әкімдіктері мен Қызылорда облысының ІІД жерлігікті полиция қызметі басшылары мен өкілдерінің қатысуымен Қызылорда облысының автомобиль жолдары торабын сақтау мәселесі бойынша мәжіліс өткізілді.
Мәжіліс барысында жер қойнауын пайдаланушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, БАҚ арқылы насихатталды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Бүгінгі күнге дейін осы тапсырма бойынша, атап айтқанда «Инертті жүктерді тасымалдау» мәселесі бойынша  тиісті мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдерінің және кен таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын жер қойнауын  пайдаланушылардың қатысумен ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Шиелі ауданында және 17 сәуірінде Қызылорда қаласында мәжіліс өткізілді.                                                                                                                                                         
Қазіргі таңда мемлекеттік органдармен хаттамалық тапсырманың орындалуы бойынша қажетті жұмыстар жалғастырылуда. 
2018 жылдың 19 ақпанында Қызылорда қаласында облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимнің төрағалығымен мұнай компаниялары басшыларының қатысуымен өзара ынтымақтастық мәселесі бойынша Ақмола облысы санаторийлары өкілдерінің Қызылорда облысына жұмыс сапары туралы мәжіліс өткізілді.
Мәжіліс барысында мұнай компанияларының басшыларына  Щучинск-Бурабай курорт аймағының шипажайлық-курорттық мекемелеріне баруға байланысты кәсіподақтар үшін инфотур өткізу мақсатында делегацияларды қабылдап, ұйымдастыруды ұсынды.
Нәтижесінде облыстың 5 мұнай компанияларының кәсіподақтарымен кездесу ұйымдастырылды.
2018 жылдың 26 маусымында Қызылорда қаласында облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимнің төрағалығымен жыл сайын «Әлеуметтік бағдарламалар бойынша барлық көздерден нақты игерілген қаржы туралы» тақырыбында өндіруші компаниялар, аудан (қала) әкімдігі, басқа да қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, БАҚ өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген аймақтық мәжіліс өткізілді.  
Мәжіліс барысында мемлекеттік органдар және мұнай компаниялары басшыларының, атап айтқанда индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Р.Қ.Сұлтангереевтің «Облыстағы жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар талаптарын орындауы туралы», экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы  басшысының  орынбасары Н.Р.Қордабайдың «Әлеуметтік-экономикалық дамытуға түскен қаржы көлемі мен  қаржының жұмсалу бағыты туралы», «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің Басқарма Кенесшісі А.Қ.Көшербаевтың «Компанияның аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысуы жөнінде» баяндамалары тыңдалды.
Сонымен қатар кең  таралған пайдалы қазбаларға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері туралы   мәселелері қаралды. 
Бұл мәселені түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары М.О.Қалдарбеков баяндама жасады.
Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді. 
2018 жылдың І жартыжылдығында  кең таралған пайдалы қазбаларына барлау және өндіру жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру мәселелері бойынша сараптамалық комиссияның 8 отырысы өткізіліп, онда 26 өтініш қаралды және олардың қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды, атап айтқанда:
- келісімшарттың жұмыс бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оның ішінде  өндіру көлемін өзгерту бойынша «Аралтұз», АҚ-на, «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-не - 3 өтінім, «Умэкс БС» ЖШС-не,  «Жаңа Арал»  ЖШС-не, «KazChinNur» ЖШС-не, «Бегімбаев» ЖК-не, «Торғай Петролеум» АҚ-на, «Актал» ЖК-не, «Өтеміс» ЖШС-не, «Арал Нұры» ЖШС-не, «Табиғи Тас Қызылорда» ЖШС-не, «Фирма Дана» ЖШС-не, «Қуатамлонмұнай» ЖШС-не рұқсат берілді;
- жер қойнауын пайдалануды иеліктен шығару жолымен  «Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы мен: 
* «Арал нұрлы жер» ЖШС-не, 
* «Бөребай саз» ЖШС-не,
* «Гео жер қойнауы» ЖШС-не жер қойнауын пайдалану құқығы берілді;
-   қойнауын пайдалану құқығын (оның бөлігін), жер қойнауы құқығын иемденетін заңды тұлғалардың қатысу үлесін (акция пакеттерін) кепілге беру бойынша «Арал Тұз» АҚ – 2 өтінім, «Позитив-А».
Сонымен қатар, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі Жұмыс тобының 5 отырысы өткізіліп, әлеуетті жер қойнауын пайдаланушылардың 34 өтініші қаралды.
Отырыс нәтижесінде келісімшарт жасасуға құқық беру туралы 27 жер қойнауы учаскелері бойынша, оның ішінде: барлау бойынша – 15 («Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы – 10 өтінім, «Арал Сода» ЖШС, «BSK Қаратау» ЖШС, «ПремиумКласс Строй» ЖШС), өндіру бойынша – 12 («Карьер Божбан Ата» ЖШС, ЖК «Ақтал», («Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы – 6 өтінім, «РМЗ-Шапағат», «Арал Сода» ЖШС» - 2 өтінім, ЖК «Байдаулетов Қазбек»), 
- 1 өтінім («Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы Бәйтерек жер қойнауы) бойынша бас тарту туралы, 
- жер қойнауын пайдалануға құқық беру бойынша бұрын берілген рұқсаттардың қолданылу мерзімін ұзарту туралы – 1 («Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы) 
- жер қойнауын пайдалануға құқық беру бойынша бұрын берілген рұқсаттарды жою жөнінде – 3 («Көлжан» ЖШС-гі мен «SSM-Oil» ЖШС және  «Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы – 2 өтінім) 
- Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және инфроструктурасын дамытуға төлемдердің көлемін келісу туралы 1 («Фирма Балауса» ЖШС) шешім қабылданды.
 Басқармамен жер қойнауын пайдалану саласында 6 регламент бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2018 жылдың І жартыжылдығында  вебпортал және«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы арқылы 19 мемлекеттік қызмет көрсетілді, атап айтқанда: 
- «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» қызметі бойынша 6 жаңа келісімшарт жасалынды (барлау бойынша: «ҚОР» МК» АҚ, «Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы – 3 өтінім, өндіру бойынша: «Шиелі Тас» ЖШС, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ және 1 дәлелді бас тарту);  
- «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу» қызметі бойынша – 1 («Арыс тұз» ЖШС-не) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу туралы хабарлама-хат берілді.  
- «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» қызметі бойынша 11  қорытынды тұжырым берілді. 
Атап айтқанда: «Гео Изыскания» ЖШС-гі Қызылорда облысы бойынша оқу полигонын орналастыру үшін көлемі 3459,0 гектар болатын №1  және № 2 жер учаскенің құрылыс нысанын салуға - 2 өтінім, «КАТЭК» ЖШС-гі  «Қызылорда-Астана» учаскесінде (І кезең) орналасқан «САРЫ-АРҚА» магистралды газқұбыры құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамасын (ПСД) әзірлеу бойынша жүргізілетін құрылыс учаскесі орналастыру - 5 өтінім,  "Baikonyr Solar" ("БайқоңырСолар") ЖШС-гі  «Қуаттылығы 50 МВт «Байқоңыр» Күн Электростанциясын салу» құрылыс нысаны үшін, «Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қызылорда облысы Қызылорда қаласының аумағынан өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру жөніндегі объектілерді салу үшін, «Электрохимзащита» ЖШС-гі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газқұбыры құрылысы аясында қарастырылған Қазалы ауданында Ақсуат  және Сексеуіл компрессорлық станциясы құрылысын салу үшін  – 2 өтінім  бойынша оң қорытынды берілді.
          Сонымен қатар, басқармамен келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына талдау және мониторинг  жүргізіліп, нәтижесінде келісімшарттық  міндеттемелерді орындамағаны үшін - 3 келісімшарт («Али-Барс» ЖШС, «Арал нұрлы жер» ЖШС, «Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы) бұзылды.
Сондай-ақ, келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 1 қосымша келісімге қол қойылды («Арал нұрлы жер» ЖШС). 
Одан бөлек, басқармамен жер қойнауын пайдаланушыларға келісімшарттық міндеттемелердің орындалуы бойынша, оның ішінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға 2017-2018 жылдар аралығында  аударылған қаржылар туралы хат жолданды (№ 04-13/565 от 30.03.2018 г.).  
Қазіргі таңда, жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік салаға төленген төлемдері бойынша тиісті растайтын құжаттарды жинақтау жұмыстары жүргізілуде.

ҮИИДМБ-1 қорытындысы

2010-2014 жылдары құны 82,0 млрд.теңгенің 17 жобасы іске қосылып, 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 
2018 жылдың қаңтар-маусым айларында бірінші бесжылдықта іске қосылған  17 жобаның 12 жобасы өнім өндіруді қамтамасыз етті.
- 9 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 90-100% аралығында меңгерді.
1.  «Казгермұнай» БК ЖШС – ілеспе газ өңдеу - 96,3%.
2. «Рза» АҚ - сүт өнімдері – 101,1%.
3. «KazFrac» ЖШС - газ өндірісі – 98,7%.
4. «Кристалл менеджмент» ЖШС - электрэнергиясы – 102,4%.
5. «СПК Кызылорда балык» ЖШС  - балық өнімдері – 168,8%.
6. «СКЗ-U» ЖШС -  күкірт қышқылы - 105,3.
7. «Дорстрой» ЖШС – қызмет көрсету – 103,3%.
8.«Хуа ю интернационал в г. Кызылорда» ЖШС- химиялық реагенттер - 96,5%.
9. «Аралтұз» АҚ - ас және техникалық тұз - 90%
- 3 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 50-90% аралығында меңгерді.
1. ПетроКазахстанКумкольРесорсиз» ЖШС – электрэнергиясы – 56,7% -
№5 ГТҚ жөндеу жұмыстарының жалғасуымен байланысты. (ПККР ЖШС-нің №5 ГТҚ-дың дайындаушы зауыттан қосалқы бөлшектерінің кешігіп келуіне байланысты энергияны аз мөлшерде өндіруде, осыған орай, жөндеу жұмыстары 2018 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда. №5 ГТҚ жөндеу жұмыстары аяқталысымен, №4 ГТҚ-ның жөндеу жұмыстары басталады. №4 ГТҚ-ның жөндеу жұмыстары қазан айының соңында аяқтау жоспарлануда).
2. «УАД» ЖШС - асфальт-бетон зауыты -  50%
3. ДК «Палжанов» - кірпіш өндіру - 50%
- 1 жоба маусымдық сипатқа ие
1. «Тату Агро» ШҚ – томат өнімдері - Биылғы жылға егін егуді жердің құнарлығын арттыру мақсатында жүргізілуде. Бүгінгі күні кәсіпорын 80га жерге жүгері, 5 га - мақта, 5 га - қауын, қарбыз дақылдарын екті.
- 2 жоба есепті кезеңге өнім шығаруды жоспарламаған.
1. «АзовАралАгроМаш» БК» ЖШС – а/ш техникасы - девальвацияға және Сербия мен Украина елдерінен келетін қосалқы бөлшектердің өзіндік құнының қымбаттауына байланысты кәсіпорын 2014 жылдан бастап тоқтап тұр. Кәсіпорынның өнімі бәсекеге қабілетсіз. Басшылық кәсіпорынды жабуды жоспарлауда.
2. «Бис групп» ЖШС - мия тамырын өндіру - Бүгінгі күні халықаралық нарықта шығаратын өнім құнының түсуіне байланысты кәсіпорын өнім өндіруді уақытша тоқтатып тұр. Осы орайда, жоба құрылтайшысы зауытқа келіп, тексеру жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта мия тамырынан экстракті ретінде өнім шығаруды жоспарлауда.
  - 2 жоба - жоба бастамашылары арасында проблемасы болғандықтан 2014 жылғы желтоқсанда АҮК шешімімен индустрияландыру картасынан шығарылған.       
      («Шөгірлі» шаруа қожалығы мал басын сатып жіберуіне орай жабылды. Алайда, бүгінгі күні жоба жетекшісі шаруа қожалығының бұрыңғы сүт зауыты базасында мал бордақылау алаңын ашуды жоспарлауда. Бүгінгі күні мал бордақылау цехінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Цехқа қажетті қондырғыларды алу жүргізілуде.
«Алтын бала-08» ЖШС құрылтайшылар арасындағы сот процесі жүруіне орай жұмысы тоқтап тұр.Зауыт жұмысын жаңғырту үшін айналым қаражаты қажет болатын. Бүгінгі күні шығаратын өнімге сұраныстың жоқ болу себебімен кәсіпорын басмтамашысы жобаны жүзеге асырудан бас тартып отыр. Соынмен қатар, инвестор тарту мәселесіде шешілмеген).
 
ИИДМБ-2 орындалуы туралы ақпарат
ИИДМБ-2 аясында құны 623,1 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылған 6,2 мың адамды жұмыспен қамтитын 26 жоба жүзеге асырылатын болады.
оның ішінде:
1) «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасында - құны 324,9 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 3,7 мың адамды жұмыспен қамтитын - 23 жоба;
2) Республикалық картасында - құны 298,3 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 2,4 мың адамды жұмыспен қамтитын - 3 жоба.
Ү.ж. қаңтар-маусым айында іске қосылған 5 жоба «жоспарлы қуаттылықты» төмендегінше игерді:
- 3 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 90-100% аралығында меңгерді.
1.  «Жан Арай Жем» ЖШС – құрама жем зауыты – 90,9%.
2. «Аралтұз» АҚ 2 испан цехы - 118,2%.
3. «Жаңа Арал» ЖШС - қаптама кірпіш өндірісі - 168,3%.
- 1 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 50-90% аралығында меңгерді.
 «РМЗ Шапагат» ЖШС - үй құрылысы комбинаты - 84,1%. (Комбинаттың қаржылай жағдайын оңалту мақсатында 2017 жылы арнайы іс-шара жоспары әзірленіп, қаланың сол жағалауынан салынатын жеке тұрғын үй құрылысы және
5 қабатты панельді үйлер үшін жоба-сметалық құжаттама әзірленді.Сонымен қатар, жобаға жаңа инвестор тартылды. Комбинатты сатып алу бойынша жұмыстар наурыз айында басталды.Қазіргі таңда, жаңа инвестор салық және жалақы қарыздары бойынша 150 млн.теңгені өтеді. 16 сәуірден бастап Комбинат ресми турде Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауынан 5 қабатты
4 панельдік үйлер құрылысына өнімдер шығара бастады. Комбинат ү.ж. сәуір-маусым айларында 58,7 млн.тенгенің 1206,8 м.3 тұрғын - үй өнімін өндірді. Комбнатта 47 адам жұмыс жасауда. Кәсіпорын өнім өткізу бойынша «Магжан и К», «Алтын Орда» және «СМП Кызылорда, «КазНурЭнерго» Серіктестіктерімен келісім-шарт жасалған)
  - 1 жоба маусымдық сипатқа ие
«Арал құрылыс» ЖШС - асфальтбетонн өндірісі - өнім өндіруді ү.ж. шілде айынан бастап жоспарлауда. 
Жалпы, I және II бесжылдығы аясында құны 85,4 млрд.теңгені құрайтын, 22 жоба жүзеге асырылып, 1,7 мың жұмыс орны ашылды.
Ү.ж 6 айында өнім шығаруды 16 жоба қамтамасыз етті. 
Жобалардың «жоспарлы қуаттылықты» игеруі:
- 12 жоба  -  90-100%; 
- 4 жоба - 50-90%;
- 2 жоба - маусымдық сипатқа ие;
- 2 жоба - өнім шығаруды жоспарламаған;
- 2 жоба - жоба бастамашылары арасында проблемасы болғандықтан 2014 жылғы желтоқсанда АҮК шешімімен индустрияландыру картасынан шығарылған.         
2018 жылдың 6 айында іске қосылған жобалар
11.2 млрд.теңгенің өнімін өндірді. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30.2%-ға өсті.  (2017 ж. 6 айында – 8,6 млрд.теңге)
Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 7.7 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40%-ға өскен
(2017 ж.6 айында - 5.5 млрд.теңге)
2018 жылдың 6 айында құны 3,9 млрд. теңгені құрайтын                 
133.7 мың тонна (тұз, балық, пропан-бутан, аммоний метаванадаты) өнім экспортталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қаржылай мәнде 37.3%-ға ұлғайған (2017 ж 6 айында -
2,8 млрд.тг), заттай мәнде 25.8%-ға өскен  (2017 ж 6 айында - 106.3 мың.тонна).
2018 жылғы 6 айында карта жобалары арқылы өндірілген өнім көлемі жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 13,5%-ды құрады (2017 жылдың
6 айында - 11.8 %).

Қызылорда облысының өнеркәсіп саласының2018 жылдың қаңтар - маусым айындағы қорытындысы жайлы

 
2018 жылдың қаңтар-маусым айында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 437,6 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 95,3% құрады. 
Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы (90-95%-ға дейін) мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда. 
Атап айтқанда, есепті кезеңде 3 179,5 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 93,1%-ға орындалған (2017 жылдың 6 айында 3 429,7 мың тонна шикі мұнайы өндірілген).
Өнеркәсіптің  81,9%-ын (негізінен мұнай саласы) құрап отырған кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 313,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 93,9% құрап отыр.
Оның ішінде 25,9 млрд. теңгеге техникалық қызметтер көрсетіліп, нақты көлем индексі 98,6% құрады. 
Дегенмен де, бұл сала бойынша аймақтағы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда 16,6 млрд. теңгеге металл кендері өндіріліп (уран), нақты көлем индексі 101,8%-ды құраған. 
Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 2018 жылдың 6 айында 
57,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,5% құрады. 
Атап айтқанда, тамақ өнімдерін өндіру 5,0%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 33,3%-ға артқан. 

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында атқарылған жұмыстар туралы

АНЫҚТАМА

 
ҮИИДМБ-1 қорытындысы
 
       2010-2014 жылдары құны 82,0 млрд.теңгенің 17 жобасы іске қосылып, 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.  
       2018 жылдың қаңтар-наурыз айында бірінші бесжылдықта іске қосылған  17 жобаның 10 жобасы өнім өндіруді қамтамасыз етті. 
- 9 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 90-100% аралығында меңгерді.
1.  «Казгермұнай» БК ЖШС – ілеспе газ өңдеу – 105,9%.
2. «Рза» АҚ - сүт өнімдері – 99,8%.
3. «KazFrac» ЖШС - газ өндірісі – 105,9%.
4. «Кристалл менеджмент» ЖШС - электрэнергиясы – 98,2%.
5. «СПК Кызылорда балык» ЖШС  - балық өнімдері – 94,2%.
6. «СКЗ-U» ЖШС -  күкірт қышқылы – 105,2%.
7. «Дорстрой» ЖШС – қызмет көрсету – 90%.
8. «Хуа ю интернационал в г. Кызылорда» ЖШС- химиялық реагенттер-92,4%.
9. «Аралтұз» АҚ - ас және техникалық тұз – 106,9%
- 1 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 50-90% аралығында меңгерді.
ПетроКазахстанКумкольРесорсиз» ЖШС – электрэнергиясы – 61,5% - №5 ГТҚ жөндеу жұмыстарының жалғасуымен байланысты. (ПККР ЖШС-нің №5 ГТҚ-дың дайындаушы зауыттан қосалқы бөлшектерінің кешігіп келуіне байланысты энергияны аз мөлшерде өндіруде, осыған орай, жөндеу жұмыстары 2018 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда. №5 ГТҚ жөндеу жұмыстары аяқталысымен, №4 ГТҚ-ның жөндеу жұмыстары басталады. №4 ГТҚ-ның жөндеу жұмыстары қазан айының соңында аяқтау жоспарлануда).
- 3 жоба маусымдық сипатқа ие. нім өндіруді ү.ж. сәуір айына жоспарлап отыр.
1. «УАД» ЖШС - асфальт-бетон зауыты 
2.  ДК «Палжанов» - кірпіш өндіру 
3. «Тату Агро» ШҚ – томат өнімдері - Биылғы жылы кәсіпорын егін егуді жоспарламай отыр, себебі инвестор «Зерде» ЖШС-нің  2018 жылы негізгі күші басқа зауытқа салынуда. Егін егу жұмыстары 2019 жылға жоспарлануда. 
- 2 жоба есепті кезеңге өнім шығаруды жоспарламаған.
1. «АзовАралАгроМаш» БК» ЖШС – а/ш техникасы - девальвацияға және Сербия мен Украина елдерінен келетін қосалқы бөлшектердің өзіндік құнының қымбаттауына байланысты кәсіпорын 2014 жылдан бастап тоқтап тұр. Кәсіпорынның өнімі бәсекеге қабілетсіз. Басшылық кәсіпорынды жабуды жоспарлауда. 
2. «Бис групп» ЖШС - мия тамырын өндіру - Бүгінгі күні халықаралық нарықта шығаратын өнім құнының түсуіне байланысты кәсіпорын өнім өндіруді уақытша тоқтатып тұр. 
  - 2 жоба - жоба бастамашылары арасында проблемасы болғандықтан 2014 жылғы желтоқсанда АҮК шешімімен индустрияландыру картасынан шығарылған.        
      («Шөгірлі» шаруа қожалығы мал басын сатып жіберуіне орай жабылды. Алайда, бүгінгі күні жоба жетекшісі шаруа қожалығының бұрыңғы сүт зауыты базасында мал бордақылау алаңын ашуды жоспарлауда. Бүгінгі күні мал бордақылау цехінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Цехқа қажетті қондырғыларды алу жүргізілуде.
  «Алтын бала-08» ЖШС құрылтайшылар арасындағы сот процесі жүруіне орай жұмысы тоқтап тұр, бүгінгі күні зауыт жұмысын жаңғырту үшін жаңа инвесторды тарту мәселесі қарастырылуда).
 
ИИДМБ-2 орындалуы туралы ақпарат
 
       ИИДМБ-2 аясында құны 620,0 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылған 6,2 мың адамды жұмыспен қамтитын 26 жоба жүзеге асырылатын болады. 
       оның ішінде: 
1) «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасында - құны 324,6 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 3,7 мың адамды жұмыспен қамтитын - 23 жоба; 
2) Республикалық картасында - құны 295,3 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 2,4 мың адамды жұмыспен қамтитын - 3 жоба. 
Ү.ж. қаңтар-наурыз айында іске қосылған 5 жоба «жоспарлы қуаттылықты» игерді: 
- 2 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 90-100% аралығында меңгерді. 
1.  «Жан Арай Жем» ЖШС – құрама жем зауыты – 99,6%.
2. «Аралтұз» АҚ 2 испан цехы - 98,6%.
- 3 жоба маусымдық сипатқа ие, өнім өндіруді ү.ж. сәуір айынан бастап жоспарлауда.  
1. «Арал құрылыс» ЖШС - асфальтбетонн өндірісі 
2. «Жаңа Арал» ЖШС - қаптама кірпіш өндірісі 
3. «РМЗ Шапагат» ЖШС - үй құрылысы комбинаты ( Комбинаттың қаржылай жағдайын оңалту мақсатында 2017 жылы арнайы іс-шара жоспары әзірленіп, қаланың сол жағалауынан салынатын жеке тұрғын үй құрылысы және 5 қабатты панельді үйлер үшін жоба-сметалық құжаттама әзірленді.Сонымен қатар, жобаға жаңа инвестор тартылды. Комбинатты сатып алу бойынша жұмыстар наурыз айында басталды.Қазіргі таңда, жаңа инвестор салық және жалақы қарыздары бойынша 150 млн.теңгені өтеді. 16 сәуірден бастап Комбинат ресми турде Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауынан 5 қабатты 4 панельдік үйлер құрылысына өнімдер шығара бастады).
       Жалпы, I және II бесжылдығы аясында құны 85,4 млрд.теңгені құрайтын, 22 жоба жүзеге асырылып, 1,7 мың жұмыс орны ашылды. 
       Ү.ж І тоқсанда өнім шығаруды 12 жоба қамтамасыз етті.  
Жобалардың «жоспарлы қуаттылықты» игеруі: 
- 11 жоба  -  90-100%;  
- 1 жоба - 50-90%; 
- 6 жоба - маусымдық сипатқа ие; 
- 3 жоба - өнім шығаруды жоспарламаған; 
- 2 жоба - жоба бастамашылары арасында проблемасы болғандықтан 2014 жылғы желтоқсанда АҮК шешімімен индустрияландыру картасынан шығарылған.         
       2018 жылдың І тоқсанда іске қосылған жобалар 5,0 млрд.теңгенің өнімін өндірді. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31,5%-ға өсті.  (2017 ж. І  тоқсанда– 3,8 млрд.теңге)
       Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 3,4 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 54,5%-ға өскен (2017 ж. қаңтар-наурыз айында - 2,2 млрд.теңге)  
       2018 жылдың І тоқсанда экспортталған өнім көлемі құны 2,0 млрд. теңге болатын 68,3 мың тоннаны (тұз, балық, пропан-бутан, аммоний метаванадаты) құрайды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 53,8%-ға ұлғайған (2017 ж І тоқсанда - 1,3 млрд.тг).  
       2018 жылғы І тоқсанда карта жобалары арқылы өндірілген өнім көлемі жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 12,1%-ды құрады (2017 жылдың І тоқсанда – 8,8 %).
 
Инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстар
 
       2018 жылдың 2 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 22,6 млрд.теңге құрап өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 41,8 % артты.
       Есепті кезеңінде сыртқы инвестициялар көлемі 7,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есеге (2017ж. – 3,5 млрд. теңге) өсті, олардың жалпы инвестиция көлеміндегі үлесі 34,0% жетті (2017 ж. – 23,8%).
       2018 жылы облысқа инвестициялар тарту мақсатында 7 роуд-шоу ұйымдастырылды. Оның ішінде, 4 іссапар шет мемлекеттерге (РФ Мәскеу қ., ТР Қазан қ., Түркия Анкара қ., ҚХР Пекин және Шэньджень қ.қ.), ал шетелдік инвесторлардың 3 жұмыс сапары Қызылорда облысына болды (2 қытайлық, 1 түркиялық). 
       Атап айтқанда, 2018 жылы 17 қаңтарда Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев бастаған облыстық делегацияның Ресей Федерациясы Мәскеу қаласына жұмыс сапары болды. Іссапардың мақсаты 16-18 қаңтарда Мәскеу қаласында Ресей Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Академиясында өткен «Гайдар форумына» қатысты. Форум аясында, қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықтың назарын аударған төртінші өнеркәсіп революциясы жағдайындағы экономика және оның «цифрлануы» мәселелері талқыланды. 
       2018 жылғы 18 қаңтарда Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев бастаған облыстық делегация Татарстан Республикасына жұмыс сапармен барды. Іссапардың мақсаты – ақпараттық технологияларды, ауыл шаруашылығын және индустрия саласындағы жобаларды іске асыру және алмасу. 
       Сапар аясында, делегация мүшелері ТР Инвестиция агенттігіне, «Эйдос» ғылыми медицина орталығында болып, «Казань» ауыл шаруашылық және агроөнеркәсіп паркінің жұмысымен танысты. 
     Сонымен бірге делегация Қазан қаласынан 40 км. қашықтықта орналасқан «Иннополис» экономикалық аймақ нысанымен танысты. Иннополис – 2015 жылы ашылған IT-мамандарына арналған алғашқы ресейлік қала болып табылады. Жұмыс сапары аясында Қызылорда облысының әкімдігі және «Иннополис» ЕЭА әкімшілігі, сондай-ақ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы және «Қазан» агроөнеркәсіп паркі арасында  «Бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы» 2 меморандумға қол қойылды. Сапардың қорытындысы бойынша тараптар «Қызылорда облысы және Татарстан Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту туралы Жол картасын» әзірлеу жөнінде келісімге келді.
    2018 жылы 29 қаңтарда Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаевтың басшылығымен облыстық делегация мүшелері Қытай Халық Республикасына іссапармен барды. Делегация мүшелері «CNEEC» («Қытай ұлттық электроинжиниринг корпорациясы»), «China Triumph International Engineering Co., Ltd», «China Gezhouba Group Cement Co., Ltd» және «China Poly Group Corporation» сияқты ірі компаниялармен кездесулер өткізді.  
    «CNEEC» («Қытай ұлттық электроинжиниринг корпорациясы») компаниясы көмір электр станцияларын, күн және гидроэлектростанциялар салуға маманданған ірі компания болып табылады. Компания басшысы Чжэн Чэнцзюн су және күн электр станцияларын, қоқыс өңдейтін зауыт салу және аймақтағы «ақылды қала» жүйесін дамыту туралы сұрақтар талқыланды. 
       Сондай-ақ, облыстық делегация «China Triumph International Engineering Co., Ltd» компания басшысы Пенг Шоумен кездесуі болды. Кездесу барысында, шыны зауытының жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру және гаджеттер үшін ультра-шыны  өндірісін іске асыру туралы мәселелер талқыланды.  Іссапар аясында, 2 меморандумға қол қойылды:
       2018 жылы 30 қаңтарда Қызылорда облысының әкімінің орынбасары Е. Ким Шанхай және Шеньджень қаласына іссапармен барды. Делегация Шанхайда «Қауіпсіз қала» жобасының ұйымдастырылуымен танысты. Сондай-ақ, Шэньчжэнь қаласына іссапар аясында, «Huawei Technologies Co., LTD» команиясының басшысымен кездесіп компания «Smart city» нысанымен танысты. Іссапардың қорытындысы бойынша, «Huawei Technologies Co., LTD» компаниясының вице-президенті Чен Ти мырза және Қызылорда облыс әкімінің орынбасары Е. Ким «Huawei Technologies Co., LTD» «Өзара ынтымақтастық және мақсатқа жету, сондай-ақ ақпараттық және коммуникациялық технологияны дамыту, «Цифрлы Қызылорда» бағдарламасын, «smart city» жобасын іске асыру туралы» меморандумға қол қойды. 
       2018 жылы 6 ақпанда ҚХР-ның «Jiangsu Lung Ceung Construction Co.LTD» компаниясының Бас директоры Жан Йон бастаған делегация  Қызылорда облысында іссапармен болды. Іссапардың мақсаты мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында инвестициялық жобаларды талқылау болды. Кездесу барысында жаңа «Қорқыт ата» әуежайының және сол жағалаудағы құрылыс жобалары талқыланды. 
       2018 жылы 15 ақпанда Түркия Республикасы Анкара қаласында I түрік-қазақ әйелдер арасындағы бизнес-форум өтті. Форумға Қызылорда облыс әкімінің орынбасары С. Қожаниязов және облыстың бірқатар әйел кәсіпкерлері қатысты. Форум аясында «Қазақстан – цифрлану дәуірі жағдайындағы инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер» және «Қазақстан және Түркияда  әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері» туралы панельді сессиялар өтті. 
       2018 жылы 21-22 ақпан аралығында түркиялық «Çukurova Kağıt ve Ambalaj Grubu» компаниясының өкілдерінің облысқа іссапары болды. Инвесторлар Қызылорда облыс әкімінің орынбасары Е. Ким кездесуі барысында Қызылорда облысында гофрокартон өнім қаптама жобасының мүмкіндіктері талқыланды. 
       2018 жылы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының Инвестициялық даму министрлігінің Инвестициялар комитетінің Төрағасы Е. Хаировтың Қызылорда облысына іссапары болды. Іссапар аясында бизнес өкілдердің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын талқылау  бойынша «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Е. Хаиров Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Индустриялық аймаққа (Цемент зауытының құрылысымен танысу), «Кемикал Қазақстан мұнайхимия компаниясына» (полиэтиленнен кернеуіш құбырлар өндіру), және Қызылорда облысының «Өндіріс» (ЖШС «OrdaGlassltd» шыны зауытының құрылысымен танысу) индустриялық аймағына  барды.
       Қазіргі таңда, облыста құны 192,2 млрд.теңге құрайтын 36 жоба орналасқан 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда.
       Бүгінгі күні құны 1,2 млрд.теңге құрайтын 14 жоба іске асырылып, 271 жұмыс орыны ашылған. 
       Сондай-ақ, 2018 жылы құны 101,6 млрд.теңгені құрайтын, 561 жұмыс орыны ашылатын 5 жобаны іске қосу жоспарлануда.
1. Қызылорда қаласындағы "Орда Гласс Лтд" ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 197,1 мың тонн. құрайтын табақша шыны өндіру және өңдеу зауыт» жобасы (жоба құны 36,7 млрд.теңге, жұмыс орны-310 адам);    
2. Қызылорда қаласындағы  "Тримо" ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 500  тонна екіокись молибден ұнтағын үшокись молибденге техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасы (жоба құны - 871,5 млн.теңге, жұмыс орны-58 адам); 
3. Шиелі ауданындағы "Гежуба Шиелі Цемент" ЖШС-нің "Цемент зауытының құрылысы" жобасы (жоба құны-64 млрд.тенге, жұмыс орны-260 адам);
4.  Қазалы ауданындағы «Агро Опт Сервис» ЖШС-нің  «Көкөніс өнімдерін өңдеу және қойма салу» жобасы (жоба құны-50,0 млн.тенге, жұмыс орны 10 адам);
5. Қазалы ауданындағы «А.Аби» ЖК «Жылыжай құрылысы» жобасы (жоба құны -10,0 млн.теңге, жұмыс орны 7 адам).
 
Қызылорда облысының өнеркәсіп саласының 2018 жылдың қаңтар-наурыз айындағы қорытындысы жайлы
 
       2018 жылдың қаңтар-наурыз айында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 208,8 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96,5% құрады. 
       Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы (90-95%-ға дейін) мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне  орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда. 
       Атап айтқанда, есепті кезеңде 148,2 млрд. теңгенің 1 588,2 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 93,3%-ға  орындалған (2017 жылдың 3 айында 1 702,4 мың тонна шикі мұнайы өндірілген).
       Өнеркәсіптің 80%-ын (негізінен мұнай саласы) құрап отырған кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 168,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 95,5% құрап отыр.
       Оның ішінде 11,1 млрд. теңгеге техникалық қызметтер көрсетіліп, нақты көлем индексі 19,6%-ға артқан. 
       Дегенмен де, бұл сала бойынша аймақтағы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда 8,9 млрд. теңгеге металл кендері өндіріліп (уран), өнім көлемі 103,3%-ды құраған. 
       Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 2018 жылдың 2 айында 28,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,6% құрады. 
       Атап айтқанда, тамақ өнімдерін өндіру 19,2%-ға, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 2,1%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 2,1 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 53,0%-ға артқан. 
 
       2018 жылдың I тоқсан қортындысы бойынша сыртқы байланыстар бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар 
 
       Есептік мерзімде сыртқы байланыстар бөлімі тарапынан 7 роуд-шоу ұйымдастырылды. Оның ішінде, 4 іссапар шет мемлекеттерге (РФ Мәскеу қ., ТР Қазан қ., Түркия Анкара қ., ҚХР Пекин және Шэньджень қ.қ.), ал шетелдік инвесторлардың 3 жұмыс сапары Қызылорда облысына  болды (2 қытайлық, 1 түркиялық). Сонымен бірге, бөлім тарапынан ҚР Инвестициялық даму министрлігінің Инвестициялар комитетінің Төрағасы Е. Хаировтың облысқа сапары ұйымдастырылды. 
       Атап айтқанда, 2018 жылы 17 қаңтарда Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев бастаған облыстық делегацияның Ресей Федерациясы Мәскеу қаласына жұмыс сапары болды. Іссапардың мақсаты 16-18 қаңтарда Мәскеу қаласында Ресей Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Академиясында өткен «Гайдар форумына» қатысу. Форум аясында, қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықтың назарын аударған төртінші өнеркәсіп революциясы жағдайындағы экономика және оның «цифрлануы» мәселелері талқыланды. 
       2018 жылғы 18 қаңтарда Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев бастаған облыстық делегация Татарстан Республикасына жұмыс сапармен барды. Іссапардың мақсаты – ақпараттық технологияларды, ауыл шаруашылығын және индустрия саласындағы жобаларды іске асыру және алмасу. Делегация құрамына мемлекеттік мекеме басшылары мен бизнес-өкілдері кірді.
       Сапар аясында, делегация мүшелері ТР Инвестиция агенттігіне, «Эйдос» ғылыми медицина орталығында болып, «Казань» ауыл шаруашылық және агроөнеркәсіп паркінің жұмысымен танысты. 
       Сонымен бірге делегация Қазан қаласынан 40 км. қашықтықта орналасқан «Иннополис» экономикалық аймақ нысанымен танысты. Иннополис – 2015 жылы ашылған IT-мамандарына арналған алғашқы ресейлік қала болып табылады. Жұмыс сапары аясында Қызылорда облысының әкімдігі және «Иннополис» ЕЭА әкімшілігі, сондай-ақ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы және «Қазан» агроөнеркәсіп паркі арасында  «Бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы» 2 меморандумға қол қойылды. 
       Сапардың қорытындысы бойынша тараптар «Қызылорда облысы және Татарстан Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту туралы Жол картасын» әзірлеу жөнінде келісімге келді.
       2018 жылы 29 қаңтарда Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаевтың басшылығымен облыстық делегация мүшелері Қытай Халық Республикасына іссапармен барды. Делегация мүшелері «CNEEC» («Қытай ұлттық электроинжиниринг корпорациясы»), «China Triumph International Engineering Co., Ltd», «China Gezhouba Group Cement Co., Ltd» және «China Poly Group Corporation» сияқты ірі компаниялармен кездесулер өткізді. Облыстық делегация мүшелері Қытай Халық Республикасына іссапары аясында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында Жол картасын әзірледі.    
       «CNEEC» («Қытай ұлттық электроинжиниринг корпорациясы») компаниясы көмір электр станцияларын, күн және гидроэлектростанциялар салуға маманданған ірі компания болып табылады. Компания басшысы Чжэн Чэнцзюн су және күн электр станцияларын, қоқыс өңдейтін зауыт салу және аймақтағы «ақылды қала» жүйесін дамыту туралы сұрақтар талқыланды.
Сондай-ақ, облыстық делегация «China Triumph International Engineering Co., Ltd» компания басшысы Пенг Шоумен кездесуі болды. Кездесу барысында, шыны зауытының жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру және гаджеттер үшін ультра-шыны  өндірісін іске асыру туралы мәселелер талқыланды.  
       Делегацияның «China Gezhouba Group Cement Co., Ltd» компаниясының басшысы Лин Мингпен кездесу барысында, Шиелі ауданында цемент зауытын салу туралы мәселелер көтерілді. Одан кейін, делегация  «China Poly Group Corporation» компаниясының жұмыстарымен танысты. «China Poly Group Corporation»  102 кәсіпорыннан тұратын ірі мемлекеттік инженерлі-технологиялық бизнес-групп компаниясы болып табылады.
Іссапар аясында, 2 меморандумға қол қойылды:
              1.«Poly Chemical Holding Corporation» және Қызылорда облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум».
             2.«New Era» компаниясы және Қызылорда облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум». 
    Іссапар қорытындысымен облысқа инвестициялар тарту мақсатында «Қызылорда облысы мен ҚХР компаниялары арасындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша Жол картасы» жасалды. Қазіргі уақытта Жол картасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. 
2018 жылы 30 қаңтарда Қызылорда облысының әкімінің орынбасары Е. Ким Шанхай және Шеньджень қаласына іссапармен барды. Делегация Шанхайда «Қауіпсіз қала» жобасының ұйымдастырылуымен танысты. Сондай-ақ, Шэньчжэнь қаласына іссапар аясында, «Huawei Technologies Co., LTD» команиясының басшысымен кездесіп компания «Smart city» нысанымен танысты. Іссапардың қорытындысы бойынша, «Huawei Technologies Co., LTD» компаниясының вице-президенті Чен Ти мырза және Қызылорда облыс әкімінің орынбасары Е. Ким «Huawei Technologies Co., LTD» «Өзара ынтымақтастық және мақсатқа жету, сондай-ақ ақпараттық және коммуникациялық технологияны дамыту, «Цифрлы Қызылорда» бағдарламасын, «smart city» жобасын іске асыру туралы» меморандумға қол қойды. 
       2018 жылы 6 ақпанда ҚХР-ның «Jiangsu Lung Ceung Construction Co.LTD» компаниясының Бас директоры Жан Йон бастаған делегация  Қызылорда облысында іссапармен болды. Іссапардың мақсаты мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында инвестициялық жобаларды талқылау болды. Кездесу барысында жаңа «Қорқыт ата» әуежайының және сол жағалаудағы құрылыс жобалары талқыланды. 
       2018 жылы 15 ақпанда Түркия Республикасы Анкара қаласында I түрік-қазақ әйелдер арасындағы бизнес-форум өтті. Форумға Қызылорда облыс әкімінің орынбасары С. Қожаниязов және облыстың бірқатар әйел кәсіпкерлері қатысты. Форум аясында «Қазақстан – цифрлану дәуірі жағдайындағы инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер» және «Қазақстан және Түркияда  әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері» туралы панельді сессиялар өтті. 
       2018 жылы 21-22 ақпан аралығында түркиялық «Çukurova Kağıt ve Ambalaj Grubu» компаниясының өкілдерінің облысқа іссапары болды. Инвесторлар Қызылорда облыс әкімінің орынбасары Е. Ким кездесуі барысында Қызылорда облысында гофрокартон өнім қаптама жобасынын іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. 
       2018 жылы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының Инвестициялық даму министрлігінің Инвестициялар комитетінің Төрағасы Е. Хаировтың Қызылорда облысына іссапары болды. Іссапар аясында бизнес өкілдердің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын талқылау  бойынша «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 
       Е. Хаиров Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Индустриялық аймаққа (Цемент зауытының құрылысымен танысу), «Кемикал Қазақстан мұнайхимия компаниясына» (полиэтиленнен кернеуіш құбырлар өндіру), және Қызылорда облысының «Өндіріс» (ЖШС «OrdaGlassltd» шыны зауытының құрылысымен танысу) индустриялық аймағына  барды.  
Жер қойнауын пайдалану саласы
 
       Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны – 103 құрайды, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жұмыстарымен - 60 жер қойнауын пайдаланушы  85 келісімшарттың негізінде жұмыс жүргізуде.
       Облыстың мұнай және мұнай-сервистік компанияларына мұнай өнімі, инвестицияларды ұлғайту және жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу бойынша үздіксіз негізде талдау және мониторинг жүргізіліп отырады.
       2018 жылдың І тоқсанында статистикалық басқармасының алдын-ала мәліметі бойынша мұнай өндіру көлемі 1588,2 мың тоннаны құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 93,3 пайызды құраған немесе 114,1 мың тоннаға төмендеген. Бұған басты себеп мұнай кеніштерінің сулануы әсер етіп отыр.
       2018 жылдың 23 қаңтарында Қызылорда қаласында облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимнің төрағалығымен кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын жер қойнауын пайдаланушылардың және  мемлекеттік орган, атап айтқанда Қызылорда облысының көлік бақылау инспекциясы, Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасы, Қызылорда облысының мемлекеттік кірістер департаменті, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудан әкімдіктері мен Қызылорда облысының ІІД жерлігікті полиция қызметі басшылары мен өкілдерінің қатысуымен Қызылорда облысының автомобиль жолдары торабын сақтау мәселесі бойынша мәжіліс өткізілді.
       Мәжіліс барысында жер қойнауын пайдаланушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, БАҚ арқылы насихатталды.
       Мәжіліс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді. 
       Қазіргі таңда мемлекеттік органдармен хаттамалық тапсырманың орындалуы бойынша қажетті жұмыстар жалғастырылуда. 
       2018 жылдың 19 ақпанында Қызылорда қаласында облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимнің төрағалығымен мұнай компаниялары басшыларының қатысуымен өзара ынтымақтастық мәселесі бойынша Ақмола облысы санаторийлары өкілдерінің Қызылорда облысына жұмыс сапары туралы мәжіліс өткізілді.
       Мәжіліс барысында мұнай компанияларының басшыларына  Щучинск-Бурабай курорт аймағының шипажайлық-курорттық мекемелеріне баруға байланысты кәсіподақтар үшін инфотур өткізу мақсатында делегацияларды қабылдап, ұйымдастыруды ұсынды.
       Нәтижесінде облыстың 5 мұнай компанияларының кәсіподақтарымен кездесу ұйымдастырылды.
       2018 жылдың І тоқсанына  кең таралған пайдалы қазбаларына барлау және өндіру жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру мәселелері бойынша сараптамалық комиссияның 2 отырысы өткізіліп, онда 11 өтініш қаралды және олардың қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды, атап айтқанда:
- келісімшарттың жұмыс бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оның ішінде  өндіру көлемін өзгерту бойынша «Аралтұз», АҚ-на, «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-не - 3 өтінім, «Умэкс БС» ЖШС-не,  «Жаңа Арал»  ЖШС-не, «KazChinNur» ЖШС-не, «Бегімбаев» ЖК-не, «Торғай Петролеум» АҚ-на, «Актал» ЖК-не рұқсат берілді;
- жер қойнауын пайдалануды иеліктен шығару жолымен  «Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы мен «Арал нұрлы жер» ЖШС-не жер қойнауын пайдалану құқығы берілді.  
Сонымен қатар, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі Жұмыс тобының 2 отырысы өткізіліп, әлеуетті жер қойнауын пайдаланушылардың 9 өтініші қаралды.
Отырыс нәтижесінде келісімшарт жасасуға құқық беру туралы 4 жер қойнауы учаскелері бойынша, оның ішінде: барлау бойынша – 2, өндіру бойынша – 2, 1 өтінім («Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы Бәйтерек жер қойнауы) бойынша бас тарту туралы, жер қойнауын пайдалануға құқық беру бойынша бұрын берілген рұқсаттардың қолданылу мерзімін ұзарту туралы – 1 («Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы) және жер қойнауын пайдалануға құқық беру бойынша бұрын берілген рұқсаттарды жою жөнінде – 2 («Көлжан» ЖШС-гі мен «SSM-Oil» ЖШС және  «Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы) шешім қабылданды.
 Басқармамен жер қойнауын пайдалану саласында 6 регламент бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2018 жылдың І тоқсанында 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді, атап айтқанда: 
- «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» қызметі бойынша 2 жаңа келісімшарт жасалынды (барлау бойынша: «ҚОР» МК» АҚ, «Байқоңыр (Байконур) «ӘКК» ҰК» АҚ-ы  және 1 дәлелді бас тарту);  
- «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу» қызметі бойынша – 1 («Арыс тұз» ЖШС-не) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу туралы хабарлама-хат берілді.  
«Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» қызметі бойынша 8  қорытынды тұжырым берілді. 
         Сонымен қатар, басқармамен келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына талдау және мониторинг  жүргізіліп, нәтижесінде келісімшарттық  міндеттемелерді орындамағаны үшін - 1 келісімшарт («Али-Барс» ЖШС) бұзылды.
       Сондай-ақ, келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 1 қосымша келісімге қол қойылды. 
       Одан бөлек, басқармамен жер қойнауын пайдаланушыларға келісімшарттық міндеттемелердің орындалуы бойынша, оның ішінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға 2017-2018 жылдар аралығында  аударылған қаржылар туралы хат жолданды (№ 04-13/565 от 30.03.2018 г.).  
       Қазіргі таңда, жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік салаға төленген төлемдері бойынша тиісті растайтын құжаттарды жинақтау жұмыстары жүргізілуде.
 

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы

АНЫҚТАМА

 
       Жер қойнауын пайдалану саласы бойынша:  
        Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны – 104 құрайды, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жұмыстарымен - 61 жер қойнауын пайдаланушы 86 келісімшарттың негізінде жұмыс жүргізуде.
       2017 жылдың қорытындысы бойынша облысымыздағы мұнай операторларымен 6813,8 мың тонна мұнай өндірілді, бұл көрсеткіш 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 88,8 пайызды құрайды немесе 855,1 мың тоннаға төмендеді. Бұған басты себеп мұнай кеніштерінің сулануы әсер етіп отыр.
     2017 жылдың 31 наурызында Басқармамен «Жер қойнауын пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау тәртіптері» тақырыбында аудан әкімдері орынбасарларының, аудандық жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімдері басшыларының және кәсіпкерлердің қатысумен дөңгелек үстел өткізілді.
       Іс-шара барысында кең таралған пайдалы қазбаларға  жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау тәртіптері және жер қойнауын пайдалану саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер шарттары түсіндірілді.
       Нәтижесінде жер қойнауын пайдалану құқығын алудың тәртібі бойынша Жол картасы әзірленіп, аудан әкімдіктеріне жолданды. 
       Аудан әкімдіктері тарапынан кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,  аудандық БАҚ арқылы насихатталды. 
       2017 жылдың ішінде кең таралған пайдалы қазбаларына барлау және өндіру жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру мәселелері бойынша  7 сараптамалық комиссия отырысы өткізіліп, 29 өтініш қаралды және оның барлығы қанағаттандырылды. 
       Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының 6  отырысы өткізіліп, 31 өтініш қаралып, нәтижесінде өтініштердің барлығы қанағаттандырылды
       Басқармамен  жер қойнауын пайдалану саласында 6 регламент бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
       2017 жылдың қорытындысы бойынша 6 мемлекеттік қызмет көрсету  түрлері бойынша барлығы 25 қызмет көрсетілді. Атап айтқанда, «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» қызметі бойынша 17 жаңа келісімшарттар жасалынды, яғни 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
       Оның ішінде: барлау бойынша – 10, өндіру бойынша - 7 
Сонымен қатар,  қолданыстағы келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 20 қосымша келісімге қол қойылды. 
       «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» қызметі бойынша 8  қорытынды тұжырым берілді. 
Жалпы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері мен оған өтінім берудің жолдары жөнінде жергілікті басылымдарда жарияланып тұрады (Кызылординские вести 06.01.2018 г.,  Сыр бойы 06.01.2018 ж).
         Сондай-ақ, басқармамен келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылау жүргізілді. 
       «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңына сәйкес мониторинг нәтижесімен егер жер қойнауын пайдаланушының келісімшартта белгіленген міндеттемелерді екі реттен көп бұзғандығы анықталса,  кемшіліктерді жою бойынша хабарлама  жолданады. 
       Хабарламада көрсетілген мерзімде кемшіліктер жойылмаса кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқық берілген.
       Нәтижесінде, қолданыстағы заңнама аясында келісімшарт міндеттемелерін орындамаған үшін 9 жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттың іс-әрекеті және мерзімі аяқталуына байланысты 5 келісімшарттың іс-әрекеттері тоқтатылды.
       Басқармамен жер қойнауын пайдаланушыларының келісімшарттарына сәйкес өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға 2013-2016 жыл аралығында  облыстық бюджетке аударатын төлемдеріне талдау жүргізілді.
       Нәтижесінде  17 жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт бойынша қаржылық міндеттемелерін орындамағаны анықталып,   кемшіліктерді жою мақсатында басқарма тарапынан Хабарламалар жолданды.
       Минералды-шикізаттық базаны кеңейту және жаңа кеніштерді игеру мақсатында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға ашық Конкурс жариялау үшін жер қойнауы учаскелерін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 
       Бұл ретте, «Оңтүстікжерқойнауы» Өңіраралық департаментіне 14 жер қойнауы учаскесінің тізімі жолданып, 8 учаске бойынша жер қойнауын пайдалану құқығынан бос немесе бос еместігі жөнінде ақпарат алынды. Сонымен қатар аудандардан да ақпараттар жинақталуда.
       Жер қойнауын пайдалануға бақылау жасау мақсатында ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер департаментінің бастамасымен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жер асты сулары және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша базаны қалыптастыруға қатысты Жұмысшы тобы құрылды.
        2017 жылдың қараша айында жұмысшы тобының алғашқы отырысы өткізіліп, кең таралған пайдалы қабалар  және жер асты суларын заңсыз өндіруге қарсы әрекеттер талқыланды және  тиісті тапсырмалар берілді. 
Алдағы уақытта, Басқарма тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар талаптарын орындауы бойынша мониторинг жүргізу жұмыстарын жалғастыратын болады.
 
       Өнеркәсіп бойынша:
       2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 773,2 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 95,7% құрады. 
       Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы (90-95%-ға дейін) мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне  орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда. 
       Атап айтқанда, есепті кезеңде 509,8 млрд. теңгенің 6 813,8 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 88,8%-ға  орындалған (2016 жылдың 12 айында 7 669,3 мың тонна шикі мұнайы өндірілген).
       Өнеркәсіптің 81,1%-н (негізінен мұнай саласы) құрап отырған кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 627,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 92,8% құрап отыр.
       Оның ішінде 61,9 млрд. теңгеге техникалық қызметтер көрсетіліп, нақты көлем индексі 14,0%-ға артқан. 
       Дегенмен де, бұл сала бойынша аймақтағы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда 31,2 млрд теңгеге металл кендері өндіріліп (уран), өнім көлемі 101,6%-ды құраған. 
       Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 2017 жылдың 12 айында 109,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104,6% құрап, өнім көлемі 4,6%-ға артқан.  
      Атап айтқанда, етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру 3,1%-ға, ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар және крахмал өнімдерін өндіру 3,6%-ға, жеңіл өнеркәсіп 3,3 есеге артқан, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 0,4%-ға, металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру («уранның закись-окись» өнімі) 1,6%-ға артқан. 
       Индустрияландыру бағдарламасы аясындағы жобалардың іске асырылу барысы:
       ИИДМБ-2 аясында құны 610,1 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылған 6,3 мың адамды жұмыспен қамтитын 25 жоба жүзеге асырылатын болады. 
      оның ішінде: 
       1) «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасында - құны 320,8 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 3,9 мың адамды жұмыспен қамтитын - 22 жоба; 
       2) Республикалық картасында - құны 289,2 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 2,4 мың адамды жұмыспен қамтитын - 3 жоба. 
       Жалпы, бағдарламаның I және II бесжылдығы аясында құны 85 млрд.теңгені құрайтын, 20 жоба жүзеге асырылып, 1,4 мың жұмыс орны ашылды.
       «Жоспарлы қуаттылықты» 12 жоба – 90-100%; 4 жоба – 50-90% құрады, 2 жоба – өнім өндіруді жоспарламаған, 2 жоба - жоба бастамашылары арасында проблемасы болғандықтан 2014 жылғы желтоқсанда АҮК шешімімен индустрияландыру картасынан шығарылған.         
       2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында іске қосылған жобалар 18,4 млрд.теңгенің өнімін өндірді.
       2017 жылдың 12 айында экспортталған өнім көлемі құны 6,4 млрд. теңге болатын 217,7 мың тоннаны (тұз, балық, пропан-бутан, аммоний метаванадаты) құрайды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28,0%-ға ұлғайған (2016 ж ұқсас кезеңінде – 5,0 млрд.тг).
       2017 жылғы 12 айда "Жобаларды индустрияландыру  және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің"               40 отырысы болып өтті. Оның ішінде 7 отырыс басқарма құзыретіндегі 18 мәселе бойынша, кеңес өткізілді.
       Кеңес отырысы нәтижесінде, 2 жобаны картадан шығару және 3 жобаны картаға енгізу туралы шешім қабылданды.
       Нәтижесінде, 2017 жылғы 25 тамызда №867 облыс әкімінің қаулысына сәйкес 2 жоба Индустрияландыру картасынан шығарылды. 
       1.«Евразфарма» ЖШС-ның «Қызылорда қаласындағы фармацевтикалық  қатты нысандағы дәрі  өндіретін зауыт» жобасын дәрілік  заттарға  кепілді мемлекеттік тапсырыстың  болмауы себепті;
       2.«Бек Транс Строй» ЖШС-ның «Құрылыс материалын өндіру  (әк, полипропиленды қапшық, шлакоблок) зауыты» жобасы  экспортқа бағытталмағандығы және  ауқымдылық  критериіне сәйкес  келмеуіне байланысты. 
       Сондай-ақ, Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына 2017 жылғы   25 тамыздағы №867 облыс әкімінің қаулысына сәйкес жалпы құны 645,5 млн.теңгені құрайтын 3 жоба «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына» енгізілді:
       1. «Арал ауданындағы асфальтобетон зауыты», «Арал курылысы» ЖШС. 
       Жоба құны – 148,5 млн.теңге, қуаттылығы – жылына 46,2 мың тонна; жұмыс орны: құрылыс кезінде  - 5 адам, іске қосылғанда  – 17 адам.
       2.«Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехын салу» «Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС. 
       Жүзеге асыру орны - Арал ауданы. Жобаның іске асырылу мерзімі – 2017-2018 жж. 
       Жоба құны – 100,0 млн.тенге, Қуаттылығы - жылына 4 мың тонна балық өңдеу, жұмыс орны – құрылыс кезінде - 50 адам,  іске қосылғанда – 150 адам. 
       3. «Күрішті егу және құрама жем өндірісін ұйымдастыру», «Таң LTD» ЖШС.
       Жүзеге асыру орны - Шиелі ауданы. Жобаның іске асырылу мерзімі – 2017-2021 жж. Жоба құны  – 397,0 млн.тг, жұмыс орны: құрылыс кезінде - 30 адам, іске қосылғанда  – 60 адам.
       2017 жылы құны 252,5 млрд.теңгені құрайтын, іске асырылғанда 2 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтитын 2 жоба ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі қаулысына сәйкес Республикалық Индустрияландыру Картасына енгізілді. 
       1. «Шалқия» полиметаллдық кен орнын өнеркәсіптік байыту арқылы қуаттылығын жылына 4 млн тоннаға дейін жеткізу және кен-байыту фабрикасының құрылысы (жоба құны – 165 млрд.теңге, жұмыс орны – 1540 адам); 
       2. Қуаттылығы жылына 300 мың тонна кальцийленген сода өндіретін зауыттың құрылысы жобасы (жоба құны – 87,5 млрд.теңге, жұмыс орны – 699 адам).
       2017 жылы тамыз айында Арал ауданында орналасқан «Жаңа-Арал» ЖШС, «Қаптама кірпіш өндірісі» зауыты іске қосылды. 
       15.07.2017 жылғы №11 кірпіш шығаруға арналған өндірістік желінің іске қосылу актісі алынды. 
       Жоба құны – 131,5 млн.теңге, қуаттылығы – жылына 4,0 мың тонна; жұмыс орны –  45 адам.
       Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Арал ауданындағы индустриялық аймақтан 4 га жер телімі және жер қойнауын пайдалану құқығы берілген. 
       Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында – «Арал ауданындағы асфальтобетон зауыты», «Арал құрылысы» ЖШС жобасы бойынша:
       Жоба құны – 148,5 млн.теңге, қуаттылығы – жылына 46,2 мың тонна, жұмыс орны: құрылыс кезінде – 5 адам, іске қосылғанда – 17 адам. 
       Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 1 га жер телімі берілген. 
       Бүгінгі күні зауыт құрылысы аяқталды. Қондырғылар толығымен жеткізілді. 
       Жоба 2017 жылдың 13 желтоқсанында өткізілген облыстық телекөпір аясында іске қосылды. 
       2018 жылы құны 102,8 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 725 адамды жұмыспен қамтитын (шыны зауыты, тампонажды цемент зауыты, құс фабрикасы және молибден шығаратын зауыты, балық өңдеу зауыты) 5 жобаның іске қосылуы жоспарлануда.
 
       Инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстар
 
       2017 жылдың 12 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі алдын-ала есеппен 241,1 млрд.теңге құрап өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,5 % артты.
       «Қызылорда облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Өңірлік кеңестің» 4 отырысы өткізілді.
       Нәтижесінде ірі инвестициялық жобаларға қатысты 12 мәселе қаралып, «Фирма Балауса» ЖШС-не инвестициялық жеңілдіктер  алу үшін құжаттар әзірлеп тапсыруына ықпал жасалды, облыстың инвестициялық стратегиясы кеңес отырысында қабылданды, индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясын «Орда Гласс Лтд» ЖШС мен «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ-мен бірлесіп құру туралы шешім қабылданды.
       Қазіргі таңда, облыста құны 192,2 млрд.теңге құрайтын 36 жоба орналасқан  6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда.
       Бүгінгі күні құны 1,2 млрд.теңге құрайтын 14 жоба іске асырылып, 271 жұмыс орыны ашылған. 
       Сондай-ақ, 2017 жылы құны 372,5 млн.теңгені құрайтын, 112 жұмыс орыны ашылған  5 жоба іске қосылып,  тұрақты жұмыс жасауда: 
       1. Арал ауданындағы "ЖаңаАрал" ЖШС-ның "Қаптама кірпіш шығару өндірісі" жобасы (жоба құны-131,5 млн.тг, жұмыс орны-45 адам);      
       2. Қазалы ауданындағы ЖК "Ж.Карымсаков" "Бетон бұйымдарын өңдеу цехы" жобасы (жоба құны-22,0 млн.тг, жұмыс орны-14 адам);                                                                                                                            
       3. Қармақшы ауданындағы "Мир-2001" ЖШС-ның "Темір-бетон бұйымдарын өндіру цехы" жобасы (жоба құны-45,0 млн.тг, жұмыс орны-12 адам);
       4. Қазалы ауданындағы ЖК «Р Мамбетжанов» «Темір бетон бұйымдарын шығару зауыты» жобасы (жоба құны-50,0 млн.тенге, жұмыс орны 21 адам);
       5.  Шиелі ауданындағы ЖК «Шиелі-Жолшы» ЖШС-ның «Темір бетон өндіру зауыты» жобасы (жоба құны-124,0 млн.тенге, жұмыс орны 20 адам).
       2017 жылғы 19 маусымда  «Байқоңырда бизнес дамуы мүмкін бе?» атты ІІ халықаралық интернет форумы өткізіліп, Ресей, Қытай, Израиль, Ұлыбритания, Нидерланд, Түркия, Финляндия, Дания және Әзірбайжан сияқты әлемнің 9-дан астам елінен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан 20-дан астам халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты.
       Инвестициялық форум «Байқоңыр Инвест».
       2017 жылдың 15-16 қараша күндері Қызылорда облысында кезекті 9 өңірлік «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы өтті. 
       Форумға Ресей, Қытай, Өзбекстан, Иран, Түркия, Оңтүстік Корея, Польша сияқты 7 мемлекеттің делегациялары қатысты. Форум аясында ынтымақтастық туралы 23 келісім мен меморандумға қол қойылды. 
       Форум аясында қатысушылардың инвестициялық жобаларының көрмесі, сонымен қатар Ресей, Иран, Қытай және Өзбекстан елдерімен өзара ынтымақтастықтың келешегі тақырыбында секциялық отырыстар, В2В, G2B, G2G кездесулер өтті. 
 
       Сыртқы байланыстар бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар 
       2017 жылы ішінде 11 роуд-шоу ұйымдастырылды, оның 5 шет елге  жұмыс сапары жасалды (Иран, Өзбекстан*2, Жапония, Ресей) және шет елден Қызылорда облысына жұмыс сапармен келді (Иран, Турция, Жапония, Швеция, Нидерланды, Финляндия)
       2017 жылдың 26-27 қаңтарда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегация Өнеркәсіп пен саудадағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау мақсатында Өзбекстан Республикасына іс-сапармен болды.
     2017 жылдың 1-2 ақпан күндері Қызылорда облысына Иран Ислам Республикасы (ИИР) Мазандаран провинциясы губернаторының орынбасары Юнеси Ростами Алиреза Алиджан бастаған делегация екі күндік жұмыс сапарымен болды. Сапар аясында Қызылорда облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының жұмысымен танысып, бизнес қоғамдастықпен В2В форматында кездесу өткізді. Нәтижесінде «Атамекен» ҚР ҰКП Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының және Иран Ислам Республикасы Мазандаран провинциясы Сауда, өнеркәсіп, кендер және ауылшарушылығы палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
    2017 жылдың 14 наурызда Қызылорда қаласына Нидерланды Корольдігі Елшілігінің Алматы қаласындағы кеңсе басшысы Вилко Роггенкамп  бастаған делегация арнайы іс-сапармен келді. Делегация құрамында Рийк Цваан Алматы (Rijk zwaan Almaty), Филипс Лайтинг Қазақстан (Philips Lighting Kazakhstan) сияқты голландиялық компания өкілдері  болды. Іс-сапардың мақсаты - денсаулық сақтау, сумен жабдықтау, қоршаған орта, энергетика, қала жарығын қайта жабдықтау және қаланың жаңа бөлігінің құрылысы мәселелері мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Сапар аясында, облыс әкімінің орынбасары Е.Г. Кимнің төрағалымен голландиялық делегация мен қызылордалық кәсіпкерлердің қатысуымен жиын өтті. 
      2017 жылдың 19-21 сәуір аралығында Қызылорда облысына Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабата бастаған делегация жұмыс сапармен келді. Елші аймақтағы бірқатар өндірістік нысандарын аралап, Қызылорда қаласының сол жақ жағалау құрылысы жобасымен танысып, содан соң облыс әкімі Қ. Көшербаевпен кездесті. Кездесу барысында өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы айтылды
       2017 жылдың 18 мамырда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «YILDIZLAR SSS HOLDING» Түрік компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу аясында Қызылорда облысы әкімдігі мен «YILDIZLAR SSS HOLDING» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
       2017 жылдың 19-20 мамыр аралығында Қызылорда облысына ҚХР Синцзянь провинциясы Куйтунь қаласынан Куйтунь қаласы хатшысының орынбасары Ванг Гуйенг мырза және «Куйшань Баота» мұнай химиясы компаниясының бас директоры Те Бинь мырза іс-сапармен келді.Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Е.Г. Киммен және жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.
       2017 жылдың 29 мамырда Қызылорда облысына Швеция Корольдігінің ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі  Христиан Камилл және  Финляндия Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі  Илкка Райсанен жұмыс сапармен келді. Елшілер аймақтағы бірқатар өндірістік нысандарын аралап, Қызылорда қаласының сол жақ жағалау құрылысы жобасымен танысты. Сапар аясында әкімі Қ. Көшербаевпен кездесу  барысында  өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы айтылды. 
       2017 жылдың қыркүйек айының 15-16 күндері аралығында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасы делегациясының Өзбекстан Республикасына ресми сапары болды. Ресми сапар аясында, үстімідегі жылғы 16 қыркүйекте Қызылорда облысының әкімдігі мен Науаи облысының хокимияты арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
       2017 жылдың 30-қазанда Токиода «Қазақстан өңірлері: жапондық инвестициялардың перспективалары» тақырыбында қазақстан-жапон бизнес-форумы өтті. Форумға Қызылорда облыс әкімінің орынбасары Е. Ким және «Байқоңыр ӘКҰҚ» АҚ-ның басшысы Т. Кенжебаев қатысты. Бизнес-форум аясында жапондық инвесторлармен кездесу өтті.
       2017 жылғы 9 қарашада Челябинскіде Қазақстан мен Ресейдің ХIV өңіраралық ынтымақтастығы форумы өтті. Форумға облыс әкімі Қ. Көшербаев бастаған делегация қатысты. Адам капиталын дамыту тақырыбына арналған форумның жұмысына екі ел өңірлерінің басшылары, мемлекеттік органдардың, іскерлік топтардың өкілдері, сондай-ақ білім және ғылым саласындағы сарапшылар мен мамандар қатысты.
       2017 жылдың 21-23 қазан аралығында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегация Өнеркәсіп пен саудадағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау мақсатында Иран Ислам Республикасы іссапармен болды. Бұдан басқа, «Қызылорда облысы мен Гүлістан облысының экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығы»  туралы бизнес-форумы өтті. Іс-шара аясында нақты жобалар бойынша ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды.
       2017 жылдың 15-16 қазан аралығында ІХ «Baikonyr invest» инвестициялық форумы өтті. Форумға Ресей, Қытай, Өзбекстан, Иран, Турция, Оңтүстік Корея, Польша және басқа да мемлекеттердің делегациялары келіп қатысты. Форум аясында 23 ынтымақтастық туралы келісім мен меморандумға қол қойылды. Форум қорытындысымен облысқа 500 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылуы күтілуде.
       2017 жылғы 14-17 желтоқсан аралығында Татарстан Республикасының Президенті Р.Минниханов бастаған татарстандық делегацияның облысқа сапары ұйымдастырылды. Іссапар барысында іскерлік кездесулер өтіп, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыранның ұшу барысы тамашаланды
       2017 жылғы 17-18 желтоқсан аралығында ҚР аккредитацияланған дипломатиялық корпус өкілдерінің Қызылорда облысына сапары ұйымдастырылды. Сапар барысында елшілерге облысымыздың инвестициялық мүмкіндіктері баяндалып, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыранның ұшу барысы тамашаланды.
       Жалпы атқарылған жұмыстар нәтижесінде облыс бойынша өңдеу өнеркәсібі саласында 2017 жылдың 12 айында 109,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  4,6%-ға артқан.  
       Шикізаттық емес экспорт көлемі 2017 жылдың 10 айында 68,2 млн.АҚШ.долл. құрап, 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш ақшалай 26,8 пайызға өсті.
         Алдын ала есепке сәйкес 2017 жылы өңірге 241,5 млрд.теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 6,5 пайызға өсті, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 22,6 млрд.теңге тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 39,1 пайызға өсім көрсетті.
       Жоғарыда аталған негізінде өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру және жергілікті тауар өндірушілерді қолдау бағытындағы жұмыстар облыс көлемінде әрі қарай жалғастырылатын болады. 
 

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында атқарылған жұмыстар туралы
АНЫҚТАМА
 
       Қызылорда облысы өнеркәсіп саласының 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы туралы
       2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 547,9 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96,2% құрады. 
       Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы (90%-ға дейін) мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне  орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда. 
       Атап айтқанда, есепті кезеңде 360,1 млрд. теңгенің 5 145,6 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 88,2%-ға  орындалған (2016 жылдың 9 айында 5 834,7 мың тонна шикі мұнайы өндірілген).
       Өнеркәсіптің 81,2%-н (негізінен мұнай саласы) құрап отырған кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 445,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 93,1%  құрап отыр.
       Оның ішінде 43,5 млрд. теңгеге техникалық қызметтер көрсетіліп, нақты көлем индексі 26,6%-ға артқан. 
       Дегенмен де, бұл сала бойынша аймақтағы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда 21,5 млрд теңгеге металл кендері өндіріліп (уран), өнім көлемі 103,0%-ды құраған. 
       Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 2017 жылдың 9 айында 
       78,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,2% құрап, өнім көлемі 6,2%-ға артқан.  
       Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіп 2,5 есеге артқан, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 10,0%-ға, металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру («уранның закись-окись» өнімі) 3,0%-ға артқан. 
 
ҮИИДМБ-1 қорытындысы
       2010-2014 жылдары құны 82,0 млрд.теңгенің 17 жобасы іске қосылып, 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.  
       2017 жылдың тамыз айында бірінші бесжылдықта іске қосылған 17 жобаның 14 жобасы өнім өндіруді қамтамасыз етті. 
       - 11 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 90-100% аралығында меңгерді.
1.  «Казгермұнай» БК ЖШС – ілеспе газ өңдеу – 105,7%.
2. «Рза» АҚ - сүт өнімдері – 124,7%.
3. «УАД» ЖШС - асфальт-бетон зауыты – 182,7%.
4. «СПК Кызылорда балык» ЖШС  - балық өнімдері – 187,1%.
5. 3. «KazFrac» ЖШС - газ өндірісі –92,9%.
6. «Кристалл менеджмент» ЖШС - электрэнергиясы – 94,7%.
7. «Дорстрой» ЖШС – қызмет көрсету – 100%.
8. «СКЗ-U» ЖШС -  күкірт қышқылы – 117,9%.
9. «Хуа ю интернационал в г. Кызылорда» ЖШС -  химиялық реагенттер – 93,7%.
10. ДК «Палжанов» - кірпіш өндіру - 91,6%.
11. «Тату Агро» ШҚ – томат өнімдері - 90%.
       - 3 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 50-90% аралығында меңгерді.
1. ПетроКазахстанКумкольРесорсиз» ЖШС – электрэнергиясы – 59,4% - №5 ГТУ жөндеу жұмыстарының жалғасуымен байланысты 
2. «Бис групп» ЖШС - мия тамырын  - мия тамырын өндіру – 75,6% - құрылғыға жөндеу жұмыстары жүргізілумен байланысты.
3. «Аралтұз» АҚ - ас және техникалық тұз – 71,2% - зауытта жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты.
       - 1 жоба есепті кезеңге «жоспарлы қуаттылықты» жоспарламаған.
1. «АзовАралАгроМаш» БК» ЖШС – а/ш техникасы - девальвацияға және Сербия мен Украина елдерінен келетін қосалқы бөлшектердің өзіндік құнының қымбаттауына байланысты кәсіпорын 2014 жылдан бастап тоқтап тұр. Кәсіпорынның өнімі бәсекеге қабілетсіз. Басшылық кәсіпорынды жабуды жоспарлауда.
       - 2 жоба - жоба бастамашылары арасында проблемасы болғандықтан 2014 жылғы желтоқсанда АҮК шешімімен индустрияландыру картасынан шығарылған.        
(«Шөгірлі» шаруа қожалығы мал басын сатып жіберуіне орай жабылды. Алайда, бүгінгі күні жоба жетекшісі шаруа қожалығының бұрыңғы сүт зауыты базасында мал бордақылау алаңын ашуды жоспарлауда.Қазіргі таңда мал қораның құрылысы жүргізілуде. Мал союға арналған жабдықтарды алу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы қаржыландыру мәселесі қарастырылуда. Мал бордақылау цехінің сыртқы құрылыс жұмыстары аяқталуда. 
       «Алтын бала-08» ЖШС құрылтайшылар арасындағы сот процесі жүруіне орай жұмысы тоқтап тұр, бүгінгі күні зауыт жұмысын жаңғырту үшін жаңа инвесторды тарту мәселесі қарастырылуда).
 
ИИДМБ-2 орындалуы туралы ақпарат
       ИИДМБ-2 аясында құны 610,1 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылған 6,3 мың адамды жұмыспен қамтитын 25 жоба жүзеге асырылатын болады. 
оның ішінде: 
       1) «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасында - құны 320,8 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 3,9 мың адамды жұмыспен қамтитын - 22 жоба; 
       2) Республикалық картасында - құны 289,2 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 2,4 мың адамды жұмыспен қамтитын - 3 жоба. 
       Ү.ж. тамыз айына іске қосылған 3 жоба «жоспарлы қуаттылықты» игерді:
1 жоба - 90-100% аралығында («Жан Арай Жем»ЖШС құрама жем зауыты - 91,2%,);
1 жоба - 50-90% аралығында («Аралтұз» АҚ 2 испан цехы - 67,3%). 
1 жоба - жоспарламаған («РМЗ Шапагат» ЖШС – үй құрылысы комбинаты ү.ж. бастап өнім өндіруді жоспарламаған).
       Жалпы, I және II бесжылдығы аясында құны 85 млрд.теңге, 1 20 жоба жүзеге асырылды, 1,6 мың жұмыс орны ашылды.
       «Жоспарлық қуаттылықты» 12 жоба – 90 -100%; 4 жоба – 50-90% құрады, 2 жоба – өнім өндіруді жоспарламаған, 2 жоба  - жоба бастамашылары арасында проблемасы болғандықтан 2014 жылғы желтоқсанда АҮК шешімімен индустрияландыру картасынан шығарылған.        
       2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында іске қосылған жобалар  13,3 млрд.теңгенің өнімін өндірді (өткен жылдың ұқсас кезеңі 2016 ж. 8 айы – 13,1 млрд. теңге)
       Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 9,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілді (2016 ж. қаңтар-тамыз айларында- 8,7%, 4%-ға ұлғайған) 
       2017 жылғы қаңтар-тамыз айларында карта жобалары арқылы өндірілген өнім көлемі жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 13,5%-ды құрады (2016 жылдың қаңтар-тамыз  айында – 11,1 %).
       Ү.ж. қаңтар-тамыз айларында экспортқа өндірілген өнім көлемі:
-  «Аралтұз» АҚ – құны 3,1 млрд теңге -  141,8 мың. тонна 
- «СПК Кызылорда-Балык» ЖШС- құны  453,3 млн. тг - 833,3 тонна
- «KazFrac» ЖШС – құны 184,6 млн. теңге -1,9 мың.тонна 
- «Фирма Балауса» ЖШС- 253,3млн. теңге – 109,26 тонна.
       Экспортталған өнім көлемі құны 3,9 млрд. теңге болатын 144 мың тоннаны (тұз, балық, пропан-бутан, аммоний метаванадаты) құрайды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23%-ға ұлғайған (2016 ж ұқсас кезеңінде – 3,25 млрд.тг).
Картаны өзектендіру
       2017 жылғы 25 тамыздағы №867 облыс әкімінің қаулысына сәйкес 2 жоба  Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау Картасынан шығару туралы шешім қабылданды:
1.«Евразфарма» ЖШС-ның «Қызылорда қаласындағы фармацевтикалық  қатты нысандағы дәрі  өндіретін зауыт» жобасын дәрілік  заттарға  кепілді мелекеттік тапсырыстың  болмауы себепті;
2.«Бек ТрансСтрой» ЖШС-ның «Құрылыс материалын өндіру  (әк, полипропиленды қапшық, шлакоблок) зауыты» жобасы  экспортқа бағытталмағандығы және  ауқымдылық  критериіне сәйкес  келмеуіне байланысты. 
       2017 жылғы 25 тамыздағы №867 облыс әкімінің қаулысына сәйкес жалпы құны 645,5 млн.теңгені құрайтын 3 жоба «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына» енгізілді:
1.  «Арал ауданындағы асфальтобетон зауыты», «Арал курылысы» ЖШС. 
Жоба құны  – 148,5 млн.теңге, қуаттылығы – жылына 46,2 мың тонна; жұмыс орны: құрылыс кезінде  - 5 адам, іске қосылғанда  – 17 адам.
2.«Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехін салу» «Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС. 
Жүзеге асыру орны - Арал ауданы. Жобаның іске асырылу мерзімі – 2017-2018 жж. 
Жоба құны – 100,0 млн.тенге, Қуаттылығы - жылына 4 мың тонна балық өңдеу, жұмыс орны – құрылыс кезінде - 50 адам,  іске қосылғанда – 150 адам. 
3. «Күрішті егу және құрама жем өндірісін ұйымдастыру»,«Таң LTD» ЖШС.
Жүзеге асыру орны -   Шиелі ауданы. Жобаның іске асырылу мерзімі – 2017-2021 жж. Жоба құны  – 397,0 млн.тг, жұмыс орны: құрылыс кезінде - 30 адам, іске қосылғанда  – 60 адам.
 
 
Барлығы: 25 610,1 6369
Республикалық карта 3 289,3 2465
Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы 22 320,8 3904
       
       2017 жылы құны 380 млн.теңге құрайтын, жүзеге асқанда 212 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 3 жобаны іске қосу жоспарланған. 
1.«Жаңа-Арал» ЖШС, «Қаптама кірпіш өндірісі» зауыты Арал ауданында орналасқан ү.ж. тамыз айында іске қосылды.
2.«Арал ауданындағы асфальтобетон зауыты», «Арал курылысы» ЖШС. 
Жоба құны  – 148,5 млн.теңге, қуаттылығы – жылына 46,2 мың тонна; жұмыс орны: құрылыс кезінде  - 5 адам, іске қосылғанда  – 17 адам.
3. «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехін салу» «Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС. 
Жүзеге асыру орны - Арал ауданы. Жобаның іске асырылу мерзімі – 2017-2018 жж. 
Жоба құны – 100,0 млн.тенге, Қуаттылығы - жылына 4 мың тонна балық өңдеу, жұмыс орны – құрылыс кезінде - 50 адам,  іске қосылғанда – 150 адам. 
 
2017 жылдың 9 айы (қаңтар-қыркүйек) бойынша инвестициялық жобалар бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар қорытындысы.
       2017  жылдың 28 ақпанында облыс әкімі орынбасары Е.Кимнің төрағалығымен, облыстық ЖОО  және кәсіптік білім беру орындарының  қатысуымен «Астана- ЭКСПО-2017» жылына арналған ғылыми– іс-тәжірибелік «Келешек инновациясы, Баламалы көздер» тақырыбында жас ғалымдардың конференциясы мен «Келешек инновациясы» стартап техно- эстафетасы (көрме)  ұйымдастырылып өткізілді. 
       2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы  бойынша Индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу үшін жобаларды қарау  жөніндегі салалық комиссияның (бұдан әрі – Салалық комиссия) 2 отырысы өтті. 
       2017 жылғы   31 қаңтарда    Басқарма   басшысы    Р. Сұлтангереевтің төрағалығымен бірінші салалық комиссия  отырысы болды. Комиссияда 4 жоба қаралып, нәтижесінде 3 жобаның құжаттарын толық жинақтап, қайта қарауға және қалған 1 жобаны өңірлік  кәсіпкерлікті  қолдау картасына енгізуден бас тартуға шешім етілді. 
       Салалық комисссияның  екінші отырысы 2017 жылдың 27 наурызда 
өтті. Комиссияда 3 жоба қаралды. Нәтижесінде, 1 жоба Өңірлік үйлестіру кеңесіне шығаруға, 1 жоба комиссияның  келесі  отырысына қайта қарауға және қалған 1 жобадан бас тартуға шешім  етілді.
       Сондай-ақ, Қызылорда облысын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің  9 отырысы болып өтті. Оның 1 отырысы басқарма құзыретіндегі мәселе бойынша 2017 жылдың 28 наурызында, облыс әкімі Е. Кимнің төрағалығымен өткізілді. Нәтижесінде Өңірлік  кәсіпкерлікті  қолдау картасынан  3 жоба  шығаруға және 1 жоба бойынша жоба жетекшісінің өтінішіне орай, жоба атауын өзгертуге шешім етті.
2017 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы  бойынша Индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу үшін жобаларды қарау  жөніндегі салалық комиссияның (бұдан әрі – Салалық комиссия) 2 отырысы өтті. 
       2017 жылғы 28 сәуірде Басқарма басшысы Р. Сұлтангереевтің  төрағалығымен бірінші салалық комиссия отырысы болды. Комиссияда 1 жоба қаралып, нәтижесінде жоба құжаттарына жасалған ескертулерді 16.05.2017 жылғы мерзімге дейін жоюға шешім етілді.
        Салалық комиссияның екінші отырысы 2017 жылғы 5 маусымда өтті. 
Комиссияда 1 жоба қаралып, ескертусіз келес Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынуға шешім етілді.
Сондай-ақ, Қызылорда облысын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің  12 отырысы болып өтті. Оның 3 отырысы басқарма құзыретіндегі мәселе бойынша, облыс әкімі Е. Кимнің төрағалығымен өткізілді. 
ӨҮК-ң бірінші отырысы 2017 жылғы 21 сәуірде өтті. Кеңесте 4 жоба 
қаралды. Ондағы 1 жоба Республикалық индустрияландыру картасына ұсынылып, 1 жоба экспортқа бағытталмауына және қаржылық мәселесінің шешілмеуіне байланысты Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілуден бас тартылды. Сондай-ақ, 1 жоба құжаттарын толықтырып және қаржыландыру мәселесін шешіп, қайта ӨҮК-де қарауға және 1 жобаны картаға енгізуге шешім етілді. Және 1 жоба бойынша жоба жетекшісінің өтінішіне орай, жоба атауын өзгертуге шешім етті.
2017 жылғы 9 маусымда ӨҮК-ң екінші отырысы болып өтті. Кеңесте 
1 жоба қаралып, нәтижесінде жобаны картаға енгізуге шешім етілді.
       Кеңестің үшінші отырысы 2017 жылғы 16 маусымда өткізіліп, 1 жоба қаралды. Нәтижесінде  жобаны картаға енгізуге шешім етілді.
       Сонымен қатар, 2017 жылғы 19 маусымда отандық және шет елдік компания өкілдерінің қатысуымен, облыс әкімінің төрағалығымен,  мақсаты – қазақстандық, ресей және халықаралық мамандарға Байқоңыр қаласында бизнесті дамыту мүмкіндігін талқылау және шешу жолдарын қарастыру үшін диалог алаңын ұйымдастыру болып табылатын «Байқоңырда бизнес дамуы мүмкін бе?» атты ІІ халықаралық интернет форумы өткізілді. 
       Форумға «KAZAKH Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары - Канешев Біржан Бейсекенұлы, «Ресей Федерациясы жер үсті ғарыштық инфрақұрылым объектілерінің эксплуатация орталығының» директоры - Камынин Владимир Александрович және модератор ретінде «Бизнес-инкубатор MOST» компаниясының негізін салушы, директор - П. Коктышев қатысты.
       Сондай-ақ, Ресей, Қытай, Израиль, Ұлыбритания, Нидерланд, Түркия, Финляндия, Дания және Әзірбайжан сияқты әлемнің 9-дан астам  елінен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан 20-дан астам халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты.
       Форумға қатысушы компаниялар Байқоңыр қаласында бизнесті дамыту туралы ойларын және өз ұсыныстарын ортаға салды. Форум тікелей-эфирде  YouTube әлеуметтік желісі мен облыс әкімдігінің  FaceBook желісіндегі ресми парақшасында көрсетілді.
2017 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы  бойынша облыс әкімінің төрағалығымен «Қызылорда облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Өңірлік кеңестің» (бұдан әрі-Кеңес) 2 отырысы  өткізілді.
       Бірінші Өңірлік Кеңес отырысы, 2017 жылдың 16 тамызында облыс әкімінің төрағалығымен өткізілді. Кеңес отырысына «БРК» АҚ-ның төрағасы Б.Б.Жәмішев, «Қазақстан Инвестициялық Қоры» АҚ-ның төрағасы Е. Р. Сәкішов, «БРК-Лизинг» АҚ-ның төрағасының орынбасары   Р. Э. Гаппаров қатысты. 
Кеңесте 4 мәселе қаралды:
1. «Қуаттылығы жылына 197,1 мың тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы;
2. «Шыны зауытына шикізат дайындау бөлімшесі» жобасын іске асыру;
3. «Үй құрылысы комбинаты» жобасының туындаған қазіргі мәселелері;
4. Қызылорда облысының инвестициялық стратегиясы.
       Отырыс қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді және орындалуы тұрақты түрде бақылауда.
       Аталған Кеңестің кезекті отырысы 2017 жылы 27 қыркүйекте облыс әкімінің төрағалығыменболып өтті.
       Кеңесте 3 мәселе қаралды:
1. Қызылорда облысының инвестициялық стратегиясы;
2. «Тримо» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 500  тонна екіокись молибден ұнтағын үшокись молибденге техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасы;
3. «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 1 млн.тонна томпанажды цемент өндіру зауыты құрылысы» жобасы.
       Нәтижесінде, облыстың инвестициялық стратегиясы  бекітілді.
       Кезекті кеңес отырысын жұмыс жоспарына сәйкес 2017 жылдың  IV тоқсанында өткізу жоспарлануда.
       Сондай-ақ, «Жобаларды индустрияландыру және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің» 9 отырысы болып өтті. Нәтижесінде, 1 жобаны  Өңірлік  кәсіпкерлікті  қолдау картасынан шығаруға және жоба  бастамашысының өтінішіне сәйкес, 1 жобаның атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. 
       2017 жылғы 25 тамызда Басқарма басшысы Р. Сұлтангереевтің төрағалығымен Индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу үшін жобаларды қарау жөніндегі салалық комиссияның (бұдан әрі – Салалық комиссия) 1 отырысы өткізілді. Аталған салалық комиссия отырысында 1 жоба қаралып, нәтижесінде жобаны өңірлік  кәсіпкерлікті  қолдау картасына енгізуден бас тартуға шешім етілді.          
       2017 жылғы 25-26 қазанда сырттан инвестиция тарту мақсатында «Байқоңыр инвест» IX Инвестициялық форум өткізілу жоспарлануда және форумға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
       Сондай-ақ, форумға ҚХР, Өзбекстан, Иран және Ресей елдерінің делегациялары қатысылуы күтілуде.
 
Жер қойнауын пайдалану саласы бойынша  2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы
 
       Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны – 97  құрайды, оның ішінде көмір сутегі шикізатын барлау және өндірумен - 24 жер қойнауын пайдаланушы, қатты пайдалы қазбаларын барлау және өндірумен - 8 жер қойнауын пайдаланушы, емдік балшықты өндірумен – 2 жер қойнауын пайдаланушы, жер асты суды барлау және өндірумен – 7 жер қойнауын пайдаланушы, минералдық суды өндірушілер – 2, жер қойнауын пайдаланушы және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жұмыстарымен - 57 жер қойнауын пайдаланушы 81 келісімшарттың негізінде жұмыс жүргізуде.
       2017 жылдың 8 айында облысымыздағы мұнай операторларымен 4587,4 мың тонна мұнай өндірілді, бұл көрсеткіш 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 87,9 пайызды құрайды.      
Облыс әкімі Қ. Көшербаевтың төрағалығымен өткізілген есепті мәжілісте облыстың кең таралған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдаланушыларының келісімшарттық міндеттемелердің орындалуы бойынша есеп берілді.
       Мәжіліс қорытындысы бойынша Қызылорда аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясына, аудандық әкімшіліктерге және облыс басқармаларына тиісті тапсырмалар берілді.
      Облыс әкімінің төрағалығымен ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаевтың, «ҚазАтомПром» ҰАК» АҚ-ның Басқарма Төрағасы А. Жұмағалиевтың, облыстың  мұнай және мұнай-сервистік компания басшыларының қатысуымен мұнай-газ секторының, уран өнеркәсібінің дамуы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сатып алынуы бойынша қазақстандық мазмұнды дамыту  жөніндегі кеңейтілген мәжілісті ұйымдастыру және тиісті ақпараттар дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді.
       Ағымдағы жылдың 15 наурызында облыс әкімі Қ.Көшербаевтің төрағалығымен, Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Әміреевтің, «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Т. Сұлтанбековтің және кең таралаған пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдаланушылармен («УАД» ЖШС, «Мелиоратор» ЖШС, «КДСМ Қыран» ЖШС, «ҚазПром-Қызылорда» ЖШС) «Шалқия» кеніші аумағындағы қиыршық тас өндіретін зауыттарды басқа аумақтарға көшіру туралы мәжіліс өткізу ұйымдастырылды және тиісті акпарат ұсынылды.
       2017 жылдың 31 наурызында Индустриялық-инновациялық даму басқармасымен «Жер қойнауын пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау тәртіптері және жер қойнауын пайдалану саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
       Дөңгелек үстел аясында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге жер жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау тәртіптері жер қойнауын пайдалану саласында 6 регламент бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мәселелер талқыланды:
        1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу»;
        2. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау»;
     3. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу»;
        4. «Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе  өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау»;
        5. «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру»;
        6. «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру».
       Берілген сұрақтар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын конкурстық (тендер) негізінде немесе тікелей келіссөз арқылы табыстау тәртіптері бойынша презентациялық ақпараттар тыңдатылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
       Дөңгелек үстел қорытындысына сәйкес қала және аудан әкімдіктеріне жер қойнауын пайдалану бойынша қала және аудан кәсіпкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
       Сонымен қатар, дөңгелек үстел қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалануға құқық беру тәртібі  бойынша Жол картасы аудан әкімдіктеріне аудан деңгейінде одан әрі жұмысты жалғастыру үшін, сондай-ақ аудандық БАҚ-на орналастыру үшін жіберілді.
       2017 жылғы 24 тамызда Қызылорда қаласында облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимнің төрағалығымен ҚР Энергетика министрлігі мен «KAZENERGY» қауымдастығының бастамасы бойынша мемлекеттік органдар, атап айтқанда индустриялық-инновациялық даму, еңбек саласындағы бақылау басқармалары, сонымен қатар ірі және орта мұнай-газ саласы кәсіпорындары басшыларының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен еңбек заңнамасы мәселелері, соның ішінде салалық келісімнің және мұнай-газ саласы кәсіпорындарындағы ұжымдық шарттарды жасасудың негізгі бағыттары бойынша семинар-мәжіліс өткізілді.
       Семинар-мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
      Облыстың жер қойнауын пайдаланушыларының мәселелерін (мұнайды, газды өндіру, және инвестициялар мен жоспарлары туралы) шешу үшін облыс әкімі орынбасары Е.Г.Кимнің төрағалығымен Энергетика министрлігі өкілдері мен облыстың жер қойнауын пайдаланушылары компанияларының қатысуымен бірқатар мәжілістер өткізілді (25.07.2017 ж., 7.08.2017 ж., 24.08.2017 ж.). Мәжіліс қорытындысына сәйкес облыстың жер қойнауын пайдаланушы-компанияларына мұнай алу коэфициентін (МАК) көтеру үшін тиісті геологиялық-техникалық шараларын жүргізу бойынша жұмыстарды жандандыру тапсырылды.
       Облыстың мұнай және мұнай-сервистік компанияларына мұнай өнімі, инвестицияларды ұлғайту және жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу бойынша үздіксіз негізде талдау және мониторинг жүргізіліп отырады.
        2017 жылдың 9 айында Қызылорда облысының кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның 5 отырысы өткізіліп, 17 жер қойнауын пайдаланушылардың өтініші қаралды:
    - келісімшарттың колданылу мерзімін ұзарту және бекітілген баланс қалдықтарын жылдар бойынша тең үлесте бөлу бойынша - «МыңбұлақДоломитГрупп» ЖШС, «Арал Тұз» АҚ, «Өтеміс» ЖШС, «Али Барс» ЖШС, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ;
       - келісімшарттың жұмыс бағдарламасына өндіру көлемін өзгерту бөліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша - «Gravel Land» ЖШС, ЖК «Даулет»;
       - жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді табыстау бойынша  -  «Байқоңыр» ӘКК» АҚ, «Корпорация DanAke» ЖШС;
       - жарғылық капиталдағы үлесті табыстау бойынша - Қаныбекова Үрташа, «Petro Asia» АҚ, Сейтжанов Бақытжан Серікжанұлы, Чингисова Райхан Әлімханқызы;
       - келісімшартта қарастырылған аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға ақшалай қаражат көлемін азайту бойынша – «Байқоңыр» ӘКК» АҚ, «Сыр Суы и К» ЖШС.  
       Нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.
       Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын тікелей келіссөз жүргізу арқылы табыстау бойынша Жұмыс тобының 4 отырысы өткізілді, 19 жер қойнауын пайдаланушының өтініштері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша оң шешімдер қабылданды, атап айтқанда:
     - геологиялық барлау жасауға жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау бойынша – 15 өтініш («СПК «Байқоңыр» АҚ (5 өтініш), ЖК «Ақтал» (2 өтініш), «SSM-Oil» ЖШС –  «Көлжан» ЖШС (2 өтініш), «Кристалл Менеджемент» (3 өтініш), «Тоғыс - Аралотын» ЖШС, «ПККР» АҚ (2 өтініш)); 
     - жобалық құжаттарды дайындау мерзімін ұзарту бойынша – 1 («Жана Арал» ЖШС);
     - ұйымдық-құқықтық нысанды өзгерту бойынша - 1 ( «Кристалл Менеджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен жаңа ұйымдық-құқықтық нысанға – «Кристалл Менеджмент» акционерлік қоғамына);
       Кенорынның бұрыштамалық нүктелерінің координаталарына өзгерістер енгізу бойынша - 1 («ҚОР» АҚ).
«Шопан Ата» ЖШС бірінші басшысының болмауына байланысты аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфраструктурасын дамытуға ақшалай қаражат көлемін азайту бойынша өтініші келесі отырысқа қалдырылды.
       2017 жылдың 9 айының қорытындысына сәйкес 12 жаңа келісімшарт жасалып,  мемлекеттік тіркеу реестіріне тіркелді, олар «Байқоныр» ӘКК» ҰҚ» АҚ (3 Келісімшарт), «Тоғыс-Аралотын» ЖШС, «Жаңа Арал» ЖШС, «Кристалл Менеджмент» ЖШС (3 Келісімшарт),  «KazChinNur» ЖШС,  «Умэкс БС» ЖШС,  ЖК «Байдаулетов Қазбек», «Галаз и К» ЖШС, яғни «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бойынша 12 қызмет көрсетілді, сонымен қатар келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 10 келісімшартқа қосымша келісімге қол қойылды: «Kyzylorda Construction» ЖШС, «Жана Доломит Қорған» ЖШС,   «КДСМ Қыран» ЖШС (2 қосымша келісім), «Арал Тұз» АҚ, «Байқоныр» ҰҚ»  ӘКК» АҚ (2 қосымша келісім), «Мыңбұлак Dolomit Group» ЖШС, «Арыс Тұз» ЖШС, «Арал Тұз» ЖШС. 
«Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бойынша 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді, яғни Қызылорда қаласының сол жағалауында газ тарату желісінің құрылысын және электр желісінің құрылысын салу нысанында орналасқан 1 және 2-учаскелері аумағында жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы «КАТЭК» ЖШС-не 4 қорытынды, сонымен қатар Байқоңыр қаласының «Байқоңырэнерго» ӨЭБ» Мемлекеттік Унитарлық кәсіпорнына - «Байқоңырэнерго» ӨЭБ» Мемлекеттік Унитарлық кәсіпорнының  су алу учаскесіне  1 қорытынды берілді.
ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) талаптарына сәйкес келісімшарттық міндеттемелердің орындалуы, оның ішінде 2006-2016 ж.ж. аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфраструктурасын дамытуға ақшалай қаражат бөлу бойынша талдау және мониторинг жүргізілді.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша ағымдағы жылдың 17 маусымында заң бұзушылықтарды жою мақсатында «КиД-2003» ЖШС, «Альянс Доломит» ЖШС, «Асыл-Ғани» ЖШС, «Али Барс» ЖШС, «Жайылма-Оңтүстік» ЖШС, «Береке-Оңтүстік» ЖШС, «Кристалл-Тұз» ЖШС,  «Қызылорда экспортастық» ЖШС, «Ас-Тұз-М» ЖШС, ЖК «Түктібаев», «Корпорация «ДанАке» ЖШС, «Өтеміс» ЖШС, «Саутс Ойл» ЖШС, «Мұхтар Н.К.» ЖШС, «Компания «ҚазПромҚызылорда» ЖШС, «Жаңакорганский Комбинат Нерудных Материалов» ЖШС және «Шалкия Неруд» ЖШС-не  хабарламалар жіберілді.
Келісімшарттық міндеттемелерді және ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының талаптарын орындамағаны үшін басқармамен 14 (он төрт) келісімшарт тоқтатылды, оның ішінде:
- келісімшарттық міндеттемерді орындамағаны үшін – 9  («УАД» ЖШС 20.04.2009 ж. №67;  «Сыр суы и К» ЖШС 02.03.2009 ж. №165; «Қызылордаэкспортастык» ЖШС 12.10.2007 ж. №54; «Кристалл Туз» ЖШС 30.04.2004 ж. № 3; «Альянс Доломит» ЖШС 09.10.2007 ж. №81; «Ас Туз-М» ЖШС 19.09.2002 ж. №60; «Асыл-Ғани» ЖШС 07.11.2005 ж.    № 20; «Жайылма-Оңтүстік» 18.01.2010 ж. №85; «Компания «КазПром-Кызылорда» ЖШС, «Жанакорганский комбинат нерудных материалов» ЖШС және «Шалкия-Неруд» 28.04.2003 ж. № 104) келісімшарттар;
- келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты - 5   («ПетроҚазақстан Құмкөл-Ресорсиз» АҚ-ның - 21.05.2014 жылғы № 157, 11.05.2007 жылғы №47, №48, №49, №50) келісімшарттар.
Сонымен қатар, 2017 жылдың аяғына дейін жер қойнауын пайдалану құқығын алуға ашық Конкурс (тендер) өткізу жоспарлануда.
Қазіргі таңда облыс аумағында орналасқан жер қойнауы учаскелерін алдағы уақытта Конкурсқа (тендерге) шығару үшін жер қойнауы учаскелері бойынша жер қойнауын пайдалану және жерді пайдалану құқығынан бос екендігі туралы жинақтау және талдау жұмыстары жүргізілуде.
2017 жылдың 9 айындағы қортындысы бойынша сыртқы байланыстар бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар 
2017 жылдың 26-27 қаңтарда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегация Өнеркәсіп пен саудадағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау мақсатында Өзбекстан Республикасына   іс-сапармен болды.
Жұмыс сапардың бірінші күні делегация Шахи Зинда кесенесіндегі Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың қабіріне гүл шоқтарын қойды және "Навои" еркін индустриалды-экономикалық аймағымен танысты.
27 қаңтар күні Қырымбек Көшербаев Өзбекстан Республикасының олий мәжіліс сенатының бірінші орынбасары Содико Сафоевпен, Ташкент қаласының әкімі Рахмонбек Усмановпен және «Узавтопром» АҚ-ның ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Қызылорда облысының әкімі «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумына белсенді қатысқаны үшін әріптестеріне алғысын білдірді және "ЭКСПО - 2017" халықаралық көрмесі аясында Арал аймағын тамашалауға шықарды.
Сонымен қатар, 2017 жылдың 1-2 ақпан күндері Қызылорда облысына Иран Ислам Республикасы (ИИР) Мазандаран провинциясы губернаторының орынбасары Юнеси Ростами Алиреза Алиджан бастаған делегация екі күндік жұмыс сапарымен болды. Сапар мақсаты –экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ, бірлескен бизнес жоспарларға қатысу. Іс-сапардың бірінші күні делегация мүшелері шыны зауытының құрылыс алаңын көрді, «Абзал және К», «Смарт Раббер», «Жан-Арай Жем» кәсіпорындарының жұмысымен танысты.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев делегаттармен кездесіп, өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы айтып берді. Мәселен, инвесторларды құс өсіру, мал және егін шаруашылығы, жылыжайлар салу, өндеу өнеркәсібі және т.б. жобалар мен Қызылорда облысына Иран балығын, цитрустық, басқа да жеміс-жидек түрлерін экспорттау қызықтыруы мүмкін.
Сондай-ақ, осы күні облыс әкімдігінің ситуациялық орталығында Иран делегациясы мен қызылордалық кәсіпкерлердің қатысуымен жиын өтті.
Іс-сапардың екінші күні қонақтар Қызылорда облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының жұмысымен танысып, бизнес қоғамдастықпен В2В форматында кездесу өткізді. Нәтижесінде «Атамекен» ҚР ҰКП Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының және Иран Ислам Республикасы Мазандаран провинциясы Сауда, өнеркәсіп, кендер және ауылшарушылығы палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, делегация Шиелі және Жаңақорған аудандарында болып, аудан әкімдерінің жиындарына қатысты. Шетелдік қонақтар аудандардың бір топ кәсіпкерлерімен кездесіп, инвестициялық жобалармен танысты.
2017 жылдың 14 наурызда Қызылорда қаласына Нидерланды Корольдігі Елшілігінің Алматы қаласындағы кеңсе басшысы Вилко Роггенкамп  бастаған делегация арнайы іс-сапармен келді. Делегация құрамында Рийк Цваан Алматы (Rijk zwaan Almaty), Филипс Лайтинг Қазақстан (Philips Lighting Kazakhstan) сияқты голландиялық компания өкілдері  болды. Іс-сапардың мақсаты - денсаулық сақтау, сумен жабдықтау, қоршаған орта, энергетика, қала жарығын қайта жабдықтау және қаланың жаңа бөлігінің құрылысы мәселелері мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Делегацияның облыс әкімі Қ. Көшербаевпен кездесу барысында  өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы айтылды.
Сонымен қатар, осы күні облыс әкімінің орынбасары Е.Г. Кимнің төрағалымен голландиялық делегация мен қызылордалық кәсіпкерлердің қатысуымен жиын өтті. 
2017 жылдың 19-21 сәуір аралығында Қызылорда облысына Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  Итиро Кавабата бастаған делегация жұмыс сапармен келді. Елші аймақтағы бірқатар өндірістік нысандарын аралап, Қызылорда қаласының сол жақ жағалау құрылысы жобасымен танысып, содан соң облыс әкімі Қ. Көшербаевпен кездесті. Кездесу барысында өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы айтылды
20 сәуір күні Итиро Кавабата бастаған жапон делегациясы Байқоңыр аймағында «СОЮЗ-МС» ғарыш кемесінің ұшырылуына қатысып, «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенінің жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, 2017 жылдың 18 мамырда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «YILDIZLAR SSS HOLDING» Түрік компаниясының өкілдерімен кездесті. Холдинг құрамындағы компаниялар керамика және керамогранит, бағалы, түсті металдар өндірумен және органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірумен айналысады. Сонымен қатар, холдинг құрылымы энергетика, сауда және басқа да салалардағы активтерді қамтиды. «YILDIZLAR SSS HOLDING»-тің жалпы айналымы шамамен 1,5 млрд АҚШ долларын құрайды, зауытта 10 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.
Кездесу барысында Қызылорда облысындағы газ электр станциясының құрылысы және керамикалық тақтайшалар мен керамограниттерді өндіру, барлау жобаларын бірлесіп жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Холдинг негізін қалаушы Себахаттин Йылдыздың айтуынша, облыс әкімі бұл жобаларды қолдаған және оларды жүзеге асыру болашақта егжей-тегжейлі талқыланатын болады.
2017 жылдың 19-20 мамыр аралығында Қызылорда облысына ҚХР Синцзянь провинциясы Куйтунь қаласынан Куйтунь қаласы хатшысының орынбасары Ванг Гуйенг мырза және «Куйшань Баота» мұнай химиясы компаниясының бас директоры Те Бинь мырза іс-сапармен келді.
Ү.ж. 20 мамырда ҚХР-нан келген делегация мүшелері облыс әкімінің орынбасары Е.Г. Киммен және жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.
Куйтунь-Душаньцзы – Синьцзянь провинциясы Куйтунь қаласының экономикалық және технологиялық даму аймағы болып табылады. Ол мұнай химиясы, құрылғыларды жасау өндірісі, дәстүрлі өнеркәсіптік және логистика саласының даму орталығы болып табылады. Қазіргі кезде бұл аймақта 108 өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс жасайды.
Іс-сапардың мақсаты – жергілікті мұнай компанияларымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және энергетика және инфрақұрылым саласында іскерлік қатынас орнату.
Кездесу аясында Қызылорда облысы әкімдігі және Синьцзян провинциясы Куйтунь қаласының әкімшілігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
2017 жылдың 29 мамырда Қызылорда облысына Швеция Корольдігінің ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі  Христиан Камилл және  Финляндия Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі  Илкка Райсанен жұмыс сапармен келді. Елшілер аймақтағы бірқатар өндірістік нысандарын аралап, Қызылорда қаласының сол жақ жағалау құрылысы жобасымен танысты.
Содан соң, облыс әкімі Қ. Көшербаевпен кездесу  барысында  өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы айтылды.
Сонымен қатар, осы күні  елшілер инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға байланысты жиынға қатысты. 
2017 жылғы 19 маусымда отандық және шет елдік компания өкілдерінің қатысуымен «Байқоңырда бизнес дамуы мүмкін бе?» атты   ІІ халықаралық интернет форумын өткізді. 
Интернет-форумның мақсаты – қазақстандық, ресей және халықаралық мамандарға Байқоңыр қаласында бизнесті дамыту мүмкіндігін талқылау және шешу жолдарын қарастыру үшін диалог алаңын ұйымдастыру болып табылады.. 
Форумға «KAZAKH Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары - Канешев Біржан Бейсекенұлы, «Ресей Федерациясы жер үсті ғарыштық инфрақұрылым объектілерінің эксплуатация орталығының» директоры - Камынин Владимир Александрович және модератор ретінде «Бизнес-инкубатор MOST» компаниясының негізін салушы, директор - П. Коктышев қатысты.
Сондай-ақ, Ресей, Қытай, Израиль, Ұлыбритания, Нидерланд, Түркия, Финляндия, Дания және Әзірбайжан сияқты әлемнің 9-дан астам  елінен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан 20-дан астам халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты.
2017 жылдың қыркүйек айының 15-16 күндері аралығында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасы делегациясының Өзбекстан Республикасына ресми сапары болды.
Ресми сапардың негізгі мақсаты Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында тығыз қарым-қатынас қалыптастыру, қос ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру негізінде инвестициялар тарту саласын дамытуға бағытталған.
Ресми сапар аясында, үстімідегі жылғы 16 қыркүйекте Қызылорда облысының әкімдігі мен Науаи облысының хокимияты арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2017 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы
АНЫҚТАМА
 
Қызылорда облысының өнеркәсіп саласының 2017 жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындысы жайлы.
       2017 жылдың қаңтар-маусым айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 356,4 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96,3% құрады. 
       Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы (90%-ға дейін) мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда. 
        Атап айтқанда, есепті кезеңде 236,3 млрд. теңгенің 3 429,7 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 87,2%-ға  орындалған (2016 жылдың ұқсас кезеңінде 3 933,9 мың тонна шикі мұнайы өндірілген).
Шикі мұнай өндірісінің динамикасы
 
2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл

2016 жыл қаңтар-мамыр

айлары

2016 жыл қаңтар-мамыр

айлары

9 907,6 мың тонна
8 962,6 мың тонна
7 666,0 мың тонна
 
3 933,9 мың тонна
3 429,7 мың тонна
        Өнеркәсіптің 81,2%-н (негізінен мұнай саласы) құрап отырған кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 289,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 93,5% ғана құрап отыр.
        Оның ішінде 26,4 млрд. теңгеге техникалық қызметтер көрсетіліп, мұнай өндіру саласында көрсетілетін техникалық қызметтердің  нақты көлем индексі 34,5% жоғарылаған. 
       Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында 49,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105,7% құрады.
        Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің өндірісі – 4,7%-ға, ұн тарту өнеркәсібі өнімдері – 13,7%, басқа да тамақ өнімдерін өндіру – 18,1%, сусындарды өндіру – 3,7 есеге, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру – 0,6%, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру – 14,4%, жеңіл өнеркәсіп – 38,1% жоғарылаған. 
ҮИИДМБ-1 қорытындысы
        2010-2014 жылдары құны 82,0 млрд.теңгенің 17 жобасы іске қосылып, 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.  
        2017 жылдың мамыр айында бірінші бесжылдықта іске қосылған 17 жобаның 11 жобасы өнім өндіруді қамтамасыз етті. 
        - 8 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 90-100% аралығында меңгерді.
1.  «Казгермұнай» БК ЖШС – ілеспе газ өңдеу – 110,9%.
2. «Рза» АҚ - сүт өнімдері – 116%.
3. «KazFrac» ЖШС - газ өндірісі –99,2%.
4. «Кристалл менеджмент» ЖШС - электрэнергиясы – 93,8%.
5. «СКЗ-U» ЖШС -  күкірт қышқылы – 106,7%.
6. «СПК Кызылорда балык» ЖШС  - балық өнімдері – 187%.
7. «Дорстрой» ЖШС – қызмет көрсету – 100%.
8. Хуа ю интернационал в г. Кызылорда» ЖШС -  химиялық реагенттер – 90%.

        - 3 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 50-90% аралығында меңгерді.

1. ПетроКазахстанКумкольРесорсиз» ЖШС – электр энергиясы – 77,1% - редуктордың төмендету күші  және генератордың жоғарғы дірілінің салдарынан өндірілген электроэнергия көлемінің төмендеуіне әкеліп соқты. Аталған құрылғы ақауларын жөндеуге және тексеруге білікті маман көмегі қажет. Қазіргі уақытта қажетті маманды тартуға байланысты келісім-шарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Құрылғыны жөндеу жұмыстары мамыр айына жоспарланған.    
2. «Бис групп» ЖШС - мия тамырын  - мия тамырын өндіру – 45,5% - құрылғыға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
3. «Аралтұз» АҚ - ас және техникалық тұз – 58,2% - зауытта сәуір-мамыр айларында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

        - 4 жоба есепті кезеңге «жоспарлы қуаттылықты» жоспарламаған.

1. «УАД» ЖШС - асфальт-бетон зауыты – өнім өндіруді маусым айында бастайды. 
2. «Тату Агро» ШҚ – томат өнімдері - егін егу жұмыстары наурыз-мамыр айларында басталады. 
3. ДК «Палжанов» - кірпіш өндіру - маусым айында шығарады 
4. «АзовАралАгроМаш» БК» ЖШС – а/ш техникасы, қазіргі таңда сербиялық компания тарапынан шаруашылықта тракторларды қолдану мәселесі қарастырылуда. 
           - 2 жоба - жоба бастамашылары арасында проблемасы болғандықтан 2014 жылғы желтоқсанда АҮК шешімімен индустрияландыру картасынан шығарылған.        
(«Шөгірлі» шаруа қожалығы мал басын сатып жіберуіне орай жабылды. Алайда, бүгінгі күні жоба жетекшісі шаруа қожалығының бұрынғы сүт зауыты базасында мал бордақылау алаңын ашуды жоспарлауда.Қазіргі таңда мал қораның құрылысы жүргізілуде. Мал союға арналған жабдықтарды алу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы қаржыландыру мәселесі қарастырылуда. Мал бордақылау цехінің сыртқы құрылыс жұмыстары аяқталуда. 
        «Алтын бала-08» ЖШС құрылтайшылар арасындағы сот процесі жүруіне орай жұмысы тоқтап тұр, бүгінгі күні зауыт жұмысын жаңғырту үшін жаңа инвесторды тарту мәселесі қарастырылуда).
        2017 жылдың қаңтар-мамыр айларында іске қосылған жобалар 6,6 млрд.теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 17,5%-ға кеміген -  ПетроКазахстанКумкольРесорсиз» ЖШС, «СКЗ-U» ЖШС, «Аралтұз» АҚ, «Бис групп» ЖШС  (2016 жылдың қаңтар –мамыр айында – 8,0 млрд.тенге),
        Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 4,0 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27,2%-ға кеміген (2016 жылдың қаңтар-мамыр айында – 5,5 млрд.теңге).
        2017 жылғы қаңтар-мамыр айларында карта жобалары арқылы өндірілген өнім көлемі жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 9,6%-ды құрады (2016 жылдың қаңтар-мамыр  айында – 11,3 %).
ИИДМБ-2 орындалуы туралы ақпарат
        ИИДМБ-2 аясында құны 604,1 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылған 6,2 мың адамды жұмыспен қамтитын 24 жоба жүзеге асырылатын болады оның ішінде: 
        1) «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасында - құны 321,1 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 3,7 мың адамды жұмыспен қамтитын - 21 жоба; 
        2) Республикалық картасында - құны 283 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 2,5 мың адамды жұмыспен қамтитын - 3 жоба. 
        Қазіргі таңда 246,3 млрд.теңгені құрайтын, іске асырылғанда 2 мыңнан аса жұмыс орындары құралатын 2 жоба Республикалық Индустрияландыру Картасына енгізу сатысында тұр. 
        1. ««Шалкия»  Шалқия полиметаллдық кен орнын өнеркәсіптік байыту арқылы қуаттылығын жылына 4 млн тоннаға дейін жеткізу және кен-байыту фабрикасының құрылысы (жоба құны – 165 млрд.теңге, жұмыс орны – 1540 адам); 
        2. Қуаттылығы жылына 200 мың тонна кальцийлендірілген сода өндіретін зауыттың құрылысы жобасы (жоба құны – 87,5 млрд.теңге, жұмыс орны – 699 адам). 
                2017 жылы 2 жоба іске қосылуы жоспарланған:  
        1) Қуаттылығы жылына 500 тонна екіокись молибден ұнтағын үшокись молибденге техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру «ТРИМО» ЖШС. Құны – 871,5 млн.тенге, жұмыс орны – 58 адам. 
        Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. 
        Құрал-жабдықтардың І желісі қондырылды. Бүгінгі күні технологиялық жабдықтардың  сынақ жұмыстары жүргізілуде.  
        Эксперимент нәтижесі бойынша жабдықтардың ІІ желісін жеткізуге келісім-шарт жасалады. Объектінің техпаспортын рәсімдеу жұмыстары қатар жүргізілуде.
        2) «Қызылорда қаласында қуаттылығы 197,1 мың тонна табақша шыны өңдеу зауыты»«Оrda Glass LTD» ЖШС. Құны - 36,7 млрд.тенге, жұмыс орны – 226 адам. 
        Зауыттың орналасуына Қызылорда қаласының индустриалды аймағынан 50 га жер телімі берілді. 
        Бюджет қаражаты есебінен инфраструктура жеткізілді. 2016 жылы индустриалды аймаққа газ және электр желілері қосымша жеткізілді.
        2017 жылы теміржол тұйығы және сумен қамтамасыз ету желісін жүргізу жоспарланған. Технологиялық жабдықтардың 99% жеткізілді. 
        2017 жылдың 15 мамырында Пекин қаласындағы Қазақстан және ҚХР елдері басшыларының «Бір белдеу - бір жол» стратегиясы аясында халықаралық экономикалық форум  аясында  қытайлық компания және «Orda Glass ltd» ЖШС-ң арасында шыны зауытының құрылысын ү.ж.желтоқсан айында аяқтау жоспарымен  меморандумға қол қойылды.
        Ү.ж. 28 маусымында мердігермен келісім-шартқа отыру жоспарлануда (ҚХР-ның Президенті басшылығымен Астана қаласына Қытай делегациясының іс-спарамен келуі жоспарлануда).
Шетел жұмыс күші 
        2017 жылдың желтоқсан айында құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау мақсатында бас мердігер компанияға 500 бірлікте шетел жұмыс күшін тарту қажет. Ол үшін 2015 ж. 21 қазандағы №1047-10-2015 Инвестициялық келісім-шарттың №13/1 қосымша  келісіміне өзгеріс енгізу қарастырылуда.
        Зауыттың іске қосылуы 2017 жылдың 4 кварталына жоспарланған.
 
Барлығы: 24 640,3 6239
Республикалық карта 3 289,2 2465
Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы 21 321,1 3774
        2017 жылғы 28 наурыздағы №9 Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысында келесі жобалар Картадан шығаруға шешім қабылданды:
        1.«Евразфарма» ЖШС-ның «Қызылорда қаласындағы фармацевтикалық  қатты нысандағы дәрі  өндіретін зауыт» жобасын дәрілік  заттарға  кепілді мелекеттік тапсырыстың  болмауы себепті;
       2.«Бек ТрансСтрой» ЖШС-ның «Құрылыс материалын өндіру  (әк, полипропиленды қапшық, шлакоблок) зауыты» жобасы  экспортқа бағытталмағандығы және  ауқымдылық  критериіне сәйкес  келмеуіне байланысты. 
        Қазіргі күні облыс әкімдігінің қаулысы әзірленуде.
        Жалпы құны 55 млрд.теңгені құрайтын 2 жоба  Өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралып, «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына» енгізу үшін оң шешім қабылданды:
        1.  «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Арысқұм кенішінде табиғигазды кешенді пайдалану» жобасы 
Анықтама
        Жобаның бастамашысы – «PETROSILKWAY» ЖШС,  Жүзеге асыру орны -   Қызылорда қаласы. Жобаның іске асырылу мерзімі – 2017—2018 жж. Жоба құны – 54,9 млрд.тенге
        Жұмыс орны – құрылыс кезінде -300 адам, 
                                 Іске қосылғанда – 160 адам.
        Қуаттылығы – метанол - 50 мың.тонна, жеңіл  хош иісті көмір сутек – 85     
мың.тонна,  ауыр жеңіл  хош иісті көмір сутек – 6,2 мың.тонна.
        2. «Арал ауданындағы асфальтобетон зауыты», «Арал курылысы» ЖШС. (Жоба құны  – 148,5  млн.теңге, жұмыс орын:  құрылыс кезінде  - 5 адам , іске қосылғанда  – 17 адам).
        2017 жылдың 1 жартыжылдығының (қаңтар-маусым) қорытындысы бойынша инвестициялық жобалар бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстары.
        2017  жылдың 28 ақпанында облыс әкімі орынбасары Е.Кимнің төрағалығымен, облыстық ЖОО  және кәсіптік білім беру орындарының  қатысуымен «Астана- ЭКСПО-2017» жылына арналған ғылыми– іс-тәжірибелік «Келешек инновациясы, Баламалы көздер» тақырыбында жас ғалымдардың конференциясы мен «Келешек инновациясы» стартап техно- эстафетасы (көрме)  ұйымдастырылып өткізілді. 
        2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы  бойынша Индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу үшін жобаларды қарау  жөніндегі салалық комиссияның (бұдан әрі – Салалық комиссия) 2 отырысы өтті. 
        2017 жылғы   31 қаңтарда    Басқарма   басшысы    Р. Сұлтангереевтің төрағалығымен бірінші салалық комиссия  отырысы болды. Комиссияда 4 жоба қаралып, нәтижесінде 3 жобаның құжаттарын толық жинақтап, қайта қарауға және қалған 1 жобаны өңірлік  кәсіпкерлікті  қолдау картасына енгізуден бас тартуға шешім етілді. 
        Салалық комисссияның  екінші отырысы 2017 жылдың 27 наурызда 
өтті. Комиссияда 3 жоба қаралды. Нәтижесінде, 1 жоба Өңірлік үйлестіру кеңесіне шығаруға, 1 жоба комиссияның  келесі  отырысына қайта қарауға және қалған 1 жобадан бас тартуға шешім  етілді.
        Сондай-ақ, Қызылорда облысын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің  9 отырысы болып өтті. Оның 1 отырысы басқарма құзыретіндегі мәселе бойынша 2017 жылдың 28 наурызында, облыс әкімі Е. Кимнің төрағалығымен өткізілді. Нәтижесінде Өңірлік  кәсіпкерлікті  қолдау картасынан  3 жоба  шығаруға және 1 жоба бойынша жоба жетекшісінің өтінішіне орай, жоба атауын өзгертуге шешім етті.
        2017 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы  бойынша Индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу үшін жобаларды қарау  жөніндегі салалық комиссияның (бұдан әрі – Салалық комиссия) 2 отырысы өтті. 
        2017 жылғы 28 сәуірде Басқарма басшысы Р. Сұлтангереевтің  төрағалығымен бірінші салалық комиссия отырысы болды. Комиссияда 1 жоба қаралып, нәтижесінде жоба құжаттарына жасалған ескертулерді 16.05.2017 жылғы мерзімге дейін жоюға шешім етілді.
        Салалық комиссияның екінші отырысы 2017 жылғы 5 маусымда өтті. 
        Комиссияда 1 жоба қаралып, ескертусіз келес Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынуға шешім етілді.
      Сондай-ақ, Қызылорда облысын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің  12 отырысы болып өтті. Оның 3 отырысы басқарма құзыретіндегі мәселе бойынша, облыс әкімі Е. Кимнің төрағалығымен өткізілді. 
        ӨҮК-ң бірінші отырысы 2017 жылғы 21 сәуірде өтті. Кеңесте 4 жоба 
қаралды. Ондағы 1 жоба Республикалық индустрияландыру картасына ұсынылып, 1 жоба экспортқа бағытталмауына және қаржылық мәселесінің шешілмеуіне байланысты Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілуден бас тартылды. Сондай-ақ, 1 жоба құжаттарын толықтырып және қаржыландыру мәселесін шешіп, қайта ӨҮК-де қарауға және 1 жобаны картаға енгізуге шешім етілді. Және 1 жоба бойынша жоба жетекшісінің өтінішіне орай, жоба атауын өзгертуге шешім етті.
       2017 жылғы 9 маусымда ӨҮК-ң екінші отырысы болып өтті. Кеңесте 
       1 жоба қаралып, нәтижесінде жобаны картаға енгізуге шешім етілді.
       Кеңестің үшінші отырысы 2017 жылғы 16 маусымда өткізіліп, 1 жоба қаралды. Нәтижесінде  жобаны картаға енгізуге шешім етілді.
        Сонымен қатар, 2017 жылғы 19 маусымда отандық және шет елдік компания өкілдерінің қатысуымен, облыс әкімінің төрағалығымен,  мақсаты – қазақстандық, ресей және халықаралық мамандарға Байқоңыр қаласында бизнесті дамыту мүмкіндігін талқылау және шешу жолдарын қарастыру үшін диалог алаңын ұйымдастыру болып табылатын «Байқоңырда бизнес дамуы мүмкін бе?» атты ІІ халықаралық интернет форумы өткізілді. 
     Форумға «KAZAKH Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары - Канешев Біржан Бейсекенұлы, «Ресей Федерациясы жер үсті ғарыштық инфрақұрылым объектілерінің эксплуатация орталығының» директоры - Камынин Владимир Александрович және модератор ретінде «Бизнес-инкубатор MOST» компаниясының негізін салушы, директор - П. Коктышев қатысты.
       Сондай-ақ, Ресей, Қытай, Израиль, Ұлыбритания, Нидерланд, Түркия, Финляндия, Дания және Әзірбайжан сияқты әлемнің 9-дан астам  елінен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан 20-дан астам халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты.
        Форумға қатысушы компаниялар Байқоңыр қаласында бизнесті дамыту туралы ойларын және өз ұсыныстарын ортаға салды. Форум тікелей-эфирде  YouTube әлеуметтік желісі мен облыс әкімдігінің  FaceBook желісіндегі ресми парақшасында көрсетілді.
           Жер қойнауын пайдалану саласы бойынша  2017 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы анықтама.
        Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны – 100 ды құрайды, оның ішінде көмір сутегі шикізатын барлау және өндірумен - 21 жер қойнауын пайдаланушы, қатты пайдалы қазбаларын барлау және өндірумен - 6 жер қойнауын пайдаланушы, емдік балшықты өндірумен – 2 жер қойнауын пайдаланушы, жер асты суды барлау және өндірумен – 7 жер қойнауын пайдаланушы, минералдық суды өндірушілер – 2, жер қойнауын пайдаланушы және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жұмыстарымен - 62 жер қойнауын пайдаланушы 87 келісімшарттың негізінде жұмыс жүргізуде.
        2017 жылдың 1 жарты жылдығында облысымыздағы мұнай операторларымен 3426,0 мың тонна мұнай өндірілді, бұл көрсеткіш 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 86,9 пайызды құрайды.
        Облыстағы жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттар талаптарын орындалуы бойынша облыс әкімі Қ.Көшербаевтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісінде есеп беруге тиісті ақпараттар әзірленіп ұсынылды. 
        Облыс әкімі Қ.Көшербаевтің төрағалығымен, ҚР энергетика Министірі Қ.Бозымбаевтің, «ҚазАтомПром» ҰАҚ» АҚ Басқарма Төрағасы А.Жұмағалиевтің, облыстың мұнай және мұнай сервистік компанияларының басшыларының  қатысуымен аймақтың мұнайғаз секторының дамуы туралы, уран өнеркәсібі және оның тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сатып алуда қазақстандық мазмұнын дамыту бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізуді үйымдастыру және тиісті акпарат әзірлеу жұмыстары жүргізілді.   
        Ағымдағы жылдың 15 наурызында облыс әкімі Қ.Көшербаевтің төрағалығымен, Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Әміреевтің, «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Т. Султанбековтің және кең таралаған пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдаланушылармен («УАД» ЖШС, «Мелиоратор» ЖШС, «КДСМ Қыран» ЖШС, «ҚазПром-Қызылорда» ЖШС) «Шалқия» кеніші аумағындағы қиыршық тас өндіретін зауттарды басқа аумақтарға көшіру туралы мәжіліс өткізу үйымдастырылды және тиісті акпарат ұсынылды.
        Жыл басынан бері, Қызылорда облысының кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде 4 сарапшылық комиссия отырысы өткізіліп, онда 10 жер қойнауын пайдаланушылардың: «МыңбұлақДоломит Групп» ЖШС, «Арал Тұз» АҚ, «Өтеміс» ЖШС, «Али Барс» ЖШС– келісімшарттарының іс-әрекет мерзімдерін ұзарту және бекітілген қалдық қорын бірдей көлемде бөлуге, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ, «Корпорация DanAke» ЖШС – келісімшарттары бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға беруге, «Саутс ойл» ЖШС-мен Қазақстан Республикасының Энергетики минитсрілігімен жасасқан келісімшарттарда Қоңырбаева Үрташа және «Petro Asia» АҚ жер қойнауын пайдалану құқығын иеліктен шығаруға, «Сыр Суы және К» ЖШС – келісімшартпен қарастырылған өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған қаржыны төмендету туралы өтініштер қаралып тиісті шешімдер қабылданды.
        Сонымен қатар, Қызылорда облысының кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі 3 жұмыс тобы өткізіліп, 15 тікелей келіссөз арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау туралы өтініштері қаралып, онда 10 жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалану құқығы берілді, бұдан бұрын берілген шешімдер мерзімін ұзарту және қысқарту бойынша 3 өтініш,  келесі отырысқа 2 өтініш қалдырылды.
        «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңнамасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес облыстың жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттарына 2013-2016 жыл аралығында  өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамыту бойынша облыстық бюджетке түсетін аударымдарға жасалған төлемдеріне талдау жүргізіліп, анықталған Заң бұзышылықтар бойынша «КиД-2003» ЖШС, «Альянс Доломит» ЖШС, «Асыл-Ғани» ЖШС, «Али Барс» ЖШС, «Жайылма-Оңтүстік» ЖШС, «Береке-Оңтүстік» ЖШС, «Кристалл-Тұз» ЖШС, «Қызылорда экспортастық» ЖШС, «Ас-Тұз-М» ЖШС, «Түктібаев» ЖК, «ДанАке» Корпорациясы ЖШС, «Өтеміс» ЖШС, «Саутс Ойл» ЖШС, «Мұхтар Н.К.» ЖШС кәсіпорындарына келісімшарт бойынша қаржылық міндеттемелер бойынша жіберілген кемшіліктерді жою туралы  2017 жылы 17 мамыр күні Хабарлама жолданды.
        Осы Заңының талаптарын орындамағаны үшін «УАД» ЖШС жасасқан 20.04.2009 жылғы №67 келісімшарты, «Сыр суы и К» ЖШС 02.03.2009 жылғы №65 келісімшарт міндеттемелерін орындамаған үшін келісімшарттың іс-әрекеті тоқтатылды.
      Сонымен қатар, тараптардың келісім бойынша және келісімшарттар мерзімі аяқталуына байланысты «ПетроҚазақстан ҚұмкөлРесорсиз» АҚ-ның 21.05.2014 жылғы №157, және 11.05.2007 жылғы №47, №48, №49, №50 келісімшарттарының іс-әрекеттері тоқтатылды.   
      Сондай-ақ «КАТЭК» ЖШС-не, Қызылорда қаласының сол жағалауында газ тарату желісінің құрылысын және электр желісінің құрылысын салу нысанында орналасқан 1 және 2-учаскелері аумағында жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы 4-тұжырым берілді, яғни «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
           2017 жылдың I жартыжылдық қортындысы бойынша сыртқы байланыстар бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстары.
       2017 жылдың 26-27 қаңтарда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегация Өнеркәсіп пен саудадағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау мақсатында Өзбекстан Республикасына   іс-сапармен болды.
        Жұмыс сапардың бірінші күні делегация Шахи Зинда кесенесіндегі Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың қабіріне гүл шоқтарын қойды және "Навои" еркін индустриалды-экономикалық аймағымен танысты.
        27 қаңтар күні Қырымбек Көшербаев Өзбекстан Республикасының олий мәжіліс сенатының бірінші орынбасары Содико Сафоевпен, Ташкент қаласының әкімі Рахмонбек Усмановпен және «Узавтопром» АҚ-ның ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Қызылорда облысының әкімі «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумына белсенді қатысқаны үшін әріптестеріне алғысын білдірді және "ЭКСПО - 2017" халықаралық көрмесі аясында Арал аймағын тамашалауға шықарды.
Сонымен қатар, 2017 жылдың 1-2 ақпан күндері Қызылорда облысына Иран Ислам Республикасы (ИИР) Мазандаран провинциясы губернаторының орынбасары Юнеси Ростами Алиреза        Алиджан бастаған делегация екі күндік жұмыс сапарымен болды. Сапар мақсаты –экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ, бірлескен бизнес жоспарларға қатысу. Іс-сапардың бірінші күні делегация мүшелері шыны зауытының құрылыс алаңын көрді, «Абзал және К», «Смарт Раббер», «Жан-Арай Жем» кәсіпорындарының жұмысымен танысты.
     Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев делегаттармен кездесіп, өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы айтып берді. Мәселен, инвесторларды құс өсіру, мал және егін шаруашылығы, жылыжайлар салу, өндеу өнеркәсібі және т.б. жобалар мен Қызылорда облысына Иран балығын, цитрустық, басқа да жеміс-жидек түрлерін экспорттау қызықтыруы мүмкін.
         Сондай-ақ, осы күні облыс әкімдігінің ситуациялық орталығында Иран делегациясы мен қызылордалық кәсіпкерлердің қатысуымен жиын өтті.
         Іс-сапардың екінші күні қонақтар Қызылорда облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының жұмысымен танысып, бизнес қоғамдастықпен В2В форматында кездесу өткізді. Нәтижесінде «Атамекен» ҚР ҰКП Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының және Иран Ислам Республикасы Мазандаран провинциясы Сауда, өнеркәсіп, кендер және ауылшарушылығы палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, делегация Шиелі және Жаңақорған аудандарында болып, аудан әкімдерінің жиындарына қатысты. Шетелдік қонақтар аудандардың бір топ кәсіпкерлерімен кездесіп, инвестициялық жобалармен танысты.
        2017 жылдың 14 наурызда Қызылорда қаласына Нидерланды Корольдігі Елшілігінің Алматы қаласындағы кеңсе басшысы Вилко Роггенкамп  бастаған делегация арнайы іс-сапармен келді. Делегация құрамында Рийк Цваан Алматы (Rijk zwaan Almaty), Филипс Лайтинг Қазақстан (Philips Lighting Kazakhstan) сияқты голландиялық компания өкілдері  болды. Іс-сапардың мақсаты - денсаулық сақтау, сумен жабдықтау, қоршаған орта, энергетика, қала жарығын қайта жабдықтау және қаланың жаңа бөлігінің құрылысы мәселелері мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
        Делегацияның облыс әкімі Қ. Көшербаевпен кездесу барысында  өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы айтылды.
        Сонымен қатар, осы күні облыс әкімінің орынбасары Е.Г. Кимнің төрағалымен голландиялық делегация мен қызылордалық кәсіпкерлердің қатысуымен жиын өтті. 
        2017 жылдың 19-21 сәуір аралығында Қызылорда облысына Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  Итиро Кавабата бастаған делегация жұмыс сапармен келді. Елші аймақтағы бірқатар өндірістік нысандарын аралап, Қызылорда қаласының сол жақ жағалау құрылысы жобасымен танысып, содан соң облыс әкімі  Қ. Көшербаевпен кездесті. Кездесу барысында өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы айтылды
20 сәуір күні Итиро Кавабата бастаған жапон делегациясы Байқоңыр аймағында «СОЮЗ-МС» ғарыш кемесінің ұшырылуына қатысып, «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенінің жұмысымен танысты.
        Сонымен қатар, 2017 жылдың 18 мамырда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «YILDIZLAR SSS HOLDING» компаниясының өкілдерімен кездесті. Холдинг құрамындағы компаниялар керамика және керамогранит, бағалы, түсті металдар өндірумен және органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірумен айналысады. Сонымен қатар, холдинг құрылымы энергетика, сауда және басқа да салалардағы активтерді қамтиды. «YILDIZLAR SSS HOLDING»-тің жалпы айналымы шамамен 1,5 млрд АҚШ долларын құрайды, зауытта 10 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.
Кездесу барысында Қызылорда облысындағы газ электр станциясының құрылысы және керамикалық тақтайшалар мен керамограниттерді өндіру, барлау жобаларын бірлесіп жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Холдинг негізін қалаушы Себахаттин Йылдыздың айтуынша, облыс әкімі бұл жобаларды қолдаған және оларды жүзеге асыру болашақта егжей-тегжейлі талқыланатын болады.
        2017 жылдың 19-20 мамыр аралығында Қызылорда облысына ҚХР Синцзянь провинциясы Куйтунь қаласынан Куйтунь қаласы хатшысының орынбасары Ванг Гуйенг мырза және «Куйшань Баота» мұнай химиясы компаниясының бас директоры Те Бинь мырза іс-сапармен келді.
        Ү.ж. 20 мамырда ҚХР-нан келген делегация мүшелері облыс әкімінің орынбасары Е.Г. Киммен және жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.
       Куйтунь-Душаньцзы – Синьцзянь провинциясы Куйтунь қаласының экономикалық және технологиялық даму аймағы болып табылады. Ол мұнай химиясы, құрылғыларды жасау өндірісі, дәстүрлі өнеркәсіптік және логистика саласының даму орталығы болып табылады. Қазіргі кезде бұл аймақта 108 өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс жасайды.
        Іс-сапардың мақсаты – жергілікті мұнай компанияларымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және энергетика және инфрақұрылым саласында іскерлік қатынас орнату.
        Кездесу аясында Қызылорда облысы әкімдігі және Синьцзян провинциясы Куйтунь қаласының әкімшілігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
      2017 жылдың 29 мамырда Қызылорда облысына Швеция Корольдігінің ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі  Христиан Камилл және  Финляндия Республикасының ҚР Төтенше және                 Өкілетті Елшісі Илкка Райсанен жұмыс сапармен келді. Елшілер аймақтағы бірқатар өндірістік нысандарын аралап, Қызылорда қаласының сол жақ жағалау құрылысы жобасымен танысты.
        Содан соң, облыс әкімі Қ. Көшербаевпен кездесу  барысында  өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы айтылды.

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

  АНЫҚТАМА
      Қызылорда облысының өнеркәсіп саласының  2017 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы қорытындысы жайлы. 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі  ағымдағы бағаларда 113,9 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 94,6%  құрады.
        Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден  тыс сулануы (90%-ға дейін) мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда.
          Атап айтқанда, есепті кезеңде 75,1 млрд. теңгенің 1 115,6 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 83,6%-ға орындалған .
         Өнеркәсіптің кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 90,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 90,6% ғана құрап отыр.
          Оның ішінде 6,4 млрд. теңгеге техникалық қызметтер көрсетіліп, нақты көлем индексі 160,0% құраған.
          Дегенмен де, бұл сала бойынша аймақтағы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда 8,5 млрд теңгеге металл кендері өндіріліп (уран), өнім көлемі 7,7%-ға артқан.
          Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 58,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 123,3% құраған.
        Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің өндірісі 4,4 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,1%-ға артқан (оның ішінде 28,0 мың тонна күріш өңделіп, НКИ 20,6%-ға,балықты, шаян тәрізділерді өңдеу -5,5%-ға жоғарыласа,) жеңіл өнеркәсіп – 63,4%-ға, металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру («уранның шала тотық-тотығы» өнімі) – 7,7 %-ға, машина жасау – 29,3-ға, мұнай өнімдерін өңдеу – 14,8%-ға артқан.    
       2017 жылдың 1 тоқсанының (қаңтар-наурыз) қорытындысы бойынша инвестициялық жобалар бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар. 2017 жылдың 28 ақпанында облыс әкімі орынбасары Е.Кимнің төрағалығымен, облыстық ЖОО  және кәсіптік білім беру орындарының  қатысуымен «Астана- ЭКСПО-2017» жылына арналған ғылыми– іс-тәжірибелік «Келешек инновациясы, Баламалы көздер» тақырыбында жас ғалымдардың конференциясы мен «Келешек инновациясы» стартап техно- эстафетасы (көрме)  ұйымдастырылып өткізілді.
      2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы  бойынша Индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу үшін жобаларды қарау  жөніндегі салалық комиссияның (бұдан әрі – Салалық комиссия) 2 отырысы өтті.
        2017 жылғы   31 қаңтарда    Басқарма   басшысы    Р. Сұлтангереевтің төрағалығымен бірінші салалық комиссия  отырысы болды. Комиссияда 4 жоба қаралып, нәтижесінде 3 жобаның құжаттарын толық жинақтап, қайта қарауға және қалған 1 жобаны өңірлік  кәсіпкерлікті  қолдау картасына енгізуден бас тартуға шешім етілді.
       Салалық комисссияның  екінші отырысы 2017 жылдың 27 наурызда өтті. Комиссияда 3 жоба қаралды. Нәтижесінде, 1 жоба Өңірлік үйлестіру кеңесіне шығаруға, 1 жоба комиссияның  келесі  отырысына қайта қарауға және қалған 1 жобадан бас тартуға  шешім  етілді.
      Сондай-ақ, Қызылорда облысын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің  9 отырысы болып өтті. Оның 1 отырысы басқарма құзыретіндегі мәселе бойынша 2017 жылдың 28 наурызында, облыс әкімі Е. Кимнің төрағалығымен өткізілді. Нәтижесінде Өңірлік  кәсіпкерлікті  қолдау картасынан  3 жоба  шығаруға және 1 жоба бойынша жоба жетекшісінің өтінішіне орай, жоба атауын өзгертуге шешім етті.
ҮИИДМБ-1 қорытындысы

2010-2014 жылдары құны 82,0 млрд.теңгенің17 жобасы іске қосылып, 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 

2017 жылдың наурыз айында бірінші бесжылдықтаіске қосылған 17 жобаның 11 жобасы өнім өндіруді қамтамасыз етті.

- 6жоба «жоспарлы қуаттылықты» 90-100% аралығында меңгерді.

1.  «Казгермұнай» БК ЖШС – ілеспе газ өңдеу – 116,8%.

2. «Рза» АҚ - сүт өнімдері – 114,0%.

3. «СКЗ-U» ЖШС -  күкірт қышқылы – 105,8%.

4. «СПК Кызылорда балык» ЖШС  - балық өнімдері – 130,2%.

5. «Дорстрой» ЖШС – қызмет көрсету – 100%.

6. Хуа ю интернационал в г. Кызылорда» ЖШС -  химиялық реагенттер – 95,3%.

 - 5жоба «жоспарлы қуаттылықты» 50-90% аралығында меңгерді.

1. ПетроКазахстанКумкольРесорсиз» ЖШС – электрэнергиясы – 81,7%.

2.«KazFrac» ЖШС - газ өндірісі – 52%, себебі кен орнында газ көлемі азайған.

3. «Кристалл менеджмент» ЖШС - электрэнергиясы – 87,1%.

4. «Бис групп» ЖШС - мия тамырын  - мия тамырын өндіру – 70,5% - шикізат көзі тапшы

5. «Аралтұз» АҚ - ас және техникалық тұз – 61,3% - зауытта сәуір айының аяғына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

- 4жоба есепті кезеңге «жоспарлы қуаттылықты» жоспарламаған.

1. «УАД» ЖШС - асфальт-бетон зауыты – өнім өндіруді мамыр айында бастайды.

2. «Тату Агро» ШҚ – томат өнімдері - егін егу жұмыстары наурыз-сәуір айларында басталады.

3. ДК «Палжанов» - кірпіш өндіру - маусым айында шығарады

4. «АзовАралАгроМаш» БК» ЖШС – а/ш техникасы, қазіргі таңда сербиялық компания тарапынан шаруашылықта тракторларды қолдану мәселесі қарастырылуда.

         - 2 жоба - жоба бастамашылары арасында проблемасы болғандықтан 2014 жылғы желтоқсанда АҮК шешімімен индустрияландыру картасынан шығарылған. 

      («Шөгірлі» шаруа қожалығы мал басын сатып жіберуіне орай жабылды. Алайда, бүгінгі күні жоба жетекшісі шаруа қожалығының бұрыңғы сүт зауыты базасында мал бордақылау алаңын ашуды жоспарлауда.Қазіргі таңда мал қораның құрылысы жүргізілуде. Мал союға арналған жабдықтарды алу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы қаржыландыру мәселесі қарастырылуда.

      «Алтын бала-08» ЖШС құрылтайшылар арасындағы сот процесі жүруіне орай жұмысы тоқтап тұр, бүгінгі күні зауыт жұмысын жаңғырту үшін жаңа инвесторды тарту мәселесі қарастырылуда).

            2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында іске қосылған жобалар 3,9 млрд.теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 15,2%-ға кеміген -  ПетроКазахстанКумкольРесорсиз» ЖШС, «СКЗ-U» ЖШС, «Аралтұз» АҚ, .«KazFrac» ЖШС  (2016 жылдың қаңтар –наурыз айында – 4,6 млрд.тенге),()

Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 2,3 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28,1%-ға кеміген (2016 жылдың қаңтар-ақпан айында – 3,2 млрд.теңге).

ИИДМБ-2 орындалуы туралы ақпарат

ИИДМБ-2 аясында құны 604,1 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылған 6,2 мың адамды жұмыспен қамтитын 24 жоба жүзеге асырылатын болады, оның ішінде:

1) «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасында - құны 321,1 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 3,7 мың адамды жұмыспен қамтитын - 21 жоба;

2) Республикалық картасында - құны 283 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 2,5 мың адамды жұмыспен қамтитын - 3 жоба.

Қазіргі таңда 246,3 млрд.теңгені құрайтын, іске асырылғанда 2 мыңнан аса жұмыс орындары құралатын 2 жоба Республикалық Индустрияландыру Картасына енгізу сатысында тұр.

1. ««Шалкия»  Шалқия полиметаллдық кен орнын өнеркәсіптік байыту арқылы қуаттылығын жылына 4 млн тоннаға дейін жеткізу және кен-байыту фабрикасының құрылысы (жоба құны – 165 млрд.теңге, жұмыс орны – 1540 адам);

2. Қуаттылығы жылына 200 мың тонна кальцийлендірілген сода өндіретін зауыттың құрылысы жобасы (жоба құны – 81,3 млрд.теңге, жұмыс орны – 699 адам).

2017 жылы 2 жоба іске қосылуы жоспарланған: 

1) «Қызылорда қаласында қуаттылығы 197,1 мың тонна табақша шыны өңдеу зауыты»«Оrda Glass LTD» ЖШС. Құны - 36,7 млрд.тенге, жұмыс орны – 226 адам.

Зауыттың орналасуына Қызылорда қаласының индустриалды аймағынан 50 га жер телімі бөерілді.

Бюджет қаражаты есебінен инфраструктура жеткізілді. 2016 жылы индустриалды аймаққа газ және электр желілері қосымша жеткізілді.

2017 жылы теміржол тұйығы және сумен қамтамасыз ету желісін жүргізу жоспарланған. Технологиялық жабдықтардың 99% жеткізілді, қазіргі күні қондырғыларды монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Металл конструкцияларды монтаждау.

2017 жылдың 6 наурызынан бастап металл конструкцияларды монтаждау мақсатында Жамбыл филиалының «Имсталькон» ЖШС 16 жұмысшы тартылды. Тағы бір бригаданың келуі күтілуде.

Монтажға қажетті барлық материалдар жеткізілген.Қазіргі уақытта «Печи отжига»метал конструкциясын монтаждау жүргізілуде.

Қондырғыларды монтаждау.

2017 жылдың 4 сәуірінде «Стекловарочная печь»  Украин компаниясы құрылыс лицензиясына аккредитация алды. І жартыжылдықтың аяғына дейін қондырғылардың монтажы басталады.

Зауыттың іске қосылуы 2017 жылдың 4 кварталына жоспарланған.

 2) Қуаттылығы жылына 500 тонна екіокись молибден ұнтағын үшокись молибденге техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру «ТРИМО» ЖШС. Құны – 871,5 млн.тенге, жұмыс орны – 58 адам.

БАРЛЫҒЫ:

24

604,1

6239

Рес. карта

Өңірлік кәсіпкерлікті           қолдау картасы

3

21

283,0

321,1

2465

3774

          2017 жылғы 28 наурыздағы №9 Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысында келесі жобалар Картадан шығаруға шешім қабылданды:

1) «Евразфарма» ЖШС-ның «Қызылорда қаласындағы фармацевтикалық  қатты нысандағы дәрі  өндіретін зауыт» жобасын дәрілік  заттарға  кепілді мелекеттік тапсырыстың  болмауы себепті;

2) «Бек ТрансСтрой» ЖШС-ның «Құрылыс материалын өндіру  (әк, полипропиленды қапшық, шлакоблок) зауыты» жобасы  экспортқа бағытталмағандығы және  ауқымдылық  критериіне сәйкес  келмеуіне байланысты.

Қазіргі күні облыс әкімдігінің қаулысы әзірленуде. Сонымен қатар, «Высшая Аграрная Лига» ЖШС-гі  2017 жылдың 28 мамырға  дейінгі мерзімде жоба бойынша  орындалған  жұмыстар туралы есебін дайындап, аталған мерзімде қаржылық мәселесі шешілмеген жағдайда, жобаны Өңірлік  кәсіпкерлікті  қолдау картасынан  шығару  туралы мәселе қаралатын болады.

 Алдағы уақытта 1 жоба  Өңірдің үйлестіру кеңесіне қарауына ұсынылатын болады:

1.  «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Арысқұм кенішінде табиғигазды кешенді пайдалану» жобасы

Анықтама

Жобаның бастамашысы – «PETROSILKWAY» ЖШС,  Жүзеге асыру орны -   Қызылорда қаласы. Жобаның іске асырылу мерзімі – 2017—2018 жж. Жоба құны – 54,9 млрд.тенге

 Жұмыс орны – құрылыс кезінде -300 адам,

                          Іске қосылғанда – 160 адам.

Қуаттылығы – метанол - 50 мың.тонна, жеңіл  хош иісті көмір сутек – 85    

мың.тонна,  ауыр жеңіл  хош иісті көмір сутек – 6,2 мың.тонна.

         2017 жылдың I тоқсан (қаңтар-наурыз)  қорытындысы бойынша сыртқы байланыстар бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар. 2017 жылдың 26-27 қаңтарда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегация Өнеркәсіп пен саудадағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау мақсатында Өзбекстан Республикасына   іс-сапармен болды.

      Жұмыс сапардың бірінші күні делегация Шахи Зинда кесенесіндегі Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың қабіріне гүл шоқтарын қойды және "Навои" еркін индустриалды-экономикалық аймағымен танысты.

     27 қаңтар күні Қырымбек Көшербаев Өзбекстан Республикасының олий мәжіліс сенатының бірінші орынбасары Содико Сафоевпен, Ташкент қаласының әкімі Рахмонбек Усмановпен және «Узавтопром» АҚ-ның ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Қызылорда облысының әкімі «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумына белсенді қатысқаны үшін әріптестеріне алғысын білдірді және "ЭКСПО - 2017" халықаралық көрмесі аясында Арал аймағын тамашалауға шықарды.

       Сонымен қатар, 2017 жылдың 1-2 ақпан күндері Қызылорда облысына Иран Ислам Республикасы (ИИР) Мазандаран провинциясы губернаторының орынбасары Юнеси Ростами Алиреза Алиджан бастаған делегация екі күндік жұмыс сапарымен болды. Сапар мақсаты –экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ, бірлескен бизнес жоспарларға қатысу. Іс-сапардың бірінші күні делегация мүшелері шыны зауытының құрылыс алаңын көрді, «Абзал және К», «Смарт Раббер», «Жан-Арай Жем» кәсіпорындарының жұмысымен танысты.

     Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев делегаттармен кездесіп, өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы айтып берді. Мәселен, инвесторларды құс өсіру, мал және егін шаруашылығы, жылыжайлар салу, өндеу өнеркәсібі және т.б. жобалар мен Қызылорда облысына Иран балығын, цитрустық, басқа да жеміс-жидек түрлерін экспорттау қызықтыруы мүмкін.

       Сондай-ақ, осы күні облыс әкімдігінің ситуациялық орталығында Иран делегациясы мен қызылордалық кәсіпкерлердің қатысуымен жиын өтті.

       Іс-сапардың екінші күні қонақтар Қызылорда облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының жұмысымен танысып, бизнес қоғамдастықпен В2В форматында кездесу өткізді. Нәтижесінде «Атамекен» ҚР ҰКП Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының және Иран Ислам Республикасы Мазандаран провинциясы Сауда, өнеркәсіп, кендер және ауылшарушылығы палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

    Сонымен қатар, делегация Шиелі және Жаңақорған аудандарында болып, аудан әкімдерінің жиындарына қатысты. Шетелдік қонақтар аудандардың бір топ кәсіпкерлерімен кездесіп, инвестициялық жобалармен танысты.

      2017 жылдың 14 наурызда Қызылорда қаласына Нидерланды Корольдігі Елшілігінің Алматы қаласындағы кеңсе басшысы Вилко Роггенкамп  бастаған делегация арнайы іс-сапармен келді. Делегация құрамында Рийк Цваан Алматы (Rijk zwaan Almaty), Филипс Лайтинг Қазақстан (Philips Lighting Kazakhstan) сияқты голландиялық компания өкілдері  болды. Іс-сапардың мақсаты -  денсаулық сақтау, сумен жабдықтау, қоршаған орта, энергетика, қала жарығын қайта жабдықтау және қаланың жаңа бөлігінің құрылысы мәселелері мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

    Делегацияның облыс әкімі Қ. Көшербаевпен кездесу барысында  өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы айтылды.

        Сонымен қатар, осы күні облыс әкімінің орынбасары Е.Г. Кимнің төрағалымен голландиялық делегация мен қызылордалық кәсіпкерлердің қатысуымен жиын өтті.

       Жер қойнауын пайдалану саласы бойынша  2017 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы.Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны – 98-ды құрайды, оның ішінде көмір сутегі шикізатын барлау және өндірумен - 21 жер қойнауын пайдаланушы, қатты пайдалы қазбаларын барлау және өндірумен - 6 жер қойнауын пайдаланушы, емдік балшықты өндірумен – 2 жер қойнауын пайдаланушы, жер асты суды барлау және өндірумен – 7 жер қойнауын пайдаланушы, минералдық суды өндірушілер – 2, жер қойнауын пайдаланушы және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жұмыстарымен - 58 жер қойнауын пайдаланушы 86 келісімшарттың негізінде жұмыс жүргізуде.

       2017 жылдың 1 тоқсанда облысымыздағы мұнай операторларымен 1700,3 мың тонна мұнай өндірілді, бұл көрсеткіш 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 84,6 пайызды құрайды.

      Бірінші тоқсанда Қызылорда облысының кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде бір сарапшылық комиссия отырысы өткізіліп, 2 жер қойнауын пайдаланушылардың: «МыңбұлақДоломит Групп» ЖШС – келісімшарттың іс-әрекет мерзімін 5 жылға ұзартуға және бекітілген қалдық қорын бірдей көлемде осы жылдарға бөлу бойынша; «Сыр Суы және К» ЖШС – келісімшартпен қарастырылған өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналғңан қаржыны төмендету бойынша өтініштері қаралды.

        Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды, атап айтқанда «МыңбұлақДоломит Групп» ЖШС басшысының келмеуіне байланысты өтінішті қарау мәселесі келесі отырысқа қалдырылды, ал  «Сыр Суы және К» ЖШС – келісімшарттық міндеттемелерді орындалмағаны анықталды, нәтижесінде келісімшарт бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданды.

          «Жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының талаптарын орындамағаны үшін «УАД» ЖШС жасасқан 2009 жылғы 20 сәуірдегі №67 келісімшарттың қоладанысы және «ПетроҚазақстан ҚұмкөлРесорсиз» АҚ-мен жасасқан 2014 жылғы 21 мамырдағы №157 келісімшарт талаптардың келісім бойынша тоқтатылды. 

         Сондай-ақ «КАТЭК» ЖШС-не, Қызылорда қаласының сол жағалауында газ тарату желісінің құрылысы салу нысанында орналасқан 1 және 2-учаскелері аумағында жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы 2-тұжырым берілді, яғни «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

          Облыстағы жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттар талаптарын орындалуы бойынша облыс әкімі Қ.Көшербаевтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде есеп беруге тиісті ақпараттар әзірленіп ұсынылды.

         Облыс әкімі Қ.Көшербаевтің төрағалығымен, ҚР энергетика Министірі Қ.Бозымбаевтің, «ҚазАтомПром» ҰАҚ» АҚ Басқарма Төрағасы А.Жұмағалиевтің, облыстың мұнай және мұнай сервистік компанияларының басшыларының  қатысуымен аймақтың мұнайғаз секторының дамуы туралы, уран өнеркәсібі және оның тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сатып алуда қазақстандық мазмұнын дамыту бойынша кеңейтілген мәжіс өткізудің үйымдастыру және акпарат әзірлеу жұмыстары жүргізілді.

        Ағымдағы жылдың 15 наурызында облыс әкімі Қ.Көшербаевтің төрағалығымен, Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Әміреевтің, «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Т. Султанбековтің және кең таралаған пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдаланушылармен («УАД» ЖШС, «Мелиоратор» ЖШС, «КДСМ Қыран» ЖШС, «ҚазПром-Қызылорда» ЖШС) «Шалқия» кеніші аумағындағы қиыршық тас өндіретін зауттарды басқа аумақтарға көшіру туралы мәжіліс өткізу үйымдастырылды және тиісті ақпарат ұсынылды. 


Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы

АНЫҚТАМА

        Жер қойнауын пайдалану саласы бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы.Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны – 89-ды құрайды, оның ішінде көмір сутегі шикізатын барлау және өндірумен - 23 жер қойнауын пайдаланушы, қатты пайдалы қазбаларын барлау және өндірумен - 6 жер қойнауын пайдаланушы, емдік балшықты өндірумен – 2 жер қойнауын пайдаланушы, жер асты суды барлау және өндірумен – 7 жер қойнауын пайдаланушы, минералдық суды өндірушілер – 2, жер қойнауын пайдаланушы және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жұмыстарымен - 49 жер қойнауын пайдаланушы 85 келісімшарттың негізінде жұмыс жүргізуде.

   2016 жыл қорытындысы бойынша облысымыздағы мұнай операторларымен 7 685,1 мың тонна мұнай өндірілді, бұл көрсеткіш 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 85,7 пайызды құрайды, яғни 1277,5 мың тоннаға азайған.

         Жыл басынан бері Қызылорда облысының кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде  сарапшылық комиссия 6 отырысы өткізіліп, 21 жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштері қаралды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

      Сонымен қатар, Қызылорда облысының кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі 5 жұмыс тобы өткізіліп, 17 тікелей келіссөз арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау туралы өтініштері қаралды.

       Жыл басынан бері 15 жаңа келісімшарттар жасалынды, яғни Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша 15 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Жыл басынан 5 келісімшарт тоқтатылды, оның ішінде:

       - келісімшарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін -2;

       - келісімшарттық іс-әрекет мерзімінің аяқталуына байланысты – 3.

        Сондай-ақ, «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2015 жылғы 29 қаңтардағы № 835 «Қызылорда облысында тендерге немесе аукционға шығаруға жататын, құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулының негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын алуға ашық Конкурс (тендер) жарияланды.

      Жарияланған ашық конкурс 2016 жылғы 14 қыркүйектегі №165 (18484) басылыммен «Экспресс-К» ЖШС қоғамдық-саяси республикалық газетінде және Басқарманың damu.e-kyzylorda.gov.kz сайттарында, бас мәзірдегі «мемлекеттік қызмет», оның ішіндегі «есеп бөлімінде» орналастырылды, сонымен қатар аталған конкурстың жарияланғанды жөнінде аудан әкімдіктеріне хатпен жолданды.

        2016 жылдың 22 желтоқсанында Қызылорда облысының кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға ұсынылған конкурстық ұсыныстарды ашу бойынша өтінім берушілердің қатысуымен Конкурстық комиссия отырысы өткізіліп, қорытындысы бойынша  жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу хаттамасына және конкурстық ұсыныстардың салыстырмалы кестесіне қол қойылды.  

         2016 жылдың 23 желтоқсанында үсынылған конкурстық ұсыныстар бойынша дауыс беру парағына қол қойған әрбір Комиссия мүшесі конкурстың жеңімпаздары анықталып, конкурстық Комиссия хаттамаға қол қойды

    Конкурстың корытындылары 2016 жылдың 27 желтоқсандағы №235 «Экспресс-К» ЖШС қоғамдық-саяси республикалық газетінде жарияланды және Басқарманың damu.e-kyzylorda.gov.kz сайттарында, бас мәзірдегі «мемлекеттік қызмет», оның ішіндегі «есеп бөлімінде» орналастырылды.

       2016 жылдың (қаңтар-желтоқсан) қорытындысы бойынша инвестициялық жобалар бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар.Қазақстан Республикасындағы өңдеуші өнеркәсіпті әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру мақсатында  ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі   №315 Жарлығымен «Қазақстаy Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген. Осы бағдарлама негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысы Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы бойынша келесі жұмыстар жүргізілді.

      Қызылорда облысының кәсіпкерлік субъектілері (жеке және заңды тұлғалар) өңдеуші өнеркәсіп бағытына сәйкес жүзеге асыруды жоспарлап отырған жобаларын «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу» шараларын алу үшін жоғарыда аталып өтілген нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

      Өңірлік сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2016 жылғы 11 тамыздағы №48-нқ бұйрығымен Индустрияландыру және өңірлік кәсіпкерлікті қолдау карталарына енгізу үшін жобаларды қарау және өңірлік сараптама жүргізу жөніндегі облыстық комиссиясы құрылды.

       Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылғы 16 тамыздағы №360 өкімімен Қызылорда облысын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі құрамына өзгеріс енгізіліп, жаңа ережелер бекітілді.

    2016 жылдың қорытындысы бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің  35 отырысы өткізіліп, оның 11 отырысы басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша өткізілді (индустрияландыру картасына жобаларды енгізу). Өңірлік үйлестіру кеңесінің 11 отырысының нәтижесінде жалпы құны 250,5 млрд теңгені құрайтын 26 жоба (жаңадан ашылатын жұмыс орындары - 1491) мақұлданып, қажетті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша хаттама рәсімделді.

   Нәтижесінде 16 жобаға жер телімін алуға, 1 жобаға жер пайдалану құқығын конкурссыз тікелей келіссөздер арқылы беруге, 5 жобаны индустрияландыру картасына енгізуге, 1 жобаны заңды тұлғаның аты қайта өзгертуге хаттамалық шешім дайындалса, ал қалған 3 жобаға қарсылық білдірілді.

       «Қызылорда облысы бойынша өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасын бекіту туралы Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы №477 қаулысына 2016 жылдың 22 желтоқсандағы Облыс әкімдігінің № 667  қаулысымен өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, жалпы құны 336,5 млрд.тенгенің 21 инвестициялық жоба бекітілді.

2016 жылдың 20 қаңтарда өкімімен Қызылорда облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңес құрылды.

(облыс әкімінің 20.01.2016 ж №191-ө өкімі, кеңес құрамының мүшелері өзгеруіне байланысты 29.04.2016ж облыс әкімінің №278-ө  өкімі құрылды.)

  Аталған Өңірлік  кеңес  құрамы облыс әкімінің орынбасарларынан, облыстық мемлекеттік мекемлерінің басшыларынан, қаржы институттары, шетел компаниялар басшыларынан  қалыптасты.

     22.07.2016 жылы кеңестің алғашқы отырысы өткізілді, отырыста Қызылорда облысының 2020 жылдарға дейінгі инвестициялық стратегиясы бекітілді.

     Сондай-ақ 3 ірі инвестициялық жобалардың шыны зауыты, күріш кеспесі және ҚРХ инвесторлардың қатысуымен мия тамырын өңдеу зауыты жобасының іске асырылуы қаралды.

     Отырыс қорытындысы бойынша іске асырылып жатырған жобалардың туындаған мәселелерін шешу бойынша хаттамалық тапсырмалар қабылданды.

      Қазіргі таңда кеңес мүшелері өзгеруіне байланысты кеңестің құрамына өзгерістер енгізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

        2016 жылдың қорытындысы бойынша сыртқы байланыстар бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар.Қызылорда облысына тікелей шетелдік және отандық инвестицияларды тарту бағытында өңірдің экономикалық жағдайын көтеру мақсатында жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, 2016 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша облысымызға инвестиция тарту мақсатынада ағымдағы жылдың 27-28 мамыр күндері Қызылорда қаласы мен Байқоңыр қаласында VІІ «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы өтті. Форумға әлемнің 12 мемлекетінен келген бизнес-қауымдастық, банк секторы, инвесторлар және мемлекеттік органдар даму институттары, ұлттық компаниялар, отандық кәсіпкерлер ғылыми зерттеу институттарының өкілдері қатысты.Форумның басты мақсаты шетелдік және отандық инвесторлар мен өңірлік компаниялар арасында өзара серіктестік орната отырып, аймаққа инвестиция тарту, сонымен қатар өзекті экономикалық идеяларды дамыту арқылы экономиканы модернизациялау және түбегейлі инвестициялық жобаларға ықпал ету үшін бизнес, ғылым, билік өкілдерін біріктіру болып табылады. Өткен форум аясында салалар бойынша 16 ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 26 маусымында ҚХР Цзянсу провинциясы Халықтық Үкіметінің Вице-губернаторы Лю Чанлинь мырзаның басшылығымен делегация мүшелері Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Кездесудің мақсаты екі облыс арасында экономикалық және сауда байланыстарын дамыту болып табылады. Аталған кездесу барысында облыс әкімдігі мен Цзянси провинциясы арасында өзара ынтымақтастық туралы 13 меморандумға қол қойылды. Оның ішінде11-і инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған.Бүгінгі күні Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға Иран Ислам Республикасымен тығыз ынтымақтастық орнатуда. Өткізілген кездесулер мен келісімдерге сәйкес Қызылорда облысында құс фабрикасының, минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт құрылыстары, Қызылорда обласында күріш, жүгері және майлы дақылдар егу жобалары ирандық «Туюран Санат Ария», «Джахад-Э-Сабз», «Киа Сам Кармания» компанияларымен жүзеге асырылады.Ағымдағы жылдың 1 тамызында Вьетнам Социалистік Республикасының  Елшісі Доан Тхи Суан Хйенханымбастаған бир топ делегация Қызылорда облысына іс-сапармен келді. Сапардың мақсаты екі облыс арасында экономикалық және сауда байланыстарын дамыту болып табылады. Аталған іс-сапар аясында «Қызылорда облысы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында сауда-экономикалық ынтымақтастыққа байланысты» дөңгелек үстел ұйымдастырылды және B2B форматында кездесу өтті.Ағымдағы жылдың 26 қазанында электрондық коммерцияны дамыту мақсатында бірінші Халықаралық интернет-форумы өтті. Форум электрондық коммерция саласында отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуы негізінде G-Global коммуникативтік алаңында болды. Аталған форумның негізгі мақсаты- электрондық коммерция элементтері арасындағы өзара серіктестік, сондай-ақ логистикалық тізбекті оңтайландыру, маркетинг, технология салаларын ілгерілету және онлайн сауда компанияларының табыстылығын дамытуға жәрдемдесуге бағытталған.2016 жылдың 17-18 қарашасында кезекті VIII өңірлік «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы өтті. Инвестициялық форумға бірқатар бизнес қауымдастықтар мен бірлестіктердің, банк саласы мен барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, ұлттық және шетелдік компаниялардың, Ресей, Германия, Швейцария, Франция, АҚШ және Қытайдың халықаралық қаржы институттарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Форумға Әзірбайжанның, Белорусь мемлекетінің, Бельгия Корольдіктерінің өкілдері және Өзбекстанның ресми делегациясы қатысты. Жергілікті кәсіпкерлердің Форумға қатысушы 11 елдің өкілдерімен B2B кездесулері өткізілді.Форум қорытындысымен 10-нан аса меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды. Үстіміздегі жылдың 21-22 қараша күндері Лондон қаласында өткен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының отырысында Қызылорда облысындағы «Баласауысқандық» кен орнында «Қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» инвестициялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Нәтижесінде жобаның ІІ және ІІІ кезеңдерін 125 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестициялық қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, үкіметаралық комиссия отырысы аясында ЕҚДБ Президенті Сума Чакрабартимен Қызылорда қаласының жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және құрылысын қаржыландыру, Қызылорда облысының электрмен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ осы күні IPC компаниясы басшылығымен қуаттылығы 50 және 30 мВт екі газ турбиналық станцияның құрылысы мәселелері бойынша кездесу өтті. Келіссөздер нәтижесінде IPC жобаны 100 пайыз қаржыландыруға және жобаны қысқа мерзімде жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

ҮИИДМБ-1 қорытындысы

2010-2014 жылдары құны 82,0 млрд.теңгенің 17 жобасы іске қосылып, 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 

2016 жылғы 12 айда бірінші бесжылдықтаіске қосылған  17 жобаның 13 жобасы өнім өндіруді қамтамасыз етті.

- 11 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 90-100% аралығында меңгерді.

1.  «Казгермұнай» БК ЖШС – ілеспе газ өңдеу – 111%.

2. «ПетроКазахстанКумкольРесорсиз» ЖШС – электрэнергиясы – 91,4%.

3. «Рза» АҚ - сүт өнімдері – 104,2%.

4. «Тату Агро» ШҚ – томат өнімдері – 100%.

5. «СКЗ-U» ЖШС -  күкірт қышқылы – 105,3%.

6. «СПК Кызылорда балык» ЖШС  - балық өнімдері – 169,4%.

7. «Кристалл менеджмент» ЖШС - электрэнергиясы – 100,5%.

8. «Хуа ю интернационал в г. Кызылорда» ЖШС -  химиялық реагенттер - 100%.

9. «Аралтұз» АҚ - ас және техникалық тұз – 108,4%.

10. «Дорстрой» ЖШС – қызмет көрсету – 100%.

11. «УАД» ЖШС - асфальт-бетон зауыты – 133,2%.

- 2 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 50-90% аралығында меңгерді.

1. ДК «Палжанов» - кірпіш өндіру – 73,7%, сұраныстың төмен болуына байланысты

2. «KazFrac» ЖШС - газ өндірісі – 59,5%, себебі кен орнында газ көлемі азайған.

- 2 жоба есепті кезеңге «жоспарлы қуаттылықты» жоспарламаған.

1. «АзовАралАгроМаш» БК» ЖШС – а/ш техникасы, қазіргіт таңда сербиялық компания тарапынан шаруашылықта тракторларды қолдану мәселесі қарастырылуда.

2.  «Бис групп» ЖШС – зауытты жаңа инвесторлар сатып алды, «Борихунда» ҚХР - 70%, жеке кәсіпкер- 30%. ҚХР-нан зауытқа қажетті құны 115 000 АҚШ доллары құрайтын қосымша 2 контейнер құрылғы жеткізілді. Кәсіпорын өнімді экспортқа шығаруға лицензия алды. Қазіргі таңда, өнімді шығару үшін ТЖ Министрлігінен рұқсат алу жұмыстары жүргізілуде. 2017 жылдың қаңтар айының басында Қытайлық мамандардың қатысуымен қондырғыларды тәжірибелік қосу жоспарлануда.

- 2 жоба- жоба бастамашылары арасында проблемасы болғандықтан 2014 жылғы желтоқсанда АҮК шешімімен индустрияландыру картасынан шығарылған(«Шөгірлі» шаруа қожалығы  мал басын сатып жіберуіне орай жабылуда,«Алтын бала-08» ЖШС құрылтайшылар арасындағы сот процесі жүруіне орай жұмысы тоқтап тұр).

ИИДМБ-2 орындалуы туралы ақпарат

Елбасының тапсырмасына сәйкес«Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасын экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті, инвестиция көлемі жоғары болуына сәйкестендіру мақсатында жүргізілген өзектендіруден кейін  50 жобаның ішінде 30 жоба Индустрияландыру картасынан шығарылды.

Шағын және орта бизнестің дамуы облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының құзыретінде болғандықтан, жобаларды үйлестіру осы басқармаға тапсырылды. 

Сонымен қатар, қазіргі таңда 231 млрд.теңгені құрайтын, іске асырылғанда 2 мыңнан аса жұмыс орындары құралатын 2 жоба Республикалық Индустрияландыру Картасына енгізу сатысында тұр.

1. ««Шалкия»  Шалқия полиметаллдық кен орнын өнеркәсіптік байыту арқылы қуаттылығын жылына 4 млн тоннаға дейін жеткізу және кен-байыту фабрикасының құрылысы (жоба құны – 165 млрд.теңге, жұмыс орны – 1540 адам);

2. Қуаттылығы жылына 200 мың тонна кальцийлендірілген сода өндіретін зауыттың құрылысы жобасы (жоба құны – 81,3 млрд.теңге, жұмыс орны – 699 адам).

Нәтижесінде ИИДМБ-2 аясында құны 619,5 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылған 6,3 мың адамды жұмыспен қамтитын  24 жоба жүзеге асырылатын болады.

оның ішінде:

1) «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасында - құны 336,5 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 3,7 мың адамды жұмыспен қамтитын - 21 жоба;

2) Республикалық картасында - құны 283 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 2,5 мың адамды жұмыспен қамтитын - 3 жоба.

 

Жобалар саны

Құны, млрд.тг

Жұмыс орындарыадам

Өзектендіруге дейін

Всего:

50

387,7

5040

Рес. Карта

Өңірлік кәсіпкерлікті           қолдау картасы

1

49

36,7

351,0

310

4730

Нәтижесі:

БАРЛЫҒЫ:

24

619,5

6323

Рес. карта

Өңірлік кәсіпкерлікті           қолдау картасы

3

21

283,0

336,5

2549

3774

            2016 жылдың 12 айында іске қосылған жобалар 21 млрд.теңгенің өнімін өндірді, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 30,4%-ға өскен (2015 жылдың 12 айында -  16,1 млрд. теңге).

            Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 14,2 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25,6%-ға өскен (2015 жылдың 12 айында - 11,3 млрд. теңге).

2016 жылы инвестиция көлемі 1815,4 млн.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 283 жұмыс орнымен қамтитын 5 жоба іске қосылды:

1) «Газ құрылғыларын алу және автокөлікті газбен жабдықтайтын стансасының құрылысы» жобасы  («Газ трейд» ЖШС)

Жоба құны – 380,0 млн.теңге;

Жоба қуаттылығы – жылына3,4 млн.метр куб газ;

Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;

Жұмыс орындары – 27 адам;

Жоба 2016 жылғы наурызда іске қосылды.

Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде ауданы 20 сотық жер телімі берілді.

2) «Нан және нан өнімдері мен кондитерлік өнімдер шығару жобасы («Retail A-A» ЖШС)

Жоба құны – 45,0 млн тенге

Жоба қуаттылығы –  жылына 564 тонна нан өнімдері;

Жүзеге асу орны – Қызылда қаласы.

Жұмыс орны  – 30 адам

Жоба 2016 жылғы маусымда іске қосылды.

Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие ресурстарын алды.

3) «Ет және ет өнімдерін өндіру, тұшпара цехын ұйымдастыру» жобасы («Берекет» ШҚ)

Жоба құны – 38,3 млн. теңге;

Жоба қуаттылығы – 500  тонна ет өндіру, 96 кг тұшпара;

Жүзеге асу орны – Арал ауданы;

Жұмыс орындары – 9 адам;

Жоба 2016 жылғы маусымда іске қосылды.

Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Арал ауданының индустриялық аймағынан ауданы        1 га жер телімі берілген.

4) «Кірпіш зауытын кеңейту» жобасы (ЖК «Дәулет»)

Жоба құны – 12,1 млн.теңге;

Жоба қуаттылығы – жылына 5,2 млн.дана кірпіш;

Жүзеге асу орны – Сырдария ауданы;

Жұмыс орындары – 17 адам;

Жобаның іске қосылуы 2016 жылғы тамызда іске қсоылды.

Мемлекеттік көмек ретінде жер қойнауын тікелей келіссөздер арқылы алуға рұқсат берілді.

5) «Ас тұзының өндірісі» жобасы («Аралтұз» АҚ)

Жоба құны – 1340,0 млн.теңге;

Жоба қуаттылығы – жылына 108 мың. тонна;

Жүзеге асу орны – Арал ауданы;

Жұмыс орындары – 200 адам;

Жобаның іске қосылуы 2016 жылғы желтоқсанда іске қосылды.

Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарының аясында жеңілдетілген несие берілді.

Ескерту: аталған жобалардың ішінде 4 жоба («Арал тұз» АҚ басқасы) өзектендіру нәтижесінде картадан шығарылды.


Қызылорда облысы бойынша өңірдің кәсіпкерлігін қолдаукартасын іске асырылу барысы туралы ақпарат

2010-2014 жылдары құны 82,0 млрд.теңгенің 17 жобасы іске қосылып, 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.

 2016 жылғы қаңтар-тамыз айларында бірінші бесжылдықтаіске қосылған 17 жобаның 13 жобасы өнім өндіруді қамтамасыз етті.

- 10 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 90-100% аралығында меңгерді.

- 3 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 50-90% аралығында меңгерді.

- 2 жоба есепті кезеңге «жоспарлы қуаттылықты» жоспарламаған          

- 2 жоба - жоба бастамашылары арасында проблемасы болғандықтан 2014 жылғы желтоқсанда Аймақтық үйлестіру кеңесінің шешімімен индустрияландыру картасынан шығарылған

Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы 2015 жылы құны 2,3 млрд.теңге құрайтын  5 жоба іске қосылды. Жұмыс орындары -  253 адам.

Ү.ж. 8 айында 2015 жылы іске қосылған 5 жобаның «жоспарлы қуаттылыққа» шығуы:

1 жоба – 90-100% аралығында;

1 жоба – 50-90% аралығында;

1 жоба – 50% дейін;

2 жоба -  өнім өндіруді жоспарламаған

2016 жыл басынан бері құны 463 млн. теңге құрайтын 3 жоба іске асырылды. Жұмыс орны – 397 адам.

2016 жылғы 8 айда іске қосылған жобалар 12,9 млрд.теңгенің өнімін өндірді, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 31,6 %-ға өскен (2015 жылғы 8 айда – 9,8 млрд. теңге).

       Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 8,5 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,1 %-ға өскен (2015 жылғы  8 айда – 7,2 млрд. теңге).

  Елбасының тапсырмасына сәйкес өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасын экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті, инвестиция көлемі жоғары болуына сәйкестендіру мақсатында өзектендіру жұмыстары жүргізілді.

     Осыған орай, ү.ж. 19 қыркүйегінде2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ-ның іске асыруын мониторингтеу шеңберінде, өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасын (бұдан әрі - Карта) жаңа талаптарға сәйкестендіру үшін, бекіту және өзгеріс енгізу бойынша облыстық индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

      Нәтижесінде инвестиция көлемі төмен, экспортқа бағытталмаған, бәсекеге қабілетсіз және қаржыландыру мәселесі шешілмеген 21 жобаны Картадан шығару және 13 жобаның жай - күйін  1 ай мерзім ішінде қайта қарау туралы шешім қабылданды.

        Бүгінгі күні Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасында құны 347,5 млрд. теңгені құрайтын 28 жоба бар.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Кәсіпкерлік Кодексі» қолданысқа енгізілді. Жаңа кодекске сәйкес, «Индустриялық-инновациялық қызметті қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының күші жойылуына байланысты индустрияландыру карталарының атауы бұдан әрі «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін  қолдау карталары» атауымен өзгертілген болатын.

2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту Мемлекеттік Бағдарламасы аясында «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін  қолдау карталарына енгізу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесін құру туралы» облыс әкімінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі  №256-ө өкімімен Өңірлік үйлестіру кеңесі құрылды.

    Сонымен қатар, өңірлік сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2016 жылғы 9 наурыздағы №10-НҚ бұйрығымен индустрияландыру және өңірлік кәсіпкерлікті қолдау карталарына енгізу үшін жобаларды қарау жөніндегі салалық комиссиясы құрылды.

Жоғарыда аталған өкімдерге сәйкес, 2016 жылдың 9 айында (қаңтар – қыркүйек айлары аралығы) сараптамалық комиссия отырысында құны 2,8 млрд. теңге құрайтын 23 жоба қаралып, (іске қосылғаннан кейін 509 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады) сараптамалық оң қорытынды берілді және өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысшы органы ретінде 22 отырыс өткізіліп, 6 өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша өткізілді (қызылорда облысы бойынша өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізу).          Өңірлік үйлестіру кеңесінің 6 отырысының нәтижесінде жалпы құны 247,8 млрд. теңгені құрайтын  23 жоба (жаңадан ашылатын жұмыс орындары - 1590) мақұлданып, қажетті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша хаттама рәсімделді.

        Сонымен қатар, Инвесторларға мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде өзара іс-қимыл жасасу, инвесторларды сүйемелдеу үшін жауапты тұлғаларды айқындау бойынша бірлескен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің  ү.ж. 20 қаңтарда №29 Қаулысы және Қызылорда облысы әкімдігінің   ү.ж. 17 наурызда №393 Бұйрығы қабылданды.

      Осы ретте, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қызылорда қаласының №1 бөлімінде 2016 жылғы5 қаңтардан бастап, сапалы кеңес беру, мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу және толық мониторинг жүргізу мақсатында «Бір терезе» қағидаты негізінде инвесторларға мемлекеттік қызмет көрсету секторы (бұдан әрі - сектор) ашылып, тұрақты жұмыс жасауда.

        Инвесторларға қызмет көрсету орталығы арқылыү.ж жылдың басынан бастап  «Бір терезе» қағидаты негізінде 67 мемлекеттік қызмет, 81 кеңес көрсетілген.

Сонымен қатар, ү.ж. 8 сәуір және 20 шілде күндері ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «KAZNEX INVEST» АҚ қатысуымен инвесторларға мемлекеттік қызметті көрсету бойынша 150–ден астам адам қамтылған 2танымдық семинар өткізілді.

        Сондай ақ, өңірімізде 2013 жылдан бастап «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ жанынан Инвесторларға қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетіп келеді.     

Нәтижесінде, 2016 жылғы қаңтар-шілде аралығында аталған сектор арқылы  өңіріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында тікелей  және шетелдік инвесторларды тарту, инвестициялық жобаны іске асырудағы, іске асыратын инвесторлар қызметінде және ресми сапар барысында пайда болған мәселелерді шешуге ықпал жасау бойынша 17 қызмет көрсетіліп, кеңесберілген.

       Ү.ж. 20 қаңтарда Қызылорда облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңес құрылды.(облыс әкімінің 20.01.2016 ж №191-ө өкімі, кеңес құрамының мүшелері өзгеруіне байланысты 29.04.2016ж облыс әкімінің №278-ө  өкімі құрылды.)

Кеңес құрамы – облыс әкімінің орынбасарларынан, облыстық мемлекеттік мекемелерінің басшыларынан, қаржы институттары және шетел компаниялар басшыларынан  қалыптасты.

Кеңес мақсаты – елдің бірегей инвестициялық саясатын  жүзеге асыру, шетелдік және отандық инвестицияларды тарту мен оны ұтымды түрде қолдануға көмек беру. Міндеті:

Қызылорда облысына инвестициялар тарту бойынша инвестициялық  стратегияларды қарастыру;

Трансұлттық компнаияларды қоса алғанда, шетелдік инвесторлардың қатысуымен нақты инвестициялық жобаларды қарастыру;

Әр түрлі саладағы мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда, шетелдік инвесторлардың қатысуымен инвестициялық жобалардың жүзеге асуы, инвестициялар тарту бойынша жұмыстарды тыңдау.

        2016 жылғы 22 шілдеде кеңестің алғашқы отырысы өткізілді, отырыста «Қызылорда облысының 2020 жылдарға дейінгі инвестициялық стратегиясы» бекітілді.

Сондай-ақ 3 ірі инвестициялық жобалардың шыны зауыты, күріш кеспесі және ҚХР инвесторлардың қатысуымен мия тамырын өңдеу зауыты жобасының іске асырылуы қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша іске асырылып жатырған жобалардың туындаған мәселелерін шешу бойынша хаттамалық тапсырмалар қабылданды.

         Жер қойнауын пайдалану саласы бойынша  2016 жылдың 9 айда атқарылған жұмыстар туралы. Анықтама: Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны – 89-ды құрайды, оның ішінде көмір сутегі шикізатын барлау және өндірумен - 23 жер қойнауын пайдаланушы, қатты пайдалы қазбаларын барлау және өндірумен - 6 жер қойнауын пайдаланушы, емдік балшықты өндірумен – 2 жер қойнауын пайдаланушы, жер асты суды барлау және өндірумен – 7 жер қойнауын пайдаланушы, минералдық суды өндірушілер – 2, жер қойнауын пайдаланушы және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жұмыстарымен - 49 жер қойнауын пайдаланушы 85 келісімшарттың негізінде жұмыс жүргізуде.

2016 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша облысымыздағы мұнай операторларымен 5 837,51 мың тонна мұнай өндірілді, бұл көрсеткіш 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 94,0 пайызды құрайды, яғни 389,3 мың тоннаға азайған.

        Жыл басынан бері Қызылорда облысының кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде  сарапшылық комиссия 3 отырысы өткізіліп, 13 жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштері қаралды.

        Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

     Сонымен қатар, Қызылорда облысының кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі 4 жұмыс тобы өткізіліп, 8 тікелей келіссөз арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау туралы өтініштері қаралды.

Жыл басынан бері 12 жаңа келісімшарттар жасалынды, оның ішінде:

- барлау операцияларды жүргізуге жеке кәсіпкер «Дәулет» (Бесарық уч.- саз), «Тоғыс Аралотын» (Баба уч.- саз және Баба-2 уч.- құм), «Қаз Чин Нур» (Қосуенкі уч. - әктас), «Галаз және К» (Қоныс уч – құмды-қиыршық тас),  «Бақоңыр» ӘКК» ҰК АҚ (Қосжар уч - каолинды саздар);

- өндіру операцияларын жүргізуге «Женсикбаев Б» ЖК (Сүлутөбе саз кен), «Мелиоратор» ЖШС (Жанакорған әктас кен орны), «Мир-2001» ЖШС (Жосалы-2 құмды-қиыршық тас кен орны), «ҚұмкөлТрансСервис» ЖШС (Сарыбұлақ құмды-қиыршық тас кен орны, Қайнар құм кен орны), «Даулет» ЖК (Бесарық саз кен орны), яғни Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

      Жыл басынан 5 келісімшарт тоқтатылды, оның ішінде:

- келісімшарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін -2;

- келісімшарттық іс-әрекет мерзімінің аяқталуына байланысты – 3.

    Сондай-ақ «Гео-Нурсат» ЖШС, «AkDier» ЖШС, «Қыраш»,  «Жайылма», «Сүттіқұдық», «Байкенже», «Қожамберді» ауылдық округтерінің әкімдіктеріне жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы 8 тұжырымдама берілді (қаңтар айында – 1; ақпан айында – 2; наурыз айында – 3, сәуір айында – 1, қыркүйек айында - 1), яғни «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша 8 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

      Сонымен қатар, бөліммен кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі жұмыс тобына (2016 жылғы 22 ақпандағы №347 Қаулы); кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияға (2016 жылғы 22 ақпандағы №348 Қаулы); сондай-ақ, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі облыстық конкурстық комиссияның  (2016 жылғы 22 ақпандағы №348 Қаулы) құрамына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар атқарылды.

       2015 жылғы 29 қаңтардағы № 835 «Қызылорда облысында тендерге немесе аукционға шығаруға жататын, құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулыға толықтырулар енгізіліп, облыс әкімдігінің 2016 жылдың 1 шілдеде №515 Әділет департаментінде 2016 жылдың 19 шілдеде №5565 болып енгізілді.

Казіргі таңда, осы аталған қаулыларына сəйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алуға ашық конкурс (тендер немесе аукцион) жарияланды.

    Жарияланған ашық конкурс 2016 жылғы 14 қыркүйектегі №165 (18484) басылыммен «Экспресс-К» ЖШС қоғамдық-саяси республикалық газетінде және Басқарманың damu.e-kyzylorda.gov.kсайттарында, бас мәзірдегі «мемлекеттік қызмет», оның ішіндегі «есеп бөлімінде» орналастырылды, сонымен қатар аталған конкурстың жарияланғанды жөнінде аудан әкімдіктеріне хатпен жолданды.

   Қызылорда облысының өнеркәсіп саласының 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы қорытындысы жайлы  2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлеміағымдағы бағаларда 396,7 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 89,4% құрады.

     Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы (90%-ға дейін) мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне  орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда.

     Атап айтқанда, есепті кезеңде 243,9 млрд. теңгенің 5 217,9 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 86,6%-ға  орындалған (2015 жылдың 8 айында 6 069,8 мың тонна шикі мұнайы өндірілген).

     Өнеркәсіптің 75,2%-н (негізінен мұнай саласы) құрап отырған кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 298,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 85,2% ғана құрап отыр.

      Оның ішінде 22,5 млрд. теңгеге техникалық қызметтер көрсетіліп, мұнай өндіру саласында көрсетілетін техникалық қызметтердің төмен түсіп кетуі салдарынан нақты көлем индексі 54,0% құраған.

       Дегенмен де, бұл сала бойынша аймақтағы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда 31,1 млрд теңгеге металл кендері өндіріліп (уран), өнім көлемі 10,4%-ға артқан.

       Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 77,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп,нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 115,7% құрап, өнім көлемі артқан.

    Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің өндірісі 10,8%-ға (күріш өңдеу 14,1%-ға, йодталған тұз өндіру 23,7%-ға, ет өнімдерін өндіру 2 есеге,  өңдеғлген сұйық сүт 93,2%-ға), химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 9,9%-ға, металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру(«уранның закись-окись» өнімі)  22,1%-ға артқан.

Алайда көптеген ірі құрылыс нысандарыныңаяқталуына байланысты («Бейнеу-Жезқазған» темір жол магистралы мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің, т.б.) және де былтырғы жылмен салыстырғанда сұраныс көлемінің төмендеп кетуі себепті құрылыс заттарын (өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру) (кірпіш, тауарлы бетон және темір-бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар) өндіру 22,0%-ға, жеңіл өнеркәсіп  40,8%-ға төмендеп кеткен.

2016 жылдың 3-ші тоқсан қорытындысы бойынша (қаңтар-қыркүйек) сыртқы байланыстар бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар

     Қызылорда облысына тікелей шетелдік және отандық инвестицияларды тарту бағытында өңірдің экономикалық жағдайын көтеру мақсатында жұмыстар атқарылуда.

        Атап айтқанда, 2016 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша (қаңтар - қыркүйек айлары аралығы) Облысымызыға инвестиция тарту мақсатынада ағымдағы жылдың 27-28 мамыр күндері Қызылорда қаласы мен Байқоңыр қаласында VІІ «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы өтті. Форумға әлемнің 12 мемлекетінен келген бизнес-қауымдастық, банк секторы, инвесторлар және мемлекеттік органдар даму институттары, ұлттық компаниялар, отандық кәсіпкерлер ғылыми зерттеу институттарының өкілдері қатысты.

Форумның басты мақсаты шетелдік және отандық инвесторлар мен өңірлік компаниялар арасында өзара серіктестік орната отырып, аймаққа инвестиция тарту, сонымен қатар өзекті экономикалық идеяларды дамыту арқылы экономиканы модернизациялау және түбегейлі инвестициялық жобаларға ықпал ету үшін бизнес, ғылым, билік өкілдерін біріктіру болып табылады. Өткен форум аясында салалар бойынша 16 ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

      Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 26 маусымында ҚХР Цзянсу провинциясы Халықтық Үкіметінің Вице-губернаторы Лю Чанлинь мырзаның басшылығымен делегация мүшелері Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Кездесудің мақсаты екі облыс арасында экономикалық және сауда байланыстарын дамыту болып табылады. Аталған кездесу барысында облыс әкімдігі мен Цзянсу провинциясы арасында өзара ынтымақтастық туралы 13 меморандумға қол қойылды. Оның ішінде11-і инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған.

         Бүгінгі күні Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға Иран Ислам Республикасымен тығыз ынтымақтастық орнатуда. Өткізілген кездесулер мен келісімдерге сәйкес Қызылорда облысында құс фабрикасының, минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт құрылыстары, Қызылорда обласында күріш, жүгері және майлы дақылдар егу жобалары ирандық «Туюран Санат Ария», «Джахад-Э-Сабз», «Киа Сам Кармания» компанияларымен жүзеге асырылады.   

         Ағымдағы жылдың 1 тамызында Вьетнам Социалистік Республикасының  Посолы Доан Тхи Суан Хйенханымбастаған бир топ делегация Қызылорда облысына іс-сапармен келді. Сапардың мақсаты екі облыс арасында экономикалық және сауда байланыстарын дамыту болып табылады.

     Аталған іс-сапар аясында «Қызылорда облысы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында сауда-экономикалық ынтымақтастыққа байланысты» дөңгелек үстел ұйымдастырылды және B2B форматында кездесу өтті.

             Үсітіміздегі жылдың 15-16 қараша күндерікезектіVIII «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумын отандық және шетелдік инвесторлармен  өткізу жоспарланып отыр.


Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2016 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша (қаңтар-маусым) атқарылған жұмыстар

                2016 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша (қаңтар-маусым) инвестициялық жобалар бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар.

Қазақстан Республикасындағы өңдеуші өнеркәсіпті әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру мақсатындаҚР Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы   №874 Жарлығымен «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген.

      Осы бағдарлама негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысы Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы бойынша келесі жұмыстар жүргізілді.

     Қызылорда облысының кәсіпкерлік субъектілері (жеке және заңды тұлғалар) өңдеуші өнеркәсіп бағытына сәйкес жүзеге асыруды жоспарлап отырған жобаларын Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу шараларын алу үшін жоғарыда аталып өтілген нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

    Өңірлік сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2016 жылғы 9 наурыздағы №10-нқ бұйрығымен Индустрияландыру және өңірлік кәсіпкерлікті қолдау карталарына енгізу үшін жобаларды қарау және өңірлік сараптама жүргізу жөніндегі облыстық комиссиясы құрылды.

     Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі №256-ө өкімімен Қызылорда облысын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі құрамына өзгеріс енгізіліп, жаңа ережелер бекітілді.

       Жоғарыда аталған өкімдерге сәйкес, 2016 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша (қаңтар - маусым айлары аралығы) сараптамалық комиссия отырысында құны 248,9 млрд. теңге құрайтын 19 жоба қаралып, (іске қосылғаннан кейін 1379 жаңа жұмыс орындары құралады) сараптамалық оң қорытынды берілді және өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысшы органы ретінде 13 отырыс өткізіліп, 5 өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша өткізілді (индустрияландыру картасына енгізу). Өңірлік үйлестіру кеңесінің 5 отырысының нәтижесінде жалпы құны 248,9 млрд теңгені құрайтын 19 жоба (жаңадан ашылатын жұмыс орындары - 1379) мақұлданып, қажетті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша хаттама рәсімделді.

    «Қызылорда облысы бойынша өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасын бекіту туралы Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы №477 қаулысына 2016 жылдың 28 маусымында Облыс әкімдігінің № 503  қаулысымен өзгертулер енгізіліп, жалпы 49 инвестициялық жобамен толықтырылды.

      Облысымызыға инвестиция тарту мақсатынада ағымдағы жылдың 27-28 мамыр күндері Қызылорда қаласы мен Байқоңыр қаласында VІІ «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы өтті. Форумға әлемнің 12 мемлекетінен келген бизнес-қауымдастық, банк секторы, инвесторлар және мемлекеттік органдар даму институттары, ұлттық компаниялар, отандық кәсіпкерлер ғылыми зерттеу институттарының өкілдері қатысты.

     Форум аясында шағын және орта бизнесті дамыту, ауылшаруашылық өнеркәсібінің кооперациядағы болашағы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің және туризм саласының дамуы сияқты мәселелер талқыланып, меморнадумдарға қол қойылды.

    Сонымен қатар, шетелдік және отандық инвесторлардың қатысуымен ағымдағы жылдың күз айларынада VIII «Байқоңыр «Инвест» халықаралық инвестициялық форумын өткізу жоспарлануда.

ҮИИДМБ-1 қорытындысы

 

Жобалар

 саны

        Сомасы,

        млрд. тг

  Жұмыс орны,             

         Адам

Барлығы:

26

189,8

3054

Рес. карта

1

52,1

300

Өңірлік карта

25

137,7

2754

 

2010-2014 жылдары құны 82,0 млрд.теңгенің 17 жобасы іске қосылып, 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 

2016 жылғы 6 айда бірінші бесжылдықта іске қосылған 17 жобаның 13 жобасы өнім өндіруді қамтамасыз етті.

- 11 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 90-100% аралығында меңгерді

1.  «Казгермұнай» БК ЖШС – ілеспе газ өңдеу – 111,4%.

2. «ПетроКазахстанКумкольРесорсиз» ЖШС – электрэнергиясы - 113%.

3. «Рза» АҚ - сүт өнімдері – 101,7%.

4. «Тату Агро» ШҚ – томат өнімдері – 100%.

5. «СКЗ-U» ЖШС -  күкірт қышқылы – 107,9%.

6. «СПК Кызылорда балык» ЖШС  - балық өнімдері – 155,3%.

7. «Дорстрой» ЖШС – қызмет көрсету – 100%.

8. «Хуа ю интернационал в г. Кызылорда» ЖШС -  химиялық реагенттер - 100%.

9. «Аралтұз» АҚ - ас және техникалық тұз – 128,3%.

10. «Кристалл менеджмент» ЖШС - электрэнергиясы – 97,1%.

11. ЖК «Палжанов» - кірпіш өндіру - 100%

 - 2 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 50-90% аралығында меңгерді.

1. «KazFrac» ЖШС - газ өндірісі – 63,7%, себебі кен орнында газ көлемі азайған.

2. «УАД» ЖШС - асфальт-бетон зауыты  сұраныс төмен болғандықтан - 59,5%.

 - 2 жоба есепті кезеңге «жоспарлы қуаттылықты» жоспарламаған.

1. «АзовАралАгроМаш» БК» ЖШС – а/ш техникасы, себебі девальвацияға және Сербия мен Украинадан әкелінетін құрал-жабдықтардың өзіндік құнының өсуі.

2. «Бис групп» ЖШС мия өсіру және өңдеу зауыты құрылтайшылар арасында сот процесі жүруіне орай өнім өндіре алмауда

 - 2 жоба - жоба бастамашылары арасында проблемасы болғандықтан 2014 жылғы желтоқсанда АҮК шешімімен индустрияландыру картасынан шығарылған («Шөгірлі» шаруа қожалығы  мал басын сатып жіберуіне орай жабылуда,«Алтын бала-08» ЖШС құрылтайшылар арасындағы сот процесі жүруіне орай жұмысы тоқтап тұр).

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік  бағдарламасы-2 орындалуы туралы ақпарат. ИИДМБ-2 аясында облыста жалпы құны 387,7 млрд.теңге құрайтын пайдалану кезінде 5 мыңнан астам жұмыс орнын құруды қамтитын 50 жоба іске асырылуда. 

- өңірлік индустрияландыру картасында – 49 жоба, жалпы құны 351 млрд. теңге, жұмыс орны – 4775 адам;

- республикалық индустрияландыру картасында – 1 жоба «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы», жоба құны - 36,7 млрд.теңге, жұмыс орны – 310 адам. Өңірлік индустрияландыру картасы аясында 49 жобаның ішінде 2015 жылы құны 2,3 млрд.теңге құрайтын 5 жоба іске қосылды. Жұмыс орындары -  253 адам. Олар:1) «Максима логистикс Казахстан» ЖШС – керамикалық кірпіш зауыты, жоба құны - 300,0 млн.теңге, Қызылорда қаласы, қуаты - жылына 15 млн дана кірпіш, жұмыс орны – 50 адам; 2) «Казэнергосбережение» ЖШС – LED жарықтандыру құралдарын шығару зауыты, Жалағаш ауданы, жоба құны – 98,3 млн.тенге, қуаты – жылына 31,2 мың штук шам жинақтау, жұмыс орны – 30 адам;3) «Тоғыз-аралотын» ЖШС – күйдірілген кірпіш шығару зауыты, жоба құны – 30,8 млн.тенге, қуаты – жылына 4 млн дана, жұмыс орны – 45 адам. 2016 жылы құны 2 млрд.теңге құрайтын 9 жобаны іске қосып, 357 адамды жұмыспен қамту көзделуде. Оның ішінде 3 жоба іске қосылды.

            Жер қойнауын пайдалану саласы бойынша  2016 жылдың 6 айда атқарылған жұмыстар туралы.Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны – 100-ды құрайды, оның ішінде көмір сутегі шикізатын барлау және өндірумен - 21 жер қойнауын пайдаланушы, қатты пайдалы қазбаларын барлау және өндірумен - 6 жер қойнауын пайдаланушы, емдік балшықты өндірумен – 2 жер қойнауын пайдаланушы, жер асты суды барлау және өндірумен – 7 жер қойнауын пайдаланушы, минералдық суды өндірушілер – 2, жер қойнауын пайдаланушы және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жұмыстарымен - 62 жер қойнауын пайдаланушы 84 келісімшарттың негізінде жұмыс жүргізуде. 2016 жылдың 2 тоқсанның қорытындысы бойынша облысымыздағы мұнай операторларымен 3943,10 мың тонна мұнай өндірілді, бұл көрсеткіш 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 80 пайызды құрайды.

        Жыл басынан бері Қызылорда облысының кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде 2 сарапшылық комиссия отырысы өткізіліп, 1 отырыста: 5 жер қойнауын пайдаланушылардың: «Көлжан» ЖШС – жер қойнауын пайдалану үлесімен бөлісу бойынша; «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ – барлауға, оны тиісінше бағалау жұмыстарын жүргізу үшін келісімшарттың мерзімін ұзарту; «Аралтұз» АҚ – келісімшарт бойынша бекітілген жұмыс бағдарламасына сәйкес өндіруді жүргізуді басталу кезеңін ауыстыру; «Абзал және Компания» – кен орнын уақытша консервациялау; «Автомобиль жол басқармасы» ЖШС – жобаны келістіру мерзімін ұзарту бойынша өтініштері, 2 отырыста: «Көлжан» ЖШС – жер қойнауын пайдалану үлесімен бөлісу бойынша қайта қарау;«Мелиоратор» ЖШС – жер қойнауын пайдаланушының атауын өзгерту; «Мир-2001» ЖШС – келісімшарт жасасуға берілген шешімнің мерзімін ұзарту бойынша өтініштері және «Автомобиль жол басқармасы» ЖШС – келісімшарттың іс-әрекетін біржақты тәртіппен тоқтату бойынша мәселелері қаралды.Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

      Сонымен қатар, Қызылорда облысының кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі 2 жұмыс тобы өткізілді. 1 жұмыс тобында: «Жаңа Арал» ЖШС, «Сарыбұлақ» ЖШС және «Галаз және Компания» ЖШС 3 өтінімдері қаралды.

        «Галаз және Компания» ЖШС құмды-қиыршық тастарға барлау жұмыстарын жүргізуге тиісті келісімшарт жасасуға құқық табысталды, сондай-ақ жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша облыстық индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің Индустрияландыру катрасына енгізілген 2 жаңа – «Сарыбұлақ» ЖШС және  «Жаңа Арал» ЖШС жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт жасасуға құқық табысталды.

        2 жұмыс тобында: «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ жер қойнауын пайдалануға-астұзға барлау жұмыстарын жүргізуге келісім берілді. Жеке кәсіпкер «Дәулет» және «Тоғыс-Аралотын» ЖШС-не сазды өндіруге арналған келісішарт жасасуға рұқсат берілді.

          Жыл басынан жеке кәсіпкер «Женсикбаева», жеке кәсіпкер «Дәулет», «Тоғыс-Аралотын» ЖШС, «Мелиоратор» ЖШС және «Каз Чин Нур» ЖШС-мен жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге 6 келісімшарт жасалды (қаңтар айында – 4; ақпан айында – 1; мамыр айында – 1), яғни Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

      Сондай-ақ «Гео-Нурсат» ЖШС, «AkDier» ЖШС, «Қыраш»,  «Жайылма», «Сүттіқұдық», «Байкенже» ауылдық округтерінің әкімдіктеріне жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы 7 тұжырым берілді (қаңтар айында – 1; ақпан айында – 2; наурыз айында – 3, сәуір айында – 1), яғни «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

        Сонымен қатар, бөліммен кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі жұмыс тобына (2016 жылғы 22 ақпандағы №347 Қаулы); кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияға (2016 жылғы 22 ақпандағы №348 Қаулы); сондай-ақ, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі облыстық конкурстық комиссияның  (2016 жылғы 22 ақпандағы №348 Қаулы) құрамына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар атқарылды.

      Сонымен қатар, 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 835 «Қызылорда облысында тендерге немесе аукционға шығаруға жататын, құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулыға толықтыру енгізіліп, қазіргі таңда бекітуге Әділет департаментіне жолданды.

  Қызылорда облысының өнеркәсіп саласының  2016 жылдың қаңтар-маусым айларындағы қорытындысы жайлы. 2016 жылдың қаңтар-маусым айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің  көлемі  ағымдағы бағаларда 288,4 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 90,8%  құрады.

Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден  тыс сулануы (90%-ға дейін) мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда.

Атап айтқанда, есепті кезеңде 173,1 млрд. теңгенің 3 936,6 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 87,0%-ға орындалған (2015 жылдың қаңтар-маусым айларында 4 554,8 мың тонна шикі мұнайы өндірілген).

     Өнеркәсіптің кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 213,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 85,4% ғана құрап отыр.

      Оның ішінде 16,8 млрд. теңгеге техникалық қызметтер көрсетіліп, мұнай өндіру саласында көрсетілетін техникалық қызметердің төмен түсіп кетуі  салдарынан  нақты көлем индексі 53,4 % құраған.

      Дегенмен де, бұл сала бойынша аймақтағы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда 22,7 млрд теңгеге металл кендері өндіріліп (уран), өнім көлемі 10,3%-ға артқан.

      Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 58,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 123,3% құраған.

     Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің өндірісі 9,8%-ға (йодталған тұз өндіру 12,0%-ға, өңделген сұйық сүт 95,6%-ға артқан), химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 29,5%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын  өндіру 26,2%-ға, машина жасау саласы 4,8%-ға, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру  (бензин, солярка, мазут, сұйытылған газ) 93,6%-ға, металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру саласы («уранның шала тотық-тотығы» өнімі) 16,2%-ға артқан. Қазіргі таңда аймақта ірі жобалардың – шыны зауыты, «Шалқия» қорғасын-мырыш кені құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


2016  жылдың бірінші  тоқсанында атқарылған жұмыстар

 

       Өзіңізге белгілі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Кәсіпкерлік Кодексі» қолданысқа енгізілді. Жаңа кодекске сәйкес, «Индустриялық-инновациялық қызметті қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының күші жойылуына байланысты индустрияландыру карталарының атауы бұдан әрі «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін  қолдау карталары» атауымен өзгертілген болатын.

        2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту Мемлекеттік Бағдарламасы аясында «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін  қолдау карталарына енгізу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесін құру туралы» облыс әкімінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі    №256-ө өкімімен Өңірлік үйлестіру кеңесі құрылды.

    Өңірлік сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2016 жылғы 9 наурыздағы №10-НҚ бұйрығымен индустрияландыру және өңірлік кәсіпкерлікті қолдау карталарына енгізу үшін жобаларды қарау жөніндегі салалық комиссиясы құрылды.

     Жоғарыда аталған өкімдерге сәйкес, 2016 жылдың 3 айында (қаңтар – наурыз  айлары аралығы) сараптамалық комиссия отырысында құны 1612,5 млн. теңге құрайтын 6 жоба қаралып, (іске қосылғаннан кейін 166 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады) сараптамалық оң қорытынды берілді және өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысшы органы ретінде 5 отырыс өткізіліп,1 өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша өткізілді (индустрияландыру картасына енгізу). Өңірлік үйлестіру кеңесінің 1 отырысының нәтижесінде жалпы құны 449,5 млн. теңгені құрайтын  5жоба (жаңадан ашылатын жұмыс орындары - 96) мақұлданып, қажетті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша хаттама рәсімделді.

   Сонымен қатар, инвесторларға мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде өзара іс-қимыл жасасу, инвесторларды сүйемелдеу үшін жауапты тұлғаларды айқындау бойынша бірлескен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ү.ж. 20 қаңтарда №29 бұйрығы және Қызылорда облысы әкімдігінің ү.ж. 17 наурызда №393 қаулысы  қабылданды.

     Ү.ж. 20 қаңтарында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың №191 өкімімен «Қызылорда облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңес»құрылды. Қазіргі таңда кеңес мүшелері өзгеруіне байланысты кеңестің құрамына өзгерістер енгізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

 ҮИИДМБ-1 Қызылорда облысында орындалуы туралы ақпарат

2010-2014 жылдары индустрияландыру картасына облыс бойынша жалпы құны 189,8 млрд. теңге құрайтын 26 жоба енгізілген.

(құрылыс кезінде уақытша 3186 жұмыс орны және іске қосылғанда 3054 жұмыс орны құрылатын болады)

 

Жобалар

 саны

        Сомасы,

        млрд. тг

  Жұмыс орны,             

         адам

Барлығы:

26

189,8

3054

Рес. карта

1

52,1

300

Өңірлік карта

25

137,7

2754

 

5 жыл ішінде құны 82,0 млрд.теңгенің 17 жобасы іске қосылып,   1 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 

2016 жылғы қаңтар-ақпанда іске қосылған 17 жобаның  11 жобасы өнім өндіруді қамтамасыз етті.

- 10 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 90-100% аралығында меңгерді

1.  «Казгермұнай» БК ЖШС – ілеспе газ өңдеу - 105,3%

2. «ПетроКазахстанКумкольРесорсиз» ЖШС – электрэнергиясы - 115%

3. «Рза» АҚ - сүт өнімдері - 102,4%

4. «Кристалл менеджмент» ЖШС - электрэнергиясы - 94,2%.

5. «Тату Агро» ш/қ – томат өнімдері – 100%

6. «СКЗ-U» ЖШС -  күкірт қышқылы - 116%

7. «СПК Кызылорда балык» ЖШС  - балық өнімдері - 113,2%

8. «Дорстрой» ЖШС – қызмет көрсету - 115,4%

9. «Хуа ю интернационал в г. Кызылорда» ЖШС -  химиялық реагенттер - 100%

10. «Аралтұз» АҚ - ас және техникалық тұз - 116,8%

- 1 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 50-90% аралығында меңгерді.

1. «KazFrac» ЖШС - газ өндірісі – 61,0%, себебі кен орнында газ көлемі азайған

- 3 жоба есепті кезеңге «жоспарлы қуаттылықты» жоспарламаған.

1. «УАД» ЖШС - асфальт-бетон зауыты

2. ЖК «Палжанов» - кірпіш өндіру

3. «АзовАралАгроМаш» БК» ЖШС – а/ш техникасы

 - 1 жоба -құрылтайшылар арасында сот процесі жүруіне орай өнім өндіре алмауда. («Бис групп» ЖШС мия өсіру және өңдеу зауыты)

- 2 жоба- жоба бастамашылары арасында проблемасы болғандықтан 2014 жылғы желтоқсанда АҮК шешімімен индустрияландыру картасынан шығарылған(«Шөгірлі» шаруа қожалығы  мал басын сатып жіберуіне орай жабылуда,«Алтын бала-08» ЖШС құрылтайшылар арасындағы сот процесі жүруіне орай жұмысы тоқтап тұр). 

2016 жылғы қаңтар-наурызда іске қосылған жобалар 4,6 млрд.теңгенің өнімін өндірді, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 32,3%-ға өскен (2015 жылғы қаңтар-наурызда – 3,5 млрд. теңге).Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 3,2 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33,3%-ға өскен (2015 жылғы қаңтар-наурызда – 2,4 млрд. теңге).

 ИИДМБ-2 Қызылорда облысында орындалуы туралы ақпарат

            ИИДМБ-2 аясында облыста жалпы құны 150,0 млрд.теңге құрайтынпайдалану кезінде 3928 жаңа жұмыс орнын құруды қамтитын 38 жоба іске асырылуда. 

 

Жобалар

 саны

        Сомасы,

        млрд. тг

  Жұмыс орны,            

         адам

Барлығы: 

38

150,0

3928

Рес. карта

1

36,7

310

Өңірлік карта

37

113,3

3618

2015 жылы құны 2,3 млрд.теңге құрайтын 5 жоба іске қосылды. Жұмыс орындары -  253 адам.   

1) «Жан Арай Жем» ЖШС – құрама жем зауыты, құны -375,9 млн.тенге, жұмыс орны – 60 адам, Қызылорда қаласы, қуаты – тәулігіне 80 тонна;

2) «Максима логистикс Казахстан» ЖШС – керамикалық кірпіш зауыты, жоба құны - 300,0 млн.теңге, Қызылорда қаласы,қуаты - жылына 15 млн дана кірпіш, жұмыс орны – 50 адам; 

3) «Казэнергосбережение» ЖШС – LED жарықтандыру құралдарын шығару зауыты, Жалағаш ауданы, жоба құны – 98,3 млн.тенге, қуаты – жылына 31,2 мың штук шам жинақтау, жұмыс орны – 30 адам; 

4) «Тоғыз-аралотын» ЖШС – күйдірілген кірпіш шығару зауыты, жоба құны – 30,8 млн.тенге, қуаты – жылына 4 млн дана, жұмыс орны – 45 адам;

5)  «РМЗ Шапагат» ЖШС – Қызылорда қаласындағы үй құрылыс комбинаты, Қызылорда қаласы, жоба құны – 1454 млн.теңге, қуаты – жылына 35 мың шаршы метр тұрғын үй, жұмыс орны – 68 адам; 

         2016 жылы құны 580,4 млн.теңге құрайтын 4 жобаны іске қосып, 116 адамды жұмыспен қамту көзделуде.

1) «Газ трейд» ЖШС - «Газ құрылғыларын алу және автокөлікті газбен жабдықтайтын стансасының құрылысы» жобасы

Жоба құны – 380 млн.теңге;

Жоба қуаттылығы – жылына3,4 млн.метр куб газ;

Жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы;

Жұмыс орындары – 27 адам;

2016 жылдың 16 наурызда іске қосылды.

Жоба мемлекеттік қолдау шарасы ретінде - Қызылорда қаласынан 20 сотық жер телімін алған.

2) ЖК «Дәулет» - «Кірпіш зауытын кеңейту» жобасы

Жоба құны – 12,1 млн.теңге;

Жоба қуаттылығы – жылына 5,2 млн.дана кірпіш;

Жүзеге асу орны – Сырдария ауданы;

Жұмыс орындары – 17 адам;

Жоба 2016 жылдың ІI тоқсанында (мамыр) іске қосылатын болады.

Бүгінгі күні тікелей келіссөз арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын алу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Жоба мемлекеттік қолдау шарасы ретінде - сазды барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер қойнауын пайдалануға тікелей келіссөздер арқылы келісім-шарт жасау құқығы берілген.

3) «Берекет» ШҚ - «Ет және ет өнімдерін өндіру, тұшпара цехын ұйымдастыру» жобасы

Жоба құны – 38,3 млн. теңге;

Жоба қуаттылығы – жылына 5,1 мың бас малды бордақылау, 96 кг тұшпара;

Жүзеге асу орны – Арал ауданы;

Жұмыс орындары – 27 адам;

Жоба 2016 жылдың ІI тоқсанында (маусым) іске қосылатын болады.

Қазіргі таңда нысанның құрылысы толықтай аяқталған. Арал ауданының әкімдігі тарапынан индустриялық аймаққа жеткізілген сыртқы инженерлік инфрақұрылымның құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Жоба мемлекеттік қолдау шарасы ретінде - Арал ауданы индустриялық аймақтан 1 га жер телімі берілді.

4) «KazChinNur» ЖШС - «Құрылыс бұйымдарын шығару зауытының құрылысы» жобасы

Жоба құны – 150  млн.теңге;

Жоба қуаттылығы –  жылына 150 мың тонна;

Жүзеге асу орны – Шиелі ауданы;

Жұмыс орындары – 45 адам;

Жоба 2016 жылдың ІIІ тоқсанында (тамыз) іске қосылатын болады.

      Нысанның қызметіне қажетті негізгі құрылдар сатып алынған, мемлекеттік қолдау шарасы ретінде тікелей келіссөз арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын алу мәселесі қаралуда.

      Жоба мемлекеттік қолдау шарасы ретінде - барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер қойнауын пайдалануға тікелей келіссөздер арқылы келісім-шарт жасау құқығы берілген.

      Жер қойнауын пайдалану саласы бойынша  2016 жылдың 3 айда атқарылған жұмыстар туралы Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны – 99-ды құрайды, оның ішінде көмір сутегі шикізатын барлау және өндірумен - 21 жер қойнауын пайдаланушы, қатты пайдалы қазбаларын барлау және өндірумен - 6 жер қойнауын пайдаланушы, емдік балшықты өндірумен – 2 жер қойнауын пайдаланушы, жер асты суды барлау және өндірумен – 7 жер қойнауын пайдаланушы, минералдық суды өндірушілер – 2, жер қойнауын пайдаланушы және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жұмыстарымен - 61 жер қойнауын пайдаланушы 83 келісімшарттың негізінде жұмыс жүргізуде.2016 жылдың 2 айлық қорытындысы бойынша облысымыздағы мұнай операторларымен 1336,936 мың тонна мұнай өндірілді, бұл көрсеткіш 2015 жылдың 2 ай ұқсас кезеңімен салыстырғанда 88,3 пайызды құрайды.Жыл басынан бері Қызылорда облысының кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде 1 сарапшылық комиссия отырысы өткізіліп, 5 жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштері қаралып, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, келісімшарттар бойынша жер қойнауы операцияларын уақытша консервациялауға және жобаларды келісу мерзімдерін ұзарту бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Сонымен қатар 1 жұмыс тобы отырысы өткізіліп, 3 жер қойнауын пайдаланушылардың – «Жаңа Арал» ЖШС (Арал ауданы, Ақирек ауылдық округі, Ақбай елді мекені, «Қаптама кірпіш өндірісі» жобасы), «Сарыбұлақ» ЖШС (Қызылорда облысы Қызылорда-Жезқазған тас жолының 36 шақырымдағы «Күйдірілген кірпіш өндіру зауыты құрылысы» жобасы) және «Галаз және Компания» ЖШС (Сырдария ауданында орналасқан Солтүстік-Батыс Қоңыс учаскесінде барлау жұмыстарын жүргізу) өтініштері қаралып, тиісті оң шешімдер қабылданды. Облыстық индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің Индустрияландыру катрасына енгізілген 2 жаңа – «Сарыбұлақ» ЖШС және  «Жаңа Арал» ЖШС жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт жасасуға құқық табысталды, сонымен қатар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге 3 жер қойнауын пайдаланушыларға – «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ, «Аралтұз» АҚ және «Абзал және Компания» ТС-не рұқсат берілді.


 Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының  2015 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар туралы

Анықтамасы

      Басқарманың 2015 жылға жоспарлаған жылдық жоспарына сәйкес барлық шаралары толық атқарылып, орындалды. Басқарманың Ережемен бекітілген міндеттері: 1) өңірдің индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік саясатын іске асыру және үйлестіруді жүргізу; 2) өнеркәсіптің салалары қызметін және қазақстандық мазмұнды дамытуды үйлестіру және дамуына талдау жүргізу; 3) жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады; 4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді атқарады.

      Жер қойнауын пайдалану бөлімінің саласы бойынша. Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны – 99-ды құрайды, оның ішінде көмір сутегі шикізатын барлау және өндірумен - 21 жер қойнауын пайдаланушы, қатты пайдалы қазбаларын барлау және өндірумен - 6 жер қойнауын пайдаланушы, емдік балшықты өндірумен – 2 жер қойнауын пайдаланушы, жер асты суды барлау және өндірумен – 7 жер қойнауын пайдаланушы, минералдық суды өндірушілер – 2, жер қойнауын пайдаланушы және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жұмыстарымен - 61 жер қойнауын пайдаланушы 83 келісімшарттың негізінде жұмыс жүргізуде. Соңғы жылдары мұнай кен орындарында өндіру көлемі қысым қабатының сулануынан және «Құмкөл», «Оңтүстік Құмкөл», «Ащысай» және т.б. кен орындарын іске қосу мерзімінің 20-25 жылға ауысуына орай табиғи төмендегендігі байқалады. 2015 жылдың 12 айлық қорытындысы бойынша облысымыздағы мұнай операторларымен 8976,072 мың тонна мұнай өндірілді, бұл көрсеткіш 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 90,5 пайызды құрайды. 2015 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша Қызылорда облысының кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде 4 сарапшылық комиссия отырысы өткізіліп, 34 жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштері қаралып, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеліктен шығару және жер қойнауын пайдаланумен байланысты обьектілерді иеліктен шығару, жобаларды келісу мерзімдерін ұзарту бойынша тиісті шешімдер қабылданды. 2015 жылдың 14 тамызында облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының «Жер қойнауын пайдалану» бөлімімен «Жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау тәртібі туралы» дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық жер және кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары, кәсіпкерлер қатысты. Отырыс барысында жер қойнауын пайдалану бойынша түсіндіру шаралары өткізілді және кең таралған пайдалы қазбаларға барлауды немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтінім  берудің (жеке және заңды тұлға) кестелік Бағдаржолымен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

      Өткізілген дөңгелек үстел хаттамасының 2-тармағына сәйкес қалалық және аудандық әкімдіктерге жер қойнауын пайдалану бойынша қала және аудан кәсіпкерлері арасында түсіндіру шараларын өткізу және кестелік Бағдаржолмен таныстыру бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылды. Осы орайда, облыс аудандарының әкімдіктерімен кәсіпкерлерді жоғарыда аталған тақырыппен таныстыру жұмыстары жүргізілгендігі туралы хабарланды, сондай-ақ, осы бағыттағы жұмыстар Басқарма тарапынан алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Сонымен қатар 2015 жылғы 30 қазанда Астана қаласының «Нарық сараптамасы және мониторингінің орталығы» ЖШС-мен «Мұнай-газ саласының жергілікті мазмұнын дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының энергетика министрлігінің атқаратын қызметі туралы қоғамды ақпараттандыруды арттыру» атты тақырып бойынша семинар-тренинг өткізілді. Қатысушылары: мұнай-сервистік компанияларының өкілдері. Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтарда №845 қаулысымен Қызылорда облысында тендерге немесе аукционға шығаруға жататын, құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерінің тізбесі бекітіліп, Қызылорда облысының Әділет департаментіне тіркелді. Алайда, тізбеге өзгерістер енгізілуіне байланысты 2015 жылғы 4 желтоқсанда №241 қаулысымен Қызылорда облысында тендерге немесе аукционға шығаруға жататын, құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерінің тізбесі қайта бекітіліп, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланды. Қаулы 2015 жылғы 11 желтоқсандағы Қызылорда облысының Әділет департаментінде нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне №5261 болып енгізілді. Қазіргі уақытта Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасымен Қызылорда облысында тендерге немесе аукционға шығаруға жататын, құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелеріне жер қатынастары заңнамалары нормаларының талабы бойынша резервтік аумақтар құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызылорда облысы әкімінің 2015 жылғы 6 наурыздағы №866 қаулысымен Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже және оның құрамы бекітілді.  2015 жылғы 14 сәуірдегі №917 қаулысымен осы ережеге өзгеріс енгізіліп, жаңа функциялармен толықтырылды. Жоғарыда аталған қаулылар негізінде 6 жұмыс тобы отырысы өткізіліп, 29 жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша Қызылорда облысы аймағындағы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына берілген келісімшарттардың мемлекеттік тіркеу тізіміне 2015 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша 8 жаңа “Максима Логистикс Қазақстан” ЖШС, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ (2 келісімшарт), «Kazpetrol Group» ЖШС, «ҚұмкөлТрансСервис» ЖШС (2 келісімшарт), «Галаз и К» ЖШС және «Али-Барс» ЖШС келісімшарт жасалып, тиісті мемелекеттік қызмет көрсетілді, сонымен қатар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 12 қосымша келісімдер «Көлжан» ЖШС, «Пірмағамбет ЖШС»,  «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ, «Қазқұм-Ордазы» ЖШС, «Аралтұз» АҚ, «Ақтал» жеке кәсіпкер, «Kazpetrol Group» ЖШС, «Ру-6» ЖШС, «DanAke» Корпорациясы» ЖШС және «Саутс Ойл» ЖШС-мен жасалды.

    Инвестициялық жобалар бөлімінің саласы бойынша. Қазақстан Республикасындағы өңдеуші өнеркәсіпті әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру мақсатында ҚР Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы   №874 Жарлығымен «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген.Осы бағдарлама негізінде және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №675 қаулысымен бекітілген «Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу ережесі» бойынша келесі жұмыстар жүргізілді.Қызылорда облысының кәсіпкерлік субъектілері (жеке және заңды тұлғалар) өңдеуші өнеркәсіп бағытына сәйкес жүзеге асыруды жоспарлап отырған жобаларын өңірлік немесе республикалық картаға енгізу және мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін жоғарыда аталып өтілген нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

       Өңірлік сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын Қызылорда облысы әкімінің 2015 жылғы 22 мамырдағы №14-ө өкімімен Республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу үшін жобаларды қарау және өңірлік сараптама жүргізу жөніндегі облыстық комиссиясы құрылды.

      Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімінің 2015 жылғы 22 маусымдағы №32-ө өкімімен Қызылорда облысын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі құрамына өзгеріс енгізіліп, жаңа ережелер бекітілді.

      Жоғарыда аталған өкімдерге сәйкес, 2015 жылдың 12 айында (қаңтар - желтоқсан айлары аралығы) сараптамалық комиссия отырысында құны 203,5 млрд. теңге құрайтын 28 жоба қаралып, (іске қосылғаннан кейін 3118 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады) сараптамалық оң қорытынды берілді және өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысшы органы ретінде 29 отырыс өткізіліп,13 өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша өткізілді (индустрияландыру картасына енгізу). Өңірлік үйлестіру кеңесінің 13 отырысының нәтижесінде жалпы құны 203,5 млрд теңгені құрайтын 28 жоба (жаңадан ашылатын жұмыс орындары - 3118) мақұлданып, қажетті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша хаттама рәсімделді.

       Сонымен қатар, ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне жалпы құны 404,3 млрд.теңге құрайтын 8 жоба республикалық индустрияландыру картасына қосу үшін жолданған болатын.

      Осыған орай, 2015 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстанның Индустрияландыру картасы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде штаб отырыс болды.

     Штаб отырысың шешіміне сәйкес, 8 жобаның ішінде 1 жоба Республикалық картаға енсе, 2 жоба өңірлік индустрияландыру картасына енгізуге ұсынылды және тағы 2 жоба төмен деңгейде пысықталмау себебінен түзетуге жіберілді.

       Қалған 3 жоба бойынша индустриялық - инновациялық даму мемлекеттік бағдарманың басымдықтарына сәйкессіздігіне сай келмеуіне байланысты қайтарылды.

       Өнеркәсіпті және қазақстандық мазмұнды дамыту бөлімі саласы бойынша.

2015 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі (НКИ) 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шамамен 90,0% құрады (алдын ала жедел ақпарат).

Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы (90%-ға дейін) мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне  орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда.

                  Шикі мұнай өндірісі



Мың. тонна    2012      2013         2014        2015 12 ай

                 10 882,6    10 587,5    9 919,8    8 976,1

НКИ (%)          99,3     97,3          93,7        90,5



    Дегенмен де, өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында өндірістің нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,2% құрап отыр (жедел ақпарат).  

   Облыстың өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыруға бағытталған өндірісті әртараптандыру (диверсификация) жұмыстарының нәтижесінде өңірдің өңдеу өнеркәсібінің үлесінің жылдан жылға артуына қол жеткізілді. Нәтижесінде 2012 жылы облыстың өнеркәсібі құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 4,5% құраса, 2015 жылдың қорытындысымен 3 есеге дейін көтеріліп, 13,5%-дан асып отыр.

    Өңдеу өнеркәсібі саласы көрсеткішінің жоғарылауына уран кенін өңдеуден алынатын «уранның шала тотығы-тотығы» («закись-окись урана») өнімін өндірудің артуы («Байкен-У» ЖШС Жаңақорған ауданы), индустриялық карта аясында іске қосылған жобалардың («Арал тұз» АҚ, «РЗА»АҚ, «Жан-Арай жем» ЖШС, «СКЗ-У» ЖШС) арқасында тамақ өнімдерін өндірудің, оның ішінде күріш өңдеудің (ақтаудың) жоғарылауы мен химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемінің артуы себеп болып отыр (жедел ақпарат).

     Сонымен қатар, 2015 жылы жергілікті қамтуды дамыту мақсатында жергілікті тауарөндірушілерге біршама қолдау жұмыстары жүргізілді.

    Атап айтқанда, жергілікті қамтуды дамыту мақсатында 2015 жылдың 3 ақпанында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Б.А. Сағынтаевтың аймағымызға жұмыс сапары барысында «ҚазАтомПром»ҰАК» АҚ, «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ, «Қазақтелеком» АҚ ұлттық компаниялары және облыс әкімдігі арасында жергілікті тауарөндірушілерді қолдау жөнінде екі жақты меморандумдарға қол қойылды.

     Сондай-ақ, облыс әкімдігімен 2015 жылдың 14 маусымында «ҚазАтомПром»ҰАК» АҚ-ның Басқарма Төрағасы А. Жұмағалиевтің өңірімізге іс-сапары барысында 3 ақпанда қол қойылған меморандумға толықтырулармен өзгерістер енгізіліп, қосымша 9,5 млрд. теңге көлеміндегі меморандумға қол қойылды.

   Жыл қорытындысы бойынша аталған меморандумдар аясында атқарылған жұмыстар нәтижесінде тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсету бойынша жергілікті тауарөндіруші кәсіпорындармен және ұлттық компаниялар арасында 11,2 млрд. теңгеге тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетуді сатып алуға байланысты 354 келісім-шарт жасалды.

     Оның ішінде:

      -    «ҚазАтомПром»ҰАК» АҚ жергілікті тауарөндірушілермен 9,9 млрд. теңгеге;

      -    «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ 957,2 млн. теңгеге;

      -    «Қазақтелеком» АҚ 382,3 млн. теңгеге келісім шарт жасасқан.

    Осы орайда, облыс әкімдігі жергілікті тауарөндірушілерге қолдау көрсету мақсатында өңірдегі мұнай компанияларымен («СНПС «Айдан-Мұнай» АҚ, «Торғай-Петролеум» АҚ, «Казпетролгрупп» ЖШС, «КАМ» ЖШС) екі жақты меморандумдарға отырып, қазіргі таңда бұл меморандумдар бойынша 8,9 млрд. теңге тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға келісім шарттар жасалды.

     Сонымен қатар, 2015 жылдың 23 маусымында «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ мен облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен және жергілікті кәсіпорындардың қатысуымен жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған «екінші дүркін» көшпелі семинар–кеңесі өткізілді. Семинар-кеңес аясында жергілікті тауарөндірушілер мен тапсырыс берушілер арасында жалпы құны 1 млрд. 400 млн. теңге көлеміндегі ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды.

       Бүгінгі күнде «екінші дүркін» көшпелі семинар-кеңес барысында қол қойылған ынтымақтастық меморандумдар аясында 933,7 млн. теңгенің 11 келісім-шарттары жасалды.

Сондай-ақ, аталған семинар-кеңес барысында «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі NADLoC» АҚ өкілдері және облыс аумағында орналасқан өнеркәсіп саласындағы («Абзал и К» ТС, «Арал тұз» АҚ, «РЗА» АҚ, «СПК Қызылорда Балық» ЖШС, «Жан Арай Жем» ЖШС) кәсіпорындар арасында «Қазақстанда жасалған» акциясы шеңберінде «Қазақстанда жасалған» логотипін пайдалану бойынша өзара ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды. Қазіргі уақытта аталған меморандумдардың аясында («РЗА» АҚ мен «СПК Қызылорда Балық» ЖШС) «Қазақстанда жасалған» логотипі жабыстырылған өнімдерді шығаруды бастады.

      Алдағы уақытта Басқарма тарапынан қалған 3 меморандум аясында биылғы жылы жұмыстар жалғастырылып, өндірген өнімдеріне логотипті жабыстыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

     Сонымен қатар, жергілікті тауарөндірушілерге қолдау көрсету мақсатта 2015 жылдың тамыз айында жергілікті тауарөндіруші кәсіпорындарының басшылары мен «ҚИДИ» АҚ өкілдерінің қатысуымен «Өнімділік-2020» бағдарламасына енгізілген өзгерістерді жеткізіп, түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өткізілді.

   Сондай-ақ, тауарлардың өткізу рыногын өсіру мақсатында жергілікті тауарөндірушілер тарапынан шығарылатын өнімдердің тізбесі республикамыздың басқа өңірлеріне жолданып отырылды.

     Сол сияқты ЭКСПО-2017 құрылыс нысандарына қолдану мақсатында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-на облыстағы құрылыс индустриясы саласында жұмыс атқаратын кәсіпорындар мен олардың шығаратын өнімдерінің (қиыршық тас, әк, темір-бетон бұйымдары, полиэтиленді құбырлар, т.б.) каталогтері жіберіліп, өңірдің құрылыс индустрия өкілдері ЭКСПО-17 көрме кешені құрылысында өткізілген жиынға қатыстырылды

     Әкімдік тарапынан отандық тауарөндірушілерге қолдау көрсету мақсатында жыл басынан бері облыстың барлық аудандарында форумдар мен көрмелер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, аймаққа инвестиция тарту мақсатында жыл көлемінде екі мәрте «Байқоңыр инвест» инвестициялық форумдары өткізілді.

   Отандық тауарөндірушілерге қолдау көрсету бағытында атқарылған  іс-шаралардың барлығы дерлік аудандық, облыстық және республикалық деңгейлердегі бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып отырылды.

   Сонымен қатар, Басқарма тиісті басқармалармен бірлесе отырып, өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындарда жұмыс жасайтын қызметкерлердің жалақыларын, зейнетақы қорына аударылатын аударымдарын, экологиялық қосымша төлемдерінің уақытылы төлеу жағдайына талдау жасап, еңбек дау-дамайларын тудырмай, алдын алу мақсатында кәсіпорындардың басшылығымен кездесулер өткізе отырып, нақты жұмыстар атқарып отырылды.

Нәтижесінде 2015 жылы өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындарда шиеленістер мен еңбек дау-дамайларының туындауына жол берілген жоқ.

    Мониторинг және талдау бөлімінің саласы бойынша ҮИИДМБ-1 Қызылорда облысында орындалуы туралы ақпарат.  2010-2014 жылдары индустрияландыру картасына облыс бойынша жалпы құны 189,8 млрд. теңге құрайтын 26 жоба енгізілген.(құрылыс кезінде уақытша 3186 жұмыс орны және іске қосылғанда 3054 жұмыс орны құрылатын болады)



                                 Жобалар       Сомасы,      Жұмыс орны,

                                  саны            млрд. тг       адам

                 Барлығы:    26                 189,8          3054

                 Рес. карта    1                   52,1          300

              Өңірлік карта    25                137,7        2754

5 жыл ішінде құны 82,0 млрд.теңгенің 17 жобасы іске қосылып,   1 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.  

Индустрияландырудың I бесжылдығында 17 жобасының 14 жобасы 2015 жылы тұрақты өнім өндіруді қамтамасыз етті:  

 Оның ішінде:  

- 13 жоба «жоспарлы қуаттылықты» 90%-100% аралығында меңгерді

1.  «Казгермұнай» БК ЖШС – 110%

2. «ПетроКазахстанКумкольРесорсиз» ЖШС – 92%

3. «Рза»  АҚ  - 92%

4.  «УАД» ЖШС – 106%  

5. «Кристалл менеджмент» ЖШС -  102%

6.  «Тату Агро» ш/қ – 176%

7.  «СКЗ-U» ЖШС – 99,7%

8. «АзовАралАгроМаш» БК» ЖШС - 100%

9. «СПК Кызылорда балык» ЖШС  - 164,3%

10. «Дорстрой» ЖШС - 101%

11. ЖК «Палжанов» - 113%

12. «Хуа ю интернационал в г. Кызылорде» ЖШС – 101,6%

13. «Аралтұз» АҚ – 105,1%

- 1 жоба - «жоспарлы қуаттылықты» 86,5% меңгерді

(«Каз Фрак» ЖШС – Кеңлік кен орнында ілеспе газды тиімді пайдалану өндірісін ұйымдастыру жобасы келетін газ көлемі төмен болғандықтан);

- 1 жоба - «Бис групп» ЖШС – мия тамырын өсіру және өңдеу зауыты жобасы өнім өндіруді IV тоқсанға жоспарлаған. Алайды құрылтайшылар «Бис групп» ЖШС мен ҚХР-ның «Борихунда» ААҚ арасында сот процесі жүруіне орай өнім өндіре алмады

- 2 жоба – жоба бастамашылары арасында проблема болғандықтан индустрияландыру картасынан шығарылды. («Алтын бала-08» ЖШС  қамыстан тақтайша шығару зауыты құрылтайшылар арасындағы сот процесі жүруіне байланысты тоқтап тұр, «Шөгірлі» ш/қ мал басын сатып жіберуіне байланысты жабылуда).

ИИДМБ-2 Қызылорда облысында орындалуы туралы ақпарат. ИИДМБ-2 аясында облыста жалпы құны 150,0 млрд.теңге құрайтын пайдалану кезінде 3928 жаңа жұмыс орнын құруды қамтитын 38 жоба іске асырылуда.  

                           Жобалар       Сомасы,      Жұмыс орны,

                                саны            млрд. тг       адам

Барлығы:                   38                 150,0        3928

Рес. карта                  1                   36,7         310

Өңірлік карта             37                 113,3        3618

 

        2015 жылы құны 2,3 млрд.теңге құрайтын 5 жоба іске қосылды. Жұмыс орындары -  253 адам.   

1) «Жан Арай Жем» ЖШС – құрама жем зауыты, құны -375,9 млн.тенге, жұмыс орны – 60 адам, Қызылорда қаласы, қуаты – тәулігіне 80 тонна;

2) «Максима логистикс Казахстан» ЖШС – керамикалық кірпіш зауыты, жоба құны - 300,0 млн.теңге, Қызылорда қаласы, қуаты - жылына 15 млн дана кірпіш, жұмыс орны – 50 адам;

3) «Казэнергосбережение» ЖШС – LED жарықтандыру құралдарын шығару зауыты, Жалағаш ауданы, жоба құны – 98,3 млн.тенге, қуаты – жылына 31,2 мың штук шам жинақтау, жұмыс орны – 30 адам;

4) «Тоғыз-аралотын» ЖШС – күйдірілген кірпіш шығару зауыты, жоба құны – 30,8 млн.тенге, қуаты – жылына 4 млн дана, жұмыс орны – 45 адам;

5)  «РМЗ Шапагат» ЖШС – Қызылорда қаласындағы үй құрылыс комбинаты, Қызылорда қаласы, жоба құны – 1454 млн.теңге, қуаты – жылына 35 мың шаршы метр тұрғын үй, жұмыс орны – 68 адам;

        2015 жылы іске қосылған 5 жоба 88,7 млн.теңгенің өнімін өндірді. Жалпы алғанда, индустрияландыру I және II бағдарламасы бойынша есепті кезеңде 22 жоба іске қосылды (I бесжылдық – 17 жоба, II бесжылдық – 5 жоба).

        2015 жылы іске қосылған барлық жобалар 16,1 млрд.теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 1,5 есеге өскен (2014 жыл – 10,5  млрд теңге).

Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 11,3 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда  1,7 есеге өскен (2014 жыл – 6,5 млрд теңге).   


Қызылорда облысының өнеркәсіп саласының 2015 жылдың қаңтар-қараша айларындағы қорытындысы жайлы

        2015 жылдың қаңтар-қараша айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 553,2 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 90,5% құрадыӨнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы (90%-ға дейін) мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне  орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда. Атап айтқанда, есепті кезеңде 361,7 млрд. теңгенің 8 252,8 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 90,9%-ға  орындалған (2014 жылдың 11 айында 9 081 мың тонна шикі мұнайы өндірілген). Өнеркәсіптің 80,7%-н (негізінен мұнай саласы) құрап отырған кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 446,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 89,3% ғана құрап отыр. Оның ішінде 44,5 млрд. теңгеге техникалық қызметтер көрсетіліп, мұнай өндіру саласында көрсетілетін техникалық қызметтердің төмен түсіп кетуі салдарынан нақты көлем индексі 59,3% құраған. Дегенмен де, бұл сала бойынша аймақтағы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда 35,8 млрд теңгеге металл кендері өндіріліп (уран), өнім көлемі 17,0%-ға артқан.

        Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 74,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,2құрады, өнім көлемі аз да болса артқан. Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің өндірісі 908%-ға (күріш өңдеу 13,6%-ға, йодталған тұз өндіру 41,4%-ға, ет өнімдерін өндіру 21,5%-ға,  өңдеғлген сұйық сүт 17,7%-ға),  химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 1,0%-ға, металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру («уранның шала тотық-тотығы» өнімі)  37,5%-ға артқанАлайда көптеген ірі құрылыс нысандарының аяқталуына байланысты («Бейнеу-Жезқазған» темір жол магистралы мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің, т.б.) және де былтырғы жылмен салыстырғанда сұраныс көлемінің төмендеп кетуі себепті құрылыс заттарын (өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру) (кірпіш, тауарлы бетон және темір-бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар) өндіру 37,9%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 20,2%-ға төмендесе, жеңіл өнеркәсіп  24,9%-ға,  мұнай өңдеу өнімдерін өндіру  (бензин, солярка, мазут, сұйытылған газ) 12,3%-ға, машина жасау саласы 4,4%-ға төмендеп кеткен.


Қызылорда облысының өнеркәсіп саласының 2015 жылдың қаңтар-қазан айларындағы қорытындысы жайлы

        2015 жылдың қаңтар-қазан айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 503,1 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 91,3% құрады. Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы (90%-ға дейін) мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне  орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда. Атап айтқанда, есепті кезеңде 329,9 млрд. теңгенің 7 548,1 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 91,5%-ға  орындалған (2014 жылдың 10 айында 8 247,8 мың тонна шикі мұнайы өндірілген). Өнеркәсіптің 80,9%-н (негізінен мұнай саласы) құрап отырған кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 407,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 90,1% ғана құрап отыр. Оның ішінде 41,0 млрд. теңгеге техникалық қызметтер көрсетіліп, мұнай өндіру саласында көрсетілетін техникалық қызметтердің төмен түсіп кетуі салдарынан нақты көлем индексі 60,8% құраған. Дегенмен де, бұл сала бойынша аймақтағы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда 32,5 млрд теңгеге металл кендері өндіріліп (уран), өнім көлемі 17,8%-ға артқан. Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 67,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,1құрап, өнім көлемі артқан. Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің өндірісі 15,2%-ға (күріш өңдеу 26,5%-ға, йодталған тұз өндіру 38,6%-ға, ет өнімдерін өндіру 16,7%-ға,  өңдеғлген сұйық сүт 8,7%-ға),  химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 0,8%-ға, металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру («уранның шала тотық-тотығы» өнімі)  37,9%-ға артқанАлайда көптеген ірі құрылыс нысандарының аяқталуына байланысты («Бейнеу-Жезқазған» темір жол магистралы мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің, т.б.) және де былтырғы жылмен салыстырғанда сұраныс көлемінің төмендеп кетуі себепті құрылыс заттарын (өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру) (кірпіш, тауарлы бетон және темір-бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар) өндіру 40,4%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 17,5%-ға төмендесе, жеңіл өнеркәсіп  24,6%-ға,  мұнай өңдеу өнімдерін өндіру  (бензин, солярка, мазут, сұйытылған газ) 12,1%-ға, машина жасау саласы 0,6%-ға төмендеп кеткен.

Қала, аудандар бойынша өнеркәсіп өнімдерінің көрсеткіштері

 

Рет саны

 

 

Қала, аудан аттары

 

Өнеркәсіп

 

Оның ішінде

 

Өңдеу өнеркәсібі

 

Өнім көлемі, мың теңге

 

НКИ,

%

Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі, %

 

Өнім көлемі, мың теңге

 

НКИ,

%

1

Қызылорда қ.

409 056 787

89,1

29,4

19 685 127

96,9

2

Жаңақорған

55 053 594

2,0 есе

41,7

27 996 955

122,0

3

Қазалы

8 281 897

91,2

10,7

7 204 481

89,8

4

Шиелі

21 413 135

100,3

  7,9

5 313 235

92,1

5

Арал

5 349 796

111,9

  5,4

3 617 373

117,7

6

Жалағаш

2 118 094

98,2

  2,9

1 970 819

98,0

7

Сырдария

779 004

102,6

  0,8

570 763

79,3

8

Қармақшы

1 081 288

57,4

  1,1

713 897

49,3

Облыс бойынша:

503 137 015

91,3

100

67 076 070

102,1

 


Жер қойнауын пайдалану саласы бойынша  2015 жылдың 9 айда атқарылған жұмыстар туралы анықтама

          Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны – 97-ті құрайды, оның ішінде көмір сутегі шикізатын барлау және өндірумен - 21 жер қойнауын пайдаланушы, қатты пайдалы қазбаларын барлау және өндірумен - 6 жер қойнауын пайдаланушы, емдік балшықты өндірумен – 2 жер қойнауын пайдаланушы, жер асты суды барлау және өндірумен – 7 жер қойнауын пайдаланушы, минералдық суды өндірушілер-2 жер қойнауын пайдаланушы және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жұмыстарымен - 57 жер қойнауын пайдаланушы 83 келісімшарттың негізінде жұмыс жүргізуде.

        Соңғы жылдары мұнай кен орындарында өндіру көлемі қысым қабатының сулануынан және «Құмкөл», «Оңтүстік Құмкөл», «Ащысай» және т.б. кен орындарын іске қосу мерзімінің 20-25 жылға ауысуына орай табиғи төмендегендігі байқалады.

    2015 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша облысымыздағы мұнай операторларымен 6801,5 мың тонна мұнай өндірілді, бұл көрсеткіш 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 92,2 пайызды құрайды.

        2015 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша Қызылорда облысының кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде 3 сарапшылық комиссия отырысы өткізіліп, 27 жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштері қаралып, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеліктен шығару және жер қойнауын пайдаланумен байланысты обьектілерді иеліктен шығару, жобаларды келісу мерзімдерін ұзарту бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

        Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылығы 29 қаңтарда № 835 қаулысымен Қызылорда облысында тендерге немесе аукционға шығаруға жататын, құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерінің тізбесі бекітіліп, Қызылорда облысының Әділет департаментіне тіркеліп, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып, қазіргі уақытта Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасымен Қызылорда облысында тендерге немесе аукционға шығаруға жататын, құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелеріне жер қатынастары заңнамалары нормаларының талабы бойынша резервтік аумақтар құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қызылорда облысы әкімінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 866 қаулысымен Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже және оның құрамы бекітілді.  2015 жылғы 14 сәуірдегі № 917 қаулысымен осы ережеге өзгеріс енгізіліп, жаңа функциялармен толықтырылды.

            Жоғарыда аталған қаулылар негізінде 5 жұмыс тобы отырысы өткізіліп, 18 жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша Қызылорда облысы аймағындағы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына берілген келісімшарттардың мемлекеттік тіркеу тізіміне 2015 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша 7 жаңа келісімшарт “Максима Логистикс Қазақстан” ЖШС, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ, «Kazpetrol Group» ЖШС, «ҚұмкөлТрансСервис» ЖШС (2 келісімшарт), «Галаз и К» ЖШС және «Али-Барс» ЖШС жасалып тиісті мемелекеттік қызмет көрсетілді, сонымен қатар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 8 қосымша келісімдер «Көлжан» ЖШС, «Пірмағамбет ЖШС»,  «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ, «Қазқұм-Ордазы» ЖШС, «Аралтұз» АҚ, «Ақтал» жеке кәсіпкер және «Kazpetrol Group» ЖШС жасалды.

 

 
Барлығы: 24 640,3 6239
Республикалық карта 3 289,2 2465
Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы 21 321,1 3774

        2017 жылғы 28 наурыздағы №9 Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысында келесі жобалар Картадан шығаруға шешім қабылданды:

Құрылған күні: 30-03-2015 18:43
Жаңартылған күні: 16-10-2019 12:46

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика