Новость:: 

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жер қойнауын пайдалану саласындағы бірде-бір заңнамалық акт кен іздеушілікке қатысты құқықтықтық қатынастарды реттеген емес.

2017 жылғы 27 желтоқсанда «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі қабылданып, 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілуіне байланысты жер қойнауын пайдаланудың жаңа түрі - кен іздеушілік енгізілді.

Осы Кодекске сәйкес Қызылорда облысы бойынша кен іздеушілік үшін аумақтар тізбесі жасақталып, Қызылорда облысы әкімдігінің «Кен іздеушілік үшін аумақтарды айқындау туралы» 2018 жылғы 9 қарашадағы №1255 қаулысы қабылданды.

Кодекс бойынша кен іздеушілікке Лицензия алған тұлғаның Кодекс бойынша «құм мен топырақты шаю жөніндегі аршу жұмыстарын, сондай-ақ басқа да жұмыстарды қоса алғанда, механикаландыру құралдарын және қуаттылығы аз өзге де жабдықтарды қолдана отырып, техногендік сипаттағы және ұсақ кен орындарында (тау-кен өндірісі мен металлургияның үйінділері мен салынған қалдықтары) бағалы металдар мен асыл тастарды кен өндіру үшін жер қойнауы учаскесін пайдалануға» айрықша құқығы болады.

Осыған байланысты, кен іздеушілікке лицензия алуға қызығушылық танытқан Қазақстан Республикасының азаматтарының назарына төмендегі негізгі ақпаратты ұсынамыз.

 

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 24-05-2019 12:35
Жаңартылған күні: 27-05-2019 17:09

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
9 + 0 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика