Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

«Өнімділік 2020» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер;
 
         1. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру;
мерзімі: 10 жылға дейін;
сыйақы мөлшерлемесі: 5 %; 
ақшалай қатысу: кемінде 15 %; лизинг мәнінің құны: кемінде 150 млн. теңге (жеңіл өнеркәсіп үшін кемінде 75 млн. теңге).
         2. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау шығындарын төлеу:
2.1. Бағдарлама шеңберінде инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау шығыстарын төлеу (50%) кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптау үшін ең көбі 2 млн. тенге. 
2.2. Индустрияландыру картасы жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау шығыстарын төлеу (50%) ең көбі 15 млн. теңге және ҚМЖ сомасының 2%-нан аспайтын (өтінім берілген күнге дейін 12 айдан бұрын емес).
         3. Кәсіпорын құзыретін арттыру шығындарын төлеу:
3.1. кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау кезінде кәсіпорын шеккен шығындарды төлеу (40%) 1 қызметкерге 2 млн. теңгеден және бір кәсіпорын бойынша жылына 15 қызметкерден көп емес (өтінім берілген күнге дейін кемінде 6 айдан бұрын).
3.2. сарапшыларды тарту арқылы озық өндірістік тәжірибені енгізу кезінде кәсіпорын шеккен шығындарды төлеу (40%) 1 маманға жылына 9 млн. теңгеден аспайтын, бір кәсіпорын бойынша жылына 3 қызметкерден көп емес (өтінім берілген күнге дейін кемінде 12 ай бұрын).
         4. Технологиялық процестерді жетілдіру шығындарын төлеу:
4.1. кәсіпорын техникалық диагностикасын жүргізгенде шеккен шығыстарын төлеу (50%) шағын және орта кәсіпорындар үшін 8 млн. теңгеден аспайтын, ірі кәсіпорындар үшін 16 млн. теңгеден көп емес (өтінім берілген күнге дейін кемінде 6 айдан бұрын).
4.2. кәсіпорынның технологиялық процестерді жетілдіру кезіндегі шығыстарын төлеу (40%) 30 млн. теңгеден көп емес (өтінім берілген күнге дейін 6 айдан бұрын).
         5. Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру шығындарын төлеу:
5.1. кәсіпорынның өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру жоспарын әзірлеу шығыстарын төлеу(40%) 5 млн. теңгеден көп емес (өтінім берілген күнге дейін 6 айдан бұрын).
5.2. кәсіпорынның өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру жоспарын іске асыру шығыстарын төлеу (40%) 15 млн. теңгеден көп емес (өтінім берілген күнге дейін 6 айдан бұрын).
         6. Аумақтық кластерді дамытудың Стратегиясын және Жол картасын әзірлеу шығындарын өтеу (50%) 1 аумақтық кластерге 15 млн. теңгеден көп емес.

2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру
 
         Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылдануына орай (ҚР Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы №874 Жарлығы),  индустрияландыру картасын қалыптастырудың жаңа тәсілдерін көздейтін  ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды (2014 жылғы  9 қазанда №1073 қаулысы).
         Жаңа әдістерге сәйкес жобаларды саралау, мониторинг және өңірлік карталар бойынша жауапкершілік толығымен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне өңірлік кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп жүктелді.
        Жаңа әдістерге сәйкес облыстар мен Астана, Алматы қаласының әкімдіктері өздері өңірлік индустрияландыру картасын  жасақтайтын болды және шешім қабылдайды. Бұрын бұл мәселе Республикалық деңгейінде қаралатын болатын, қазір тек жергілікті деңгейде жүргізілетін болады.
         Мемлекет пен бизнестің арасындағы жауапкершілік пен өкілеттік ара жігі ажыратылды. Яғни, мемлекет ендігі жерде  уақытылы мемлекеттік көмектің жобаға көрсетілуіне жауап берсе, бизнес – жобаның уақытылы іске асуына және оның табысты жұмыс жасауына жауапты.
         Жалпы алғанда, индустрияландыру картасы мемлекет пен бизнестің міндеттерінің мониторингінің құралы болып табылады.
       Республикалық индустрияландыру картасына құны 4,5 млрд. теңгеден жоғары, мемлекеттің тікелей қаржылық немесе әкімшілік қатысуын қажет ететін жобалар енгізілетін болады.  Олар  Өнеркәсіптік даму бойынша республикалық комиссиямен іріктелетін болады. Бұл жобалар бойынша мемлекет пен бизнес арасында жобаны толыққанды жүзеге асыру жөнінде келісім жасалатын болады.
         Өңірлік индустрияландыру картасына құны 4,5 млрд.теңгеге дейінгі жобалар Өңірлік Кәсіпкерлер палатасымен келісе отырып, Аймақтық Үйлестіру Кеңесі шешімі негізінде енгізіледі ;
      Осы ретте, облыс әкімдігінің арнайы қаулысы қабылданып (2014 жылғы 6 қазан №531 қаулы) үдемелі даму бойынша Аймақтық үйлестіру кеңесінің құрамына Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы мен оның 2 мүшесі, сондай-ақ, Қызылорда кәсіпкерлері ассоциациясы президенті мен 2 кәсіпорын өкілі енгізілді.
         Қазіргі таңда, индустрияландыру картасына енгізілетін жобаларды іріктеу, саралау және т.б. жұмыстар ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп тығыз байланыста жүргізілуде.
         Индустрияландыру картасына енгізілетін жобаларды іріктеуде 14 салаларға басымдық берілуде. Бұл ретте, аймақтардың мамандануы да ескерілуде.
         Мысалы. Қызылорда облысы негізінен құрылыс материалдарын шығару, тамақ өнімдерін өндіру және қара метталургия саласына маманданған.
         Анықтама:
 
         1)  қара металлургия;
         2)  түсті металлургия;
         3)  мұнай өндеу;
         4)  мұнай – газ химия;
         5)  тамақ өнімдерін өндіру;
         6)  агрохимия;
         7)  өнеркәсіпке арналған химикаттар өндіру;
         8)  автокөліктер өндіру;
         9)  электр машина және электр құрал-жабдықтар;
         10)  ауыл шаруашылығы техникаларын өндіру;
         11)  темір жол техникаларын өндіру;
         12)  тау кен өнеркәсібіне арналған құрал-жабдықтар өндіру;
         13)  мұнай өндіру және мұнай өндеу өнеркәсібіне арналған машианаларды шығару;
         14)  құрылыс материалдарын шығару.
         Жоғарыда атап өтілгендей, индустрияландыру картасын жасақтаудың қабылданған жаңа тәсілдеріне сәйкес, индустрияландыру картасын өзектендіру жұмыстары (облыс әкімдігінің 2015 жылғы  26 қаңтардағы қаулысы) жүргізілді.
         Нәтижесінде 2010-2014 жылдары іске асырылған 15 жоба өңірлік индустрияландыру картасынан шығарылды.
         Жаңа жобалармен өңірлік индустрияландыру картасы толықтырылды, яғни құны 6,3 млрд.теңге құрайтын 11 жоба жаңадан енгізілді.
         Нәтижесінде Қазақстанның индустрияландыру картасы аясында облыста жалпы құны 139,2 млрд. теңге құрайтын 22 жоба іске асырылуда. 
         Жобаларды жүзеге асыру барысында құрылыс кезінде уақытша 1738 жұмыс орны және іске қосылғанда 2178 жұмыс орны құрылатын болады.
         Оның ішінде:
         -Өңірлік картада - құны 87,1 млрд.теңге құрайтын 21 жоба;
         -Республикалық картада – құны 52,1 млрд теңге құрайтын 1 жоба бар  («Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы, жұмыс орны – 300 адам).

         "Шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы" жобасын іске асыратын стратегиялық инвестор ретінде -  «Steward Engineers» АҚШ компаниясы  анықталды.

         Жоба құны -  52,1 млрд. теңгені құрайды. Кәсіпорын іске қосылғанда 300 адам жұмыспен қамтылатын болады. 
        Steward Engineers қатысуымен құрылған «Orda Glass Ltd» ЖШС Жарғысы мен Құрылтайшылық құжаттарына қол қойылды,    әділет органдарында тіркеуден өттіп, жарғылық капиталының ұлғаюы жасалды.  Жобаны бірлесіп іске асыратындар ЕРС келісім-шартқа қол қойылды.
         Ү.ж. 16 ақпанда облыс әкімінің, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және тиісті мемлекеттік орган мүшелерінің қатысуымен шыны зауыты орналасатын жерде құрылыс жұмыстарын бастау үшін дайындық жұмыстары басталды.
         Құрылыс алаңына сәуір айының аяғы мен мамыр айының басында шығу жосапрлануда.    
         Ү.ж. 6 сәуірде өткен сәулет және қала құрылысы Кеңесінде шыны зауыты құрылысының эскиздік жобасы мақұлданды.    
         Зауытты орналастыру үшін  Қызылорда қаласындағы индустриялық  аймақтан 50 га жер телімі бөлініп, бюджет қаражаты есебінен сыртқы инженерлік инфрақұрылым жеткізу жұмыстары жалғастырылуда.

         Зауыт 2017 жылдың қазан айында іске қосылатын болады. 

         Өңірлік картада 2015 жылы нақты іске қосылатын құны 1,3 млрд.теңге құрайтын 6 жоба бар. Жұмыс орны – 239 адам.

         Алдағы уақытта бұл жобалар тізімі толықтырылатын болады.

1. «Жан Арай Жем» ЖШС – құрама жем зауыты, құны -375,9 млн.тенге, жұмыс орны – 60 адам, Қызылорда қаласы, қуаты – тәулігіне 80 тонна ;
2.«Максима логистикс Казахстан» ЖШС – керамикалық кірпіш зауыты – 300,0 млн.теңге, Қызылорда қаласы, жұмыс орны – 50 адам;
3. «Азиаш» ЖШС – сэндвич панель өндірісін ұйымдастыру, Қызылорда қаласы, жоба құны – 90,0 млн.тенге, жұмыс орны – 14 адам;
4. «Тоғыз-аралотын» ЖШС – күйдірілген кірпіш шығару зауыты, жоба құны – 30,8 млн.тенге, жұмыс орны – 45 адам;
5. «Адал су» ЖШС – су шығару зауыты, жоба құны – 418 млн.тенге, жұмыс орны – 40 адам, Қызылорда қаласы.

6. «Казэнергосбережение» ЖШС – LED жарықтандыру құралдарын шығару зауыты, Жалағаш ауданы, жоба құны – 98,3 млн.тенге, жұмыс орны – 30 адам. 

Жаңа жобаларды индустрияландыру картасына қосу үшін 2014 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне жалпы құны 136 млрд.теңге құрайтын 3 жоба жолданды. Жұмыс орны – 1640 адам.
Қазіргі таңда, 1 жоба Республикалық индустрияландыру картасына перспективті жоба ретінде енгізілді.
(«Тау-Кен Самрук» АҚ «Шалқия» кен орнында «Шалқия полиметалдық кен орнын өнеркәсіптік байыту және кен-байыту фабрикасының құрылысы» жобасы)
1) «Тау-Кен Самрук» АҚ «Шалқия Цинк» ЖШС-гі «Шалқия» кен орнында «Шалқия полиметалдық кен орнын өнеркәсіптік байыту және кен-байыту фабрикасының құрылысы» жобасын іске асыруды жоспарлауда.
Жоба құны – 75,9 млрд теңге, жұмыс орны – 1540 адам, қуаттылығы – жылына 66 мың тонна қорғасын, 230 мың тонна  мырыш-қорғасын.
Республикалық индустрияландыру картасына перспективті жоба ретінде енгізілді.
2) «ЮжШахтоСтрой» ЖШС  «Қуаттылығы 75 мВт жел электр станциясының құрылысы жобасы», құны – 52,5 млрд.тенге, жұмыс орны  – 40 адам.
3) «Global Energy Company» ЖШС «Қуаттылығы 24,94 Мвт жел-күн электростанциясы құрылысы» жобасы, құны – 8,0 млрд.теңге, жұмыс орны – 30 адам, іске асыру орны – Жаңақорған ауданы.

1) «Жанакорган энерджи» ЖШС «Қуаттылығы 50 мвт күн электр станциясы» жобасы», құны – 17,1 млрд тенге, жұмыс орны -  40 адам. Жобаны іске асыру үшін «Жаңақорған энерджи» ЖШС құрылған, Жаңақорған ауданынан жер берілген. Техника-экономикалық негіздеме жасалып, девальвацияға сәйкес қайта әзірленіп, қазір «Самұрық-Қазына инвест» ЖШС келісімнен өтіп, мемлекеттік сараптамадан өтуге ұсынылды.
2) «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ «Арнайы және кешенді қорытпалар әзірлеу бойынша ферроқорытпа зауыты» жобасы, құны – 240 млн АҚШ долл немесе 46 млрд.тенге, жұмыс орны – 600 адам, қуаттылығы –162 мың тонна төмен-аллюминийлік ферросилиций өндіру.
3) «Данаке» корпорациясының «Цемент зауыты» құрылысы жобасы, құны – 29,3 млдр.тенге, жұмыс орны -  50 адам, қуаты – 1,0 млн тонна.

    Сондай-ақ, болашақта салалық министрлікке республикалық картаға қосу үшін жалпы құны  92 млрд теңге құрайтын 3 ірі жоба жолданатын болады. Жұмыс орны – 690 адам.

    Әрі қарай бұл бағыттағы жұмыс өңірлік кәсіпкерлік палатасымен, бизнес-өкілдерімен бірлесіп жүргізілетін болады.  

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 20-04-2018 11:53

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика