«Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы жалпы ақпарат

 

Басқарманың міндеттері мен функциялары.
 
Мiндеттерi: 
 
 
1) мемлекеттік саясатты іске асыру және өңірдің индустриялық-инновациялық дамуына үйлестіруді жүзеге асыру;
2) өнеркәсіп салалары және қазақстандық мазмұнды дамытуды үйлестіру және дамуы бойынша мониторинг жүргізу;
3) жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді атқарады.
 
Функциялары:
 
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті аумақта қалыптастыруға және  іске асыруға қатысады; 
2) өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қатысуымен өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау карталарын бекіту туралы облыс әкімдігінің қаулы жобасын әзірлейді; 
3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетуге құқылы;
4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес,  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде ұйымдардың сатып алуындағы жергілікті қамту жөнінде ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға береді;
6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат береді;
7) негізгі қызметі инновацияларды дамытуға бағытталған заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы;
8) келісімшарт жасасу кезінде өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуымен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысады;
9) тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы жергілікті қамту мен аумақтарды әлеуметтік дамыту, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
10) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекітеді;
11) облыстың аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыруды жүзеге асырады, ол жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу мақсатында құзыретті органға тоқсан сайын ұсынылады;
12) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындайды және ұйымдастырады;
13) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге  арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың құрамын бекіту туралы облыс әкімдігінің қаулы жобасын әзірлейді;
14) жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттардың талаптары туралы келіссөздер жүргізеді және жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындайды;
15) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасады, тіркейді және сақтайды;
16) жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды береді, сондай-ақ, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркейді;
17) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат береді;
18) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етеді;
19) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдайды;
20) кең таралған пайдалы қазбаларды барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;
21) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданады;
22) азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
23) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
24) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ, олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат береді; 
25) облыстың халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастыру;
26) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
 
Құрылған күні: 30-03-2015 18:43
Жаңартылған күні: 04-05-2019 16:56

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика