Сұлтангереев Ринат Қалдыбекұлы

Қызылорда облысы әкімінің  27.06.2016 жылғы №318-ө өкімімен тағайындалған.
Алдында осы лауазымда қызмет атқарған кісі: Имандосов Мұрат Самұратұлы 
 
 

Функционалдық міндеттері

Негізігі функционалдық міндеттері Басқарма жұмысына басшылық ету мен ұйымдастыру және басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жауап беру. Мекемелерден, азаматтардан түскен хаттарды және сауалдарды қарау. Қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес облыс аумағында өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, кәсіпкерлік мәселелері бойынша біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Өнеркәсіп саласының жұмысын үйлестіру және даму мониторингін жүргізу. Инновациялық қызметке қолдау жасау. Индустриялық-инновациялық бойынша аумақтық бағдарламалардың орындалуына жағдай жасау.
Бақылау функциялары. Облыстың индустриялық-инновациялық дамуын, кәсіпкерлік саласын өз құзыреті шегінде бақылау.
 

Өмірбаяны

Сұлтангереев Ринат Қалдыбекұлы 1980 жылы бұрынғы Тереңөзек ауданында туған.
2001 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Қызылорда қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің маманы болып бастаған.
2004-2012 жылдары облыстық ішкі саясат департаментінің бас есепшісі, облыстық мәслихат аппаратының бас маманы және облыс әкімінің бірінші орынбасарының көмекшісі қызметтерін атқарған. 
2012-2014 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, сондай-ақ, кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары, «Қызылорда жылу электр орталығы» кәсіпорны директорының орынбасары, ал 2014-2015 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметінде болған.
2015 жылдың 23 шілдесінен Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болған.
Облыс әкімінің 2016 жылғы 27 маусымдағы №318-ө өкімімен Сұлтангереев Ринат Қалдыбекұлы Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Отбасылы. 4 бала тәрбиелеп отыр.
 

 

Руководитель управления
Құрылған күні: 07-08-2012 07:48
Жаңартылған күні: 16-08-2017 09:19

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика