Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

  • Дата публикации: 20/06/2018 - 18:33
    Мазмұны:

     ІІІ Халықаралық Интернет-форумы

     

          2018 жылғы 22 маусымда Қызылорда қаласында «Цифрландыру: Аймақтардың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында ІІІ Халықаралық Интернет-форумын өткізуді жоспарлауда. Форумның мақсаты – цифрландыру саласындағы халықаралық және отандық сарапшыларды бірыңғай алаңда жинай отырып, өңірлерге, оның ішінде Қызылорда облысына цифрлық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін енгізу болып табылады.

       Форум аясында Ресей, Қытай, Белоруссия, Украина, Татарстан және Қазақстан сарапшыларының қатысуымен «Ақылды қала» жобасын іске асырудағы

    benchmark-жобалар, сондай-ақ, Қызылорда облысында жүзеге асырылып жатқан

    IT-жобалар таныстырылатын болады.

     

  • Дата публикации: 05/05/2018 - 16:06
    Мазмұны:
    Кәсіпкерлерге берері мол жиын өтті
     
     
          Облыс әкімдігінде әкімдігінде облыстық индустриалық-инновациялық даму басқармасы және «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның ұйымдастыруымен облыстық кәсіпкерлердің қатысуымен «Индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары» атты семинар өтті.
             Жиын барысында «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның бас сарапшысы А.Сағиев қатысушыларды еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған қолдау шараларымен таныстырып өтті.
             Сондай-ақ сарапшы Индустриалды-инновациялық жобаның кешенді жоспарына сараптама және немесе даму өңдеу шығындарын өтеу, оның ішінде өтелетін шығындардың түрлеріне тоқталды.
           Семинар қорытындысымен қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға кеңестер беріліп, брошюралары таратылды, сондай-ақ жеке консультациялар жүргiзiлдi. Бүгінгі күні облыс бойынша «Аралтұз» ЖШС, «Қуат» ЖШС, «КНПЗ»ЖШС, «Компания Гежуба Шиели Цемент» ЖШС құжаттарын тапсырып, осы бағыттағы жұмыстар жүргізілуде.
         Сонымен қатар, «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның бас сарапшысы А.Сағиев ү.ж. 25 мамырында Астана қаласында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарланып жатқандығы туралы бизнес өкілдерін хабардар етті. Іс-шараның ұйымдастырушысы институт болып табылады және еңбек өнімділігін арттыру тақырыбына бағытталады. Сонымен бірге конференцияға шетелдік сарапшылар қатысып, дамыған елдердегі еңбек өнімділігін арттыру бойынша тәжірибесімен бөлісетін болады.
  • Дата публикации: 05/04/2018 - 19:22
    Мазмұны:
    2018 жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша облыстың индустриялық-инновациялық даму басқармасына қатысты салалардың даму барысы туралы
     
                   ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста құны 620 млрд. теңгені құрайтын, іске қосылғанда 6,2 мың жұмыс орны құрылатын 26 жоба жүзеге асырылуда.
                   Бүгінгі күнгі, осы 26 жобадан 5 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде  2017 жылы құны 280 млн. теңгені құрайтын 2 жоба Арал ауданында іске қосылып, 62 жаңа жұмыс орны құрылды (қаптама кірпіш және асфальтбетон зауыты).
                   Жалпы алғанда, бағдарламаның бірінші және екінші бесжылдығы аясында барлығы - 22 жоба іске қосылды (құны 102 млрд.теңге, жұмыс орны - 644 адам).
                   2018 жылғы 2 айда барлығы 3,8 млрд.теңгенің өнімін өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 46,1%-ға өсті  (2017 ж. ақпан айы – 2,6 млрд.теңге).
                   Индустриялық кәсіпорындарда өндірілген өнім көлемі жалпы өңдеу өнеркәсібінде – 12,5% үлесті құрады (2017  ж. 2 ай - 12,2%).
                   Бұл ретте, индустриялық жобалармен экспортталған өнім көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 74,2%-ға ұлғайды (2017 жыл 2 айы - 788,4 млн.тг), ал өнім экспорты былтырғы жылғыдай 11 елге шығарылды.
                  Аталған бағдарлама аясында биылғы жылғы екінші жарты жылдықта өнімдері экспортқа бағытталған құны 102 млрд.теңгені құрайтын іске қосылғанда 650 жуық адамды жұмыспен қамтитын 4 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз (молибден, шыны, тампонажды цемент және балық өңдеу зауыттары).
                   Сонымен қатар, ү.ж. бағдарлама аясында құны 301 млрд. теңгені құрайтын, іске қосылғанда 3,4 мың жұмыс орны ашылатын 5 бірдей жобаның құрылысын бастау жоспарланып отыр («Шалқия» кенішінде тау-кен байыту фабрикасының, «Баласауысқандық» кенішін игеру, кальциленген сода және тұз зауыттары, құс фабрикасы). 
                   Индустиялық аймақтардың жағдайына келетін болсақ, облыс бойынша 8 индустриялық аймақ құру үшін жалпы көлемі 940,9 гектар жер телімі бөлінген.
                   Бүгінгі күні индустриялық аймақтарда құны 192,2 млрд.теңге құрайтын 36 жоба іске асырылуда. 
                   Оның ішінде, жалпы құны 1,2 млрд.теңге құрайтын 14 жоба іске асырылып, 270-тен аса жаңа жұмыс орындары құрылды.
                   Ал, 2018 жылы жалпы құны 102 млрд.теңге құрайтын 
                   5 жоба іске қосу жоспарлануда.
                   - «Тримо» ЖШС (Үшокись молибден өндірісі) құны 1 млрд.теңге, жұмыс орны 58 адам, 2018 жылдың шілде айы;
                   -   ЖК «А.Аби» (жылыжай кешені) құны 10 млн.теңге, жұмыс орны 7 адам, 2018 жыл, тамыз;
                   - «АгроОптСервис» ЖШС (Көкөніс қоймасы) құны 50 млн.теңге, жұмыс орны 10 адам, 2018 жыл, тамыз;
                   - «Orda glass ltd» ЖШС (шыны зауыты) құны 36,7 млрд.теңге, жұмыс орны 226 адам, 2018 жыл, қыркүйек;
                   - «Компания Гежуба Шиелі цемент» ЖШС (цемент зауыты) құны  64 млрд.теңге, жұмыс орны 260 адам, 2018 жыл, желтоқсан;
                   Инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде 2018 жылдың қаңтар-ақпанда жалпы инвестиция көлемі 22,5 млрд. теңгені құрап, 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40,1% -ға артты. 
                   Айта кету керек, ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту және ұлғайту үшін есепті кезеңде бірқатар ауқымды іс-шаралар өткізілді.
                   2018 жылы облысқа инвестиция мен жаңа технологиялар тарту мақсатында 2 шет елге (Татарстан, ҚХР) іс-сапар ұйымдастырылды.
                   2018 жылдың 18 қаңтарда  облыс әкімі бастаған делегация Татарстан Республикасына жұмыс сапары аясында «Иннополис» қаласымен инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша Меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, Қызылорда облысы және Татарстан                Республикасы арасындағы өзара ынтымақтасты дамыту туралы Жол картасы бекітілу сатысында.
                   2018 жылдың 29-30 қаңтар айында Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев бастаған облыс делегациясы жұмыс сапармен Қытай Халық Республикасында болды. Делегация мүшелері Бейжің және Шэньчжэнь, Шанxай қалаларында болып, бірқатар ірі кәсіпорындар жұмысымен танысты.
                   Қытайлық тараппен бірлесіп іске асырылатын 6 инвестициялық жобалар бойынша арнайы Жол картасы бекітілді.
                   Атқарылған жұмыс нәтижесінде, 2018 жылғы 2 айдың қорытындысы бойынша сыртқы инвестиция көлемі 7,6 млрд. теңгені құрап, 2017 жылдың ұқсас кезеңімен (2017 ж 2ай – 3,5 млрд.теңге) салыстырғанда 2 есеге өсті.
                   Есепті кезеңде облыс бойынша өнеркәсіп саласында 138,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,9 пайызға кеміді (96,1%). 
                   Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарының сулануы салдарынан шикі мұнай көлемінің өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 74,3 мың тоннаға немесе 6,6% кемуі кері әсерін тигізіп отыр. 
                   Дегенмен, өңір экономикасын әртараптандыру бағытында атқарылған жұмыстар нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі өнім көлемі 2,9% өсіп, бұл салада барлығы - 18,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 
                   Осы орайда, 2018 жылдың соңына дейін келесідей міндеттер қойылған:
                   Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Жалпыұлттық жазғы және қысқы Телекөпірде облыстың инвестициялық жобаларының тұсау кесуін ұйымдастыру;
                   - биыл іске қосылуы жоспарланған 5 жобаның іске қосылуын қамтамасыз ету;
                   - Құрылысы басталған  жобалар бойынша жұмыстардың бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуін ұйымдастырып, туындаған мәселелерін шешуге ықпал жасау;
                   - әріптестік байланыс орнатқан Өзбекстан, Татарстан Республикасына және байланыс орнату үшін Грузия т.б.  елдерге облыстың іскерлік іс-сапарын ұйымдастыру;
                   - Өңірге инвестиция мен жаңа технологиялар тарту тәжірибесін жалғастыру үшін 3-ші халықаралық интернет форум мен дәстүрлі халықаралық  X «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумын  өткізу.
                   - жалпы өңірге тартылатын инвестиция көлемін биылғы жылы  7,5 пайызға, өңдеу өнеркәсібіне тарталатын инвестиция көлемін 40 пайызға, өңдеу өнеркәсібі көлемін 3 пайызға және шикізаттық емес экспорт көлемін 16,7 пайызға арттыру көзделуде.
                   Басқарма өңірде бастау алған инвестициялық жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін қажетті шаралар қолданады. 
     
  • Дата публикации: 05/04/2018 - 17:18
    Мазмұны:
    Жергілікті тауар өндірушілердің  мүмкіндіктері артады 
     
            Облыс әкімдігінде облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағындағы мұнай және уран өндіруші компаниялары басшыларының қатысуымен мәжіліс өтті.  Оған облыс әкімінің орынбасары  Е. Ким  төрағалық етті. 
          Жиында аймағымыздың жер қойнауын пайдаланушы компаниялар төңірегінде сервистік бағытты дамыту үшін қолайлы бәсекелестік орта қалыптастыру мәселелері талқыланды. Нәтижесінде шағын және орта бизнестің дамуына қолдау мақсатында  облыс әкімдігі мен жер қойнауын пайдаланушы компаниялар арасында жергілікті қамту үлесіндегі мақсаттық индикаторларын белгілеу жөніндегі өзара түсіністік туралы ұзақ мерзімді келісімге қол қойылды. Бұл өз кезегінде жергілікті атқарушы биліктің кәсіпкерлерге жасап отырған қолдауын білдіреді. Соңғы жылдар бедерінде облыстық әкімдік тарапынан  орта және шағын  бизнестің дамуы үшін барынша қолайлы  жағдайлар жасалып келеді. Бұл кәсіпкерлердің өз жұмыстарын жандандыруға мол мүмкіндік екені анық. 
     
  • Дата публикации: 06/02/2018 - 11:01
    Мазмұны:

    Инновация статистикасының әдіснамалық нұсқаулығы

     

          Қызылорда қаласында «Инновация статистикасының әдіснамалық нұсқаулығы» тақырыбындағы кезекті жоспарланған семинар ү.ж. 30 қаңтарында Қызылорда облысының индустриялық-инновация басқармасы мен Қызылорда облысының  статистика Департаменті бірігіп өткізді.       

          Семинардың мақсаты - іске қосылған жаңа инновациялық кәсіпорындарға статистикалық формаларды толтыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесін арттыру. 

          Өткізілген іс-шараға 40-тан аса респондент қатысты. Олар: Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған және іске қосылуы жоспарланған жобалардың, мұнай компанияларының, әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы кәсіпорын жетекшілері және ғылыми зерттеу институты мамандары. Семинарды ашқан Қызылорда облысының индустриялық-инновация басқармасының мониторинг және талдау бөлімінің басшысы - Шонбаева Ғалия Айшықханқызы. 
          Семинар барысында «Сыр медиа»  ЖШС жанындағы  Ақпараттық талдау орталығының басшысы, саяси ғылымдарының кандидаты - Сахиев Саулет Ерназарұлы «Елбасының Жолдауы - Демократиялық даму жағдайындағы Қазақстанның жаңа қадамдары» тақырыбында өз баяндамасын оқыды. 
         Семинарда Қызылорда облысының  Қызылорда облысының статистика Департаментінің Заң басқармасының басшысы - Сағымбаева Мейрамкүл Әбуқызы, Қызмет көрсету және респонденттермен жұмыс басқармасының бас маманы - Нағыманова Индира Базарбайқызы, Респонденттермен жұмыс басқармасының бас мамасы - Оспанова Оразхан Тазабекқызы респонденттердің құқықтары мен міндеттері, әдіснамалық нұсқаулықтар, «е-Статистика» ИАЖ интернет-портал бойынша, Статистикалық есептіліктерді «on-line» режимінде қабылдау және статистикалық есептілікті толтыру туралы толық ақпарат берді. 
          Сонымен қатар, Қызылорда облысы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Бекетова Қамар Назарбекқызы «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметі» туралы ақпарат берді.
          Семинар соңында респонденттермен статистикалық есептілікті толтырудың маңыздылығмен 1-инновация статистикалық нысанының толтырылуы туралы өзара пікір алмасты. 
     
  • Дата публикации: 06/12/2017 - 17:27
    Мазмұны:
    «Қазақстандық мазмұн» интернет-порталы» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу
     
           Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 5 желтоқсанында «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ өкілдерімен бірлесіп «Қазақстандық мазмұн» интернет-порталы» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу және жергілікті мазмұн бойынша есеп беру формаларын толтыру туралы оқыту семинар өткізді. Семинарда «Курылыс» АҚ, «Казахстанская нефтехимическая компания Кемикал» Кызылординский филиал» ЖШС, «Куат» ЖШС, «СКЗ-U» ЖШС, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Қызылорда облысындағы аймақтық бөлімшесі, «КазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облысындағы филиалының өкілдері қатысты.
           Семинардың мақсаты жүйе құраушы кәсіпорындар, ұлттық компаниялар және холдингтерге «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты беру нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 331 бұйрығымен бекітілген жергілікті мазмұн бойынша есеп беру формаларын толтыруды және тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтудың біріңғай есептеу әдістемесін қолдануын түсіндіру болып табылады. 
           Сондай-ақ семинар барысында, жергілікті мазмұн бойынша есептерді беру кезінде кездесетін мәселелер талқыланды.
     
  • Дата публикации: 05/12/2017 - 12:38
    Мазмұны:

     

     

     

     

  • Дата публикации: 17/11/2017 - 18:09
    Мазмұны:
    Иран Ислам Республикасы делегациясы сапары
     
           Ү.ж. 15-16 қарашада өткен «Байқоңыр-Инвест» инвестициялық форумы аясында Қызылорда облысына Иран Ислам Республикасы (ИИР) Гүлістан провинциясының Экономикалық ынтымақтастық әкімшілік департаментінің директоры Басанджиде Юсеф Тавагдорди бастаған делегациясы   іс-сапармен келді. Делегация құрамында Иран Ислам Республикасы (ИИР) Гүлістан провинциясының Экономикалық ынтымақтастық әкімшілік департаментінің директоры Басанджиде Юсеф Тавагдорди және бизнес өкілдері бар. 
           Іс-сапардың мақсаты жергілікті бизнес өкілдерімен өңір экономикасын жаңарту және әртараптандыру, инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыру үшін серіктестік құру.
           2017 жылғы 15 қарашада делегация форумның пленарлық отырысында және секциялық жұмыстарға қатысты.
           Пленарлық отырыс аясында Иран Ислам Республикасы (ИИР) Гүлістан провинциясының Экономикалық ынтымақтастық әкімшілік департаментінің директоры Басанджиде Юсеф Тавагдорди Қазақстан-Иран ынтымақтастығының тиімділігі туралы 
           «Қазақстан-Иран ынтымақтастық» тақырыбында секция жұмысы ұйымдастырылып, ивестициялық жобалардың мемлекеттік қолдау құралдары мен шаралары, облыстың индустриялық аймақтарында жобаларды орналастыру мәселелері талқыланды, сонымен қатар инвестиция салуға және ынтымақтастыққа тиімді жобалар таныстырылды. 
           Форум аясында балық шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы 2 меморандумға қол қойылды.
           Форумның екінші күні өзбекстандық делегация «Қорқыт Ата» атындағы мемориалдық кешенге және «Байқоңыр» ғарыш алаңының мұражай кешеніне барды.
     
  • Дата публикации: 17/11/2017 - 18:05
    Мазмұны:
    Байқоңыр қаласының Қазақстан және Ресей арасындағы ынтымақтастық аясында дамуы
     
     
             2017 жылдың 15 - 16 қарашасында Қызылорда облысында кезекті IХ өңірлік «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы өтті.
             «Байқоңыр қаласының Қазақстан және Ресей арасындағы ынтымақтастық аясында дамуы» атты секциясында Байқоңыр қаласының Әкімшілігі, «Қазпошта» АҚ, Татарстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Қазақстан бизнес өкілдері қатысты.
             Секцияның негізгі мақсаты Қазақстан мен Ресей арасындағы  ынтамақтастықты нығайту және Байқоңыр қаласына инвестиция тартып, бизнестің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашу болып табылады.
             Пленарлық отырыс аясында Байқоңыр қаласы Әкімшілігі басшысының орынбасары Чулков Евгений Лазаревич «Байқоңыр қаласында бизнесті дамытудың негізгі аспектілері» атты баяндама жасады.
             Сонымен қатар аталған секцияға «СельхозЛидер» ЖШҚ-ның Бас директоры Савчук Денис Алексанрович және «Advantage Kazakhstan» компаниясының директоры Родин Дмитрий Викторович сөз сөйледі.
             Форум аясында ынтымақтастық туралы 3 (үш) меморандумға қол қойылды, олар:
                      - Байқоңыр қаласының Әкімшілігі мен «Глобальная Безопасность» АҚ;
                      - КХ «Баба» мен «ПлемпРодукт» ЖШҚ;
                      - «Қазпошта» АҚ-ның Қызылорда қаласындағы өкілдігі мен Байқоңыр қаласының Әкімшілігі.
             Жергілікті кәсіпкерлердің Форумға қатысушы басқа елдердің өкілдерімен B2B, B2G, G2G кездесулері өткізілді.
     
  • Дата публикации: 17/11/2017 - 16:47
    Мазмұны:
     «Қазақстан-Өзбекстандық ынтымақтастық» тақырыбындағы секция жұмысы
     
     
          Ү.ж. 15-16 қарашада өткен «Байқоңыр-Инвест» инвестициялық форумы аясында Қызылорда облысына Өзбекстан Республикасы елшілігі делегациясы іс-сапармен келді. Делегация құрамында Тамды ауданының хокимі Алдабергенов Қайрат Тұтқабайұлы және бизнес өкілдері бар. 
          Іс-сапардың мақсаты жергілікті бизнес өкілдерімен өңір экономикасын жаңарту және әртараптандыру, инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыру үшін серіктестік құру.
    2017 жылғы 14 қарашада өзбекстандық делегация Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне тәу етті. 
          Сонымен қатар, 2017 жылғы 15 қарашада делегация форумның пленарлық отырысында және секциялық жұмыстарға қатысты.
          «Қазақстан-Өзбекстандық ынтымақтастық» тақырыбында секция жұмысы ұйымдастырылып, ивестициялық жобалардың мемлекеттік қолдау құралдары мен шаралары, облыстың индустриялық аймақтарында жобаларды орналастыру мәселелері талқыланды, сонымен қатар инвестиция салуға және ынтымақтастыққа тиімді жобалар таныстырылды. 
          Форум аясында ұялы телефон, сәби тауарларын, жоғары вольтты сымдарды және ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы 4 меморандумға қол қойылды.
          Сонымен қатар, форум жұмысының аясында ұйымдастырылған көрмеде Форумға қатысушыларға өз компанияларын және өнімдерін таныстыру мүмкіндігі болды. 
          Көрмеде Өзбекстанда жасалған косметикалық өнімдер, ұялы телефондар, полимерлі құбырлар, автомобильге арналған газ баллондары мен кабельдер, мраморлы тақталар және басқа да көптеген өнімдер көрсетілді.
          Форумның екінші күні өзбекстандық делегация «Қорқыт Ата» атындағы мемориалдық кешенге және «Байқоңыр» ғарыш айлағының мұражай кешеніне барды.
     

Беттер

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика