Новость:: 

2019 жылғы 23 мамырда Қызылорда облысының әкімдігі мен «Kazakh Invest» АҚ ұйымдастыруымен өңірімізге корейлік инвесторлардың іссапары болды.

Іссапардың мақсаты – құнарсыз, тұзды, сор жерлерге жаңа технологияларды енгізе отырып, емдік қасиеті бар қызанақ егу. Бұл қызанақтың басты қасиеті – қатерлі ісік ауруының бірден бір емі.

Іссапар аясында облыс әкімінің орынбасары Б. Намаев бастаған делегация инвесторларды Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының жерлерімен таныстырып, келіссөздер жүргізді. Емдік қасиеті бар қызанақ егу бойынша бірқатар мәселелер пысықталғаннан кейін, егілетін жер анықталады.

Сонымен қатар, қонақтар облыс әкімі Қ. Көшербаевпен кездесіп, алдaғы уақыттағы жоба бойынша жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, корейлік инвесторлар жақын арада мамандарымен келіп, зерттеу жұмыстарын бастайтындығын жеткізді.

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 27-05-2019 17:17
Жаңартылған күні: 27-05-2019 17:17

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
6 + 2 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика