Новость:: 

         2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 748-бабына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың жаңа ставкалары күшіне енуімен кең таралған пайдалы қазбаларының жер қойнауын пайдаланушыларына арналған салық мөлшері едеуір жоғарылап, 0,04 АЕК мөлшерінде бекітілген болатын.

         Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы 2018 жылдың маусым айында кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын жер қойнауын пайдаланушылармен пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеу мөлшерлемелері бойынша туындаған мәселені көтеріп, облыс әкімдігі тарапынан тиісті министрліктерге салық мөлшерлемелерін төмендету бойынша ұсыныстар берілген болатын.

Осы ретте, 2019 жылдың 2 сәуірінде қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 241-VІ ҚРЗ Заңының 1-бап 9-тармағына сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды өндіру салығы АЕК-пен 0,04 мөлшерлемеден 0,015 мөлшерлемеге төмендетілгендігін хабарлаймыз.

Сонымен қатар, аталған заңның 2-бабына сәйкес 2018 қаржы жылына төленген өндіру салығын қайта есептеу жүргізіп, үстеме ақысын қайтарып алуға болатындығын назарларыңызға саламыз.

 

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 30-04-2019 18:21
Жаңартылған күні: 27-05-2019 17:32

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
7 + 10 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика