Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Мемлекеттік қызметтердің реестрі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Көрсетілетін қызметті алушы (жеке және (немесе) заңды тұлға) туралы мәліметтер

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электронды/ қағаз түрінде)

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қызмет көрсетудің бизнес үдерісі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты / өтінім үлгісі

Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты мемлекеттік орган

1

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу

Жеке тұлғалар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация»

Электронды

Қағаз түрінде 

стандарт

регламент

Паспорт

Бизнес үдерісі

Өтінім үлгісі

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы

8(7242)60-54-06

2

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау

Жеке тұлғалар

Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

Қағаз түрінде

стандарт

регламент

Паспорт

Бизнес үдерісі

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы

8(7242)60-54-06

3

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес

 жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне

 арналған сервитуттарды тіркеу

Жеке тұлғалар

Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

Қағаз түрінде

стандарт

регламент

Паспорт

Бизнес үдерісі

Өтінім үлгісі

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы

8(7242)60-54-06

4

Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе  өндірумен байланысты емес жерасты

құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау

Жеке тұлғалар

Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

Қағаз түрінде

стандарт

регламент

Паспорт

Бизнес үдерісі

Өтінім үлгісі

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы

8(7242)60-54-06

5

Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде

екендігі туралы қорытынды беру

Жеке тұлғалар

Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

Электронды Қағаз түрінде 

стандарт

регламент

Паспорт

Бизнес үдерісі

Өтінім үлгісі

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы

8(7242)60-54-06

6

Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру

Жеке тұлғалар

Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

Электронды

Қағаз түрінде 

стандарт

регламент

Паспорт

Бизнес үдерісі

Өтінім үлгісі

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы

8(7242)60-54-06

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV Заңы

Жер қойнауын пайдалану құқығын алу туралы өтінім (жеке немесе заңды тұлғалар) берудің кестелік

БАҒДАРЖОЛЫ

№№ п/п

Мемлекеттік орган немесе үдемелі жер қойнауын пайдаланушы

Мерзімі

Ескерту

1

Жер қойнауын пайдалану құқығын беру

Облыстық жергілікті атқарушы орган

35-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру

1. Осы баптың 569 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығын беру келiсiмшарт жасасу жолымен жүргiзiледi.

2. Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт конкурс нәтижелерінің негізінде оның жеңімпазымен жасалады.

Конкурс өткізбей-ақ, тікелей келіссөздер негізінде:

  1) барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табумен байланысты өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен өндіру жөніндегі операциялар жүргізуге;

        2) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес

 жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компаниямен барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;

4-1) қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерімен «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және бірлескен барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;

8) осы Заңның 10-бабының 5-тармағында белгіленген жағдайда техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу немесе өзге де пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге келiсiмшарттар жасалады.

10. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темiржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезiнде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша жергiлiктi атқарушы органның жазбаша рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.

2

Жер қойнауы учаскелерінің координаталары

Облыстық жергілікті атқарушы орган

Заңның 27 бабының 6) тармағына сәйкес,  құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекітеді;

Осы баптың 8) тармағына сәйкес, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындайды және ұйымдастырады;

3

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған

конкурсты өткізудің шарттары

Облыстық жергілікті атқарушы орган

3 ай

 Заңның 47 бабына сәйкес,

Конкурсты өткізу туралы және оны өткізудің шарттары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында бір мезгілде қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық тұлғалардың конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің түпкілікті мерзімінен кешіктірмей, конкурсты өткізу тәртібімен байланысты ақпаратты алуға құқығы бар.

  2. Тендер өткiзу туралы хабарламада:

        1) өткiзілетін күні, уақыты мен орны, сондай-ақ өтiнiмдер беру мерзiмi мен орны;

        2) тендердің негiзгi шарттары;

        3) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн берiлгелi отырған жер қойнауы учаскелерiнiң орналасқан жерiн көрсету және қысқаша сипаттамасы;

        4) тендерге қатысу үшiн жарна мөлшерi туралы ақпарат және оны төлеу үшін банк деректемелерi;

        5) қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi;

5. Конкурстың шарттары жарияланған күн мен конкурс өткізілетін күн (қорытындыларын шығарудың басталуы) арасындағы мерзім төрт айдан кем, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - үш айдан кем болмауы керек.

        6. Конкурсқа қатысу жарнасы қайтаруға жатпайды.

 47-1-бап. Аукцион өткізу туралы хабарлама

      Аукцион өткiзу туралы хабарламада:

      1) өткiзілетін күні, уақыты мен орны, сондай-ақ өтiнiмдер беру мерзiмi мен орны;

      2) аукционның негiзгi шарттары;

      3) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн берiлгелi отырған жер қойнауы учаскелерiнiң орналасқан жерiн көрсету және қысқаша сипаттамасы;

      4) геологиялық ақпарат топтамасының құны;

      5) аукционға қатысу үшiн жарна мөлшерi туралы ақпарат және оны төлеу үшін банк деректемелерi;

      6) қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi; 

      10) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері;

      11) келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажет, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерi қамтылуға тиiс.

Аукцион шарттарын жариялау күні мен оны өткізу күні арасындағы мерзім үш айдан аспауға тиіс.

4

Тендер немесе аукционды өткізу шарттары

Облыстық жергілікті атқарушы орган

1 ай

Заңның 47 бабының 4 тармағының талаптарына сәйкес

Кең таралған пайдалы қазбаларды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысуға өтінімдер беру үшін конкурсқа қатысушыларға берілетін мерзім конкурсты өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап бір айдан кем болмауы керек.   

5

Тендер немесе ауционға қатысу үшін өтінім

Заңды немесе жеке тұлға

1 ай

10 күнтізбелік күн

Заңның 48 бабына сәйкес

1. Конкурсқа қатысу үшін өтінімде:

      1) заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, мемлекеттік тиесілігі, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және мемлекеттік кіріс органдарында тіркелуі туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы олардың үлестерінің мөлшері (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) көрсетіле отырып, өтініш беруші — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіле отырып, заңды тұлғаның осындай қағаздарының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналымы туралы мәліметтер, өтінім берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтер;

      2) жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды мекенжайы, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттары, өтініш берушінің мемлекеттік кіріс органдарында тіркелуі, өтініш берушінің кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуі туралы мәліметтер;

      3) өтініш берушінің мүддесін білдіретін басшылардың немесе өкілдердің өкілеттіктері туралы мәліметтерді қоса алғанда, мұндай тұлғалар туралы деректер;

      4) өтініш беруші соңғы үш жылда оларда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттер тізімін қоса алғанда, оның бұрынғы қызметі туралы мәліметтер;

      5) өтініш беруші үміттеніп отырған жер қойнауы учаскесінің атауы және жер қойнауын пайдалану құқығы;

      6) өтініш берушінің конкурсқа қатысу жарнасын төлегені туралы құжат қамтылуға тиіс.

      Өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісті түрде куәландырылған құжаттар өтінімге қоса беріледі.

1-1. Аукционға қатысуға арналған өтінімде:

      1) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған аукционға қатысу өтінімін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы өндіру салалары қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты өтінім берушінің Өзара түсіністік туралы меморандумға қосылу жөніндегі міндеттемелері де;

      2) өтінім берушінің осы Заңның 47-1-бабының 3), 7), 8) 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген аукцион шарттарына және оларды аукцион жеңімпазымен жасалатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа енгізуге келісімі де қамтылуға тиіс.

      2. Өтініш беруші осы баптың талаптарын сақтаған жағдайда өтінім қарауға қабылданады. Осы баптың талаптарына сәйкес келмейтін өтінім қабылданбауға тиіс.

      3. Құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы конкурсқа қатысуға берiлген өтiнімнiң қабылданғаны және қатысуға жіберілгені туралы өтінім берушіні:

      тендерге қатысуға өтінімдер қабылдау аяқталған күннен бастап бір ай мерзімде;

      аукционға қатысу үшін өтінімдер беру мерзімі аяқталған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми түрде хабардар етеді.

      4. Аукционға қатысуға өтінім берген тұлға аукцион өткізілетін күнге дейін оған қатысудан бас тартуға және өз өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.

6

Конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпарат топтамасы

Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган

Бір ай көлемінде

Заңның 49 бабына сәйкес

1. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпарат топтамаларын конкурс туралы хабарлама берілгенге дейін дайындайды және оның құнын айқындайды. Топтама қолда бар геологиялық, тау-кен-техникалық, технологиялық және өтініш берушінің конкурсқа қатысу туралы шешім қабылдауы үшін қажетті өзге де ақпарат көлемін қамтуға тиіс.

      2. Конкурсқа қатысуға жіберілген өтінім берушіге жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган өтінім беруші өтініш жасағаннан кейін бір ай ішінде шығарылатын жер қойнауы учаскесi бойынша геологиялық ақпарат топтамасын ақыға бередi.

      Геологиялық ақпарат топтамасының құны тарихи шығындар мөлшері негізге алынып айқындалады. Геологиялық ақпарат топтамасын сатып алу үшін төленген сома қайтарылуға жатпайды.

      3. Өтініш берушінің алынған геологиялық ақпаратты кез келген нысанда жария етуге немесе үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

7

Тендерге қатысу үшін конкурстық ұсыныс

 Өтiнім берушi (Заңды немесе жеке тұлға)

3 ай

Заңның 50 бабына сәйкес

       1. Тендерге қатысуға жiберiлген өтiнім берушi тендер шарттарында белгiленген мерзiмдерде барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныс жасайды.

      2. Құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тендер жарияланған күннен бастап үш ай ішінде тендерге қатысушылар ұсынатын конкурстық ұсыныстарды қабылдайды.

      Конкурстық ұсыныс ұсынған тендерге қатысушының конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталған күннен бастап оны кері қайтарып алуға немесе өзгертуге құқығы жоқ.

3. Конкурстық ұсыныста:

      - қол қойылатын бонустың ұсынылатын мөлшері;

      - мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растайтын құжаттар (жеке қаражат, банктер кепілдігі);

      - өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері;

      - геологиялық ақпаратты сатып алғаны үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қамтылуға тиіс.

        Тендерді өткізу туралы хабарламада тендерге қатысушы Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделуін қамтамасыз етуге міндеттенетін минералдық шикізаттың ең төмен мөлшері белгіленген жағдайда конкурстық ұсыныс осындай талапқа сәйкес келуге тиіс.

      Жоғарыда көрсетілген, сондай-ақ осы Заңның 47-бабы 2-тармағының 2), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін конкурстық ұсыныс қабылданбауға тиіс.

      4. Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен ниеттер келісімшартқа енгізіледі.

8

Конкурсқа қатысу құқығын беруден бас тарту

Облыстық жергілікті атқарушы орган

    Заңның 51 бабына сәйкес

Конкурсқа қатысуға өтінім берген тұлғаға мынадай жағдайларда:

      1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім осы Заңның 48-бабының талаптарына сәйкес келмегенде;

      2) конкурстық ұсыныс тендер шарттарына сәйкес келмегенде;

        3) өтініш беруші дәйексіз мәліметтер ұсынса;

      4) егер өтініш берушіге жер қойнауын пайдалану құқығын беру еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, оның ішінде келісімшарт шеңберінде құқықтарды шоғырландырған және (немесе) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргізу құқықтарын шоғырландырған кезде талаптардың сақталмауына әкеп соқтыратын жағдайда конкурсқа қатысу құқығын беруден бас тартылуы мүмкін.

      Конкурсқа қатысу құқығын беруден бас тарту осы баптың 4) тармақшасына сәйкес себептері түсіндірілмей ресімделеді.

      Конкурсқа қатысу құқығынан бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

9

Конкурстың қорытындыларын шығару

Облыстық жергілікті атқарушы орган

Заңның 52 бабына сәйкес

1. Тендер жеңiмпазы конкурстық ұсыныстарды қарау қорытындылары:

     1) қол қойылатын бонустың мөлшерi;

     2) өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшерi бойынша айқындалады.

      2. Кең таралғандардан басқа пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныстар ұсынған өтiнiм берушiлер арасынан тендер жеңiмпазын Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссия айқындайды.

3. Тендер қорытындыларын шығару Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссияның (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссияның) қатысып отырған барлық мүшелерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.

Тендер қорытындыларын шығару мерзiмi конкурстық ұсыныстарды беру мерзiмi аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспауға тиiс. Тендер қорытындыларын шығару мерзiмi Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссияның (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссияның) шешiмi бойынша, бiрақ ол бiр айдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.

4. Тендер қорытындыларына оған қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.

      5. Тендер жеңiмпазымен келiсiмшарт осы Заңда белгiленген тәртiппен және шарттарда жасалады.

      6. Тендер нәтижелерi тендер қорытындылары шығарылған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей ресми баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануға жіберілуге, сондай-ақ тендер өткiзетiн мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурсында орналастырылуға тиiс.

10

Аукционды ұйымдастыру және өткізу

5 жұмыс күні

Заңның 52-1 бабына сәйкес

1. Аукционды Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссия, ал кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты – кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi өңірлік конкурстық комиссиялар ұйымдастырады және өткізеді.

      2. Аукционға оған қатысуға жіберілген және аукцион өткізілетін күнге оған қатысушы ретінде тіркелген кез келген өтінім берушілердің қатысуға құқығы бар.

3. Қол қойылатын бонустың ең көп мөлшерін ұсынған қатысушы, ол үш рет жарияланғаннан кейін аукционға басқа қатысушылардан оны арттыратын ұсыныстар келіп түспесе, аукцион жеңімпазы болады.

      4. Аукцион нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады және Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссияның (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссияның) қатысып отырған барлық мүшелерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.

5. Аукцион қорытындыларына оған қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.

      6. Аукцион жеңiмпазымен келiсiмшарт осы Заңда белгiленген тәртiппен және шарттарда жасалады.

7. Аукцион нәтижелерi аукцион қорытындылары шығарылған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей ресми баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануға жіберілуге, сондай-ақ аукцион өткiзетiн мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурсында орналастырылуға тиiс.

Үдемелі жер қойнауын пайдаланушы мен (бұдан әрі - Мердігер) геологиялық барлау компаниясы 

арасындағы өзара келісімшарт

11

Бір жылдық барлау бағдарламасымен барлау саласындағы жобаны әзірлеу және келісу

  1. Геологиялық бөліс жобалары;
  2. Геологиялық бөліс;
  3. Геологиялық ақпараттарды иелікке алу туралы келісім;
  4. Іздестіру-бағалау жұмыстарының (барлау) жобасын әзірлеу және келісу
  5. Сараптамалар

Геологиялық барлау компаниялары

Лицензиясы бар (ЖШС)

«ОңҚазжерқойнауы» өңіраралық департаменті

«ОңҚазжерқойнауы» өңіраралық департаменті

Геологиялық барлау компаниялары

Лицензиясы бар (ЖШС)

7-10 күн

7-10 күн

7 күн

3-6 ай

Заңның 64 және 65 баптарының талаптарына сәйкес

   1. Барлауға, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа қол қойылғанға және ол тіркелгенге дейін конкурс жеңімпазы не келісімшарт тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға іздеу жұмыстарының жобасын әзірлейді.

    2.Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасын немесе сынамалы пайдалану жобасын қамтитын бағалау жұмыстарының жобасы мынадай:

    1) мемлекеттік экологиялық;

    2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы;

    3) санитарлық-эпидемиологиялық міндетті сараптамаларға жатады.    

  3. Іздеу жұмыстарының жобасын әзiрлеу мен келiсу конкурс жеңімпазының не келісімшарт тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлғаның еркіне тәуелді емес мән-жайларға байланысты мерзімінде аяқталмаса, іздеу жұмыстарының жобасын әзiрлеу мен келiсу мерзiмi алты айға дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкiн.

12

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты облыстық жергілікті

 атқарушы органмен  жасасу

1). Келісімшарт мәтіні;

2). Жұмыс бағдарламасы;

3). Құқықтық Сараптамалар;

4) жергілікті атқарушы органмен келісу 

Геологиялық барлау компаниялары

Лицензиясы бар (ЖШС)

Мем органдар

Мәдігер

2-3 күн

7-14 күн

30 күн

15 күн

Заңның 62 бабына сәйкес

Қол қоюға дейінгі екіжақты келісілген барлау саласындағы келісімшарт жобасы бір айлық міндетті құқықтық сарптамаға жатады.

Қажетті сараптамадан өткеннен кейін жергілікті атқарушы орган және жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттың ақырғы шарттарын мақұлдайды.

13

Барлауға арналған келісімшартты

жасасу және тіркеу

Жергілікті атқарушы орган

15 күн

      Заңның 68 бабы

  1. Келісімшарт құзыретті органда міндетті тіркелуге жатады және тіркелген кезінен бастап күшіне енеді.

Құзыретті орган келісімшарттарды мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізеді және келісімшарттың сақталуын қамтамасыз етеді.

          2. Барлау жүргізу үшін келісімшарт жасасу мерзімі құзыретті орган келісімшарт жасасу туралы шешім қабылдаған және келісімшарт онымен тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға үшін - тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап, немесе конкурстың жеңімпазы болған тұлға үшін конкурстың қорытындылары жарияланған күннен бастап он сегіз айдан аспауға тиіс.  

         Облыстың жергілікті атқарушы органы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес келісімшарттың ақырғы мәтініне және жұмыс бағдарламасына келісімшарт жасасуға талаптанған тұлғаның  құжаттарды тапсырған күнінен бастап он бес жұмыс күннен кешіктірмей келісім береді.

Егер конкурстың жеңімпазы немесе келісімшарт онымен тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға құзыретті органға келісімшарт жасасу мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жүгініп, мұндай ұзартудың себептерін дәлелдесе, құзыретті орган келісімшарт жасасу мерзімін ұзартуы мүмкін.

Егер келісімшарт жасасуға үміткер тұлғаның кінәсінен келісімшарт белгіленген мерзімде жасалмаса, мұндай тұлға келісімшарт жасасу құқығынан айырылады, бұл ретте осындай тұлға геологиялық ақпаратты сатып алуға, жобалау құжаттарын, жұмыс бағдарламаларын және келісімшарт жобасын әзірлеу мен келісуге жұмсаған шығындар өтелуге жатпайды. Құзыретті орган жер қойнауының тиісті учаскесін осы Заңда белгіленген тәртіппен конкурсқа шығаруға құқылы.

3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттарының, сондай-ақ келісімшарт жасасуға мүмкіндік беретін міндетті сараптамалардың нәтижелерін алу негізінде жасалады.

 4. Келісімшарттың көшірмесі оны құзыретті органда тіркегеннен кейін міндетті түрде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберіледі.

5. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін (жер пайдалану құқығын) мәжбүрлеп алып қою жағдайларын қоспағанда, келісімшарт жасасу жер қойнауын пайдаланушы өтініш берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер учаскесін ресімдеуі үшін негіз болып табылады.

Үшінші тұлғалардың меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте ресімделетін жер учаскесінің кеңістікті шекаралары жер қойнауын пайдаланушының жер учаскесін нақты пайдалану мерзімдері шегінде жер үстін бұза отырып, іс жүзінде пайдаланатын аумағымен шектеледі.

6. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттар жасасуды және тіркеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

14

  1. Геологиялық барлау жұмыстары

       2.Қорларды бағалау және

                 оларды бекіту

Геологиялық барлау компаниялары

Мәдігер Геологиялық барлау компаниясымен бірге

«ОңҚазжерқойнауы» өңіраралық департаменті

6 жылға дейін

Жер қойнауын  қорын мемлекеттік сараптамасы, Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тәртібімен бекіткен Мемлекеттік комиссия жүзеге асырады

15

Коммерциялық табу жасалуына байланысты

Жер қойнауын пайдаланушының өндіру кезеңіне өту туралы өтініші

Мәдігер

2-3 күн

Заңның 60 бабына сәйкес

      2. Барлауға арналған келісімшарттың негізінде кен орындарын табу мен бағалауды жүргізген тұлға барлауға арналған келісімшарт қолданысының мерзімі ішінде не барлауға арналған келісімшарт аяқталған күннен бастап үш айдан кешіктірмей өндіруге арналған келісімшарт жасасу жөнінде тікелей келіссөздер жүргізу туралы өтініммен құзыретті органға жүгінуге құқыл.

Жер қойнауын пайдалану құқығын тікелей келіссөз арқылы

 беру туралы Жұмыс тобының хаттамасы

Облыстық жергілікті атқарушы орган

2 айдан кеш емес

Заңның 60 бабына сәйкес

      1. Барлауға арналған келісімшарт негізінде кен орнын тапқан және бағалаған жер қойнауын пайдаланушының конкурс өткізілмей-ақ, тікелей келіссөздер негізінде өндіруге арналған келісімшарт жасасуға айрықша құқығы болады.         

          3. Құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы өтінім келіп түскен күннен бастап екі айдан кешіктірмей, өндіруге арналған келісімшарттың мынадай талаптарын:

       2) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшерін тікелей келіссөздер жолымен бірлесіп айқындайды.     

 Қолдануға ұсынылатын технологиялар туралы ақпаратты қамтитын технологиялық бағдарламаның болуы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушымен жасалатын өндіруге арналған келісімшарттың қосымша шарты болып табылады.

17

1) Тау кен бөлісінің жобасы;

     2) Тау-кен бөлісі;

     3) Өндіруді жүргізуге

         арналған жобалау

         құжаттарын әзірлеу

  1. Сараптамалар

Мәдігер

Лицензиясы бар компаниялар (ЖШС)

 «ОңҚазжерқойнауы» аймақтық департаменті

 экология департаменті, СЭС, «ОңҚазжерқойнауы» өңіраралық департаменті

7-10 күн

7-10 күн

 3-18 айға дейін

15-30 кун арал.

Заңның 66 бабына сәйкес

    1. Өндiруге арналған келiсiмшартқа қол қойылғанға және ол тiркелгенге дейiн конкурс жеңiмпазы не келiсiмшарт тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес жобалау құжаттарының әзiрленуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

      Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды өндіруге жобалау құжаттары әзірленбейді.

      2. Қатты және кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары бойынша:

      1) кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасы әзірленеді, ол мыналарды: тау-кен және өндіру жұмыстарының күнтізбелік кестесі мен берілген өнімділікті қамтамасыз ететін техникалық шешімдерді және өндіруге ілеспелі басқа да өндіріс операцияларын; жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі, персоналдың жұмыс қауіпсіздігі жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін шараларды; бүлінетін жерлерді рекультивациялау жөніндегі шараларды, сондай-ақ жоспарланған жұмыстарды жылдарға бөліп қаржыландыру туралы мәліметтерді қамтуға тиіс;

      5. Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарына міндетті түрде мынадай:

     1) мемлекеттік-экологиялық;

     2) өнеркәсіптік қауіпсіздік; (егер жобада бұрғы және жарылыс жұмыстары қарастырылса сараптаманы өтеді);

     3) санитарлық-эпидемиологиялық;

     4) жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану саласындағы міндетті сараптамалар жүргізілуге тиіс.

      Техникалық-экономикалық негіз міндетті түрде экономикалық сараптамадан өтуі тиіс.

       6. Жобалау құжаттарын әзiрлеу мен келiсу мерзiмi келiсiмшарт тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға үшiн – тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап немесе конкурс жеңiмпазы болған тұлға үшiн конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап жиырма бір айдан аспауға тиiс.

18

Жер қойнауын пайда-лануға арналған келі-сімшартты облыстық жергілікті атқарушы органмен  жасасу

1). Келісімшарт мәтіні;

2). Жұмыс бағдарламасы;

3). Сараптамалар;

4) жергілікті атқарушы органмен келісу 

Геологиялық барлау компаниялары

Лицензиясы бар (ЖШС)

Мем органдар

Мәдігер

7 күн

14 күн

7-15 күн

15 күн

Заңның 62 бабына сәйкес 3-тармағы

 Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың жобасы міндетті құқықтық сараптамаға жатады. Өндіру бойынша жұмыстар жүргізуге арналған келісімшарттың жобасы да міндетті экономикалық сараптамаға жатады.

19

Барлауға арналған келісімшартты

жасасу және тіркеу

Жергілікті атқарушы орган

10-15 күн

      Заңның 68 бабы

         1. Келісімшарт құзыретті органда міндетті тіркелуге жатады және тіркелген кезінен бастап күшіне енеді.

      Құзыретті орган келісімшарттарды мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізеді және келісімшарттың сақталуын қамтамасыз етеді.

          2. Өндіруді жүргізу үшін келісімшарт жасасу мерзімі құзыретті орган келісімшарт жасасу туралы шешім қабылдаған және келісімшарт онымен тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға үшін - тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап, немесе конкурстың жеңімпазы болған тұлға үшін конкурстың қорытындылары жарияланған күннен бастап жиырма төрт айдан аспауға тиіс.      

     Облыстың жергілікті атқарушы органы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес келісімшарттың ақырғы мәтініне және жұмыс бағдарламасына келісімшарт жасасуға талаптанған тұлғаның  құжаттарды тапсырған күнінен бастап он бес жұмыс күннен кешіктірмей келісім береді.

Егер конкурстың жеңімпазы немесе келісімшарт онымен тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға құзыретті органға келісімшарт жасасу мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жүгініп, мұндай ұзартудың себептерін дәлелдесе, құзыретті орган келісімшарт жасасу мерзімін ұзартуы мүмкін.

Егер келісімшарт жасасуға үміткер тұлғаның кінәсінен келісімшарт белгіленген мерзімде жасалмаса, мұндай тұлға келісімшарт жасасу құқығынан айырылады, бұл ретте осындай тұлға геологиялық ақпаратты сатып алуға, жобалау құжаттарын, жұмыс бағдарламаларын және келісімшарт жобасын әзірлеу мен келісуге жұмсаған шығындар өтелуге жатпайды. Құзыретті орган жер қойнауының тиісті учаскесін осы Заңда белгіленген тәртіппен конкурсқа шығаруға құқылы.

3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттарының, сондай-ақ келісімшарт жасасуға мүмкіндік беретін міндетті сараптамалардың нәтижелерін алу негізінде жасалады.

 4. Келісімшарттың көшірмесі оны құзыретті органда тіркегеннен кейін міндетті түрде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберіледі.

5. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін (жер пайдалану құқығын) мәжбүрлеп алып қою жағдайларын қоспағанда, келісімшарт жасасу жер қойнауын пайдаланушы өтініш берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер учаскесін ресімдеуі үшін негіз болып табылады.

Үшінші тұлғалардың меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте ресімделетін жер учаскесінің кеңістікті шекаралары жер қойнауын пайдаланушының жер учаскесін нақты пайдалану мерзімдері шегінде жер үстін бұза отырып, іс жүзінде пайдаланатын аумағымен шектеледі.

6. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттар жасасуды және тіркеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

20

Өндіру кезеңі.

Мәдігер

Өндіруді бастау уақыты келісімшарттың шарттарымен анықталады.

Өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие жер қойнауын пайдаланушы өндіруді пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттік сараптама жүргізілгеннен кейін ғана бастауға құқылы. Барланған пайдалы қазбалардың қорын игерудің рентабельділігі туралы мемлекеттік сараптаманың қорытындысы оларды мемлекеттік есепке қоюға негіз болып табылады.

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі және 2015 жылдың  І жартыжылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны:

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу – өтініштер келіп түскен жоқ;

Барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу – өтініштер келіп түскен жоқ;

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау – 2 қызмет;

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізу, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты ғимараттары үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу – өтініштер келіп түскен жоқ;

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге, барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу – өтініштер келіп түскен жоқ.

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі және 2015 жылдың ІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны:

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу – өтініштер келіп түскен жоқ;

Барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу – өтініштер келіп түскен жоқ;

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау – 1 қызмет;

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізу, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты ғимараттары үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу – өтініштер келіп түскен жоқ;

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге, барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу – өтініштер келіп түскен жоқ.

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі және 2015 жылдың І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны:

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу – өтініштер келіп түскен жоқ;

Барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу – өтініштер келіп түскен жоқ;

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау – 1 қызмет;

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізу, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты ғимараттары үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу – өтініштер келіп түскен жоқ;

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге, барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу – өтініштер келіп түскен жоқ.

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі және 2014 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны:

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу – өтініштер келіп түскен жоқ;

Барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу – өтініштер келіп түскен жоқ;

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау – 16 қызмет;

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізу, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты ғимараттары үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу – өтініштер келіп түскен жоқ;

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге, барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу – өтініштер келіп түскен жоқ.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының

2010 жылғы 24 маусымдағы №291-IV Заңы.Кең таралған пайдалы қазбаларға барлауды немесе өндіруді жүргізуге

жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтінім ( жеке және заңды тұлға)

берудің кестелік бағдаржолы   жүктеу ... 675 Кб

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 09-02-2017 16:17

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика