ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Қызылорда қаласы                                                                                                                  20 маусым 2019 жыл

 

        Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының» талабына сай, Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 1771 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018 – 2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма) басшысының міндетін атқарушының 2019 жылғы 19 маусымдағы №17-нқ бұйрығының негізінде төмендегі жұмысшы топ  құрамында - басқарманың әкімшілік бөлімінің басшысы А.Ахетов, мониторинг және талдау бөлімінің басшысы Ғ.Шонбаева және инвестициялық жобалар бөлімінің басшысы Н. Әбдіхалық басқарманың өнеркәсіпті және қазақстандық мазмұнды дамыту бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізді.

         Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде анықталғаны:

Басқарманың құрылымдық бөлімі болып табылатын өнеркәсіпті және қазақстандық мазмұнды дамыту бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылдың 24 тамызындағы №561 қаулысымен  бекітілген Ережеге сәйкес қызметін жүзеге асырады.

Бөлімнің негізгі функцияларына төмендегілер жатады:

- Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарына халықаралық ИСО-9000-14000 сериялы стандарттар талаптарына сәйкес сапа жүйесін және экологиялық менеджментті енгізу бойынша әдістемелік көмек беру. Облыс өнеркәсіп кәсіпорындарының қаржылық жағдайына мониторинг жүргізуді жүзеге асыру. Облыс өнеркәсібін дамыту бойынша болжамдар мен ұсыныстар әзірлеу;

- Облыстың  өнеркәсіп секторы дамуының негізгі бағыттары мен басымдықтары, оның сапасын көтеру мен тұрақты жұмыс  істеуі бойынша ұсыныс әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Облыстың кәсіпорындарының жұмыс жасауына, өнім шығаруына ай сайын талдау жасау;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Тізбеге енген ірі кәсіпорындарда қазақстандық мазмұнды қамту бойынша ай сайын мониторинг жасау, өнеркәсіп салаларының қызметіне мониторинг жасау. Облыстың ірі және орта кәсіпорындарында жаңа өндірістердің ашылуы және жаңа жұмыс орындарының ашылуы  мониторингілерін жүргізу,

- «Экспорттық саясат мәселелері жөніндегі кеңес» отырысы жұмысын ұйымдастырып, облыстағы әлеуетті және тұрақты жұмыс жасап тұрған экспорттаушыларға мемлекет және даму институттары тарапынан берілетін қолдау құралдарымен таныстыру мақсатында семинар өткізу.

- Жобалық басқарудың «Базалық индустрияландыру», «Шикізаттық емес тауар экспорты» бағыты бойынша 2019 жылға мақсатты индикаторларды және егжей-тегжейлі жоспарды келісу, орындалуы туралы ақпарат ұсыну. 

Ішкі талдау барысында бөлімнің қызметін қозғайтын төмендегідей нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілер зерделенді.

- 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

-  «Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі №315 Жарлығы;

- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;

- ҚР Үкіметінің 26.08.2017 жылғы № 511 қаулысымен бекітілген «Ұлттық стратегия бағдарламасы»;

- ҚР Үкіметінің 11.12.2018 жылғы №820 қаулысымен бекітілген «Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы»;

- ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы;

- Дүниежүзілік экономикалық форумның жаhандық бәсекеге қабілеттілік индексінің инидикаторларын жақсарту жөніндегі 2018 – 2019 жылдарға арналған шаралар жоспары;

- ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 767 қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы».

Бөлімнің аталған қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді зерделеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар айқындалмады.

Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін зерделеу барысында анықталғаны:

Бөлімде штат бойынша мемлекеттік қызметте 2 бірлік (бөлім басшысы, бас маман), штаттан тыс қызметте 2 бірлік қаралып, жұмыс жасауда.

Бөлім басшысы С. Баймаханова 2018 жылдың наурызында конкурстық негізде қызметіне тағайындалса, бас маман Ә. Ілияс 2018 жылдың маусым айында жалпы конкурс нәтижесімен жұмысқа қабылданған.

Персоналды басқарудың қызметін зерттеу барысында қызметкерлерді жұмысқа қабылдау барысында, кадрлық ауысу себептерінде, жұмыстан шығуларында мүдделер қақтығысына жол берілмегендігі анықталды. Бөлім қызметкерлерінің басқармада  жақын туыстары мен ерлі-зайыптылар бірге жұмыс атқармайды.

Бөлімнің функционалдық қызмет барысында анықталғаны:

2019 жылдың қаңтар-маусым айында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 443,6 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 91,0% құраған.

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуінің себебі жеке мұнай ұңғымаларының сарқылуы болып табылады. Есепті  кезеңде 2,8 млн. тонна шикі мұнай өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 90,5% құрап, 300 мың тоннаға кем өндірілді (2018 ж. 6 айы – 3,1 млн. тонна).


Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2019 жылдың  I жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы

атқарылған жұмыстары жайлы

АҚПАРАТ

 

      «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру мақсатында Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысымен 2019 жылдың 14 қаңтарында іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарының бұзылуына жол бермей, алдын алу мақсатында 2019 жылдың 16 ақпанында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында басқарманың 8 (7242) 60-54-08 «Сенім телефоны» жұмыс істейтіндігі туралы хабарлама жарияланды.

   Басқармада өткізілген құқықтық оқуларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі төңірегіндегі кейбір заңнамалар қамтылды, соның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына аса мән беріліп, қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» жазбаша түрде таныстырылды.

   Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде басқарманың қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ. 


Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2019 жылдың  I тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы

атқарылған жұмыстары жайлы

АҚПАРАТ

 

    Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы 2019 жылдың  I тоқсанында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру мақсатында басқарма басшысымен 2019 жылдың 14 қаңтарында іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарының бұзылуына жол бермей, алдын алу мақсатында 2019 жылдың 16 ақпанында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында басқарманың 8 (7242) 60-54-08 «Сенім телефоны» жұмыс істейтіндігі туралы хабарлама жарияланды.

   Басқармада өткізілген құқықтық оқуларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі төңірегіндегі кейбір заңнамалар қамтылды, соның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына аса мән беріліп, қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» жазбаша түрде таныстырылды.

      Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде басқарманың қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ.


ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Қызылорда қаласы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             26 желтоқсан 2018 жыл

 

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының» талабына сай, Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 1771 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018 – 2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары сәйкес «Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма) басшысының міндетін атқарушының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №65/1-нқ бұйрығының негізінде  басқарманың бухгалтерлік есеп және есептілік қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізді.

    Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде анықталғаны:

   Басқарманың бухгалтерлік есеп және есептілік қызметі (бұдан әрі – есеп қызметі) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ,        Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылдың 24 тамызындағы №561 қаулысымен  бекітілген Ережеге сәйкес қызметін жүзеге асырады.

   Есеп қызметінің негізгі функцияларына төмендегілер жатады:

- бюджет қаражатын басқару бағыты бойынша жұмыстарды жасау, жүргізілетін операциялардың заңдылығын және құжаттамалардың дұрыс әрі уақытылы рәсімделуін алдын ала бақылау, ашылған лимиттерге сәйкес қаражаттың орынды әрі тиімді жұмсалуына, сондай-ақ қаржы қаражаты мен материалдық құндылықтырдың сақталуына бақылау жүргізу.

- бюджет қаражатына, материалдық құндылықтырға түгендеу жүргізу, бухгалтерлік есептер мен есептемелерді уақытылы дайындап өткізу, қаржыландыру жоспары мен оның есептемелерін дайындау.

- басқарма қызметкерлерінің айлық жалақылары мен зейнетақылық төлемдерін уақытылы есептеп, аударып отыру, қаржыландыру жоспарын орындау барысында туындайтын мекемелер мен жеке тұлғалармен есеп айырысуды уақытылы өткізіп отыру.

- басқарма құзырындағы мемлекеттік сатып алу қызметін жүзеге асыру;

- ашылған лимиттерге сәйкес қаражаттың орынды әрі тиімді жұмсалуын, олардың уақытылы игерілуін қамтамасыз ету.

     Ішкі талдау барысында бөлімнің қызметін қозғайтын төмендегідей нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілер зерделенді.

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы;

- «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығы;

- «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан         Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысы;

- «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы;

- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы;

- «Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі №325 бұйрығы.

Есеп қызметін қозғайтын аталған нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді зерделеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар айқындалмады.

Есеп қызметінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін зерделеу барысында анықталғаны:

Штат бойынша есеп қызметінде мемлекеттік қызметте 1 бірлік (бас маман – бас есепші), штаттан тыс қызметте 1 бірлік қаралып, жұмыс жасауда.

Бас маман – бас есепші Ғ. Тәжібаев өз қызметінде 2015  жылдың наурыз айынан бері қызмет атқаруда.

Персоналды басқарудың қызметін зерттеу барысында жақын туыстар мен ерлі-зайыптылар бірге жұмыс атқармайтындығы анықталды.

Басқарма бойынша 2018 жылға бюджеттен 98 млн. 519 мың теңге бөлініп, жыл соңына бөлінген қаржы толығымен өз мақсатында 100%-ға игерілген.

Оның ішінде:

  • еңбекақы төлеу қоры бойынша – 64 млн. 777,9 мың теңге;
  • қызметтік сапарлар мен іс сапарлар бойынша – 7 млн. 456,4 мың теңге;
  • мемлекеттік сатып алу бойынша қажетті кеңсе тауарлары мен ағымдағы қызметтерге, интернет-форумын және «Байқоңыр инвест» инвестициялық форумын ұйымдастыру мен өткізу қызметтері бойынша 26 млн. 284,7 мың теңге бөлінді.

Жүргізілген мемлекеттік сатып алулар барысында заң бұзушылықтар орын алған жоқ.

Бөлімнің функционалдық міндеттеріне сәйкес атқарған қызметтеріне жүргізілген зерделеу жұмыстары аясында бөлім тарапынан қолданыстағы заңнамаларды бұзушылықтарға жол берілмегендігі анықталды.

 


Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2018 жылы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары жайлы

АҚПАРАТ

    

     Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі – басқарма) «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру мақсатында басқарма басшысымен 2018 жылдың 5 қаңтарында 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.

    Басқармада өткізілген құқықтық оқуларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы заңнамалар қамтылды, соның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына аса мән берілді. Сонымен қатар басқарманың мемлекеттік қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі» жазбаша түрде таныстырылды.

   2018 жылдың маусым айында, 27.02.2018 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясының №13-09/1601 хаттамалық тапсырмасының 2.1-тармағына сәйкес, басқарма басшысының міндетін атқарушының бұйрығының негізінде құрылған жұмысшы топпен  басқарманың инвестициялық жобалар бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. Ішкі талдау қорытындысымен жасалған таңдамалық анықтама басқарманың интернет-ресурсына мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылды.

    2018 жылдың 21 маусымында, Аймаққа инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңестің кезекті отырысында «Инвесторларды антикорупциялық сүйемелдеу» жобасы презентацияланып, онда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы А.С.Мұхимов баяндама жасады. Аталған жобаның мақсаты инвестициялық жобаларды іске асыру барысында инвесторларды сыбайлас жемқорлық санатындағы қол сұғушылықтардан қорғау болып табылады.

    2018 жылғы 4 қазандағы жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлықты алдын алудың кейбір мәселелері туралы облыс әкімінің орынбасары Қ. Ысқақовтың төрағалығымен өткізілген мәжіліс хаттамасының 2-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес 2018 жылғы 15 қарашада басқарма басшысының бұйрығымен басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілді

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарының бұзылуына жол бермей, алдын алу мақсатында 2018 жылдың 10 ақпанында «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттеріне басқарманың 8 (7242) 60-54-08 «Сенім телефоны» жұмыс істейтіндігі туралы хабарлама жарияланды.

    Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеріп, басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жергілікті «Сыр Дидары» газетінде «Қоғамның әрбір мүшесі сыбайластықтың сыйластық емесін түсінуі тиіс» атты тақырыпта мақала жарияланды.

    Жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде жыл көлемінде басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ.


Қызылорда облысының

индустриялық-инновациялық

 даму басқармасы басшысының

2018  жылғы «15» қарашадағы

№ 59-НҚ бұйрығына қосымша

 

 

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: индустриялық-инновациялық даму

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: Қызылорда облысының  индустриялық-инновациялық даму басқармасы

3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс істейтін тұлғалардың тәртіп (іс-әрекет) қағидалары:

 

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін және құқықтарын іске асыру кезінде:

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою;

- мемлекеттік қызметке қоғамдық сенімді арттыру;

- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;

- жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеу;

- қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтау, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқару, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану;

- адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту;

- өзге мемлекеттік мекеме, ұйымдар қызметіне құқықсыз араласуға жол бермеу;

- мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесулері тиіс.

 

3.2. Өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

- лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктерді атқаруға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен нұсқаулар беруіне тиым салынады;

- қызметтік міндеттерін атқару кезінде жеке басының мүддесін және пайдақорлықты басшылыққа алмау;

- басқа тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа баруына жол беруге итермелемеу және ондай жағдайларды мадақтамау;

- өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауына жол бермеу;

- меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге;

- үшінші тұлғалардың мүдделерін қорғаудан  бас тарту және олардың атынан іс-әрекеттер жасамау;

- әріптестер жұмысын бағалағанда және мадақтау мен жаза қолданғанда әділділік пен тәуелсіздік көрсету;

- мемлекеттік қызметші мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауы тиіс.

 

3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын  әзірлеу кезінде:

- Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өз құзыреті шегінде ғана нормативтік-құқықтық актілер қабылдауды қамтамасыз ету;

- әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберу алдында қоғамдық кеңесте қарсатыру, көпшіліктің талқылауы  үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылады.

 

3.4. Тіршілік әрекеті саласының ерекшелігінен туындайтын өзге де қарым-қатынастар кезінде:

- азаматтар мен жеке тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауын және сақталуын, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте және мерзімде қарауға және олар бойынша тиісті шаралар қабылдауды қамтамасыз етуге;

- өзінің лауазымдық өкілеттілігіне сәйкес функцияларды жүзеге асыруға;

- қызметтік әдепті сақтауға;

- мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы құқық қорғаушы органдарға (немесе) басшылыққа тез арада хабарлау.

 

3.5. Өзге де шектеулер мен тыйымдар:

         - мемлекеттік қызметшілер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 12-бабында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау;

         - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілер 2015 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп кодексінің нормаларын сақтау.

 


 

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2018 жылдың  қаңтар-қыркүйек айларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары жайлы

АҚПАРАТ

    

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру мақсатында басқарма басшысымен 2018 жылдың 5 қаңтарында 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Басқармада өткізілген құқықтық оқуларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы заңнамалар қамтылды, соның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына аса мән берілді. Сонымен қатар басқарманың мемлекеттік қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі» жазбаша түрде таныстырылды.

2018 жылы 21 маусымда Аймаққа инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңестің кезекті отырысында «Инвесторларды антикорупциялық сүйемелдеу» жобасы презентацияланып, онда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы А.С.Мұхимов баяндама жасады. Аталған жобаның мақсаты инвестициялық жобаларды іске асыру барысында инвесторларды сыбайлас жемқорлық санатындағы қол сұғушылықтардан қорғау болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарының бұзылуына жол бермей, алдын алу мақсатында 2018 жылдың 10 ақпанында «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттеріне басқарманың 8 (7242) 60-54-08 «Сенім телефоны» жұмыс істейтіндігі туралы хабарлама жарияланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеріп, басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жергілікті «Сыр Дидары» газетінде «Қоғамның әрбір мүшесі сыбайластықтың сыйластық емесін түсінуі тиіс» атты тақырыпта мақала жарияланды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде басқарманың қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ.   


 

 
Қызылорда облысы әкімдігінің

2018 жылғы «17» шілдедегі №1171 қаулысымен

бекітілген
Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
стратегиясын іске асыру бойынша 2018 - 2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары

р/с№

Іс-шараның атауы

Аяқтау

нысаны

Орындауға

жауаптылар

Орындау

мерзімдері

  1.  

Заңнамалық актілерді:

1) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімін  енгізу;

2) жер участкелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін  оңтайландыру бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

ұсыныстар енгізу

«ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

«ҚО ЖҚБ» ММ,

«ҚО ЖПҚББ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

 

2019 жылғы

2-тоқсан

  1.  

Әкімшілік кедергілерді, оның ішінде:

1) жеке және заңды тұлғаларға орынсыз сұратылатын құжаттарды, ақпаратты және басқа деректерді ұсыну міндеттемесін жүктеуді;

2) мемлекеттік қызметтерді тез арада ұсыну мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну мерзімдерінің ұзақтығын;

3) жеке және заңды тұлғаларға заңмен негізделмеген қосымша міндеттерді жүктеуді;

4) азаматтар мен ұйымдарға анықталмаған, қиын орындалатын талаптарды белгілеуді алып тастауға бағытталған қоғамдық тыңдаулар өткізу

қоғамдық тыңдаулар

 

 

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), «Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша),

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2019 жылғы

4-тоқсан

  1.  

Мыналарды:

1) лауазымды тұлғаға қандай да бір шешімді қабылдау шарттарын нақты анықтамастан шешімдердің екі немесе бірнеше нұсқасының (оң немесе теріс) арасынан таңдау құқығының берілуін;

2) лауазымды тұлғаға нормативтік құқықтық актінің орындалу тәсілін өз қалауы бойынша айқындау, сондай-ақ заңды деректі бағалау, ықпал ету шарасын таңдау және актілерді шығару мүмкіндігінің берілуін көздейтін дискрециялық өкілеттіктерге талдау жүргізу және оларды болдырмау бойынша ұсыныстар әзірлеу

ұсыныстар енгізу

 

 

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,



20 желтоқсаннан кешіктірмей

  1.  

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу және кейіннен мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және реттеу бойынша практикалық оқу құралдарын әзірлеу

практикалық оқу құралдары

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

20 желтоқсаннан кешіктірмей

  1.  

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  консультативтiк-кеңесшi органдарының отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар отырыстарының хаттамалары

«ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

жарты жылда



1 рет

  1.  

Әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу

әдістемелік ұсынымдар

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

 

2019 – 2020 жылдардағы

1-тоқсан

  1.  

Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу

есеп беру кездесулері

«ҚО ББ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

15 мамырдан кешіктірмей

  1.  

ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), «ҚО ІСБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

15 мамырдан кешіктірмей

  1.  

Жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне тарта және қоса отырып, жастар арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

жұмыс жоспары

«ҚО ЖСМБ» ММ (жинақтау),

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылғы

3-тоқсан

  1.  

Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдастықтың басшылары мен өкілдерінің сөз сөйлеулерін көздей отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, телевизиялық бағдарламаларға және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру

ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жоспар,

БАҚ-та мақалалар, сұхбаттар жариялау, теле-, радиосюжеттерді эфирге шығару

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

 аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша),

«Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша)

 

2018 – 2020 жылдардағы

2-тоқсан

  1.  

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу

өңірлік слеттер

«ҚО ББ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

2018 – 2020 жылдардағы

3-тоқсан

  1.  

БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік журналистік жарияланымдарға конкурс өткізу

конкурс

«ҚО ІСБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын,



20 шілдеден кешіктірмей

  1.  

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио-бейнероликтерді әзірлеуді көздеу және оны трансляциялауды қамтамасыз ету 

аудиоджинглдерді және

бейнероликтерді әзірлеу және трансляциялау

 

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулерді жүргізу

әлеуметтанушылық зерттеулер

 

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

 

жыл сайын

  1.  

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018 - 2020 жылдарға арналған жоспарларын әзірлеу және бекіту

өңірлік жоспарлар

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылдың

15 тамызынан кешіктірмей

  1.  

Арнайы мониторингтік тобының Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізуін қамтамасыз ету

сыртқы талдау жүргізу

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,



15 ақпаннан кешіктірмей

  1.  

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізу және қорытындысын ұсыну

ішкі талдау жүргізу

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жарты жылда

бір рет,

есепті мерзімнен кейінгі айдың 10-на дейін ұсыну 

  1.  

«Адал жол-честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын өткізу

марафон

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау)

жыл сайын

наурыз-сәуір айлары 

  1.  

Облыстағы мемлекеттік арнаулы орта оқу орындарында цифрлық жүйесі негізінде оқу процесінің



сынақ-емтихан тапсыруды автоматтандыру

автоматтандыру бойынша цифрлық жүйе енгізу

«ҚО ББ» ММ,

«ҚО ЭБЖБМ» ММ

2018-2020 жылдар

  1.  

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал бол» акцияларын өткізу

акция өткізу

«ҚО ББ» ММ,

«ҚО ЖСМБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері,

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау)

жыл сайын

1 тоқсан

  1.  

Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (9 желтоқсан) орай форум өткізу 

форум өткізу

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын

қараша айы

  1.  

«Protecting business and investments» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы аясында шетелдік және отандық инвесторлардың жобаларына қолдау шараларын жүргізу

қолдау шараларын жүргізу

«ҚО КТБ» ММ (жинақтау),

«ҚО ИИДБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

тұрақты түрде

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда оқу орындарында, кітапханаларда, мұражайларда кітаптар мен суреттер көрмелерін, балалардың театрландырылған қойылымдарын өткізу және бұрыштамалар орналастыру

көрмелер мен бұрыштамалар ұйымдастыру

«ҚО МАҚБ» ММ (жинақтау), «ҚО ББ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша)

тұрақты түрде тоқсан сайын

 

  1.  

Азаматтық бастамалардың облыстық Конгрессін өткізу

конгресс өткізу

«ҚО ІСБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша)

 жылына

 бір рет

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша облыстық кәсіпкерлер форумын өткізу 

форум өткізу

«ҚО КТБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша), «ҚО КП» (келісім бойынша)

жылына

 бір рет

  1.  

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды БАҚ беттерінде жариялап отыру  

жарияланымдар

«ҚО ІСБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

тұрақты түрде

  1.  

Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау

жарияланымдар

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), «ҚО ІСБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,

15 сәуірден кешіктірмей

  1.  

Еңбек шарттарын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерге шаралар қабылдаумен мониторинг жүргізу

отырыс

хаттамасы

«ҚО ЕСББ» ММ (жинақтау), «Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша),

«ҚО КТБ» ММ,

«ҚО ИИДБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО КП» (келісім бойынша)

жартыжылдық қорытындысы бойынша



20 қаңтар мен



20 шілдеден кешіктірмей

  1.  

Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тарту мен жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін пысықтау

ҚР ҰЭМ ақпарат

«ҚО ЭБЖБМ» ММ (жинақтау),

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылғы



4-тоқсан

  1.  

Ірі сауда объектілерінің (дүкендердің, сауда үйлерінің) құрылысын инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қосу мәселесін пысықтау

ҚР ҰЭМ ақпарат

«ҚО КТБ» ММ (жинақтау), «ҚО ҚСҚҚБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО КП»

(келісім бойынша)

2018 жылғы

4-тоқсан

  1.  

Квазимемлекеттік сектордың ашықтығын арттыру мақсатында, оның ішінде тауарды немесе көрсетілетін қызметті егжей-тегжейлі сипаттай отырып, тендерді ұтып алған тұлға, баға туралы толық ақпаратты, сондай-ақ өндіруші туралы ақпаратты жариялау жолымен оның сатып алу тетігін жетілдіру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на ұсыныстар енгізу

«ҚО МСАБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «Байқоңыр» ӘКК ҰҚ» АҚ, «ҚО КП» (келісім бойынша)

2018 жылғы



4-тоқсан


Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚР ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

«Самұрық-Қазына»ҰАҚ» АҚ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы;

«Нұр Отан» партиясы

«Нұр Отан» Партиясы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалы;

«ҚО КП»

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы;

«Байқоңыр» ӘКК ҰҚ» АҚ

«Байқоңыр»  Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» ақционерлік қоғамы;

«ҚО ӘА» ММ

«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ІСБ» ММ

«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ББ» ММ

«Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО КТБ» ММ

«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЭБЖБ» ММ

«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО МСАБ» ММ

«Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ИИДБ» ММ

«Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ҚСҚҚБ» ММ

«Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖҚБ» ММ

«Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖПҚББ» ММ

«Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЕСББ» ММ

«Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО МАҚБ» ММ

«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖСМБ» ММ

«Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

ҮЕҰ

үкіметтік емес ұйымдар;

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары.


ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
 
        Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының» талабына сай, 27.02.2018 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясының №13-09/1601 хаттамалық тапсырмасының 2.1-тармағына сәйкес «Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма) басшысының міндетін атқарушының 2018 жылғы 14 маусымдағы №32-нқ бұйрығының негізінде басқарманың жұмысшы тобымен инвестициялық жобалар бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізді.
Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде анықталғаны:
     Басқарманың құрылымдық бөлімі болып табылатын инвсетициялық жобалар бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылдың 24 тамызындағы №561 қаулысымен  бекітілген Ережеге сәйкес қызметін жүзеге асырады. 
     Бөлімнің негізгі функцияларына төмендегілер жатады:
     - Қазақстан Республикасы 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру аясында мақсатты индикаторларға қол жеткізу жөніндегі  іс-шаралар жоспарын орындау. Инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған салалық бағдарламаны жүзеге асыру. Қазақстанның индустриаландыру Картасына жобаларды енгізу бойынша жұмыс жасау; 
      - мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму сасатты іске асыруда ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Сараптамалық комиссияның және Аймақтық үйлестіру кеңесінің отырыстарын ұйымдастыру. Қызылорда облысы бойынша жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың іске асыру барысында туындаған кедергілерді шешу,шешу жолдарына ұсыныстар енгізу. Инвестиция тарту бойынша болжамдар мен ұсыныстар енгізу; 
      - инвестиция қажет ететін мәліметтер базасының «База инвест» сапалы әрі уақытылы толықытырылуын қамтамасыз ету;
      - жобалардың мерзімінде іске асырылуына ықпал жасау және бақылауға алу.
Ішкі талдау барысында бөлімнің қызметін қозғайтын төмендегідей нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілер зерделенді. 
      - 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;
      - «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №32 қаулысы;
      - «Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі №315 Жарлығы;
      - «Қызылорда облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңес құру туралы» Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі №278 өкімі;
     Бөлімнің аталған қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді зерделеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар айқындалмады.
     Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін зерделеу барысында анықталғаны:
     Бөлімде штат бойынша мемлекеттік қызметте 2 бірлік (бөлім басшысы, бас маман), штаттан тыс қызметте 4 бірлік қаралып, жұмыс жасауда. 
     Персоналды басқарудың қызметін зерттеу барысында қызметкерлерді жұмысқа қабылдау барысында, кадрлық ауысу себептерінде, жұмыстан шығуларында мүдделер қақтығысына жол берілмегендігі анықталды. Бөлім қызметкерлерінің басқармада  жақын туыстары мен ерлі-зайыптылар бірге жұмыс атқармайды.
     2018 жылдың 5 айында өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасын өзектендіру мақсатында жалпы құны 3,7 млрд.теңге құрайтын 2 жаңа жоба «Сыр маржаны» ЖШС «Ет комбинаты» және «БСК Каратау» ЖШС «Ас және техникалық тұзы» жобалары картаға енгізілді. Соынмен қатар, ЖК «Дабысовтың» «Көмірсутекті шикізатты өңдейтін шағын өндірістік құрылғысын орнату» жобасы қаржысы шешілмеуіне байланысты картадан шығарылды. 
     Қазіргі таңда жалпы құны 46,1 млрд.теңге құрайтын «Керамика бұйымдарын өндіру» және «Тауарлы-сүт фермасы» жобаларын картаға енгізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.  
     Бөлімнің функционалдық міндеттеріне сәйкес атқарған қызметтеріне жүргізілген зерделеу жұмыстары аясында бөлім тарапынан  қолданыстағы заңнамаларды бұзушылықтарға жол берілмегендігі анықталды.
     Бөліммен 2017 жыл мен 2018 жылдың қаңтар-мамыр аралығында 6 арыз-шағымдар қаралған. Қаралған арыз-шағымдар, өтініштер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әсер ететін жайлар анықталған жоқ.

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2018 жылдың  І жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары жайлы АҚПАРАТ
 
Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы 2018 жылдың  I тоқсанында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру мақсатында басқарма басшысымен 2018 жылдың 5 қаңтарында 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде. 
Басқармада өткізілген құқықтық оқуларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы заңнамалар қамтылды, соның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына аса мән берілді. Сонымен қатар басқарманың мемлекеттік қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі» жазбаша түрде таныстырылды. 
2018 жылы 21 маусымда Аймаққа инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңестің кезекті отырысында «Инвесторларды антикорупциялық сүйемелдеу» жобасы презентацияланып, онда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы А.С.Мұхимов баяндама жасады. Аталған жобаның мақсаты инвестициялық жобаларды іске асыру барысында инвесторларды сыбайлас жемқорлық санатындағы қол сұғушылықтардан қорғау болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарының бұзылуына жол бермей, алдын алу мақсатында 2018 жылдың 10 ақпанында «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттеріне басқарманың 8 (7242) 60-54-08 «Сенім телефоны» жұмыс істейтіндігі туралы хабарлама жарияланды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеріп, басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жергілікті «Сыр Дидары» газетінде «Қоғамның әрбір мүшесі сыбайластықтың сыйластық емесін түсінуі тиіс» атты тақырыпта мақала жарияланды. 
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде басқарманың қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2018 жылдың  I тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары жайлы

АҚПАРАТ
 
    Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы 2018 жылдың  I тоқсанында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру мақсатында басқарма басшысымен 2018 жылдың 5 қаңтарында 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарының бұзылуына жол бермей, алдын алу мақсатында 2018 жылдың 10 ақпанында «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттеріне басқарманың 8 (7242) 60-54-08 «Сенім телефоны» жұмыс істейтіндігі туралы хабарлама жарияланды.
   Басқармада өткізілген құқықтық оқуларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі төңірегіндегі кейбір заңнамалар қамтылды, соның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына аса мән беріліп, қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» жазбаша түрде таныстырылды.
      Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде басқарманың қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ. 

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

       Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының» талабына сай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2017 жылғы 20 ақпандағы №04-10/473 хатына сәйкес «Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) басшысының 2017 жылғы 14 наурыздағы №12-нқ бұйрығының негізінде және 2017 жылдың 27 наурызындағы Басқарманың қаңтар-желтоқсан айларындағы жұмыс қорытындысына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерінің негізінде Басқарманың әкімшілік бөлімінің басшысы А.Ахетовтың жетекшілігімен жұмысшы топ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.  жүктеу 31 КБ ... 

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2017 жыл қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытында атқарылған жұмыстары жайлы
АҚПАРАТ
 
       Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы 2017 жылы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 25 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін басқармамен 2017 жылдың 11 қаңтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілді.
       Басқармада өткізілген құқықтық оқуларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі төңірегіндегі кейбір заңнамалар қамтылды, соның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына аса мән беріліп, қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» жазбаша түрде таныстырылды.
       Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеріп, басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстар жайлы 2017 жылдың 30 маусымында аймақтық «Сыр дидары» газетіне мақала жарияланды. 
       Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2017 жылы басқарманың қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ. 

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2017 жылдың 

ІІІ тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары жайлы
АҚПАРАТ
 
       Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы 2017 жылдың  3 тоқсанында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 25 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін басқармамен 2017 жылдың 11 қаңтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілді.
       Басқармада өткізілген құқықтық оқуларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі төңірегіндегі кейбір заңнамалар қамтылды, соның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына аса мән беріліп, қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» жазбаша түрде таныстырылды.
        Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеріп, басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстар жайлы мақалалар бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып отырылды. 
         Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2017 жылдың ІІІ тоқсанында басқарманың қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ. 
 

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2017 жылдың
 I жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары жайлы
АҚПАРАТ
 

       Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы 2017 жылдың  I жартыжылдығында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 25 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін басқармамен 2017 жылдың 11 қаңтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілді.

       Басқармада өткізілген құқықтық оқуларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі төңірегіндегі кейбір заңнамалар қамтылды, соның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына аса мән беріліп, қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» жазбаша түрде таныстырылды.
       Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеріп, басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстар жайлы 2017 жылдың 30 маусымында аймақтық «Сыр дидары» газетіне мақала жарияланды. 
       Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2017 жылдың І жартыжылдығында басқарманың қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ. 
 

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар жайлы
АҚПАРАТ
 
           Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы 2016 жыл барысында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 25 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін басқармамен 2016 жылдың 25 қаңтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілді.
2016 жыл барысында басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзуышылықтарға жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп, үнемі түрде оқу-семинар сабақтары жүргізілді.
         Басқармада өткізілген құқықтық оқуларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі төңірегіндегі кейбір заңнамалар қамтылды, соның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына аса мән беріліп, қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» жазбаша түрде таныстырылды.
      Сонымен қатар, басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімен жүргізілген ішкі талдау жұмыстары барысында басқармаға қатысты 15 дана нормативтік құқықтық актілер зерделеніп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдігін анықтау мақсатында қызметкерлер арасында иесі бүркеленген түрде жазбаша түрде сауалнамалар жүргізілді. 
         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жүргізілген жұмыстар барысы туралы ақпарат әр тоқсан сайын облыс әкімінің ресми сайтындағы басқарманың парақшасына салынып отырылды.
         Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2016 жылы басқарманың қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ. 
 
15.02.2017 жыл.

 
Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2016 жылдың 3 тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстардың барысы  туралы
АҚПАРАТ
 
       Басқармамен 2016 жылдың 3 тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу бағытында жұмыстар жүйелі жүргізіліп отырылды.
       Аталған аралықта басқарма қызметкерлері тарапынан қандай да бір құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ.
       Басқармада профилактикалық мақсатта үнемі өткізіліп тұратын құқықтық оқуларда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдары мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидалары үнемі талқыланып отырылуда.
       Ұжым қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу жұмыстары Басқарма басшысының тікелей бақылауына алынған.
03.10.2016 жыл.

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2016 жылдың I жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстардың барысы  туралы

АҚПАРАТ
 
       Басқармамен 2016 жылдың I жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жұмыстар жүйелі жүргізіліп отырылды.
       «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 25 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бағытында басқармамен 2016 жылдың 25 қаңтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.
       Басқармада өткізілген құқықтық оқуларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі төңірегіндегі кейбір заңнамалар қамтылды, соның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына аса мән берілді.
       Сонымен қатар, жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы заңы және «Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы аясында 2016 жылдың 18 қаңтарында Мемлекеттік істер министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен басқарма қызметшілері арасында аталған заңдардың нормаларын түсіндіруге бағытталған құқықтық оқу өтті.
       Сыбайлас жемқорлық көріністерінің бірі болып мемлекеттік қызметкерлердің жыл сайынғы салық органдарына өзінің табысы мен мүліктік декларациясын уақытылы және негізді тапсырмауы танылады. Осы бағытта ағымдағы жылдың наурыз айының 15 жұлдызына дейін басқарманың барлық мемлекеттік қызметкерлері тарапынан салық органдарына табыс және мүліктік декларациялары өткізілді.
       Сонымен қатар, басқармамен мемлекеттік сатып алудың барысында барынша ашықтылықты болдыру мақсатында тұрақты түрде мемлекеттік сатып алудың веб-порталына мемлекеттік сатып алудың жай-күйі туралы хабарламалар беріліп, олар бойынша атқарылған жұмыстар мен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары тұрақты түрде жарияланып отырылады. Басқармамен а.ж. мамыр айының 27-28 жұлдызында "VII Байқоңыр инвест" форумы өткізіліп, өткізілген мемлекеттік сатып алу тендерін Астана қаласының "SDMA стандарт" фирмасы ұтып алып, заңсыздықтарға жол берілген жоқ.
Мемлекеттік қызметке қатысты заңнамалар басқарма қызметкерлерімен тиісті құқықтық оқу-семинарларда үнемі талқыланып отырылды. Тиісті заңнамалық актілер қызметкерлерге жазбаша түрде таныстырылып отырылады.
       Басқармада 60-54-08  – сенім телефоны жұмыс істейді.
       Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес қаралып, жауаптар берілді.
28.07.2016 ж

 


Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 

2015 жылда атқарылған жұмыстар жайлы 
 
       Қызылорда облысы бойынша индустриялық-инновациялық даму басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивтік имиджін қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген сенімін нығайту мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келді. Сонымен қатар Ар-намыс кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының талаптарын сақтау бойынша басқарма қызметкерлері арасында үнемі құқықтық оқытулар мен түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып отырды. Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмалары бойынша басқармада аппараттық жиналыстар өткізіліп, қорытындысы бойынша тапсырмалардың және мемлекеттік қызмет этикасының мүлтіксіз орындалу жөнінде барлық қызметкерлерге тапсырылып, орындалуы қадағаланып отырды.
       2015 жыл қорытындысы бойынша басқарма қызметкерлерімен Ар-намыс кодексінің талаптарының сақталуы туралы арыз-шағымдар түскен жоқ.

 
Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 
2015 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жайлы 
 
       Қызылорда облысы бойынша индустриялық-инновациялық даму басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивтік имиджін қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген сенімін нығайту мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
       Сонымен қатар Ар-намыс кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының талаптарын сақтау бойынша басқарма қызметкерлері арасында үнемі құқықтық оқытулар мен түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылуда.
       Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмалары бойынша басқармада аппараттық жиналыстар өткізіліп, қорытындысы бойынша тапсырмалардың және мемлекеттік қызмет этикасының мүлтіксіз орындалу жөнінде барлық қызметкерлерге тапсырылып отырады.
       2015 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша басқарма қызметкерлерімен Ар-намыс кодексінің талаптарының сақталуы туралы арыз-шағымдар түскен жоқ.

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 
2015 жылдың ІІ тоқсанына атқарылған жұмыстар жайлы 
 
       Қызылорда облысы бойынша индустриялық-инновациялық даму басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивтік имиджін қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген сенімін нығайту мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
       Сонымен қатар Ар-намыс кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының талаптарын сақтау бойынша басқарма қызметкерлері арасында үнемі құқықтық оқытулар мен түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылуда.
       Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмалары бойынша басқармада аппараттық жиналыстар өткізіліп, қорытындысы бойынша тапсырмалардың және мемлекеттік қызмет этикасының мүлтіксіз орындалу жөнінде барлық қызметкерлерге тапсырылып отырады.
       2015 жылдың ІІ-тоқсаны қорытындысы бойынша басқарма қызметкерлерімен Ар-намыс кодексінің талаптарының сақталуы туралы арыз-шағымдар түскен жоқ.
 

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 
2015 жылдың І тоқсанына атқарылған жұмыстар жайлы 
 
       Қызылорда облысы бойынша индустриялық-инновациялық даму басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивтік имиджін қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген сенімін нығайту мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
       Сонымен қатар Ар-намыс кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының талаптарын сақтау бойынша басқарма қызметкерлері арасында үнемі құқықтық оқытулар мен түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылуда.
       Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмалары бойынша басқармада аппараттық жиналыстар өткізіліп, қорытындысы бойынша тапсырмалардың және мемлекеттік қызмет этикасының мүлтіксіз орындалу жөнінде барлық қызметкерлерге тапсырылып отырады.
       2015 жылдың І-тоқсаны қорытындысы бойынша басқарма қызметкерлерімен Ар-намыс кодексінің талаптарының сақталуы туралы арыз-шағымдар түскен жоқ.

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 
2014 жылы атқарылған жұмыстар жайлы  
 
       «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 24 қаулысы қабылданған болатын.
       Аталған қаулылармен бекітілген іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Басқарма басшысының 2013 жылғы 15 қарашадағы № 79-Ө бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған басқарманың іс-шаралар жоспары бекітілді.
Басқармамен бекітілген осы іс-шаралар жоспарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кең ауқымды түрлі нысандарда іс-шаралар өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен іс-шаралар өткізу, сыбайлас жемқорлық бойынша мәлімет беру жөнінде «сенім телефон» жұмысын жандандыру, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды марапаттау және оларды қорғау, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы үшін жағдай туғызатын мемлекеттік органдардың өкілеттігін талдау жасау, мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеттерінің бірі ретінде сыбайлас жемқорлықтың барлық деңгейдегі көріністеріне қарсы күресу көзделген.
       Басқармада «Сенім телефоны» жұмыс жасайтындығы жөнінде облыстық «Сыр бойы» газетінің 2014 жылдың 8 ақпандағы санында жарияланды.
       Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 24 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар» жоспарының 30-тармағын іске асыру мақсатында Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу мақсатында Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшы құрамының 2014 жылы жергілікті жерлерге шығу арқылы жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауларын ұйымдастыру кестесі жасақталып, басқарма басшысының 2014 жылдың 22 қаңтарындағы № 12-нқ бұйрығымен бекітілді.
       Сыбайлас жемқорлық көріністерінің бірі болып мемлекеттік қызметкерлердің жыл сайынғы салық органдарына өзінің табысы мен мүліктік декларациясын уақытылы және негізді тапсырмауы танылады. 
       Осы бағытта ағымдағы жылдың наурыз айының 15 жұлдызына дейін басқарманың барлық мемлекеттік қызметкерлері тарапынан салық органдарына табыс және мүліктік декларациялары өткізілді.
     Сонымен қатар, басқармамен мемлекеттік сатып алудың барысында барынша ашықтылықты болдыру мақсатында тұрақты түрде мемлекеттік сатып алудың веб-порталына мемлекеттік сатып алудың жай-күйі туралы хабарламалар беріліп, олар бойынша атқарылған жұмыстар мен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары тұрақты түрде жарияланып отырылады.
       Басқарманың барлық қызметкерлері тарапынан жеке және заңды тұлғалардың шағым, өтініштерін қарау барысында сөзбұйдалыққа салынбай уақытылы, сапалы, толыққанды және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауаптар беріліп келеді. 
       Басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасынның қағидаларын қатаң сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 1180 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар–намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары) жаңа мәтіні және 2008 жылғы 6 қарашада өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы Республикалық форумда Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевпен белгіленген мемлекеттік қызметшілердің 8 этикалық нормасының мәтіні басқарманың барлық бөлмелерінде орнатылған. 
       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2014 жылдың есепті кезенінде 9 іс-шаралар өткізілді, оның ішінде: дөңгелек үстелдер-2, кездесулер-1, отырыстар-6, оның ішінде 1 іс-шара «Нұр-Отан» ХДП ҚОФ-ның қатысуымен өткізілді.
       Басқарманың тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында тұрақты түрде жұмыстар жасалынып келеді және алдағы уақытта да бұл бағытта жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
       2014 жылы Басқарма қызметкерлері тарапынан келеңсіз жағдайларға жол берілген жоқ.

 

Құрылған күні: 30-03-2015 18:43
Жаңартылған күні: 31-07-2019 16:00

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика